Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 04.10.2024 № 666 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 3-бабы 1-тармағының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 10.05.2024 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының қызмет аймақтары айқындалсын.
2. "Кедендік бақылаудағы тауарлар және халықаралық тасымал көлік құралдарына қатысты кедендік бақылауды жүзеге асыратын шегіндегі мемлекеттік кірістер органдарының қызмет ету аймақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 638 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12781 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 13 қаңтарда жариялған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрі |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 167 бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік кірістер органдарының қызмет аймақтары
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 10.05.2024 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ р/с | Мемлекеттік кірістер органдарының атауы | Қызмет аймағы |
1. | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті | Қазақстан Республикасы Абай облысының әкімшілік-аумақтық шекараларын шегінде |
2. | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті | Қазақстан Республикасы Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық шекараларын шегінде |
3. | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті | Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде |
4. | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті | Қазақстан Республикасы Алматы облысының Алматы облысының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде |
5. | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті | Қазақстан Республикасы Атырау облысының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде |
6. | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті | Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде |
7. | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті | Қазақстан Республикасы Жамбыл облысының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде |
8. | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті | Қазақстан Республикасы Жетісу облысының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде |
9. | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті | Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде |
10. | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті | Қазақстан Республикасы Қарағанды облысының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде |
11. | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті | Қазақстан Республикасы Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде |
12. | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті | Қазақстан Республикасы Қызылорда облысының, сондай-ақ "Байқоңыр" қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде |
13. | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті | Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде |
14. | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті | Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде |
15. | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті | Қазақстан Республикасы Павлодар облысының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде |
16. | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті | Қазақстан Республикасы Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде |
17. | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті | Қазақстан Республикасы Ұлытау облысының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде |
18. | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті | Қазақстан Республикасы Астана қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде |
19. | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті | Қазақстан Республикасы Алматы қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде |
20. | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті | Қазақстан Республикасы Шымкент қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде |