Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 15.02.2018 № 54 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi "Бiлiм туралы" Заңдарын басшылыққа алып, аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес 2017 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерi бекiтiлсiн.
2. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 21 "2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерiн бекiту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4297 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) және мемлекеттік–құқықтық жұмыстар бөлімі басшысы (А. Нурушев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Е.Каюповқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Есалиев |
Шыңғырлау ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 2 ақпандағы № 13 қаулысына қосымша |
2017 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарының әкiмшiлiк - аумақтық орналасуы | Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдары | Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Ай сайын 1 тәрбиеленушіге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы (теңге) | Мектепке дейiнгi ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бiр айдағы мөлшері (теңге) | Мектепке дейiнгi ұйымдар ата-ананың 1 айдағы ақы төлеу мөлшері (теңге) | |||
3 жасқа дейін (көп емес) | 3 жастан 7 жасқа дейін теңге (көп емес) | |||||||
Бөбекжай (жергiлiктi бюджет) | ||||||||
1. | Шыңғырлау ауылы | Шыңғырлау ауданы білім бөлімінің "Айгөлек бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 52 | 28329 | 28329 | 5500 | 6500 | |
2. | Тасмола ауылы | Шыңғырлау ауданы білім бөлімінің "Балауса бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 40 | 28998 | 28998 | 5500 | 6500 | |
3. | Белогор ауылы | Шыңғырлау ауданы білім бөлімінің "Қарлығаш бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 25 | 41866 | 41866 | 5500 | 6500 | |
4. | Шыңғырлау ауылы | Шыңғырлау ауданы білім бөлімінің "Бөбек бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 60 | 26920 | 26920 | 5500 | 6500 | |
5. | Лубен ауылы | Шыңғырлау ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің "Арай" бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 40 | 26287 | 26287 | 5500 | 6500 | |
6. | Шыңғырлау ауылы | Шыңғырлау ауданы білім бөлімінің "Қызғалдақ бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 40 | 35888 | 35888 | 5500 | 6500 | |
7. | Шыңғырлау ауылы | Шыңғырлау ауданы білім бөлімінің "Балдырған бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 25 | 49223 | 49223 | 5500 | 6500 | |
Бөбекжай (республикалық бюджет) | ||||||||
8. | Шыңғырлау ауылы | Шыңғырлау ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің "Болашақ бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 290 | 19261 | 19261 | 5500 | 6500 | |
Балабақша (жергiлiктi бюджет) | ||||||||
9. | Шыңғырлау ауылы | Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының "Шыңғырлау аудандық Шұғыла" балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 42 | 36340 | 36340 | 5500 | 6500 |