2016 жылға егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 39 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 сәуірде № 4350 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 23 ақпандағы № 32 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 23.02.2017 № 32 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша аудан аумағында 2016 жылға егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. "Шыңғырлау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі басшысы (А. М. Нурушев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Айтмұхамбетовке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Халелов

  2016 жылғы 21 сәуірдегі № 39
Шыңғырлау ауданы
әкімдігінің қаулысына
қосымша

Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік
шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша аудан аумағында 2016 жылға
егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері

  №  

Өсімдік шаруашылығы
өнімдерінің түрлері

Оңтайлы мерзімдері

3 құрғақ дала аймағы

басталуы

аяқталуы

1.

Жаздық арпа

25 сәуір

5 мамыр

2.

Жаздық бидай

10 мамыр

25 мамыр

3.

Тары

20 мамыр

25 мамыр

4.

Сұлы

25 сәуір

5 мамыр

5.

Күнбағыс

5 мамыр

15 мамыр

6.

Мақсары

10 мамыр

25 мамыр

7.

Күздік бидай

15 тамыз

10 қыркүйек

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады