Мiндеттi теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурс өткiзу қағидаларын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 488 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 маусымда № 11271 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 394-НҚ бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 29.08.2024 № 394-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 30.12.2021 № 425 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса берiлiп отырған Мiндеттi теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурс өткiзу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-миниcтріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 488 бұйрығымен
бекітілген

Мiндеттi теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурс өткiзу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 27.12.2018 № 547 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс (бұдан әрі – конкурс) өткізу тәртiбiн айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 30.12.2021 № 425 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Көпарналы хабар таратуда міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурсқа қатысуға үміткерлердің (бұдан әрі – үміткер) өтінімдерін қарау және жеңімпаздарды айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеу Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) жүзеге асырады.

2-тарау. Конкурсты өткізу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 27.12.2018 № 547 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Конкурсты өткізуді ұйымдастырушы Комиссияның жұмыс органы болып табылатын уәкілетті орган әрекет етеді.

      4. Заңының 7-бабы 1-тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес, уәкілетті орган Комиссия ұсынымы бойынша міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін (бұдан әрі – тізбе) бекітеді.

      5. Тізбені қалыптастыру жылына бір реттен көп жүзеге асырылмайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 23.01.2018 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Конкурсты өткізу туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды.

      7. Конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарлама ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында өтінімдер қабылданатын соңғы күнге дейін кемі күнтізбелік жиырма күн бұрын жарияланады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 11.07.2020 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Ақпараттық хабарлама мынадай мәліметтерді қамттиды:

      1) конкурсты өткізу уақыты, күні және орны;

      2) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді (бұдан әрі – өтінім) қабылдау орны 1-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша, өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу мерзімі мен конкурсқа қатысуға қажетті құжаттардың тізбесі.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 27.12.2018 № 547 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Конкурсқа қатысуға өтінімді уақытылы өтінім берген үміткерлерге жол беріледі.

      10. Үміткер берген өтінім конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарламада жарияланған және осы Қағидаларда белгіленген шарттармен оның конкурсқа қатысуға ниетін білдіреді.

      10-1. Алып тасталды - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 30.12.2021 № 425 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Конкурсқа қатысуға үміткерлер осы Қағидалардың кез келген тармағы бойынша ұйымдастырушыға қажетті түсініктеме үшін жүгінеді.

      12. Тіркелген өтінім кері қайтарылып алынған жағдайда, үміткер ұйымдастырушыға жазбаша түрде хабарлама жібереді.

      13. Конкурсқа қатысуға өтінім беруді үміткердің атынан қатысуға құқық беруді куәландыратын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес ресімделген сенімхатты көрсету арқылы үміткердің өкілі жүзеге асырады.

      14. Конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін құжаттарға қосымша бірге келіп түскен және конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылданбайды.

      Себептерін көрсете отырып, өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы белгіні құжат қабылдауды жүзеге асырған тұлға ұсынылған өтінімге қояды.

      15. Ұйымдастырушы үміткерлердің ұсынған өтінімдері мен оларға қоса тіркелген құжаттардың, сондай-ақ өтінім берген тұлғалар мен олар ұсынған құжаттардың мазмұны туралы құпиялылықтың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды.

      16. Үміткер конкурсқа қатысу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша өтінім береді.

      17. Өтінімге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес конкурстық ұсыфныстар қоса беріледі.

      18. Осы Қағиданың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген құжаттарды үміткер ұйымдастырушының мекенжайына тіркелген, нөмірленген түрде және соңғы беттің сыртында үміткердің уәкілетті тұлғасының қолы және мөрмен (болған жағдайда) бекітіліп, аузы жабылған конвертте ұсынады және мынадай талаптарды сақтайды:

      1) конкурсқа қатысуға өтінім салынған мөрленген конверттің беткі жағында үміткер ұйымдастырушының және үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайын көрсетуі тиіс;

      2) құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді белгіленген мерзім өткенге дейін табыс еткен конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін тіркеу журналына енгізеді.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 11.07.2020 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Комиссия өтінімдер мен басқа да құжаттар салынған конверттерді конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген мерзімде және орында үміткерлердің немесе олардың өкілдерінің қатысуымен ашады.

      Комиссия отырысы басталғанға дейін комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жүзеге асыру кезінде үміткерлер өкілдерінің үміткерлердің мүдделерін білдіруге құжатпен ресімделген өкілеттіктерін тексереді.

      Конкурсқа қатысуға өтінімі бар әрбір конвертті ашқан кезде Комиссия хатшысы конверттегі құжаттар мен материалдардың тізбесі туралы ақпаратты жария етеді.

      Өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде конкурстық өтінімнің бар болуын және ресімделуінің дұрыстығын тексеру рәсімін аудио және/немесе бейне тіркеу жүргізіледі және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасы ресімделеді.

      Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасына Комиссияның төрағасы, оның қатысып отырған мүшелері мен хатшысы қол қояды және екі жұмыс күні ішінде Комиссия хатшысы әр парағына бұрыштама қояды.

      Конверттерді ашу хаттамасы мынадай мәліметтерді қамтиді:

      1) Комиссия отырысы өткізілетін күнді, уақытты және орынды;

      2) комиссияның сандық құрамы, кворумның болуын;

      3) өтінімдерді ұсыну күні мен уақытын көрсете отырып, белгіленген мерзімде өтінім берген үміткерлердің толық атауын, мекенжайларын;

      4) ұсынылған құжаттар (өтінім және оған қоса берілетін барлық конкурстық ұсыныстар), оның ішінде олардың осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген талаптарға сәйкестігі (сәйкес келмеуі) туралы ақпаратты.

      Комиссия отырысы басталғанға дейін Комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жүзеге асыру кезінде үміткерлер өкілдерінің үміткерлердің мүдделерін білдіруге құжатпен ресімделген өкілеттіктерін тексереді.

      Конкурсқа қатысуға өтінімі бар әрбір конвертті ашқан кезде Комиссия хатшысы конверттегі құжаттар мен материалдардың тізбесі туралы ақпаратты жария етеді.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 30.12.2021 № 425 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19-1. Өтінім талаптарға сәйкес келмеген, сондай-ақ үміткерлер осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген конкурстық ұсыныстарды ұсынбаған жағдайда, Комиссия конкурсқа қатысуға өтінім салынған конверттер ашылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде үміткерге конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасын қоса бере отырып, Конкурсқа қатысуға өтінімі бар электрондық мекенжайға хабарлама жібереді, сондай-ақ ұйымдастырушы өзінің интернет-ресурсында конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімінің нәтижелерін жариялайды.

      Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасы бар хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде үміткер талаптарға сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінім мен конкурстық ұсыныстарды Комиссияға ұсынады.

      Комиссия талаптарға сәйкес келтірілген өтінімді және конкурсқа қатысуға конкурстық ұсыныстарды үміткер ұсынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қарайды.

      Өтінім талаптарға сәйкес келтірілмеген, сондай-ақ үміткерлер осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген конкурстық ұсыныстарды ұсынбаған жағдайда, Комиссия хабарламада көрсетілген мерзімде үміткердің конкурсқа қатысуға өтінімін қабылдамайды.

      Ескерту. Қағида 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 30.12.2021 № 425 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      20. Алып тасталды - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 30.12.2021 № 425 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      20-1. Алып тасталды - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 30.12.2021 № 425 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      20-2. Алып тасталды - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 30.12.2021 № 425 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Комиссия конверттер ашылған күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:

      1) үміткерлердің құжаттар топтамасын, оның ішінде үміткерлердің конкурсқа қатысуға талаптарға сәйкес келтірілген өтінімдері мен конкурстық ұсыныстарды толықтығы мен тиісінше ресімделуі тұрғысынан қарайды;

      2) осы Қағидалардың 19-1-тармағына сәйкес өтінімдерді қабылдамайды;

      3) осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес конкурс жеңімпаздарын айқындайды.

