БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 249 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 494 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9892 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi 26-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Бюджет кодексінің 29-бабына сәйкес мемлекет функцияларының орындалуын, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын iске асыруды көрсететін функционалдық және ведомстволық белгiлер бойынша бюджет қаражатының жұмсалу бағыттарын айқындайтын барлық деңгейлердегi бюджеттер шығыстарының топтамасы бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы болып табылады.
Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының топтамасы мынадай деңгейлерден тұрады:
функционалдық топтар;
функционалдық кіші топтар;
бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi;
бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар).";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Мемлекеттік органның даму жоспарын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы мемлекеттік органның даму жоспарында айқындалған мақсаттармен өзара байланысқан республикалық бюджет шығыстарының бағытын айқындайды.
Мемлекеттік органның даму жоспарын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктермен өзара байланысқан республикалық бюджет шығыстарының бағытын айқындайды.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы тиісті аумақты дамыту бағдарламасында айқындалған мақсаттармен, нысаналы
индикаторлармен не мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктермен өзара байланысқан жергілікті бюджет шығыстарының бағытын айқындайды.
Бюдджеттік бағдарлама сыныптамалық коды 3 белгiден тұрады.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Бюджеттік кіші бағдарлама мемлекеттік органның даму жоспарының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсатына және (немесе) бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесіне қол жеткізуге бағытталған бюджет қаражатын жұмсаудың нақты бағыттарын ашады және бюджеттік бағдарлама сияқты ол да сол функционалдық топта, функционалдық кіші топта бекітіледі.
Әртүрлі көздер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар үшін бюджеттік кіші бағдарлама қаржыландыру көздерінің әрқайсысы үшін бөлінеді.
Бюджеттiк кiшi бағдарламалардың 001-ден 999-ғa дейiнгi сыныптамалық коды болады. Бiрнеше әкiмшiлерге бекiтiлген аттас бюджеттiк кiшi бағдарламалар 001-ден 099 аралығындағы кодтар бойынша жiктеледi.
Егер бағдарлама кiшi бағдарламаларға бөлiнбесе, олардың орнына 000 сыныптамалық коды көрсетiледi.";
15-тармақтын 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мазмұнына байланысты мыналарға:
мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттiк қызметтердi көрсету;
трансферттер мен бюджеттiк субсидиялар беру;
бюджеттік кредиттерді беру;
бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыру;
күрделi шығыстарды жүзеге асыру;
мемлекет мiндеттемелерiн орындау;
нысаналы салым салу;
нысаналы аударым.
Мемлекеттік органның даму жоспарының немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсатына, бірыңғай түпкілікті нәтижеге қол жеткізу үшін мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету, күрделі шығыстарды жүзеге асыру, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру, трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беру бойынша шығындар, көрсетілген шығындарды жекелеген кіші бағдарламаларға бөле отырып, бір бюджеттік бағдарламаға біріктірілуі мүмкін;".
2. "Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10007 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 67-бабының 13-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 67-бабына сәйкес әзірленді.
Қағидалар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің кезекті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну тәртібін айқындайды.";
4-5 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Бюджет кодексінің 67-бабына сәйкес тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделі шығыстар, сондай-ақ басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестицияларға және қабылданған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындауға арналған шығыстар базалық шығыстар болып табылады.
Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді орындауға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге, трансферттердің төлемдеріне және мемлекеттің басқа да міндеттемелеріне байланысты шығыстар тұрақты сипаттағы шығыстар болып табылады.
Жаңа бастамалар шығыстарына мыналарға:
кейіннен жаңа бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес жалпыұлттық басымдықтардың жаңа бағыттарын іске асыруға;
макроэкономикалық және әлеуметтiк көрсеткiштердiң өзгеруiне байланысты емес және iс жүзiндегi бюджеттiк бағдарламалар шеңберiнде бюджет қаражатын жұмсаудың қосымша бағаныттарын (атқарылатын мемлекеттiк функциялардың, өкiлеттiктердiң және көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер көлемiн кеңейтудi) көздейтiн базалық шығыстарды ұлғайтуға бағанытталған шығыстар жатады.
5. Бюджеттiк өтінім:
бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері;
мемлекеттік органдардың даму жоспарлары жобасының және (немесе) мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар жобасының;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының;
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 тіркелген Қазақстан Республикасы қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының (бұдан әрі – Бірыңғай бюджеттік сыныптама);
өткен жоспарлы кезең бюджеттік өтінімінің;
есепті қаржы жылындағы мемлекеттік органдардың даму жоспарларын іске асыру туралы есептің;
заттай нормалардың негізінде жасалады.
