Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің үлгісін және оны қорғауға қойылатын талаптарды, Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту және "Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің, теңізде жүзу кітапшасының, дипломдарды растаудың үлгісін, оларды ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 797 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 863 қаулысы.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 31-2) тармақшасына және "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің үлгісі және оны қорғауға қойылатын талаптар;

      2) Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 623 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 863 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының теңiзшiсi жеке куәлiгiнiң үлгiсi және оны қорғауға қойылатын талаптар

      1. Қазақстан Республикасы теңiзшiсiнiң жеке куәлiгi (бұдан әрi – ТЖК) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының 9303-құжатының 3-бөлiгiндегi (алтыншы басылым, 2006 жыл) талаптарға және машина оқитын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес машинамен оқу үшiн жарамдылығына сәйкес теңiзде жұмыс iстеу ерекшелiктерiн ескере отырып, жоғары сапалы материалдардан жасалады.

      2. ТЖК мөлшерi – 84 х 118 милиметр. Ламинатталған ТЖК бланкiсiнiң форматы – 88 х 125 милиметр.

      3. ТЖК-да жазулар мемлекеттiк және ағылшын тiлдерiнде жүргiзiледi.

      4. ТЖК бланкiсiнiң ( 1-суретке сәйкес) беткi және ( 2-суретке сәйкес) артқы жақтары болады. Бланкiнiң түстiк реңкi – көгiлдiр.

      5. ТЖК-нiң беткi жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы, құжат үлгiсi және Қазақстан Республикасының коды, теңiзшiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), туған күні мен жерi, азаматтығы, жынысы, жеке сәйкестендiру нөмiрi, ТЖК иесінің фотобейнесi және жеке қолы басылған түрде орналастырылады. Машина оқитын екi өлшемдi штрих-кодқа қол саусақтарының iздерi негiзiнде жасалған иесiнiң биометрикалық деректерi орналастырылған. Бұдан басқа беткi бөлiгi ТЖК-нiң берiлген күнi, орны және қолданылу мерзiмiнiң аяқталатын күні туралы ақпаратты қамтиды.

      ТЖК-нің беткi жағы екi бөлiктен тұрады:

      жоғарғы бөлiгi – көрнекi аймақ, онда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы және мынадай жазулар орналастырылған:

      Қазақстан Республикасы

      Republic of Kazakhstan

      ТЕҢIЗШIНIҢ ЖЕКЕ КУӘЛIГI

      SEAFARER’S IDENTITY DOCUMENT

      Түрi/Type

      Мемлекет коды/Code of issuing State

      № ТЖК/SID’s №

      Тегi/Surname

      Аты, Әкесiнiң аты /Given names

      Азаматтығы/Nationality

      Жынысы/Sex

      Туған күнi/Date of birth

      Туған жерi/Place of birth

      Берiлген күнi/Date of issue

      Қолданылу мерзiмi/Date of expiry

      төменгi бөлiгi:

      қол саусақтарының iздерi негiзiнде жасалған және цифрлық түрде берiлген құжат иесiнiң биометрикалық деректері орналасқан екi өлшемдi штрих-код;

      құжат иесiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), туған күнi мен құжат нөмiрiнен тұратын 2 жолды қамтитын машина оқитын аймақ.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 25.08.2018 № 520 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. ТЖК-нiң артқы бетiнде иесiнiң ерекше физикалық белгiлерi, ТЖК-нi берген орган туралы мәлiметтер, ТЖК-нi берген органның пошталық мекенжайы, телефон (дар) нөмiрi (лері), электрондық пошта мекенжайы және интернет-ресурсы орналастырылады.

      Артқы бетiнде мынадай жазулар орналастырылған:

      Ерекше белгiлер/Special physical characteristics

      Беруге рұқсат ету/Authorized by

      Қолы/Signature

      Құжатты берген мекеменiң мекенжайы/Authority address

      Үйлестiру орталығы/ Coordination center

      Халықаралық еңбек ұйымының Теңiзшiлердiң жеке куәлiктерi туралы 2003 жылғы (қайта қаралған) конвенциясының мақсаттары үшiн осы құжат теңiзшiнiң жеке куәлiгi болып табылады.

      Осы құжат дербес мазмұнды және паспорт болып табылмайды.

      This document is a seafarer’s identity document for the purpose of the Seafarer’s Identity Documents Convention (Revised), 2003, of the International Labour Organization. This document is a stand – alone document and not a passport.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 25.08.2018 № 520 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. ТЖК-да орналастырылатын ақпараттың негiзгi сипаттамалары:

      1) берген орган: берген мемлекеттiң ИСО (ISO) коды, ТЖК-ні берген ұйымның толық атауы мен толық мекенжайы, сондай-ақ ТКЖ-ні беруге рұқсат ететiн адамның аты мен лауазымы;

      2) берiлген күнi мен орны;

      3) жынысы;

      4) туған күнi мен орны;

      5) азаматтығы туралы ақпарат;

      6) ерекше физикалық белгiлерi: тұлғаны сәйкестендiруге мүмкiндiк беретiн кез келген ерекше белгiлерi;

      7) құжаттың қолданылу мерзiмiнiң аяқталатын күнi;

      8) құжат түрі;

      9) ТЖК-нiң бiрегей нөмiрi: Қазақстан Республикасының коды – "KAZ", одан кейiн ең көбi он белгiден тұратын әрiп-цифрлық есепке алу нөмiрi келедi;

      10) жеке сәйкестендiру нөмiрi: ең көбi он төрт әрiп-цифрлық белгiден тұратын теңiзшiнiң факультативтiк жеке нөмiрi;

      11) ТЖК иесiнiң қолы фотосуретке арналған аймақ астына қойылады.

      8. Қолдан жасаудан қорғау үшiн бланкi мыналардан тұрады: су белгiлерi, қорғаудың ультрокүлгiн элементтерi, арнайы бояуларды пайдалану, арнайы түрлi-түстi дизайндер, перфорацияланған бейнелер, голограммалар, лазерлiк нақыштау, микромөр және термикалық ламинаттау.

