"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, "Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 мамырда № 11094 тіркелді) бұйрығының 10-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Шыңғырлау ауданы бойынша 2016 жылға басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өндеп өсіру шығындарының құнын субсидиялауға арналған өтінімді ұсыну мерзімдері айқындалсын.
2. Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі басшысы (А. М. Нурушев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Айтмұхамбетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Есалиев |
2016 жылғы 20 қазандағы № 148 Шыңғырлау ауданы әкімдігінің қаулысына қосымша |
Шыңғырлау ауданы бойынша 2016 жылға басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялауға арналған өтінімді ұсыну мерзімдері
№ | Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері | Субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері |
1. | Күздік бидай | 20 қазаннан бастап 30 қарашаға дейін |
2. | Күздік қара бидай | 20 қазаннан бастап 30 қарашаға дейін |
3. | Арпа | 20 қазаннан бастап 30 қарашаға дейін |
4. | Жаздық бидай | 20 қазаннан бастап 30 қарашаға дейін |
5. | Майлы дақылдар | 20 қазаннан бастап 30 қарашаға дейін |
6. | Көкөніс-бақша дақылдары (қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдарын қоспағанда) | 20 қазаннан бастап 30 қарашаға дейін |
7. | Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген көкөніс-бақша дақылдары | 20 қазаннан бастап 30 қарашаға дейін |
8. | Қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдары | 20 қазаннан бастап 30 қарашаға дейін |
9. | Көп жылдық және бір жылдық шөптер (өткен жылғы егілген көп жылдық шөптерді қоспағанда) | 20 қазаннан бастап 30 қарашаға дейін |
10. | Бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарында | 20 қазаннан бастап 30 қарашаға дейін |
11. | Күнбағыс және сүрлемдік жүгері | 20 қазаннан бастап 30 қарашаға дейін |