Мiндеттi мемлекеттік емес теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 394-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 3 қыркүйекте № 35029 болып тіркелді

      "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 52-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мiндеттi мемлекеттік емес теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және
ақпарат министрі
2024 жылғы 29 тамыздағы
№ 394-НҚ бұйрығына
1-қосымша

Мiндеттi мемлекеттік емес теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Міндетті мемлекеттік емес теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 52-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және міндетті мемлекеттік емес теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс (бұдан әрі – конкурс) өткізу тәртiбiн айқындайды.

      2. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерді (бұдан әрі – өтінім) қарауды және жеңімпаздарды айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеуді масс-медиа саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жанынан құрылған Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) жүзеге асырады.

2-тарау. Мiндеттi мемлекеттік емес теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурсты өткізу тәртібі

      3. Комиссияның жұмыс органы болып табылатын уәкiлеттi орган конкурсты өткізуді ұйымдастырушы (бұдан әрі – Ұйымдастырушы) ретінде әрекет етеді.

      4. Міндетті мемлекеттік емес теле-, радиоарналардың тізбесін (бұдан әрі – тізбе) қалыптастыру жылына бір реттен асырмай жүзеге асырылады.

      5. Конкурс өткізу туралы ақпараттық хабар (бұдан әрі – ақпараттық хабар) ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында өтінімдерді қабылдаудың соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын жарияланады.

      6. Ақпараттық хабар мынадай мәліметтерді:

      1) конкурсты өткізу уақытын, күні мен орнын;

      2) өтінімдерді қабылдаудың орнын, басталу және аяқталу мерзімі мен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға қажетті конкурстық ұсыныстарды қамтиды.

      7. Конкурсқа қатысуға уақтылы өтінім берген үміткерлер жіберіледі.

      8. Тіркелген өтінім кері қайтарылып алынған жағдайда, үміткер Ұйымдастырушыға жазбаша түрде хабарлама жібереді.

      9. Өтінім беруді Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес ресімделген үміткердің атынан әрекет етуге оның құқығын куәландыратын сенімхатты көрсету арқылы үміткердің өкілі жүзеге асырады.

      10. Ақпараттық хабарда көрсетілген өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер мен оған қоса берілетін конкурстық ұсыныстар қабылданбайды.

      Өтінімді қабылдауды жүзеге асыратын адам өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы белгіні ұсынылған өтінімге қояды.

      11. Ұйымдастырушы үміткерлердің ұсынған өтінімдері мен конкурстық ұсыныстарының, сондай-ақ өтінім берген тұлғалар туралы мәліметтердің және олар ұсынған конкурстық ұсыныстар мазмұнының құпиялылығының сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды.

      12. Өтінім мен конкурстық ұсыныстарды үміткер беттері нөмірленіп тігілген, соңғы беті оның қолтаңбасымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылған түрде мөр басылып жабылған конвертте ұсынады, оның ішінде:

      1) өтінім салынған мөр басылып жабылған конверттің беткі жағында үміткер Ұйымдастырушының және үміткердің толық атауы мен поштасының мекенжайын көрсетеді;

      2) өтінімдерді қабылдауды жүзеге асыратын адам өтінімдер салынған конверттерді үміткерлердің белгіленген мерзімі өткенге дейін ұсынған өтінімдерін тіркеу журналына енгізеді.

      13. Комиссия өтінімдер салынған конверттерді ақпараттық хабарда көрсетілген мерзімде және орында үміткерлердің немесе олардың өкілдерінің қатысуымен ашады.

      Комиссияның отырысы басталғанға дейін Комиссия хатшысы өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жүзеге асыру кезінде үміткерлер өкілдерінің үміткерлердің мүдделерін білдіруге құжатпен ресімделген өкілеттіктерін тексереді.

      Өтінім салынған әрбір конвертті ашқан кезде Комиссия хатшысы осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес конверттегі құжаттардың тізбесі туралы ақпаратты жария етеді.

      Өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде өтінімнің болуын және дұрыс ресімделуін тексеру рәсімін аудио және/немесе бейне тіркеу жүргізіледі және өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасы ресімделеді.

      Өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасына Комиссия төрағасы, оның қатысып отырған мүшелері мен хатшысы қол қояды және екі жұмыс күні ішінде Комиссия хатшысы әр парағына виза қояды.

      Өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасы мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) Комиссияның отырысын өткізу күні, уақыты және орны;

      2) Комиссияның сандық құрамы, кворумның болуы;

      3) өтінімдерді беру күні мен уақытын көрсете отырып, белгіленген мерзімде өтінім берген үміткерлердің толық атауы, мекенжайлары;

      4) ұсынылған құжаттар (өтінім және оған қоса берілетін конкурстық ұсыныстар), оның ішінде олардың осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкестігі (сәйкессіздігі) туралы ақпарат.

      14. Өтінім осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларда көзделген нысанға сәйкес келмеген, сондай-ақ үміткерлер конкурстық ұсыныстарды ұсынбаған жағдайда, Комиссия өтінім салынған конверттер ашылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасын қоса бере отырып, үміткердің өтінімде көрсетілген электрондық мекенжайына хабарлама жібереді, сондай-ақ Ұйымдастырушы өзінің интернет-ресурсында өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімінің нәтижелерін жариялайды.

      Өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасы бар хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде үміткер Комиссияға сәйкестендірілген өтінім мен конкурстық ұсыныстарды ұсынады.

      Комиссия сәйкестендірілген өтінімді және конкурстық ұсыныстарды үміткер ұсынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қарайды.

      Өтінім осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларда көзделген нысанға сәйкес келтірілмеген, сондай-ақ үміткерлер конкурстық ұсыныстарды ұсынбаған жағдайда, Комиссия хабарламада көрсетілген мерзімде үміткердің өтінімін қабылдамайды.

      15. Комиссия конверттер ашылған күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:

      1) өтінімдер мен конкурстық ұсыныстардың толық болуы және тиісінше ресімделуі тұрғысынан қарайды;

      2) осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес өтінімдерді қабылдамайды;

      3) осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес конкурс жеңімпаздарын айқындайды.

      Үміткерлердің қабылданбаған өтінімдері конкурстың қорытындылары туралы хаттамада көрсетіледі.

      16. Үміткердің және/немесе оның уәкілетті өкілінің Комиссия отырыстарына қатыспауы себебінен өтінімді қайтаруға жол берілмейді.

      17. Конкурс бойынша шешімдер ашық дауыс беру арқылы қабылданады және қатысқан Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық еткен адамның даусы шешуші болып саналады.

      Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.

      18. Конкурс жеңімпаздарын айқындау:

      меншікті теле-, радиобағдарламалары, сатып алынатын теле-, радиобағдарламалар және ретрансляциялау көлемдерінің арақатынасы;

      қазақ тілінде хабар тарату көлемі;

      хабар таратудың орташа тәуліктік уақыты;

      кадрлық әлеуеті;

      теле-, радиоарналарды жасау үшін материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі;

      үміткердің төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылығы негізінде жүзеге асырылады.

      19. Конкурстың қорытындысы конкурстың жеңімпаздары мен конкурстан өтпеген үміткерлер көрсетіле отырып, конкурстың қорытындылары туралы хаттамамен ресімделеді.

      Үміткерге оған қол қойылғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстың қорытындылары туралы хаттаманың жобасы қоса беріле отырып, хабарлама жіберіледі.

      Үміткер конкурстың қорытындылары туралы хаттама жобасы бар хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Комиссияның k.kense@mki.gov.kz электрондық мекенжайына конкурс қорытындылары туралы хаттаманың алдын ала жобасына қарсылығын ұсынады.

      Қарсылықтар келіп түскен жағдайда, олар қаралғаннан кейін Комиссия төрағасы мен оның мүшелері конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға қол қояды.

      Конкурстың қорытындылары туралы хаттамада мынадай:

      1) қорытындыны шығару орны мен уақыты туралы;

      2) конкурсқа қатысуға жіберілген үміткерлердің өтінімдері туралы;

      3) конкурстың жеңімпазын және резервтік теле-, радиоарналарды көрсете отырып, конкурстың қорытындылары туралы;

      4) конкурстан өтпеген үміткерлер туралы;

      5) үміткерлердің алдын ала жасалған конкурстың қорытындылары туралы хаттаманың жобасына қатысты келіп түскен қарсылықтарының болуы немесе болмауы, сондай-ақ оларды қарау нәтижелері туралы ақпарат қамтылады.

      Конкурстың қорытындылары туралы ақпараттық хабар екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

      Тізбе уәкілетті орган бекіткен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

  Міндетті мемлекеттік емес теле-,
радиоарналардың тізбесін
қалыптастыру бойынша
конкурс өткізу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

  Телерадио хабарларын таратуды
дамыту мәселелері жөніндегі
комиссияның төрағасына

Мiндеттi мемлекеттік емес теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурсқа қатысуға өтінім

      Жалпы мәліметтер:

      1. Заңды тұлғаның толық атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

      ____________________________________________________________________

      2. Заңды тұлға: __________________________________________________

      3. Байланыс телефондарының нөмірлері, электронды мекенжайы:_______

      4. Есепке қою туралы куәлікке сәйкес теле-, радиоарнаның атауы:_______

      ____________________________________________________________________

      5. Тақырыптық бағыты:___________________________________________

      6. Тарату аумағы:

