"Мiндеттi теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурс өткiзу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 488 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 24 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 8 ақпандағы № 16327 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 394-НҚ бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 29.08.2024 № 394-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мiндеттi теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурс өткiзу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 488 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11271 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мiндеттi теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурс өткiзу қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Тізбені қалыптастыру жылына бір реттен көп жүзеге асырылмайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
ақпарат және коммуникациялар министрі
Д. Абаев

О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 апреля 2015 года № 488 "Об утверждении Правил проведения конкурса по формированию перечня обязательных теле-, радиоканалов"

Приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 23 января 2018 года № 24. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 8 февраля 2018 года № 16327. Утратил силу приказом Министра культуры и информации РК от 29.08.2024 № 394-НҚ.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра культуры и информации РК от 29.08.2024 № 394-НҚ (вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 апреля 2015 года № 488 "Об утверждении Правил проведения конкурса по формированию перечня обязательных теле-, радиоканалов" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11271, опубликованный 2 июля 2015 года в Информационно-правовой системе "Әділет") следующее изменение:

      в Правилах проведения конкурса по формированию перечня обязательных теле-, радиоканалов, утвержденных указанным приказом:

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Формирование перечня осуществляется не более одного раза в год.".

      2. Департаменту государственной политики в области средств массовой информации Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление копий в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра информации и коммуникаций Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Министр информации и коммуникаций
Республики Казахстан
Д. Абаев