асыру туралы есептің;
заттай нормалардың негізінде жасалады.";
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"53. ММ нысаны бойынша мемлекеттiк мекемелер ұсынған жиынтық есептемелердiң негiзiнде бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi бұйрығымен) бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарламалар) бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері есептеуі жасалады. Есептеу мемлекеттік органның даму жоспарына енгізілген әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша жасалады.";
69-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"3) жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, мемлекеттік органның даму жоспарының жобасында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасын;
4) жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасын;";
71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"71. Бюджет кодексінің 66-бабына сәйкес бюджет шығыстарын жоспарлау үшін мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мыналарды ұсынады:
ағымдағы қаржы жылының 15 наурызына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ведомстволық бюджет комиссиясы мақұлдаған мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобалары немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобалары, бюджеттік бағдарламалардың жобалары;
мемлекеттік органдардың даму жоспарлары жобаларының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін қаржылық қажеттілікті есептеу;
ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік өтінімдерді толық көлемде және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.
Мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын толық көлемде ұсынады.
Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарына бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қоспағанда, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттардың нәтижелеріне бағаналау жүргізілген жағдайда, бағаналау нәтижелері қоса беріледі.";
73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"73. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi бюджеттiк өтiнiмдi мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға беттерi нөмiрленген бiр дана қағаз тасығышта, брошюра түрiнде және мемлекеттiк органдардың электрондық бiрыңғай құжат айналымы жүйесiн пайдалану арқылы электрондық құжат түрiнде не электрондық тасығыштарда енгiзедi.
Егер бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi мемлекеттік органның даму жоспарының жобасында немесе мемлекеттік органның даму жоспарына өзгерiстер мен толықтырулардың жобасында қосымша шығыстарды немесе бюджет кiрiстерiн қысқартуды талап ететiн нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеудi немесе оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi ұсынса, онда бюджеттiк өтiнiммен бiр мезгiлде тиiстi нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы енгiзiледi.";
79 және 80-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"79. Бюджеттік кодексінің 68-бабына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік органдардың даму жоспарларының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағаналау нәтижелерін ескере отырып:
1) мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын олардың Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарына сәйкестігі тұрғысынан, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізуді, нысаналы индикаторларға қол жеткізу дәрежесін, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін қамтамасыз ету тұрғысынан қарайды;
2) мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, бюджеттік бағдарламалар нәтижелері көрсеткіштерінің мемлекеттік органның даму жоспарының нысаналы индикаторларымен өзара байланысының болуы, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілу дәрежесі тұрғысынан қарайды.
80. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдау нәтижелерін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың даму жоспарларының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағаналау нәтижелерін ескере отырып:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға және бюджеттік бағдарламалар жобаларына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есептеу кезінде бағандар ретінде, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге белгіленген бағаналар дерекқоры пайдаланылады. Бұл ретте, бір дана қарастырылған тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге нақтылы орташа бағаны асып түспейтын бағаналар дерекқорында бағанаға бағандарланған. Бағаналар дерекқорында жоқ болған жағдайда, жоспарланған шығыстарды негіздейтін құжаттар (шарттардың көшірмелері, прайс-парақтар) пайдаланылады;
2) мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін олардың мемлекеттік органның даму жоспарының мақсаттарымен және нысаналы индикаторларымен өзара байланысы тұрғысынан қарайды;
3) мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағаныттарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды.";
81-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"81. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдаудың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағаналаудың нәтижелерін ескере отырып:";
82-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынған есепті қаржы жылындағы мемлекеттік органдардың даму жоспарларының іске асырылуы туралы есептерді және бюджеттік бағдарламалардың нәтижелеріне қол жеткізу бөлігінде бюджет қаражатын басқару бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағаналау нәтижелерін;";
83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"83. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалар жобаларын қарау нәтижелері бойынша Республикалық бюджет комиссиясының және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қарауына шығару үшін қорытындыларды қалыптастырады және ағымдағы қаржы жылының 15 сәуірінен кешіктірмей бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган 80-тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген материалдарды қарау қорытындылары бойынша бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалар жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылары мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындылары және мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобалары немесе мемлекеттік органның даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулардың жобалары бойынша Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып қалыптастырылады.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджет комиссиясының қарауына стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары, бюджеттік өтінімдер, бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындыларды енгізеді.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бюджеттік өтінімі бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға қарау үшін жіберіледі, ол оған қорытынды дайындайды және өзгерістер енгізбей республикалық бюджеттің жобасына енгізеді.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін, бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындылары бойынша бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындыларды қалыптастырады және оларды тиісті бюджет комиссиясының қарауына жібереді.";
85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"85. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес:
бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға пысықталған бюджеттік бағдарламалардың жобалары мен бюджеттік өтінімдерді;
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға пысықталған мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, мемлекеттік органның даму жоспарын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын ұсынады.
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарына ұсынатын, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қоспағанда, мемлекеттік органның даму жоспарын әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес тиісінше бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға пысықталған бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынады.";
56-қосымша осы тізбеге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы № 15 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16261 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 67-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 67-1-бабына сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті бюджеттердің қалыптастырылуы және атқарылуы туралы қоғамды хабардар ету мақсатында азаматтық бюджетті жасау және ұсыну тәртібін айқындайды.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Мемлекеттік органның даму жоспарының көрсеткіштерін орындау нәтижелерін, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарларының орындалуы туралы есептерді, қайырымдылықтан түскен түсімдер мен ақша жұмсалуы туралы есептерді және мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау қорытындысы бойынша ақпаратты орналастыра отырып, "Бюджетті атқару сатысында" деген бөлімді жасайды.".
4. "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 140 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16409 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 65-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 65-1 бабына сәйкес әзірленді.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері мемлекеттік жоспарлау, ұлттық жобалардың, мемлекеттік органдардың даму жоспарлары жобаларының немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар жобалары мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау, өткен жылғы бюджет шығыстарының әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындыларына Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, мемлекеттік органдардың даму жоспарларының негізінде айқындалады.
Мемлекеттік органдардың даму жоспарлары әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктер, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау, өткен кезеңдегі бюджет шығыстарының әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалау негізінде айқындалады.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарлары мен мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктер негізінде айқындалады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау кезінде:
1) тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың мақұлданған болжамы;
2) ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының бекітілген (нақтыланған) көлемі;
3) тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының бекітілген көлемі;
4) алдыңғы және ағымдағы қаржы жылдарында бюджеттік бағдарламалардың орындалу қорытындысы;
5) бюджеттік инвестицияларды іске асыруды бағалау қорытындысы;
6) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепке Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің (жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепке облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының) қорытындылары мен ұсынымдары;
7) мемлекеттік бағдарламалардың іс-шаралары;
8) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнің республикалық бюджет жобасы шығыстарының негізгі бағыттары бойынша оны алдын ала бағалауы;
9) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелер есепке алынады.
Мемлекеттік бағдарламаларды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша мемлекеттік органдардың даму жоспарлары, өзге де Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары есепке алынады.".
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне қосымша Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларына 56-қосымша |
Форум, семинар және конференциялар өткізу паспорты
1. | Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің/ мемлекеттік кәсіпорынның атауы | |
2. | Форумның/семинардың/конференцияның атауы | |
3. | Форум/семинар / конференция өткізу жоспарланған Жоспарлы кезең жылы | |
4. | Форум/семинар / конференция өткізуге арналған шығыстар сомасы, мың теңгемен | |
Бюджеттік бағдарлама (атауы және коды) | ||
Бюджеттік кіші бағдарлама (атауы және коды) | ||
5. | Форум/семинар/конференция өткізу жоспарланған мемлекеттік органның даму жоспарының мақсаты | |
6. | Форумның/семинардың/конференцияның мақсаты | |
7. | Форум/семинар / конференция өткізу кезінде қол жеткізілетін нәтижелер көрсеткіштері | |
8. | Практикалық маңыздылығы |
Орталық атқарушы органның аппарат басшысы/мемлекеттiк мекеме басшысы
____________________________________________________________________
(қолы) (аты-жөні (болған жағдайда)) Бюджеттік бағдарлама басшысы
________________________________________
(қолы) (аты-жөні (болған жағдайда))
Бас бухгалтер/қаржы - экономикалық бөлімінің бастығы
____________________________________________________________________
(қолы) (аты-жөні (болған жағдайда))
Ескертпе:
Паспорт әрбір форумға, семинарға, конференцияға жеке жасалады.
Семинар — оқушылар (студенттер, стажерлар) оқытушының жетекшілігімен оқу немесе ғылыми зерттеулердің нәтежелері бойынша орындаған хабарламаларды, баяндамалар мен рефераттарды талқылайтын практикалық оқу сабақтарының бір түрі;
Форум — жаһандық проблемаларды жеткілікті дәрежеде белгілеу немесе шешу үшін өткізілетін іс-шара. Бұл ұғым саяси, экономикалық, әлеуметтік, діни, экологиялық және қазіргі қоғам өмірінің басқа да көптеген салаларында кездеседі;
Конференция — қандайда бір мәселелерді талқылау және шешу үшін қандайда бір мемлекеттер, партия, қоғамдық, ғылыми және тағы басқа ұйымдар өкілдерінің жиналысы. Әлем жақтастарының халықаралық конференциясы. Партия конференциясы. Мұғалімдер концеренциясы;
Жұмыстың практикалық маңыздылығы іс жүзінде міндеттерді шешу үшін нәтежелерді қолдану мүмкіндігі болып табылады.