"Мемлекеттік кірістер органдарының қызмет аймақтарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 167 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 10 мамырдағы № 280 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 13 мамырда № 34358 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 4 қазандағы № 666 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 04.10.2024 № 666 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік кірістер органдарының қызмет аймақтарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 167 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16427 болып тіркелінген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 3-бабы 1-тармағының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 10 мамырдағы
№ 280 Бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы
№ 167 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік кірістер органдарының қызмет аймақтары

№ р/с

Мемлекеттік кірістер органдарының атауы

Қызмет аймағы

1.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасы Абай облысының әкімшілік-аумақтық шекараларын шегінде

2.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасы Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық шекараларын шегінде

3.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде

4.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасы Алматы облысының Алматы облысының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде

5.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасы Атырау облысының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде

6.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде

7.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасы Жамбыл облысының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде

8.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасы Жетісу облысының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде

9.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде

10.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасы Қарағанды облысының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде

11.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасы Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде

12.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасы Қызылорда облысының, сондай-ақ "Байқоңыр" қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде

13.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде

14.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде

15.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасы Павлодар облысының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде

16.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасы Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде

17.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасы Ұлытау облысының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде

18.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасы Астана қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде

19.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде

20.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасы Шымкент қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады