Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы № 15 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 22 қаңтарда № 16261 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 67-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 05.03.2022 № 249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 9 қаңтардағы
№ 15 бұйрығымен бекітілген

Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 67-1-бабына сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті бюджеттердің қалыптастырылуы және атқарылуы туралы қоғамды хабардар ету мақсатында азаматтық бюджетті жасау және ұсыну тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 05.03.2022 № 249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Азаматтық бюджет – жұртшылыққа қолжетімді нысанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын республикалық және жергілікті бюджеттердің негізгі ережелерін ашатын ақпарат.

      3. Азаматтық бюджетті жариялау бұқаралық ақпарат құралдары пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.

      Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында "Азаматтық бюджет" жеке салымында құрылады.

      4. Азаматтық бюджетті:

      республикалық бюджет бойынша– мемлекеттiк жоспарлау, бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдар;

      жергілікті бюджет бойынша – облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала), аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейінде – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерінің аппараттары;

      бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде бюджет шығыстары бойынша – бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жасайды.

      5. Азаматтық бюджет бюджет процесінің мынадай сатыларында жасалады: жоспарлау (қалыптастыру, бекіту, нақтылау), бюджетті атқару.

      6. Азаматтық бюджеттің мазмұны қысқа, түсінікті, азаматтар үшін оңай ұғынылатын нысанда жазылады, оны жариялаған кезде инфографика, суреттер, схемалар, диаграммалар, кестелер және басқа да таныстыру нысандары пайдаланылады. Көлемді материалдар машина оқитын форматта ұсынылады (мысалы, кестелер – Excel-де, мәтіндік материал – Word-та).

      7. Мемлекеттік бюджеттің бөлімдері осы өңірлерге тән өзге де ақпараттармен толықтырылады. Мысалы, білім беру саласында қосымша ынталандыру төлемдері, халыққа әлеуметтік көмек көрсету, жұмыссыздық деңгейі.

2-тарау. Азаматтық бюджеттi жасау

1-параграф. Қазақстан Республикасының бюджеттік процесінің қысқаша сипаттамасы

      8. Азаматтық бюджетті жасау кезінде бюджеттік жоспарлау, бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органдардың және мемлекеттiк жоспарлау, бюджеттi атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері аппараттарының ресми интернет-ресурстарында (бұдан әрі – уәкілетті органдардың интернет-ресурстары) "Азаматтық бюджет" салымында Қазақстан Республикасының бюджеттік процесінің қысқаша сипаттамасы орналастырылады.

      9. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдар, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары бюджет процесін сипаттау кезінде бюджетті жоспарлаудың негізгі рәсімдерін көрсетеді:

      Республикалық бюджетті, облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетін, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетін кім және қалай жоспарлайды;

      республикалық бюджетті, облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетін, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетін кім қарайды және қандай нормативтік құқықтық актілерге сәйкес бекітіледі;

      Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда түзетулердің қысқаша ақпараты, түзетулердің қашан және қандай себептермен енгізілгені көрсетіледі.

      Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары бюджет процесін сипаттау кезінде бюджетті атқарудың негізгі рәсімдерін көрсетеді:

      республикалық бюджеттің, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің, аудандық (облыстық маңызы бар қала), аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуын кім қамтамасыз етеді;

      түсімдер мен шығыстар бойынша тиісті бюджетті атқарудың негізгі кезеңдері;

      Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда түзетулердің қысқаша ақпараты, түзетулердің қашан және қандай себептермен енгізілгені көрсетіледі;

      есепті қаржы жылына бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептің жасалуы, қаралуы және бекітілуі көрсетіледі.

2-параграф. Бюджетті жоспарлау (қалыптастыру, бекіту, нақтылау) сатысында

      10. "Бюджетті жоспарлау (қалыптастыру, бекіту, нақтылау) сатысында" бөлімі "Қазақстан Республикасының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері" немесе "Өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері", "Республикалық бюджеттің түсімдері мен шығыстары", тиісті бюджеттің "Дефициті (профициті)" деген кіші бөлімдерді қамтиды.