      _______________________________________________________________

      7. Үміткер өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

      _______________________________________________________________

      Қоса берілетін құжаттар:

      1. _______________________________________________________

      2. _______________________________________________________

      3. _______________________________________________________

      Бірінші басшының/жеке кәсіпкердің/үміткердің өкілінің қолтаңбасы

      Мөрдің орны (бар болған кезде)

      20___ жылғы "___" ___________

  Міндетті мемлекеттік емес теле-,
радиоарналардың тізбесін
қалыптастыру бойынша
конкурс өткізу қағидаларына
2-қосымша

Конкурстық ұсыныстар

      Конкурстық ұсыныстар мынадай бөлімдерді қамтиды:

      1. Шығармашылық ұсыныстар

      Үміткер:

      1) теле-, радиоарнаның хабар тарату кестесін (кейінгі айға);

      2) мынадай:

      теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты және олардың жанрлық арақатынасы (ақпараттық, талдамалық, публицистикалық, жастар және балалар, музыкалық теле-, радиобағдарламалар және көркем, деректі фильмдер);

      хабар таратудың тілдік арақатынасы, қазақ тілінде теле-, радиобағдарламаларды трансляциялау уақыты;

      өзінің меншікті теле-, радиобағдарламаларының, сатып алынатын теле-, радиобағдарламалардың және ретрансляциялаудың арақатынасы;

      хабар таратудың орташа тәуліктік уақыты;

      шығармашылық және техникалық жұмыскерлердің сандық мәндегі кадрлық әлеуеті туралы мәліметтерді қамтитын ақпаратты ұсынады.

      2. Техникалық ұсыныстар

      Үміткер мынаны:

      1) теле-, радиобағдарламаларды жасайтын стационарлық студиялық жабдығының болуы, оның жай-күйі және типі туралы ақпаратты;

      2) аппараттық-студиялық кешеннің техникалық сипаттамаларын;

      3) тиісті стандарттарды көрсете отырып, дыбыс пен кескіннің сапасы жоғары теле-, радиобағдарламаларды эфирге беру жөніндегі міндеттемелерді;

      4) студиялық кешеннің орналасқан жері, теле-, радиоарнаны телерадио хабарларын тарату операторларына беру тәсілі туралы ақпаратты;

      5) теле-, радиоарнаны көрсетілген тізбеге енгізген жағдайда, міндетті мемлекеттік емес теле-, радиоарналардың тізбесі бекітілген күннен бастап алты ай ішінде сигналды (теле-, радиоарнаны) беруді және үміткердің техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторының желісіне қосуды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемені ұсынады.

      3. Заңды және қаржылық ұсыныстар

      Төлем қабілеттілігін растайтын құжаттар:

      1) үміткердің Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі шоттары бойынша ақша қалдықтары мен оның қозғалысы туралы үзінді-көшірме (-лер);

      2) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім берілген күннің алдындағы күнтізбелік жыл үшін жасалған үміткердің қаржылық есептілігі, ал Қазақстан Республикасының аумағында тарату үшін конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес жасалған аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік;

      3) ақпараттық хабарлама жарияланған күннен кейін берілген, есебі салық органында жүргізілетін үміткердің берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;

      4) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторына цифрлық эфирлік және спутниктік телерадио хабарларын тарату желісі бойынша теле-, радиоарнаны таратқаны үшін телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторына анықтама берілген күннің алдындағы күнге бір айдан астам созылған мерзімі өткен берешегінің болмауы туралы анықтама.

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және
ақпарат министрі
2024 жылғы 29 тамыздағы
№ 394-НҚ бұйрығына
2-қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Мiндеттi теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 488 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 11271 болып тіркелген).

      2. "Ақпарат және коммуникациялар саласындағы кейбір нормативтік құқықтық бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 309 бұйрығымен бекітілген, ақпарат және коммуникациялар саласындағы өзгерістер енгізілетін кейбір нормативтік құқықтық бұйрықтардың тізбесінің 1-тармағы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 15831 болып тіркелген).

      3. "Мiндеттi теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурс өткiзу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 488 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 24 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 16327 болып тіркелген).

      4. "Мiндеттi теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурс өткiзу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 488 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 547 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 18131 болып тіркелген).

      5. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 14 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 1-тармағы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 19901 болып тіркелген).

      6. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 11 шiлдедегi № 226 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 1-тармағы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 20960 болып тіркелген).

      7. "Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 425 бұйрығымен бекітілген, өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесінің 1-тармағы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 26378 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады