Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңдарын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 28 "2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3862 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі басшысы (А. Нурушев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Айтмұхамбетовке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Халелов |
Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 21 қаулысына қосымша |
2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру
тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың
ақы төлеу мөлшері
№ | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдары | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Ай сайын 1 тәрбиеленушіге мемлекеттік білім беру тапсырысы (теңге) | Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (теңге) | Мектепке дейінгі ұйымдар ата-ананың 1 айдағы ақы төлеу мөлшері (теңге) |
Бөбекжай (жергілікті бюджет) | ||||||
1. | Лубен ауылы | Шыңғырлау ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің "Арай" бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 42 | 28171 | 28171 | 5500 |
Балабақша (жергілікті бюджет) | ||||||
2. | Шыңғырлау ауылы | Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімінің "Айгөлек" бала бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 70 | 21670 | 21670 | 5500 |
3. | Тасмола ауылы | Шыңғырлау аудандық білім беру бөлімінің "Балауса" бала бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 40 | 28536 | 28536 | 5500 |
4. | Белогор ауылы | Шыңғырлау ауданы Белогор селосының "Қарлығаш" бала бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 25 | 26072 | 26072 | 5500 |
5. | Шыңғырлау ауылы | Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Әкімдігінің "Бөбек" балабақшасы Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 80 | 32300 | 32300 | 5500 |
6. | Шыңғырлау ауылы | Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының "Шыңғырлау аудандық "Шұғыла" балалар бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 62 | 25721 | 25721 | 5500 |
7. | Шыңғырлау ауылы | Шыңғырлау аудандық білім беру бөлімінің Шыңғырлау аудандық "Қызғалдақ" балалар бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 58 | 30328 | 30328 | 5500 |
8. | Шыңғырлау ауылы | Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің "Балдырған" бала бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 25 | 40090 | 40090 | 5500 |