      11. "Қазақстан Республикасының негiзгi әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштерi" деген кіші бөлім Қазақстан Республикасының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша болжамды ақпаратты қамтиды, оның ішінде: жалпы ішкі өнім (бұдан әрі – ЖІӨ) көлемі, ЖІӨ нақты өзгерісі, алдыңғы жылға %-да; халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ; мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі; мұнайдың орташа жылдық әлемдік бағасы; инфляция; тауарлардың экспорты мен импорты; сауда теңгерімі сальдосы мен тиісті кезеңге бюджеттік шығыстардың мемлекеттік саясаты туралы жалпы көрініс беретін жоспарланған үш жылдық кезеңге республикалық бюджеттің негізгі өлшемдері. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда республикалық бюджеттің негізгі өлшемдерін талдау келтіріледі.

      Республикалық деңгейде мынадай көрсеткіштерді қамтитын негізгі әлеуметтік көрсеткіштер көрсетіледі: ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері, айлық есептік көрсеткіш, ең төменгі және орташа айлық номиналды жалақы мөлшері, ең төменгі зейнетақы мөлшері және базалық зейнетақы төлемі, жұмыссыздық деңгейi.

      "Өңірдің негiзгi әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерi" деген кіші бөлім тиісті кезеңге бюджеттік шығыстардың мемлекеттік саясаты туралы жалпы көрініс беретін жоспарланған үш жылдық кезеңге облыстық деңгейде, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде негiзгi әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерi, алдыңғы жылдармен салыстырғандағы жалпы өңірлік өнімнің (бұдан әрі – ЖӨӨ) болжамды деңгейі бойынша ақпаратты қамтиды.

      Жергілікті бюджеттер деңгейінде айлық есептік көрсеткіш, ең төменгі және орташа айлық жалақы мөлшері, ең төменгі зейнетақы мөлшері, стипендия, жәрдемақы мөлшері көрсетіледі.

      12. "Бюджеттің түсімдері мен шығыстары" деген кіші бөлім алдыңғы жылдармен салыстыру жолымен үш жылдық кезеңге жоспарланып отырған бюджет түсімдері мен шығыстары туралы ақпаратты қамтиды.

      13. Бюджет түсімдерінде мыналар:

      салық түсiмдерi;

      салықтық емес түсімдер;

      негiзгi капиталды сатудан түсетін түсімдер;

      трансферттер түсімдері бойынша талдамалы ақпарат көрсетіледі.

      14. Бюджет шығыстарында функционалдық топтар бөлінісінде мемлекеттiк бағдарламаларды іске асыруға бағытталған шығыстарға талдау, сондай-ақ алдыңғы жылдармен салыстырғандағы жоспарланған үш жылдық кезеңге негізгі басым бағыттар бойынша шығыстарға талдау келтіріледі.

      15. Бюджеттің "Тапшылығы (профициті)" деген кіші бөлімде тиісті кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихат шешіміне сәйкес республикалық бюджеттің тапшылығын (профицитті пайдалану) қаржыландыру көлемінің деректері көрсетіледі.

      16. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген үкіметтік борыш лимиті туралы ақпарат көзделеді.

      17. Азаматтық бюджет шығыстарының негізгі бағыттары бойынша республикалық бюджет жобасына мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының алдын ала бағалауы туралы ақпаратты қамтиды.

      Республикалық бюджет деңгейіндегі азаматтық бюджетке елдің жалпыұлттық басымдықтарына қол жеткізу жөніндегі шараларды қамтамасыз ету үшін басым бюджеттік қаржыландырудың бағыттарын көрсететін және республикалық бюджет жобасында белгіленген шешімдерді ашатын ақпарат енгізіледі.

      Жергілікті бюджет деңгейіндегі азаматтық бюджетке жергілікті бюджет жобасына енгізілген шешімдерді аша отырып, ақпарат енгізіледі.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 10.10.2023 № 1080 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17-1. Жергілікті бюджеттер деңгейінде халық қатысатын бюджетті іске асыру жөніндегі ақпарат көрсетіледі.

      Ескерту. Қағидалар 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 10.10.2023 № 1080 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері "Бюджетті жоспарлау (қалыптастыру, бекіту, нақтылау) сатысында" деген бөлімді:

      жоспарланатын шығыстарды сипаттай отырып және сомаларды миллион теңгеде көрсете отырып бюджеттік бағдарламалар, халық пен ел үшін жоспарланатын пайданы көрсете отырып, тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштері туралы (көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) түпкілікті алушы ел халқы болып табылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша ақпарат, оның ішінде мектептер, ауруханалар, автомобиль жолдары және басқа да объектілер құрылысы, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы, сондай-ақ жұмыс орындарын құру, жалақыны ұлғайту бойынша ақпарат енгізіледі);

      бюджеттік инвестициялық жобаларға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға мәлімделетін шығыстардың экономикалық әсерін бағалау туралы;

      халық қатысатын бюджетті іске асыру туралы (халық қатысатын бюджетті іске асыруды жүзеге асыратын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері үшін) ақпараттарды енгізе отырып, жасайды.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 10.10.2023 № 1080 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-параграф. Бюджеттi атқару сатысында

      19. "Бюджетті атқару сатысында" деген бөлім ай сайынғы негізде қалыптастырылады. Бір рет жарты жылдық қорытындылары (жарты жылдық шолу) шығарылады. Жыл қорытындысы бойынша жылдық азаматтық бюджет (жылдық шолу) жасалады.

      20. Ай сайынғы азаматтық бюджетте бюджетті атқару сатысында мынадай сипаттағы ақпарат көрсетіледі: кірістер мен шығыстардың баптары бойынша атқару.

      Кірістер бойынша есепті кезеңге жоспарлы деректермен салыстырғандағы, есепті жылға жоспарлы деректермен салыстырғандағы, сондай-ақ тиісті есепті күнге алдыңғы кезеңдердің (кемінде соңғы үш жыл) нақты деректермен салыстырғандағы есепті деректер көрсетіледі. Есепті кезеңде кірістердің өсуі/азаюы қандай түсімдердің есебінен болғаны туралы ақпарат ашылады.

      Шығыстар бойынша есепті кезеңге жоспарлы цифрлармен салыстырғандағы, есепті жылға жоспарлы цифрлармен салыстырғандағы, сондай-ақ тиісті есепті күнге алдыңғы кезеңдердің (кемінде соңғы үш жыл) нақты цифрларымен салыстырғандағы ағымдағы атқару көрсетіледі. Шығыстардың негізгі басым бағыттары көрсетіледі (деректер үдемелі қорытындымен көрсетіледі).

      21. Бюджетті атқару сатысында азаматтық бюджетті жартыжылдықта және жылдық шолуда ай сайынғы негізде берілетін ақпаратқа қосымша мыналарға:

      негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің (ЖІӨ/ЖӨӨ, инфляция деңгейі, жұмыссыздық деңгейі) атқарылуына;

      нақты атқарылуы ескеріле отырып, толық қаржы жылына экономикалық болжамды, кірістер мен шығыстар болжамын қоса алғанда, бюджетті нақтылау себептері мен көздерін көрсете отырып, бекітілген бюджетпен салыстырғандағы тиісті қаржы жылына бюджет параметрлерін нақтылауға талдау жүргізіледі.

      Бюджетті атқару сатысындағы азаматтық бюджеттің жылдық шолуында нәтижелердің қол жеткізілген (қол жеткізілмеген) көрсеткіштерін, сондай-ақ халық пен ел үшін алынған пайда нәтижелері туралы, бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша бөлінген қаражатты игеру (көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) түпкілікті алушы ел халқы болып табылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша ақпарат, оның ішінде мектептер, ауруханалар, автомобиль жолдарының құрылысы бойынша жобалардың жүзеге асуы және басқа да объектілер, жұмыстар, қызметтер туралы, сондай-ақ жұмыс орындарын құру, жалақыны ұлғайту бойынша ақпарат енгізіледі) туралы талдау да көрсетіледі.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 10.10.2023 № 1080 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Азаматтық бюджетте республикалық деңгейдегі мемлекеттік борыш жөніндегі ақпарат борыш құрылымы бойынша бөліністегі соңғы бес жылдағы мемлекеттік борыштың (Қазақстан Республикасы Үкіметінің борышы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің борышы, жергілікті атқарушы органдардың борышы) серпінін қамтиды. Сондай-ақ, мемлекеттік борыштың ЖІӨ-ге қатынасын сақтау көрсетіледі.

      23. Азаматтық бюджет бақылау-тексеру жұмысы және бақылау іс-шараларының қорытындылары туралы ақпаратты қамтиды.

      24. Мемлекеттік органның даму жоспарының көрсеткіштерін орындау нәтижелерін, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарларының орындалуы туралы есептерді, қайырымдылықтан түскен түсімдер мен ақша жұмсалуы туралы есептерді және мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау қорытындысы бойынша ақпаратты орналастыра отырып, "Бюджетті атқару сатысында" деген бөлімді жасайды.

      Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері азаматтар үшін қолжетімді және оңай қабылданатын нысанда нәтижелердің қол жеткізілген (қол жеткізілмеген) көрсеткіштерін, сондай-ақ халық пен ел үшін алынған пайда нәтижелері туралы, бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша бөлінген қаражатты игеру (көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) түпкілікті алушы ел халқы болып табылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша ақпарат, оның ішінде мектептер, ауруханалар, автомобиль жолдары құрылысы бойынша жобалардың жүзеге асыру және басқа да объектілер, жұмыстар, қызметтер туралы, сондай-ақ жұмыс орындарын құру, жалақыны ұлғайту бойынша ақпарат енгізіледі) туралы ақпаратты да орналастырады;

      Жергілікті бюджеттер деңгейінде халық қатысатын бюджетті іске асыруды жүзеге асыратын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері халық қатысатын бюджеттің іске асырылуы туралы ақпаратты орналастырады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 10.10.2023 № 1080 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Азаматтық бюджетті орналастыру тәртібі

      25. Азаматтық бюджет уәкілетті органдардың интернет-ресурстарында мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылады.

      Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері аппараттарының ресми интернет ресурстары болмаған кезде аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің "Азаматтық бюджет" салымы жоғары тұрған бюджетті мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың интернет-ресурсында орналастырылады.

      Пайдаланушылардың қолайлылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік жоспарлау, бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның "Азаматтық бюджет" салымы бойынша интернет-ресурстарға өзара сілтемеге жол беріледі.

      Пайдаланушылардың қолайлылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік жоспарлау, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның "Азаматтық бюджет" салымы бойынша интернет-ресурстарға өзара сілтемеге жол беріледі.

      Азаматтық бюджет ашық бюджеттердің интернет-порталында бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері де мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады.

      Халықты кеңінен хабардар ету үшін аудан деңгейіндегі (облыстық маңызы бар қала деңгейіндегі) азаматтық бюджет тиісті аумақта таралатын баспа бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 10.10.2023 № 1080 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда Қазақстан Республикасының бюджет процесінің заңнамалық базасы және бюджет процесінің схемасы жиырма күнтізбелік күн ішінде тиісті нормативтік құқықтық актілер қолданысқа енгізілгеннен кейін жаңартылады.

      27. "Бюджетті жоспарлау (қалыптастыру, бекіту, нақтылау) сатысында" деген кіші бөлім бойынша:

      бюджетті жоспарлау (қалыптастыру) бойынша ақпарат бюджет жобасын тиісті деңгейдің өкілді органына қарауға енгізу мерзіміне дейін бес жұмыс күні бұрын орналастырылады (бюджетке дейінгі өтінім немесе түсіндірме жазба);

      бюджетті бекіту (нақтылау) бойынша ақпарат тиісті деңгейдегі өкілді орган бюджетті қабылдағаннан кейін күнтізбелік он бес күн ішінде орналастырылады.

      28. "Бюджетті атқару сатысында" деген бөлім бойынша ақпарат:

      есепті айдан кейінгі айдың 25-іне дейін;

      тиісті жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей жарты жылдық шолу;

      есепті қаржы жылына тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит органдарының ұсынымдарымен бір мезгілде тиісті деңгейдің өкілді органы бюджетті атқару туралы жылдық есепті бекіткеннен кейін жыл қорытындысы бойынша бір ай ішіндегі жылдық шолу (тиісті жылдың 1 тамызынан кешіктірмей) орналастырылады.

      "Бюджетті бақылау (аудиттеу) сатысында" деген бөлім бойынша ақпарат:

      есепті айдан кейінгі айдың 25-іне дейін;

      тиісті жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей жарты жылдық шолу;

      есепті қаржы жылына тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит органдарының ұсынымдарымен бір мезгілде тиісті деңгейдің өкілді органы бюджетті атқару туралы жылдық есепті бекіткеннен кейін жыл қорытындысы бойынша бір ай ішіндегі жылдық шолу (тиісті жылдың 1 тамызынан кешіктірмей) орналастырылады.

      29. Қаржы жылының соңындағы борыштың жай-күйі туралы талдамалы ақпаратты қамтитын мемлекеттік борыш жөніндегі ақпаратты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қалыптастырады және жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Парламентінде республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп бекітілгеннен кейін бір ай ішінде ресми интернет-ресурста орналастырылады.

      30. Халық саны екі мың адамнан асатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары азаматтық бюджетті жасауды және ұсынуды осы Қағидалар қолданысқа енгізілгеннен бастап жүзеге асырады, халық саны екі мың және одан аз адам болатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.

      31. Осы Қағидалардың мемлекеттік органдардың азаматтық бюджетті жасау және беру жөніндегі ережелері Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар, жедел-іздестіру, контрбарлау қызметін жүзеге ас ыру, елдің сыртқы саяси қызметін, қорғаныс қабілеттілігін және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген ерекшеліктерді есепке ала отырып қолданылады.

Об утверждении Правил составления и представления гражданского бюджета на стадиях бюджетного планирования и исполнения бюджетов

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 9 января 2018 года № 15. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 января 2018 года № 16261.

      В соответствии со статьей 67-1 Бюджетного кодекса Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа Министра финансов РК от 05.03.2022 № 249 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила составления и представления гражданского бюджета на стадиях бюджетного планирования и исполнения бюджетов.

      2. Департаменту бюджетного законодательства Министерства финансов Республики Казахстан (Ерназарова З.А.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие после дня его государственной регистрации.

      Министр Б. Султанов

  Утвержден
приказом Министра финансов
Республики Казахстан
от 9 января 2018 года № 15

Правила составления и представления гражданского бюджета на стадиях бюджетного планирования и исполнения бюджетов

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила составления и представления гражданского бюджета на стадиях бюджетного планирования и исполнения бюджетов (далее – Правила) разработаны в соответствии со статьей 67-1 Бюджетного кодекса Республики Казахстан (далее – Бюджетный кодекс) и определяют порядок составления и представления гражданского бюджета в целях информирования общества о формировании и исполнении республиканского и местных бюджетов.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Министра финансов РК от 05.03.2022 № 249 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Гражданский бюджет – информация, раскрывающая основные положения республиканского и местных бюджетов, публикуемая в средствах массовой информации в доступной для общественности форме.

      3. Публикация гражданского бюджета осуществляется с использованием средств массовой информации.

      На официальных интернет-ресурсах центральных и местных государственных органов создается отдельная вкладка "Гражданский бюджет".

      4. Гражданский бюджет составляется:

      по республиканскому бюджету – центральными уполномоченными органами по государственному планированию, бюджетному планированию, исполнению бюджета;

      по местному бюджету – на уровне области, города республиканского значения, столицы, района (города областного значения), города районного значения, села, поселка, сельского округа – местным уполномоченным органом области, города республиканского значения, столицы, района (города областного значения) по государственному планированию, местным уполномоченным органом области, города республиканского значения, столицы, района (города областного значения) по исполнению бюджета, аппаратами акимов городов районного значения, сел, поселков, сельских округов;

      по расходам бюджета в разрезе бюджетных программ – администраторами бюджетных программ.

      5. Гражданский бюджет составляется на следующих стадиях бюджетного процесса: планирования (формирования, утверждения, уточнения), исполнения бюджета.

      6. Содержание гражданского бюджета излагается лаконично, понятно, доступно и в легко воспринимаемой для граждан форме, при его публикации используются инфографика, рисунки, схемы, диаграммы, таблицы и другие презентационные формы. Объемные материалы представляются в машиночитаемом формате (например, таблицы – в Excel, текстовый материал – в Word).

      7. Разделы гражданского бюджета дополняются иной информацией, специфичной для данного региона. Например, дополнительные стимулирующие выплаты в области образования, оказания социальной помощи населению, уровень безработицы.

Глава 2. Составление гражданского бюджета

Параграф 1. Краткое описание бюджетного процесса Республики Казахстан

      8. При составлении гражданского бюджета на официальных интернет – ресурсах центрального уполномоченного органа по бюджетному планированию, исполнению бюджета и местных уполномоченных органов по государственному планированию, исполнению бюджета, аппаратов акимов городов районного значения, сел, поселков, сельских округов (далее – интернет-ресурсы уполномоченных органов) во вкладке "Гражданский бюджет" размещается краткое описание бюджетного процесса Республики Казахстан.

      9. Центральным уполномоченным органом по бюджетному планированию, местными уполномоченными органами по государственному планированию, аппаратами акимов городов районного значения, сел, поселков, сельских округов при описании бюджетного процесса указываются основные процедуры планирования бюджета:

      кем и как планируется республиканский бюджет, областной бюджет, бюджет города республиканского значения, столицы, районный (города областного значения) бюджет, бюджет города районного значения, села, поселка, сельского округа;

      кем рассматривается и в соответствии с каким нормативным правовым актом утверждается республиканский бюджет, областной бюджет, бюджет города республиканского значения, столицы, районный (города областного значения) бюджет, бюджет города районного значения, села, поселка, сельского округа;

      в случае внесения изменений и дополнений в Бюджетный кодекс, указывается краткая информация поправок, когда и по какой причине были внесены поправки.

      Уполномоченными органами по исполнению бюджета, аппаратами акимов городов районного значения, сел, поселков, сельских округов при описании бюджетного процесса указываются основные процедуры исполнения бюджета:

      кто обеспечивает исполнение республиканского бюджета, областного бюджета, бюджета города республиканского значения, столицы, районный (города областного значения) бюджет, бюджет города районного значения, села, поселка, сельского округа;

      основные этапы исполнения соответствующего бюджета по поступлениям и расходам;

      в случае внесения изменений и дополнений в Бюджетный кодекс, указывается краткая информация поправок, когда и по какой причине были внесены поправки;

      составления, рассмотрения и утверждения годового отчета об исполнении бюджета за отчетный финансовый год.

Параграф 2. На стадии планирования (формирования, утверждения, уточнения) бюджета

      10. Раздел "на стадии планирования (формирования, утверждения, уточнения) бюджета" содержит подразделы "Основные социально-экономические показатели Республики Казахстан" или "Основные показатели социально-экономического развития региона", "Поступления и расходы республиканского бюджета", "Дефицит (профицит)" соответствующего бюджета.

      11. Подраздел "Основные социально-экономические показатели Республики Казахстан" включает прогнозируемую информацию по основным макроэкономическим показателям Республики Казахстан, в том числе: объем валового внутреннего продукта (далее – ВВП); реальное изменение ВВП в % к предыдущему году; ВВП на душу населения; объем добычи нефти и газового конденсата; среднегодовую мировую цену на нефть; инфляцию; экспорт и импорт товаров; сальдо торгового баланса и основные параметры республиканского бюджета на планируемый трехлетний период, которые дают общее представление о государственной политике бюджетных расходов на соответствующий период. Приводится анализ основных параметров республиканского бюджета в сравнении с предыдущими годами.

      На республиканском уровне отражаются основные социальные показатели, которые включают в себя показатели: размер прожиточного минимума, месячный расчетный показатель, размер минимальной и среднемесячной номинальной заработной платы, минимальный размер пенсий и базовая пенсионная выплата, уровень безработицы.

      Подраздел "Основные показатели социально-экономического развития региона" включает информацию по основным показателям социально-экономического развития на областном уровне, на уровне города республиканского значения, столицы на планируемый трехлетний период, которые дают общее представление о государственной политике бюджетных расходов на соответствующий период, прогнозируемый уровень валового регионального продукта (далее – ВРП) в сравнении с предыдущими годами.

      На уровне местных бюджетов отражается месячный расчетный показатель, размер минимальной и среднемесячной заработной платы, минимальный размер пенсий, размеры стипендий, пособий.

      12. Подраздел "Поступления и расходы бюджета" включает информацию о планируемых поступлениях и расходах бюджета на трехлетний период путем сравнения с предыдущими годами.

      13. В поступлениях бюджета указывается аналитическая информация по:

      налоговым поступлениям;

      неналоговым поступлениям;

      поступлениям от продажи основного капитала;

      поступлениям трансфертов.

      14. В расходах бюджета приводится анализ расходов, направленных на реализацию государственных программ, а также анализ расходов по основным приоритетным направлениям на планируемый трехлетний период в сравнении с предыдущими годами в разрезе функциональных групп.

      15. В подразделе "Дефицит (профицит)" бюджета указываются, данные объема финансирования дефицита (использование профицита) республиканского бюджета в соответствии с законом о республиканском бюджете или решением маслихата о местном бюджете на соответствующий период.

      16. Предусматривается информация о лимите правительственного долга, утверждаемом законом о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год.

      17. В гражданский бюджет включается информация о предварительной оценке органов государственного аудита и финансового контроля к проекту республиканского бюджета по основным направлениям его расходов.

      В гражданский бюджет на уровне республиканского бюджета включается информация, отражающая направления приоритетного бюджетного финансирования для обеспечения мер по достижению общенациональных приоритетов страны и раскрывающую решения, заложенные в проекте республиканского бюджета.

      В гражданский бюджет на уровне местных бюджетов включается информация с раскрытием решений, заложенных в проекте местного бюджета.