      9. ТЖК бланкiсiне бланкiнi және оған жазылған жазуларды қолдан жасаудан қорғауға арналған қосымша элементтер енгiзiлуi мүмкiн.

      10. Қолдан жасау және басқа да сыртқы әсерлерден қорғау үшiн ТЖК бланкiсi толтырылғаннан кейiн ламинатталады. Ламинаттық пакеттiң қабаттарын дифракциялық элементтермен қорғауға рұқсат етiледi.

      1-сурет. Алдыңғы бетi



      2-сурет. Артқы бетi



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 863 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына, "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 31-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін (бұдан әрі - ТЖК) ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. ТЖК теңiз кемесi (әскери кеменi қоспағанда) бортында оның экипажының, сондай-ақ сауда мақсатында теңiзде жүзу (бұдан әрі - кеме) мақсаты үшiн пайдаланылатын аралас (өзен-теңiз) жүзу кемесi құрамында жұмыс iстейтiн, оқу орнында оқитын және кемелерге практикадан өту үшін жіберілетін иесiнiң жеке басын куәландыратын құжат болып табылады.

      ТЖК 1958 жылғы Теңiзшiлердiң жеке куәлiгi туралы конвенцияны қайта қарайтын Конвенцияға (№ 185 конвенция) сәйкес пайдаланылады.

      3. ТЖК кеме бортында жұмыс iстейтiн немесе жүзу практикасынан өту үшiн кемелерге жiберiлетін оқу орындарында оқитын Қазақстан Республикасының азаматтарына берiледi.

      ТЖК сондай-ақ Қазақстан Республикасында тiркелген кемеде жұмыс iстеу үшiн жалданған шетелдіктерге және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға берiледi.

      ТЖК бес жыл қолданылу мерзімімен берiледi.

      4. ТЖК-ні ресімдеуді, беруді, ауыстыруды, тапсыруды және жоюды Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісім бойынша сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі - Порттың теңіз әкімшілігі (бұдан әрі - ПТӘ) жүзеге асырады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. № 185 Конвенцияның талаптарына сәйкес ТЖК-ні ресімдеу, беру және бақылау жүйесiнiң үйлестiру орталығы (бұдан әрі – үйлестіру орталығы) құрылады.

      Үйлестiру орталығы берілген ТЖК-нің түпнұсқалығына және дұрыстығына қатысты иммиграциялық қызметтерден және № 185 Конвенцияға қатысушы барлық мемлекеттердің басқа да құзыретті органдарынан келіп түсетін сұрау сұрауларды қанағаттандыруды жүзеге асырады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.08.2018 № 520 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2. ТЖК-нi ресiмдеу тәртiбi

      6. ТЖК-нi ресiмдеу үшiн өтiнiш берушi ПТӘ-ге мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруші туралы мәліметтерді қамтитын ТЖК-ні беру туралы өтiнiш-сауалнама (бұдан әрi – өтiнiш-сауалнама);

      2) жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар үшін);

      3) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 25.08.2018 № 520 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4) өтiнiш берушi кеме бортында оның экипажы құрамында кез келген ретте жұмыс iстейтiнiн растайтын құжат (жоқ болған жағдайда дипломдар, маманның біліктілік дайындық деңгейiне сәйкестігін растайтын бiлiктiлiк және арнайы куәлiктер, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша медициналық анықтама қабылданады);

      5) оның еңбек қызметiн растайтын құжат (еңбек кiтапшасы, одан үзiндi, жұмыс орнынан анықтама, кемеде жүру кiтапшасы) не оқу орнынан анықтама.

      Көрсетілген құжаттармен бiрге олардың көшiрмелерi ұсынылады. Салыстырып тексеруден кейiн құжаттардың түпнұсқалары олардың иесiне қайтарылады.

      7. Жеке басты куәландыратын құжат ретiнде мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) Қазақстан Республикасының азаматына – Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат;

      2) шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматына – Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде консулдық есепке қойылуы туралы таңбасы бар Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

      3) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматына – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ыхтиярхат және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке басты куәландыру ретінде танылатын азаматтығы мемлекеті берген өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжат;

      4) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі.

      8. Өтiнiш берушiнiң кемеде жұмыс істейтінін растайтын құжат ретінде мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында белгiленген тәртiппен тiркелген және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес капитанды және экипаж мүшелерiн жалдауға құқығы бар кеме иесiнiң ұсынысы;

      2) кемеде өтiнiш берушiнiң айналысатын қызметi туралы жазу бар теңiзде жүзу кiтапшасы;

      3) Қазақстан Республикасының портынан шығатын кеменiң кемелiк рөлi (ерекше жағдайларда, рейске шығатын кеме экипажының мүшесiн ауыстыру қажет болған кезде).

      9. ТЖК беруге арналған құжаттарды ПТӘ-ге ұсынуды өтiнiш берушiнің өзі жүзеге асырады.

      Осы Қағидалардың 6-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда ПТӘ-нің қызметкері көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан кейін ТЖК беру мүмкіндігі туралы өтініш берушіні хабардар етеді.

      ТЖК-ні ресімдеу және беру мерзiмi өтiнiш берушiнің осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетiлген құжаттарын қабылдаған сәттен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 02.03.2020 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Портында кеме тұрған мемлекетке немесе транзитпен өту мемлекетiне шығу (кiру) мәселесiн шешу үшiн үйлестіру орталығына шет мемлекеттердiң иммиграциялық билiк органдарының және басқа да құзыреттi органдарының сұрау салуы бойынша ТЖК иесінің биометрикалық деректерiн жiберуге құқық беру үшін өтiнiш берушi ТЖК ресiмдеу барысында алынған биометрикалық деректердiң шаблонын оның мүддесiнде пайдалануға арналған өтiнiш-сауалнамада қамтылатын рұқсатқа қол қояды.

      11. Өтiнiш-сауалнамаға өтiнiш берушi өтiнiш-сауалнаманы қабылдайтын ПТӘ қызметкерiнiң қатысуымен қол қояды.

      12. Өтiнiш берушiнiң құжаттарын қабылдау аяқталған соң цифрлық камераны пайдалану арқылы оны суретке түсiру және арнайы сканердi пайдаланып, қол саусақтарының таңбасын алу жүргiзiледi.

      13. Өтiнiш берушiлерден қабылданған өтiнiш-сауалнамалар және құжаттар көшiрмелерi ПТӘ-де есепке алынуға жатады. Құжаттарды қабылдау аяқталған соң өтiнiш берушiге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес қолхат-хабарлама берiледi, онда қабылданған құжаттардың тізбесі және олардың қабылданған күні келтіріледі.

      14. ТЖК-ні ресімдеу туралы шешiм қабылдау үшiн мынадай негiздердің болуын тексеру жүзеге асырылады:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

      2) шетел азаматына және азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасында тұруға рұқсат;

      3) өтiнiш берушiнiң кемеде жұмыс iстейтiнiн растайтын құжаттар;

      4) өтiнiш берушiде қолданылу мерзiмi өтпеген бiреуден аспайтын ТЖК-нiң болмауы;

      5) ТЖК-ні ресiмдеудi ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келiсу.

      15. ТЖК-нi ресiмдеудi ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келiсу бес жұмыс күніне дейінгі мерзімде өтiнiш-сауалнаманы Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі бойынша жіберу арқылы жүргізіледі.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 02.03.2020 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16. ТЖК-нi ресiмдеудi келiсу кезiнде ұлттық қауiпсiздiк органдары келiсу туралы ақпаратты Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы жібереді.

      Өтініш берушіге қатысты ТЖК-ні беруді келісуге кедергі келтіретін мән-жайлар анықталған жағдайда, ұлттық қауіпсіздік органдары бұл туралы ПТӘ-ге Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы хабарлайды.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 02.03.2020 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Келiсуге жiберiлетiн өтiнiш-сауалнамаларды тiркеу осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ТЖК берудi келiсу журналында жүргiзiледi. Дәл осы журналға келiсу нәтижелерi жазылады.

      18. Осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарды тексеру және ұлттық қауiпсiздiк органдарының келісу нәтижелерi бойынша ПТӘ қызметкерi осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес ТЖК-ні ресiмдеу және беру үшiн негiздердiң болуын тексеру нәтижелерi туралы жазбаша қорытынды дайындайды.

      19. Көрсетiлген қорытынды өтiнiш берушiнiң құжаттарымен бiрге ТЖК-ні ресiмдеу туралы шешiм қабылдау үшін ПТӘ-нiң уәкiлеттi лауазымды қызметкерiне қарау және оң шешілген жағдайда құжаттарды ТЖК-ні толтыруға жауапты қызметкерге беру үшін ұсынылады.

      20. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетiлген (өтiнiш берушiнiң кемеде жұмыс істейтінін растайтын құжаттан басқа) ТЖК-ні ресімдеу үшiн негiздердi тексерулердiң терiс жағдайында ТЖК ресiмделмейдi. Бұл жағдайда өтiнiш берушiге осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес ТЖК-ні беруден бас тарту туралы жазбаша хабарлама беріледi, онда ТЖК-ні беру үшiн кедергi болатын негiз және ТЖК-ні беруден бас тарту туралы шешiмнiң тiркеу нөмiрi көрсетiледi.

      21. ТЖК-нi ресiмдеу техникалық құралдарды пайдалана отырып, ТЖК бланкiсiн толтыруды қамтиды.

      22. ТЖК бланкiсiн толтыру былайша жүзеге асырылады:

      1) ТЖК иесiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты бас әрiптермен көрсетiледi;

      2) "Жынысы/Sex" бағаны: "М" - ер адамдар үшiн, "F" - әйел адамдар үшiн;

      3) "Азаматтығы/Nationality" бағаны:

      Қазақстан Республикасы азаматтары және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматтары үшiн азаматтығы "/" белгiсi арқылы қазақ және ағылшын тiлдерiнде көрсетiледi;

      Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар үшiн "азаматтығы жоқ/statless" деп көрсетiледi;

      4) "Туған кезi/Date of birth", "Берiлген кезi/Date of issue" және "Қолданылу мерзiмi/Date of expiry" деген бағандардағы күндер араб цифрларымен күнi/айы/жылы тізбектілігімен көрсетiледi (күнi мен айы екi таңбалы, ал жылы төрт таңбалы болып жазылады.);

      5) "Туған жерi" деген бағанда ТЖК иесi туған мемлекеттiң, облыстың, қаланың атауы көрсетiледi. Жазу жеке басты куәландыратын құжатта көрсетiлген ТЖК иесiнiң туған жерi туралы деректер негiзiнде жүргiзiледi.

      ТЖК иесi туған мемлекеттi көрсету кезiнде "/" белгiсі арқылы ағылшын тiлiнде мемлекеттiң аббревиатурасы немесе оның атауы көрсетiледi.

      6) "Ерекше белгiлер/Special physical characteristics" деген бағанда жеке басын сәйкестендiруге мүмкiндiк беретiн ТЖК иесiнiң кез келген ерекше белгiлерi көрсетiледi;

      7) "Беруге рұқсат ету/Authorized by" деген бағанда ТЖК беруге рұқсат еткен адамның лауазымы, аты-жөнi және тегi көрсетiледi;

      8) "Қолы/Signature" деген бағанда ТЖК беруге рұқсат еткен лауазымды адамның қолы қойылады;

      9) "Құжат берген мекеменiң мекенжайы /Authority address" деген бағанда ТЖК берген мекеменiң атауы, оның пошталық мекенжайы, телефон нөмiрi және электрондық пошта мекенжайы көрсетіледі;

      10) "Үйлестiру орталығы/ Coordination center" деген бағанда үйлестiру орталығының телефон нөмiрi, электрондық поштасы мен интернет-ресурсының мекенжайы көрсетiледi;

      11) Өтiнiш берушiнiң фотосуретi мен жеке қолы мекеменiң техникалық құралдарын пайдалана отырып, ТЖК-ге енгiзiледi. Бұл ретте өтiнiш берушiнiң өз қолы өтiнiш-сауалнамадағы қолынан сканерленедi.

      Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 25.08.2018 № 520 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3. ТЖК-ні беру және ауыстыру тәртібі

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23. ТЖК-нiң толтырылған бланкiсi, өтiнiш берушi ұсынған құжаттар және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес қорытынды ТЖК беру туралы шешiм қабылдауға уәкілетті ПТӘ-нiң лауазымды тұлғасына жiберiледi. Қарау нәтижелері және ТЖК-ні беру туралы шешiм көрсетілген қорытындының "ТЖК-ні беру туралы белгi" деген бөлiміне енгiзiледi.

      24. ТЖК өтiнiш берушiге жеке басын куәландыратын құжатын ұсынған кезде ТЖК-ні беру журналына қол қойғыза отырып, жеке өзiне берiледi.

      ТЖК-ні беру алдында ТЖК толтырылуының дұрыстығын тексеру және ТЖК-ге енгiзiлген биометрикалық деректердi пайдалана отырып, ТЖК иесi жеке басының сәйкестiгiн тексеру жүргiзiледi. Өтiнiш берушiнiң талап етуі бойынша ПТӘ ТЖК-ға енгiзiлген арнайы техникалық құралдарсыз оқылмайтын оған қатысты кез келген деректердi тексеруге мүмкiндiк беретiн жабдыққа рұқсат беруді қамтамасыз етедi.

      Өтiнiш-сауалнама берiлген ТЖК туралы деректер оған енгiзiлгеннен кейiн сканерленедi және ПТӘ-нің электрондық деректер қорында, ал өтiнiш-сауалнаманың түпнұсқасы ПТӘ-нiң арнайы iсiнде сақталады.

      Берiлген ТЖК туралы ақпарат ПТӘ-нiң электрондық деректер қорына енгiзiледi және үйлестiру орталығына жiберiледi.

      25. Өтiнiш берушi осы Қағидалардың 6-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсынбаған жағдайларда және ТЖК-ні беру туралы оң шешім болған кезде өтiнiш берушiге оның құжаттарын қабылдағаннан кейін сегіз жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес ТЖК-ні ресімдеу туралы анықтама және ПТӘ растаған ресiмделген ТЖК бет жағының көшiрмесi берiледi.

      ТЖК-ні ресiмдеу туралы анықтама осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес ТЖК беруді есепке алу журналына қол қойғыза отырып өтiнiш берушiге берiледi. ТЖК-нi ресiмдеу және ТЖК-нi ресiмдеу туралы анықтаманы беру туралы деректер ПТӘ-нiң электрондық дерекқорында сақталады.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 02.03.2020 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      26. Бұрын ТЖК-ні ресiмдеу туралы анықтаманы алған өтiнiш берушiге ТЖК беру осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес ресiмделген ТЖК беру туралы өтiнiшті және осы Қағидалардың 6-тармағының 4) тармақшасында көрсетiлген құжатты ұсынған кезде жүзеге асырылады.

      27. Түзетулерi бар ТЖК-ні беруге жол берiлмейдi. Толтыру кезiнде бүлiнген ТЖК бланкiлерi есептен шығарылады және акті бойынша жойылады.

      28. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      29. ТЖК-ні ауыстыру (жаңасын беру):

      1) қолданылу мерзiмi өткен;

      2) жоғалған;

      3) иесiнiң тегi, аты немесе әкесiнiң аты өзгерген;

      4) ТЖК-де иесінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), оның туған күні және жері, азаматтығы, фотосуреті, ТЖК берген органның атауы, берілген күні, нөмірі және қолдану мерзімі не құжатты қорғау дәрежесі туралы деректер болмаған не оларды сәйкестендіру мүмкін болмаған;

      5) иесінің құқықтық мәртебесіне сәйкес келмеген;

      6) жынысын өзгерткен жағдайларда жүзеге асырылады.

      30. ТЖК-ні ауыстыру (жаңасын беру) бұрын берiлген ТЖК тапсырғаннан немесе оны иесi жоғалтқан болса, ТЖК-ні жарамсыз деп жариялағаннан кейiн жүзеге асырылады және бастапқы беру кезінде осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      ТЖК жоғалған жағдайда оның иесi үш жұмыс күнi iшiнде жеке немесе кеме капитаны арқылы бұл туралы үйлестiру орталығына немесе электрондық деректер қорына оның жоғалғаны туралы ақпарат енгiзетiн ПТӘ-ге жазбаша хабарлауы тиiс.

      31. ТЖК-ні ауыстыру (жаңасын беру) туралы ерікті нысандағы өтiнiштi өтiнiш берушi осы Қағидалардың 29-тармағына сәйкес ТЖК-ні ауыстыру (жаңасын беру) үшін негіздемені көрсете және осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса беріп, ПТӘ-ге осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген ТЖК-ні ресiмдеу мерзiмiн және кеме иесiмен еңбек шартында көзделген кемеде жұмыс iстеу ұзақтығын ескере отырып, алдын ала бередi.

4. ТЖК-нi тапсыру, алып қою және жою тәртiбi

      32. Иесінің ТЖК-нi тапсыруы:

      1) ТЖК-ні ауыстырған;

      2) ұлттық қауiпсiздiк органдарынан бұдан бұрын берiлген ТЖК-ні беруге келiсуді кері қайтарып алу туралы хатты алған;

      3) ТЖК иесiнде Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;

      4) шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға құқығы тоқтатылған;

      5) ТЖК иесiнде қолданылу мерзiмi аяқталмаған екiншi ТЖК-нің болуы туралы ақпаратты алған жағдайларда жүзеге асырылады.

      33. Иесінің ТЖК-ні тапсыруы жөніндегі шараларды қабылдауы мынадай ресімдерді қамтиды:

      1) ТЖК иесін өзі алған ТЖК-ні ПТӘ-ге тапсыруды немесе ТЖК-ні пошта жөнелтілімімен ПТӘ-ге жіберуді бір мезгілде ұсына отырып, енді ол осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген ТЖК иесіне қойылатын талаптарға жауап бермейтіні туралы хабардар ету;

      2) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес ТЖК иесіне ТЖК-ні тапсыру туралы анықтама беру;

      3) электрондық деректер қорына ТЖК-ні тапсыру туралы ақпаратты енгізу;

      4) ТЖК-ні тапсыру туралы ұлттық қауіпсіздік органдарына хабарлау;

      5) ТЖК-ні тапсыру туралы ақпаратты баспасөзге орналастыру.

      34. ТЖК-нi қателесiп немесе заңсыз беру туралы ақпарат алынған жағдайда осы ақпарат ТЖК-ні беру үшiн негiздердiң болуын қайталап тексеру және ақпараттың дұрыстығы расталған жағдайда берiлген ТЖК-ні иесінің тапсыруы жөнiнде шаралар қабылдау мақсатында үйлестiру орталығына немесе ПТӘ-ге жiберiледi.

      35. Қазақстан Республикасынан тысқары жерде тұрақты тұратын ТЖК иелері кейiннен ТЖК берген жер бойынша жiберу үшiн оларға тұруға құқық берген мемлекеттегi Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелеріне ТЖК-ні бес жұмыс күні ішінде тапсырады.

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығын жоғалтқан, Қазақстан Республикасынан тысқары жерде тұратын шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар кейiннен ТЖК берген жер бойынша жiберу үшiн болу еліндегі Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемесiне ТЖК-ні бес жұмыс күні ішінде тапсырады.

      Кемеден шетел азаматтарын немесе азаматтығы жоқ тұлғаларды шығарған жағдайда ТЖК күнтiзбелiк бiр айдың iшiнде оны алған жерiне тапсырылады.

      Табылған ТЖК және қайтыс болған адамдардың ТЖК үйлестiру орталығына немесе мекенжайы ТЖК-де көрсетiлген ПТӘ-ге жiберiледi.

      36. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен ТЖК-ні алдын ала тергеу, анықтау органдарының лауазымды тұлғалары, сондай-ақ әкімшілік іс жүргізу және азаматтықты жоғалтуды ресімдеу барысында лауазымды тұлғалар алып қояды.

      ТЖК-ні алып алып қою туралы ақпарат бес жұмыс күні ішінде үйлестіру орталығына жолданады. Азаматтықты жоғалтуды ресімдеу кезінде алып қойылған ТЖК бес жұмыс күні ішінде ПТӘ-ге жолданады.

      37. Осы Қағидалардың 32-тармағына сәйкес тапсырылған, сондай-ақ ТЖК-нің бланкілерін толтыру кезінде бүлінген ТЖК-ні жоюды ПТӘ басшысы тағайындаған комиссия жүзеге асырады.

      ТЖК-ні жою туралы акті жасалады, онда жойылған ТЖК-нің нөмірлері көрсетіледі. Актіге комиссия мүшелері қол қояды және оны ПТӘ басшысы бекітеді.

      Осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес ТЖК-ні беруді есепке алу журналында ТЖК-ні жою туралы, сондай-ақ 13, 14, 15-қосымшаларға сәйкес олар тіркелген басқа да журналдарға белгілер қойылады және ПТӘ-нiң электрондық деректер қорына ақпарат енгізіледі.

  Қазақстан Республикасы
теңізшісінің жеке куәлігін
ресімдеу, беру, ауыстыру,
тапсыру, алып қою және жою
қағидаларына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 02.03.2020 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

___________________________________________________________________ (өтiнiш-сауалнаманы келiсуге жiберетiн мекеменiң атауы мен мекенжайы)
20 ___ ж. ____ №_____

      Фотосурет үшін орын

Теңiзшiнiң жеке куәлiгiн беру туралы
ӨТIНIШ-САУАЛНАМА

      1. Тегi, аты, әкесiнiң аты, жеке сәйкестендіру нөмірі _________________

      ______________________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), егер олар өзгертiлсе, қашан және қайда)

      2. Туған жылы, айы, күнi _____________

      3. Жынысы ____________________

      4. Туған жерi ______________________________________________________

      (республика, облыс, елдi мекен)

      5. Тұратын (тiркелген) жерi __________________________________________

      (индексі, республика, облыс, елдi мекен, көше, үй, пәтер, телефон)

      6. Азаматтығы ____________________________________________________

      7. Басқа мемлекеттің азаматтығы (егер бар болса көрсету)________________

      8. Жеке басын куәландыратын негiзгi құжат

      сериясы_________нөмiрi__________20______ж. ________________бердi

      _________________________________________________________________

      (кім бердi)

      9. Шетелдiк паспорт (егер бар болса) сериясы _________№_______

      20 __ ж. " ___ " ____________ бердi _______________________________ (кім бердi)

      10. Теңiзшiнiң жеке куәлiгiн алу: бастапқы, пайдаланғанның, бүлінгеннің, жоғалғанның орнына (қажеттісін сызу).

