"Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін беру туралы өздеріне қатысты шешім қабылданған адамдардың дактилоскопиялық ақпарат дерекқорын қалыптастыру, жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 қаңтардағы № 48 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін беру туралы өздеріне қатысты шешім қабылданған адамдардың дактилоскопиялық ақпарат дерекқорын қалыптастыру, жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін беру туралы өздеріне қатысты шешім қабылданған адамдардың дактилоскопиялық ақпарат дерекқорын қалыптастыру, жүргізу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін беру туралы өздеріне қатысты шешім қабылданған адамдардың дактилоскопиялық ақпарат дерекқорын қалыптастыру, жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) теңізшінің жеке куәлігі (бұдан әрі − ТЖК) - теңiз кемесiнің бортында (әскери корабльді қоспағанда) оның экипажының құрамында, сондай-ақ сауда мақсатында теңiзде жүзу үшiн пайдаланылатын аралас (өзен-теңiз) жүзетін кеменің бортында жұмыс iстейтiн құжат иесінің, практикадан өту үшін кемелерге жіберілетін және оқу орнында білім алушының жеке басын куәландыратын құжат;
3) ТЖК-ні дайындау, беру және бақылау пункті – ТЖК-ні беруге өтініш қабылдау, өтініш берушінің биометриялық деректерін алып тастау, ТЖК-ні дербестендіру, ТЖК-ні тексеру және беру, берілген ТЖК-ні есепке алу және дактилоскопиялық ақпарат дерекқорына мәліметтер беру, ТЖК бланкілерін есепке алу бойынша функцияларды жүзеге асыратын пункт;
4) үйлестіру орталығы – Қазақстан Республикасында берілген ТЖК-нің тұпнұсқалығына қатысты шет мемлекеттердің иммиграциялық қызметтерінен немесе басқа да құзыретті органдарынан келіп түсетін сұрау сұрауларды өңдеуді жүзеге асыратын орталық;
5) дактилоскопиялық ақпарат дерекқоры (бұдан әрі – дерекқор) – Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін беру туралы өздеріне қатысты шешім қабылданған адамдардың биометриялық дерекқоры.
3. ТЖК ақпараттық жүйесі теңіз көлігі саласындағы уәкілетті органда ТЖК-ні дайындау, беру және бақылау процестерін кешенді автоматтандыруға арналған, ол бірыңғай ақпараттық-технологиялық инфрақұрылым негізінде ТЖК-ні дайындау, беру және бақылау пункті мен үйлестіру орталығы арасындағы ақпараттық өзара іс-әрекетті жүзеге асырады.
4. Дерекқордың жұмыс істеуі ТЖК ақпараттық жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады.
2-тарау. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу тәртібі
5. Дерекқорды Порттың теңіз әкімшілігі ТЖК-ні дайындау, беру және бақылау пунктінде қалыптастырады және жүргізеді.
6. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу мыналарды қамтиды:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 863 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес ТЖК-ні беру туралы өтініш-сауалнамада көрсетілген өтініш берушінің сауалнама деректерін және қол саусақтарының таңбасын сканерлеу арқылы биометриялық деректерін енгізу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ТЖК-ні ауыстыру (жаңасын беру) және тапсыру барысында дерекқордағы мәліметтерді жаңарту;
3) биометриялық деректерді ТЖК-да штрих-код түрінде сақтау.
7. Дерекқор электронды түрде қалыптастырылады және жүргізіледі. Дерекқорды жүргізу дерекқорға санкцияланбаған қол жеткізуді болдырмауды қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылады.
8. Дерекқордан сыртқы жүйелерге биометриялық деректерді жүктеуге жол берілмейді.