      Сноска. Пункт 17 - в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов РК от 10.10.2023 № 1080 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      17-1. На уровне местных бюджетов отражается информация по реализации бюджета народного участия.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 17-1 в соответствии с приказом Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов РК от 10.10.2023 № 1080 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      18. Администраторами бюджетных программ составляется раздел "На стадии планирования (формирования, утверждения, уточнения) бюджета" с включением информации:

      о бюджетных программах с описанием планируемых расходов и указанием сумм в миллионах тенге, показателей прямых и конечных результатов, с указанием планируемых выгод для населения и страны (включается информация по бюджетным программам, где конечным получателем услуг (работ) является население страны, в том числе информация о строительстве школ, больниц, автомобильных дорог и других объектах, работах, услугах, а также по созданию рабочих мест, увеличению заработной платы);

      об оценке экономического эффекта от заявляемых расходов на бюджетные инвестиционные проекты, формирование и (или) увеличение уставных капиталов юридических лиц;

      о реализации бюджета народного участия (для администраторов местных бюджетных программ, осуществляющих реализацию бюджета народного участия).

      Сноска. Пункт 18 - в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов РК от 10.10.2023 № 1080 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Параграф 3. На стадии исполнения бюджета

      19. Раздел "на стадии исполнения бюджета" формируется на ежемесячной основе. Один раз подводятся итоги полугодия (полугодовой обзор). По итогам года составляется годовой гражданский бюджет (годовой обзор).

      20. В ежемесячном гражданском бюджете на стадии исполнения бюджета указывается информация следующего характера: исполнение по статьям доходов и расходов.

      По доходам указываются отчетные данные в сравнении с плановыми данными на отчетный период, в сравнении с плановыми данными на отчетный год, а также в сравнении с фактическими данными предыдущих периодов на соответствующую отчетную дату (не менее последних трех лет). Раскрывается информация за счет каких видов поступлений произошел рост/уменьшение доходов в отчетном периоде.

      По расходам указывается текущее исполнение в сравнении с плановыми цифрами на отчетный период, в сравнении с плановыми цифрами на отчетный год, а также в сравнении с фактическим цифрами предыдущих периодов на соответствующую отчетную дату (не менее последних трех лет). Указываются основные приоритетные направления расходов (данные указываются с нарастающим итогом).

      21. В полугодовом и годовом обзоре гражданского бюджета на стадии исполнения бюджета дополнительно к информации, предоставляемой на ежемесячной основе проводится анализ:

      исполнения основных макроэкономических показателей (ВВП/ВРП, уровень инфляции, уровень безработицы);

      уточнения параметров бюджета на соответствующий финансовый год в сравнении с утвержденным бюджетом, с указанием причин и источников уточнения бюджета, включая экономический прогноз, прогнозы доходов и расходов на полный финансовый год, с учетом фактического исполнения.

      В годовом обзоре гражданского бюджета на стадии исполнения бюджета также отражается анализ об освоении выделенных средств по бюджетным программам (подпрограммам) с указанием достигнутых (недостигнутых) показателей результатов, а также о результатах получения выгод для населения и страны (включается информация по бюджетным программам, где конечным получателем услуг (работ) является население страны, в том числе информация о реализации проектов по строительству школ, больниц, автомобильных дорог и других объектах, работах, услугах, а также по созданию рабочих мест, увеличению заработной платы).

      Сноска. Пункт 21 - в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов РК от 10.10.2023 № 1080 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      22. В гражданском бюджете информация по государственному долгу на республиканском уровне содержит динамику государственного долга за последние пять лет в разбивке по структуре долга (долг Правительства Республики Казахстан, долг Национального Банка Республики Казахстан, долг местных исполнительных органов). Также указывается соблюдение отношения государственного долга к ВВП.

      23. Гражданский бюджет включает информацию о контрольно-ревизионной работе и итогах контрольных мероприятий.

      24. Администраторами бюджетных программ составляется раздел "На стадии исполнения бюджета" с размещением результатов выполнения показателей плана развития государственного органа, отчетов о реализации бюджетных программ, отчетов об исполнении планов поступлений и расходов денег от реализации товаров (работ, услуг), отчетов о поступлении и расходовании денег от благотворительности и информации по итогам государственного аудита и финансового контроля.

      Администраторами бюджетных программ также в доступной и легко воспринимаемой для граждан форме размещается информация об освоении выделенных средств по бюджетным программам (подпрограммам) с указанием достигнутых (недостигнутых) показателей результатов, а также о результатах получения выгод для населения и страны (включается информация по бюджетным программам, где конечным получателем услуг (работ) является население страны, в том числе информация о реализации проектов по строительству школ, больниц, автомобильных дорог и других объектах, работах, услугах, а также по созданию рабочих мест, увеличению заработной платы);

      На уровне местных бюджетов администраторами местных бюджетных программ, осуществляющих реализацию бюджета народного участия, размещается информация о реализации бюджета народного участия.

      Сноска. Пункт 24 - в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов РК от 10.10.2023 № 1080 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 3. Порядок размещения гражданского бюджета

      25. Гражданский бюджет размещается на интернет-ресурсах уполномоченных органов на государственном и русском языках.

      При отсутствии интернет-ресурсов у аппаратов акимов городов районного значения, сел, поселков, сельских округов вкладка "Гражданский бюджет" города районного значения, села, поселка, сельского округа размещается на интернет-ресурсе уполномоченных органов по государственному планированию и исполнению бюджета вышестоящего бюджета.

      В целях обеспечения удобства пользователей допускается взаимная ссылка на интернет-ресурсы по вкладке "Гражданский бюджет" центральных уполномоченных органов по государственному планированию, бюджетному планированию, исполнению бюджета.

      В целях обеспечения удобства пользователей допускается взаимная ссылка на интернет-ресурсы по вкладке "Гражданский бюджет" местных уполномоченных органов по государственному планированию, исполнению бюджета.

      Гражданский бюджет размещается также на интернет-портале открытых бюджетов центральным уполномоченным органом по исполнению бюджета и администраторами бюджетных программ на казахском и русском языках.

      Для широкого информирования населения гражданский бюджет на районном уровне (на уровне города областного значения) публикуется в печатных средствах массовой информации, распространяемой на соответствующей территории.

      Сноска. Пункт 25 - в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов РК от 10.10.2023 № 1080 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      26. В случае внесения изменений и дополнений в бюджетное законодательство Республики Казахстан законодательная база бюджетного процесса Республики Казахстан и схема бюджетного процесса обновляются в течение двадцати календарных дней после введения в действие соответствующих нормативных правовых актов.

      27. По подразделу "на стадии планирования (формирования, утверждения, уточнения) бюджета":

      Информация по планированию (формированию) бюджета размещается за пять рабочих дней до срока внесения проекта бюджета на рассмотрение в представительный орган соответствующего уровня (добюджетное заявление или пояснительная записка);

      Информация по утверждению (уточнению) бюджета размещается в течение пятнадцати календарных дней после принятия бюджета представительным органом соответствующего уровня.

      28. Информация по разделу "на стадии исполнения бюджета" размещается:

      до 25 числа следующего за отчетным месяцем;

      полугодовой обзор не позднее 1 сентября соответствующего года;

      годовой обзор в течение месяца по итогам года после утверждения годового отчета об исполнении бюджета представительным органом соответствующего уровня, одновременно с рекомендациями органов государственного аудита по результатам проверки за отчетный финансовый год (не позднее 1 августа соответствующего года).

      Информация по разделу "на стадии контроля (аудита) бюджета" размещается:

      до 25 числа следующего за отчетным месяцем;

      полугодовой обзор не позднее 1 сентября соответствующего года;

      годовой обзор в течение месяца по итогам года после утверждения годового отчета об исполнении бюджета представительным органом соответствующего уровня, одновременно с рекомендациями органов государственного аудита по результатам проверки за отчетный финансовый год (не позднее 1 августа соответствующего года).

      29. Информация по государственному долгу, которая содержит аналитическую информацию о состоянии долга на конец финансового года, формируется центральным уполномоченным органом по исполнению бюджета и размещается на официальном интернет-ресурсе по итогам года в течение месяца после утверждения годового отчета об исполнении республиканского бюджета в Парламенте Республики Казахстан.

      30. Составление и представление гражданского бюджета аппаратами акимов городов районного значения, сел, поселков, сельских округов с численностью населения более двух тысяч человек осуществляется с вводом в действие настоящих Правил, аппаратами акимов городов районного значения, сел, поселков, сельских округов с численностью населения две тысячи и менее человек осуществляется в соответствии с настоящими Правилами с 1 января 2020 года.

      31. Положения настоящих Правил по составлению и представлению гражданского бюджета государственными органами, применяются с учетом особенностей, установленных законами Республики Казахстан, актами Президента Республики Казахстан, регулирующими вопросы государственных секретов, осуществления оперативно-розыскной, контрразведывательной деятельности, обеспечения внешнеполитической деятельности, обороноспособности и национальной безопасности страны.