      11. Оқу орындарында оқуды және әскери қызметтi қоса алғанда, еңбек кiтапшасынан және теңiзде жүзу кiтапшасынан соңғы бес жылдағы еңбек қызметi туралы үзінді көшiрме:


Айы және жылы Қысқартылмай министрлiк (ведомство), әскери бөлiмнiң нөмiрi көрсетіледі, лауазымы және жұмыс орны Кәсiпорынның, ұйымның, әскери бөлiмнiң тұрған жерi (мекенжайы)
түсуi шығарылуы












      (Өтiнiш-сауалнаманың екiншi жағы)

Айы және жылы Қысқартылмай министрлiк (ведомство), әскери бөлiмнiң нөмiрi көрсетіледі, лауазымы және жұмыс орны Кәсiпорынның, ұйымның, әскери бөлiмнiң тұрған жерi (мекенжайы)
түсуi шығарылуы












































      20 __ ж. "____" ___________ (өтiнiш берушiнiң қолы) (күнi)

      Мен,_______________________өзімнің жеке деректерiмдi, (тегi, аты, әкесiнiң аты)

      саусақ таңбаларының биометриялық шаблондарын және цифрлық фотосуреттi пайдалануға, соның iшiнде оларды шет мемлекеттердiң иммиграциялық және басқа да құзыреттi органдарына беруге, қажет болған кезде теңiзшiнiң жеке куәлiгiн пайдалана отырып, менiң жеке басымды сәйкестендiруге байланысты мәселелердi менiң мүддемде шешуге рұқсат етемiн.

      20__ж. "____" _______________

      (күнi) (өтiнiш берушiнiң қолы)

      Құжаттарды қабылдау күнi 20__ж. "___" ________ Тiркеу №______

      ___________________________________ _______________________

      (өтiнiш-сауалнаманың қабылдаған (қолы, тегi, аты-жөнi)

      адамның лауазымы)

      № KAZ __________________ 20____ж. "___" ______________

      (нөмiрін көрсету) (берiлген күнi)

      Теңiзшiнiң жеке куәлiгi берiлдi

  Қазақстан Республикасы теңізшісінің
жеке куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру,
тапсыру, алып қою және жою қағидаларына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді- ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20 __ ж. ______ № _____

Кеме иесiнiң немесе ұйымның теңiзшiнiң жеке куәлiгiн беруге
№ _______ ҰСЫНЫСЫ

      _____________________________________________________________________

      (Теңiз порты әкiмшiлiгiнiң басшысына)

      _____________________________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (егер болса)

      _____________________________________________________________________

      (туған күнi және жерi, азаматтығы)

      ____________________________ теңiзшiнiң жеке куәлiгiн берудi сұраймын

      ерекше белгiлерi ____________________________________________________

      ____________________________________________ лауазымына тағайындалған

      _____________________________________________________________________

      (кеме атауы, кеме иесi)

      жұмыс орнының ұсынылғанын куәландыратын құжаттар

      _____________________________________________________________________

      Негiз:_______________________________________________________________

      __________________________ 20____ ж. "___" ____________ № ____ бұйрық

      _____________________________________________________________________

      __________________________ __________________ _______________________

      (лауазымы) (қолы) (аты-жөнi, тегі)

      М.О.

  Қазақстан Республикасы теңізшісінің
жеке куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру,
тапсыру, алып қою және жою қағидаларына
3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді- ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

ҚОЛХАТ–ХАБАРЛАМА

      _____________________________________________________________ берiлдi

      (өтініш берушінің тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

      20 __ ж. "____" ___________ одан мынадай құжаттар қабылданды:

Р/с №

Құжаттың атауы

Саны

1

2

3




















      Ұсынылған құжаттардың жиыны:____________ дана

      Құжаттар 20___ ж. "___" __________ № _______болып тiркелді

      (құжаттарды тiркеу күнi)

      Теңiзшiнiң жеке куәлiгiн беру үшiн ПТӘ-ге мынадай құжаттарды ұсыну қажет: ________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ___________________________________________ ________________

      (өтiнiш берушiнiң аты-жөнi, тегi) (қолы)

      _____________________________________________________________________

      (құжаттарды қабылдаған лауазымды тұлғаның лауазымы, аты-жөнi, тегi) (қолы)

      20 ___ ж. "___" _____________

      (күнi)

  Қазақстан Республикасы теңізшісінің
жеке куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру,
тапсыру, алып қою және жою қағидаларына
4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Теңiзшiнiң жеке куәлiгiн беруге келiсулерді есепке алу журналы

Р/с №

Тегi, аты, әкесiнiң аты

Келiсуге жiберiлген күнi

Ұлттық қауiпсiздiк органының ТЖК беруді келiсу күнi және нөмiрi

Келiсу нәтижесi (келiсiлдi немесе келісуден бас тартылды)

Келiсу нәтижелерi туралы өтiнiш берушiге пошталық хабарламаны жiберу күнi

1

2

3

4

5

6



















  Қазақстан Республикасы теңізшісінің
жеке куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру,
тапсыру, алып қою және жою қағидаларына
5-қосымша

      Ескерту. 5-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Теңiзшiнiң жеке куәлiгiн ресiмдеу және беру үшiн негiздердi
тексеру нәтижелерi туралы
ҚОРЫТЫНДЫ

      Өтiнiш берушi ________________________________________________

      (тегі, аты, әкесiнiң аты (егер болса), азаматтығы, туған

      күнi және жерi)

      _____________________________________________________________________

      (жеке басты куәландыратын құжат №, берілген күнi, кiм берген)

Р/с №

Теңiзшiнiң жеке куәлiгiн беру үшін негiздер

Негiздердi тексеру нәтижелерi

1

Қазақстан Республикасы азаматтығының, шетел азаматтарының және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалардың тұруға ықтиярхаттың болуын қоса алғанда, өтiнiш берушiнiң жеке басын тексеру


2

Өтiнiш берушiнiң теңiз кемесiнде жұмыс iстейтiнiн растайтын құжаттар


3

Өтiнiш берушiде теңiзшiнiң екiншi жеке куәлiгiнiң болмауы


4

Теңiзшiнiң жеке куәлiгiн берудi ұлттық қауiпсiздiк органымен келiсу

20__ ж. "___"_________ № _____


      Теңiзшiнiң жеке куәлiгiн беру үшін негiздердін тексеру нәтижесiнде өтiнiш берушi ________________________________анықталды (теңiзшiнiң жеке куәлiгiн берудi ресiмдеудi, берудi немесе оны беруден бас тартуды негiздейтiн қысқаша қорытынды)

      ______________________________________ _______________ _____________

      (Тексеру жүргiзген қызметкердiң лауазымы) (қолы) (тегі, аты-жөнi)

ТЖК БЕРУ ТУРАЛЫ БЕЛГIЛЕР

      (ТЖК-ні ресiмдеу туралы немесе ТЖК-ні беруден бас тарту туралы анықтамалар)

      Қорытындыны бекiтемiн (бекiтпеймiн). Теңiзшiнiң жеке куәлiгiн (ТЖК-ні ресiмдеу туралы анықтаманы) беруге рұқсат етемiн (рұқсат етпеймiн) (қажетсiзiн сызып тастау):

      ТЖК берiлдi (ресiмделдi) (қажетсiзiн сызып тастау)

      № KAZ_________20____ж. "____" _______________

      (берілген күнi)

      _____________________________ ________________ ______________________

      (лауазымы) (қолы) (аты-жөнi, тегі)

      20__ж. "___"_________

      (күні)

      Теңiзшiнiң жеке куәлiгi 20 __ ж. "___" _______ дейiн жарамды.

      Теңiзшiнiң жеке куәлiгiн беру журналында тiркелді

      №________ реттiк №_______

  Қазақстан Республикасы теңізшісінің
жеке куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру,
тапсыру, алып қою және жою қағидаларына
6-қосымша

      Ескерту. 6-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20__ж. "____"_________№______

Теңiзшiнiң жеке куәлiгiн беруден бас тарту туралы
ХАБАРЛАМА

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

      _____________________________________________________________________

      (туған күнi және жерi, азаматтығы)

      20__жылғы "___"______№ ___теңiзшiнiң жеке куәлiгiн беру туралы өтiнiш-сауалнаманы қарау және теңiзшiнiң жеке куәлiгiн беру негiздерін тексеру кезiнде теңiзшiнiң жеке куәлiгiн беру үшiн мынадай негiздің жоқ екенi анықталғаны туралы хабарланады,

      _____________________________________________________________________

      (жоқ негiздi көрсету)

      оның мiндеттiлiгi осы Қағидалардың 16-тармағымен айқындалған, осыған байланысты теңiзшiнiң жеке куәлiгiн беруден бас тартылды.

      _____________________________________________________________________

      (теңiзшiнiң жеке куәлiгiн беруден бас тартуды

      _____________________________________________________________________

      мойнына алған ұйымның атауы және мекенжайы)

      _____________________________________________________________________

      Теңiзшiнiң жеке куәлiгiн беруден бас тарту туралы шешiмнiң тiркеу нөмiрi және күнi: 20 __ ж. "__" __________№_________

      ________________________________ ________________ ___________________

      (лауазымы) (қолы) (аты-жөнi, тегі)

      М.О.

  Қазақстан Республикасы теңізшісінің
жеке куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру,
тапсыру, алып қою және жою қағидаларына
7-қосымша

      Ескерту. 7-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20__ ж. _________ шығ. №_______

Теңiзшiнiң жеке куәлiгiн ресiмдеу туралы
АНЫҚТАМА

      _____________________________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

      _____________________________________________________________________

      (туған күнi және жерi, азаматтығы)

      _____________________________________________________________________

      (ұсынымы бойынша дайындық деңгейі мен денсаулық жағдайының

      _____________________________________________________________________

      теңiз кемелерiнiң экипаж мүшелерiне қойылатын талаптарға

      сәйкестiгін растайтын теңiзшiнiң жеке куәлiгi немесе

      құжаттары ресiмделген ұйым атауын көрсету)

      ___________________________________________________ негiзiнде берілді

      Теңiзшiнiң жеке куәлiгi ресiмделдi № KAZ ______________________

      (нөмiрiн көрсету)

      Теңiзшiнiң жеке куәлiгiн ресiмдеу күнi 20 __ ж. "___" _______

      Куәлiк 20 __ ж. "_____" ____________ дейiн жарамды

      (күнi)

      Теңiзшiнiң жеке куәлiгi теңiз кемесiнің бортында жұмыс iстейтiнiн куәландыратын құжатты ұсынғаннан кейiн берiлуге жатады.

      __________________________ _______________ ____________________

      (лауазымы) (қолы) (тегi, аты-жөнi)

      М.О.

  Қазақстан Республикасы теңізшісінің
жеке куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру,
тапсыру, алып қою және жою қағидаларына
8-қосымша

      Ескерту. 8-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Теңiзшiнiң жеке куәлiктерін берудi есепке алу журналы

Р/с №

ТЖК нөмi рi

Өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әке сiнiң аты

ТЖК-ні беруге ұсынған ұйым (немесе жазбаша өтiнiш)

ТЖК-ні ресiмдеу туралы анықтаманы алу күнi және қолы

Кеме бортында жұмыс iстейтiнiн куәландыратын құжат

ТЖК-ні беру күнi

ТЖК-ні алу туралы қолы

ТЖК-ні жарамсыз деп тану немесе ТЖК-ні алып қою күнi

ТЖК-ні жою туралы актінің нөмiрi және күнi

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11


































  Қазақстан Республикасы теңізшісінің
жеке куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру,
тапсыру, алып қою және жою қағидаларына
9-қосымша

      Ескерту. 9-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Ресiмделген теңiзшiнiң жеке куәлiгiн беру туралы
ӨТIНIШ

      _____________________________________________________________________

      (Теңiз порты әкiмшiлiгiнiң басшысына)

      _____________________________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (егер болса)

      _____________________________________________________________________

      (туған күнi және жерi, азаматтығы)

      жұмыс iстеушiнiң ______________________________________________

      ерекшелiктерi _________________________________________________

      (лауазымы мен кеменің атауы, кеме иесi)

      _____________________________________________________________________

      Бұдан бұрын ресiмделген № KAZ _________________________________

      (нөмiрiн көрсету)

      _____________________________________________________________________

      (ТЖК-ні ауыстыру кезiнде тапсыруға жататын ТЖК-нің нөмiрiн, кiм

      және қашан бергенін көрсету)

      ______________________________________________ ТЖК-нi берудi сұраймын

      Теңiз кемесiнде жұмыс iстейтiнімді куәландыру үшiн мынадай құжаттарды ұсынамын:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (ұсынылған құжаттарды, олардың нөмiрлерi, қашан және кiм бергенiн атап көрсету)

      _____________________________________________________________________

      20 __жылғы "_____" __________ ________ __________________________

      (күнi) (қолы) (тегі, аты-жөнi)

ТЖК-ні БЕРУ ТУРАЛЫ БЕЛГIЛЕР
(немесе ТЖК-ні беруден бас тарту)

      Теңiзшiнiң жеке куәлiгiн беруге рұқсат беремiн (рұқсат бермеймiн) (қажетсiзiн сызып тастау).

      ТЖК берiлдi (ресiмделдi) (қажетсiзiн сызып тастау)

      № KAZ ________________ 20___ж. "_____" _________________

      (нөмiрiн көрсету) (берiлген күнi)

      _______________________________________ __________ _________________

      (ТЖК-ні беру туралы шешiм қабылдаған (қолы) (тегі, аты-жөнi)

      тұлғаның лауазымы)

      20__ ж. "____" ___________________

      (күнi)

      ТЖК 20 __ ж. "___" _________ дейiн жарамды.

      ТЖК-ні беру журналында тiркелді №_______ реттiк № ______

  Қазақстан Республикасы теңізшісінің
жеке куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру,
тапсыру, алып қою және жою қағидаларына
10-қосымша

      Ескерту. 10-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20 __ ж. "_____" __________

Теңiзшiнiң жеке куәлiгiн тапсыру туралы
АНЫҚТАМА

      _____________________________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

      _____________________________________________________________ берiлдi

      (азаматтығы, туған күнi және жерi)

      ______________________________________________________________берген,

      (теңiзшiнiң жеке куәлiгiн берген мекеменiң атауы)

      20__ж. "___"_____________ 20__ж. "___"______ дейiн жарамды теңiзшiнiң

      (куәлiктi беру күнi)

      жеке куәлiгi ________________________________________________________

      (нөмiрiн көрсету)

      осы Қағидалардың 35-тармағында көзделген _____________ негiз бойынша,

      (негiзді көрсету)

      20__ ж. "____"__________алып қойылды ________________________________

      (күнi) (куәлiктi алып қою орны)

      және осы куәлiктi берген мекемеге жiберiлдi.

      _____________________________ __________________ ___________________

      (лауазымы) (қолы) (тегi, аты-жөнi)

      М.О.

  Қазақстан Республикасы теңізшісінің
жеке куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру,
тапсыру, алып қою және жою қағидаларына
11-қосымша

      Ескерту. 11-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Теңiзшiнiң жеке куәлiгiнiң бланкiлерiн есепке алу журналы

Р/с №

Қабылдау күнi

Негiз

Түскені

Жұмсалғаны

Қалғаны

саны

____бастап ____дейiн

саны

____бастап

____дейiн

саны

____бастап

____дейiн

1

2

3

4

5

6

7

8

9




























  Қазақстан Республикасы теңізшісінің
жеке куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру,
тапсыру, алып қою және жою қағидаларына
12-қосымша

      Ескерту. 12-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Теңiзшiнiң жоғалған жеке куәлiктеріне есепке алу журналы

Р/с

Жоғалған ТЖК нөмiрi

ТЖК-нің берiлген күнi және қолданылу мерзiмiнiң аяқталатын күнi

ТЖК берген мекеменiң атауы

ТЖК иесiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты

ТЖК-ні жою күнi, орны және мән-жайлары

Жоғалғанның орнына ТЖК беру туралы шешiм, берілген ТКЖ-нің №

1

2

3

4

5

6

7






















  Қазақстан Республикасы теңізшісінің
жеке куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру,
тапсыру, алып қою және жою қағидаларына
13-қосымша

      Ескерту. 13-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Тапсырылған (алып қойылған) теңiзшiнiң жеке куәлiктерін және
қолданысы тоқтатыла тұрған теңiзшiнiң жеке куәлiктерін есепке
алу журналы

Р/с

ТЖК №

ТЖК-нiң қолданы лу мерзiмi нiң аяқталатын күнi

ТЖК иесiнiң Т.А.Ә.

ТЖК-нiң қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiм

ТЖК-нің болу жерi

ТЖК-нiң қолданылуын тоқтата тұруды жою туралы шешiм

ТЖК-ні алып қою туралы шешiм

ТЖК-ні тапсыру (алып қою) күнi

ТЖК-нi жою туралы белгi

Ескертпе





күнi

себебi







1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12





































  Қазақстан Республикасы теңізшісінің
жеке куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру,
тапсыру, алып қою және жою қағидаларына
14-қосымша

      Ескерту. 14-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қолданылу мерзiмдерi аяқталған теңiзшiнiң жеке куәлiктерiн
есепке алу журналы

Р/с

ТЖК №

ТЖК-нің қолданылу мерзiмiаяқталған күн

ТЖК иесiнiң Т.А.Ә.

ТЖК-нi жою туралы белгi

Ескертпе

1

2

3

4

5

6



















  Қазақстан Республикасы теңізшісінің
жеке куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру,
тапсыру, алып қою және жою қағидаларына
15-қосымша

      Ескерту. 15-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Теңiзшiнiң жеке куәлiктері бланкiлерiнiң кiрiсi және шығысы
туралы есеп

Р/с №

ТЖК бланкiлерi алынған күн

Алынғаны

Жұмсалғаны

Қалғаны

Жойылғаны

Жоғалғаны

саны

___бастап

____дейiн

саны

___бастап

____дейiн

саны

___бастап

____дейiн

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
































Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады