1. 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 39 "2016 жылға егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4350 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) және 2016 жылғы 20 қазандағы № 148 "Шыңғырлау ауданы бойынша 2016 жылға басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өндеп өсіру шығындарының құнын субсидиялауға арналған өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4588 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) Шыңғырлау ауданы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) және мемлекеттік–құқықтық жұмыстар бөлімінің жетекші маманы (Н.Ж.Ажмұратова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Ш.Айтмұхамбетовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Есалиев |