      Үміткерлердің қабылданбаған ұсыныстары конкурс қорытындылары туралы хаттамада көрсетіледі.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 30.12.2021 № 425 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Үміткердің және /немесе/ оның уәкілетті өкілінің Комиссия отырыстарына қатыспауы себебінен конкурстық өтінімді қайтаруға жол берілмейді.

      23. Конкурс бойынша шешімдер ашық дауыс беру арқылы қабылданады және қатысқан Комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыс бергенде қабылданатын болып есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің даусы шешуші болып есептеледі.

      Комиссия шешім қабылдайтын кезде Хатшының дауыс беруге құқығы жоқ.

      24. Конкурс жеңімпаздарын анықтау кезінде іріктеу критерийлері:

      тақырыптық бағыты және жанрлық арақатынасы;

      меншікті теле-, радиобағдарламалар, сатып алынатын теле-, радиобағдарламалар және ретрансляция көлемдерінің арақатынасы;

      қазақ тілінде хабар тарату көлемі;

      хабар таратудың орташа тәуліктік уақыты;

      кадрлық әлеует;

      теле-, радиоарналардың Тізбеде болу мерзімі ішінде теле-, радиобағдарламаларды өндіру және үздіксіз хабар тарату үшін материалдық-техникалық қамтамасыз етудің болуы және жеткіліктілігі;

      үміткерді Тізбеден шығарып тастаудың (ауыстырудың) немесе қабылданған міндеттемелерін орындамаудың (оның ішінде ішінара) нақты оқиғаларының болмауы;

      үміткердің төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын растайтын құжаттардың болуы.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 11.07.2020 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Конкурстың қорытындылары конкурстың жеңімпаздары мен себептерін көрсете отырып, конкурстан өтпеген үміткерлер көрсетіле отырып, конкурстың қорытындылары туралы хаттамамен ресімделеді.

      Үміткерге конкурс қорытындылары туралы хаттаманың жобасы қоса беріле отырып, оған қол қойылғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлама жіберіледі.

      Үміткер конкурс қорытындылары туралы хаттама жобасымен бірге хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Комиссияның k.kense@qogam.gov.kz электрондық мекенжайына конкурс қорытындылары туралы хаттаманың алдын ала жобасына қарсылық береді.

      Қарсылықтар қаралғаннан кейін, олар келіп түскен жағдайда, Комиссияның төрағасы мен мүшелері конкурс хаттамасына қол қояды.

      Конкурстың қорытындылары туралы хаттамада мынадай:

      1) қорытынды шығару орны мен уақыты туралы;

      2) конкурсқа қатысуға жіберілген үміткерлердің өтінімдері туралы;

      3) конкурс жеңімпазын және резервтік теле-, радиоарналарды көрсете отырып, конкурс қорытындылары туралы;

      4) себептерін көрсете отырып, конкурстан өтпеген үміткерлер туралы;

      5) үміткерлердің хаттаманың алдын ала жобасына келіп түскен қарсылықтарының болуы немесе болмауы, сондай-ақ оларды қарау нәтижелері туралы ақпарат қамтылады.

      Екі жұмыс күні ішінде конкурс қорытындылары туралы ақпараттық хабарлама уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

      Ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында міндетті теле-, радиоарналардың тізбесі оны уәкілетті орган бекіткен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде орналастырылады.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 30.12.2021 № 425 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Міндетті теле-,
  радиоарналардың тізбесін
  қалыптастыру бойынша
  конкурс өткізу қағидаларына
  1-қосымша
  Нысан
  Телерадио хабарларын таратуды
  дамыту мәселелері жөніндегі
  комиссияның төрағасына

Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурсқа қатысуға өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 30.12.2021 № 425 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Жалпы мәліметтер:

      1. Заңды тұлғаның толық атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)_______________________________________________________________________

      2. Заңды тұлға:________________________________________________

      3. Байланыс телефондарының нөмірлері, электрондық мекенжайы:_________________

      4. Есепке қою туралы куәлікке сәйкес теле-, радиоарнаның атауы: __________________________________________________________________________

      5. Тақырыптық бағыты:______________________________________________________

      6. Тарату аумағы :________________________________________

      Қоса беріліп отырған құжаттар:

      1.________________________________________________________________________

      2.________________________________________________________________________

      3.________________________________________________________________________

      Бірінші басшының/жеке кәсіпкердің қолы

      Мөрдің орны (бар болса) 20___ жылғы "___" ___________

  Міндетті теле-,
радиоарналардың
тізбесін қалыптастыру бойынша
конкурс өткізу қағидаларына
2-қосымша

Үміткерлердің конкурстық ұсыныстары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 11.07.2020 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Үміткерлердің конкурстық ұсыныстары мына бөлімдерден тұруы тиіс:

      Шығармашылық ұсыныстар

      Үміткер:

      1) теле-, радиоарнаның хабар тарату торын (келесі айға);

      2) мынадай мәліметтерді қамтитын ақпарат ұсынады:

      теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты және олардың жанрлық арақатынасы (ақпараттық, аналитикалық, публицистикалық, жастар және балалар, музыкалық теле-, радиобағдарламалар және көркем, деректі фильмдер);

      хабар таратудың тілдік арақатынасы, қазақ тілінде теле-, радиобағдарламаларды трансляциялау уақыты;

      меншікті теле-, радиобағдарламалардың, сатып алынатын теле-, радиобағдарламалардың және ретрансляцияның арақатынасы;

      хабар таратудың орташа тәуліктік уақыты;

      шығармашылық және техникалық қызметкерлердің сандық мәндегі кадрлық әлеуеті.

      Техникалық ұсыныстар

      Үміткер ұсынады:

      1) теле-, радиобағдарламалар өндірісінің стационарлық студиялық жабдығының болуы, жай-күйі және типі туралы ақпарат;

      2) аппараттық-студиялық кешеннің техникалық сипаттамалары;

      3) тиісті стандарттарды көрсете отырып, дыбыс пен кескінінің сапасы жоғары теле-, радиобағдарламаларды эфирге беру жөніндегі міндеттемелер;

      4) студиялық кешеннің орналасқан жері, теле-, радиоарнаны телерадио хабарларын тарату операторларына беру тәсілі туралы ақпарат;

      5) теле-, радиоарнаны көрсетілген тізбеге енгізген жағдайда міндетті теле-, радиоарналардың тізбесі бекітілген күннен бастап алты ай ішінде сигналды (теле-, радиоарнаны) жеткізуді және үміткердің техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторының желісіне қосуды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттеме.

      Заңды және қаржылық ұсыныстар

      1. Үміткердің бұрын өткізілген ұқсас конкурстарға қатысқаны, сондай-ақ, үміткердің Тізбеге енгізілген, алынып тасталған, ауыстырылған жағдайлары туралы (алып тастау немесе ауыстыру себептері көрсетілген) ақпарат.

      2. Төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын растайтын құжаттар, оның ішінде:

      - үміткердің Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі шоттары бойынша ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы үзінді-көшірме (-лер);

      - Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім берілген күннің алдындағы күнтізбелік жыл үшін жасалған үміткердің қаржылық есептілігі, ал Қазақстан Республикасының аумағында тарату үшін конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес жасалған аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік;

      - үміткердің салық берешегінің, сондай-ақ, міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бұрын берілген салық органының анықтамасы;

      - телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторына цифрлық эфирлік және жерсеріктік телерадио хабарларын тарату желісі бойынша теле-, радиоарнаны таратқаны үшін ұлттық телерадио хабарларын тарату операторына анықтама берілген күннің алдындағы 1 айдан аса созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтама.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады