"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 41-бабы 3-тармағына, 49-бабы 1 және 9-тармақтарына және 50-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды сыныптау туралы шешімнің нысаны;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшаға сәйкес белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелінуі болжанатын, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді қабылдау туралы өтініштің нысаны;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшаға сәйкес белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелінуі болжанатын, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімдерді тіркеу журналында тіркеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 202 бұйрығына 1-қосымша |
|
нысан |
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды сыныптау туралы шешім
1.Тауарды құрастырылмаған түрде немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде кедендік тазарту жүргізілетін мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесінің атауы | 2. Өтініш иесі туралы мәлімет (ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, почта мекенжайы): |
3.Тіркеу нөмірі: | 4. Тауар орналастырылатын кедендік рәсімнің түрі |
5. Өтініш иесінің сұрау салуында көрсетілген тауардың атауы: | 6. Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес коды: |
7. Әрекет ету қағидаттары мен оның функцияларын көрсете отырып, тауар мен оның негізгі бөліктерін (блоктарын, желілері) техникалық сипаттамасы, монтаж немесе жинау тәсілінің сипаттамасы, тауар мен оның құрамдауыштарының өндірілген материалдардың сипаттамасы, жинақты сызбалар, схемалар, мүмкіндігінше өндірушілердің фотосуреттері, каталогтары, бейнематериал, тауардың егжей-тегжейлі ерекшелігі нысан бойынша қосымшаға сәйкес* | |
8. Сыртқы экономикалық мәміленің жасалғанын растайтын және оған сәйкес тауардың құрамдауыштарын әкелу немесе әкету жүзеге асырылатын құжаттардың немесе кедендік мақсаттар үшін қажетті өзге де құжаттардың деректемелері: | |
9. Қызметтік белгілер үшін (нормативтік құқықтық актілерге, мемлекеттік кірістер органының шешіміне сілтеме): | |
Мемлекеттік кірістер органының басшысы: |
Тауарды құрастырылмаған түрде сыныптау туралы шешімге қосымша*
Тауардың р/с № | Құрауыштың атауы | Құрауыштың ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Жөнелту елі | Саны (өлшем бірлігі) | Негізгі бөліктің (блоктардың, желілердің) келісімшарт валютасындағы бағасы** | Келісімшарттың № | Ерекшеліктің нөмірі |
* Қосымша тауарды құрастырылмаған түрде сыныптау туралы шешімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
** Бағанда негізгі бөліктің (блоктың, желінің) бағасы Америка Құрама Штаттарының долларымен немесе евромен көрсетіледі.
Тауарды құрастырылмаған түрде сыныптау туралы шешім және оған қосымша үш данада шығарылады және мынадай түрде бөлінеді:
бірінші данасы - өтініш иесіне жіберіледі;
екінші данасы - шешімнің 1-бағанында көрсетілген мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесінің мекен-жайына жіберіледі;
үшінші данасы - мемлекеттік кірістер органында қалады.
ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одағының Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 202 бұйрығына 2-қосымша |
|
нысан |
Белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелінуі болжанатын, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді қабылдау туралы өтініш
Ескерту. 2-қосымшаның орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 02.04.2019 № 290 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Өтініш иесі (заңды тұлғаның атауы, заңды мекен-жайы, бизнес-сәйестендіру нөмірі және мекенжайы) | 2. Тауарды декларациялау жүзеге асырылатын мемлекеттік кірістер органының атауы |
3. Тауар туралы мәлімет (тауардың атауы, тауардың құрауыштарының тiзбесі)* | |
4. Тауар орналастырылатын кедендік рәсім | |
5. Тауарды жеткізу мерзімі туралы мәлімет | |
6. Сыртқы сауда шартының (келісімшарты) нөмірі және күні | |
7. Аталған өтінішке мынадай құжаттар ұсынылады:** | |
8. Тауарды құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде сыныптау туралы шешімді алу үшін құжат түрі: | |
9. Мен, осы нысан бойынша мәлімделеген барлық ақпарат және өтінішке қосымша шынайы, нақты және дұрыс болып табылатынын мәлімдеймін | |
10. Өтініш иесінің қолы: | |
11. Күні: | |
12. Телефон: Факс: Электрондық пошта: |
* Аталған бағанды толтыру кезінде тауар туралы мәліметтер көрсету үшін орын жетіспеген жағдайда, қосымша парақ қойыңыз.
** Аталған бағанда "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 49-бабы 4-тармағына сәйкес өтінішке қоса берілетін құжаттар тізімі көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 202 бұйрығына 3-қосымша |
Белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелінуі болжанатын, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімдерді тіркеу журналында тіркеу қағидалары
1-Тарау. Жалпы ережелер
1. Осы шешімдерді тіркеу журналында белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелінуі болжанатын, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімдерді тіркеу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 49-бабы 9-тармағына сәйкес әзірленді және шешімдерді тіркеу журналында (бұдан әрі – Журнал) белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелінуі болжанатын, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімдерді (бұдан әрі – Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім) тіркеу тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары Кодекстің 49-бабында белгіленген тәртіпте құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімдерін қабылдайды.
3. Журналда құрастырылмаған түрде тауарды сыныптау шешімдерін тіркеуді лауазымды (функционалды) міндеттеріне сәйкес осындай құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімдерді беруге уәкілетті мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары жүзеге асырады.
2-Тарау. Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімдерді тіркеу журналында тіркеу тәртібі
4. Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімдердің тіркелуі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес, нысан бойынша Журналда тіркеледі.
5. Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімдерді тіркеу кезінде шешімдерді Журналдағы бағандарда мыналар:
1) "№ р/с" деген 1-бағанда шешімнің реттік нөмірі көрсетіледі;
2) "Кіріс хат-хабардың нөмірі" деген 2-бағанда мемлекеттік кірістер органының кеңсесі қойған құжаттың кіріс нөмірі көрсетіледі;
3) "Өтініш иесі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі)" деген 3-бағанда құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді қабылдау туралы өтініш иесі туралы көрсетіледі:
бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметті жүзеге асыратын ұйым (филиал мен өкілдік) және дара кәсіпкер үшін бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН);
4) "Өтініш иесінің мекен-жайы" деген 4-бағанда мекен-жай туралы мәлімет (ұйымның орналасқан орны) көрсетіледі;
5) "Тауардың атауы" деген 5-бағанда өтініш иесінің сұрау салуында көрсетілген тауардың атауы көрсетіледі;
6) "Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды" деген 6-бағанда Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауардың он мәнді сыныптау коды көрсетіледі;
7) "Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің тіркеу нөмірі" деген 7-бағанда мынадай схема бойынша қалыптастырылған құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің тіркеу нөмірі:
ХХХХХ / ХХХХ , мұнда:
_______ ________
1 2
"1" элементі – Қазақстан Республикасында қолданылатын мемлекеттік кірістер органдарының жіктеуішіне сәйкес құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді қабылдаған уәкілетті органның коды;
"2" элементі – уәкілетті органда құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің реттік нөмірі (бірліктен бастап бір күнтізбелік жылдың ішінде өтпелі нөмірлеуі);
7-бағанда барлық элементтер "/" деген бөлгіш белгісі арқылы көрсетіледі, элементер арасында бос орын қойылмайды;
8) "Шығыс хат-хабардың нөмірі" деген 8-бағанда уәкілетті органның кеңсесі тіркеген шығыс нөмірі көрсетіледі;
9) "Келісімшарттың сомасы (евро, Америка Құрама Штаттарының доллары)" деген 9-бағанда сыртқы сауда шартында (келісімшартта) көрсетілген тауардың сомасы евро, Америка Құрама Штаттарының доллары көрсетіледі;
10) 10-бағанда құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді қабылдаған "орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)" оның қолы көрсетіледі.
Құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімдерді тіркеу журналы
№ | Кіріс хат-хабардың нөмірі | Өтініш беруші (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) | Өтініш иесінің мекен-жайы | Тауардың атауы | Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша тауар коды | Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің тіркеу нөмірі | Шығыс хат-хабардың нөмірі | Келісімшарттың сомасы (евро, АҚШ доллар) | Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |