Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 290 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 10 сәуірде № 18488 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (М.Е. Сұлтанғазиев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 2 сәуірдегі
№ 290 бұйрығымен
бекітілді

Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналында тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу қағидаларын, сондай-ақ тұлғаның тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдау туралы өтінішінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 200 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16484 болып тіркелген, 2018 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналында тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу қағидаларында:

      6-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) "Төлемнің сомасы" деген 9-бағанда "Мемлекеттік кірістер органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 171 қаулысына сәйкес белгілі бір маркасын, моделін, артикулі мен модификациясын қамтитын әрбір тауар атауына 32 000 теңге мөлшерінде тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдағаны үшін кедендік алымның сомасы көрсетіледі;".

      2. "Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналында тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдерді тіркеу қағидаларын, сондай-ақ тұлғаның тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімді қабылдау туралы өтінішінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 201 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16500 болып тіркелген, 2018 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналында тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдерді тіркеу қағидаларында:

      Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналының нысанына қосымшада "Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімді тіркеу журналының нысанын толтыру бойынша түсініктеме":

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) 10-бағанда "Мемлекеттік кірістер органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 171 қаулысына сәйкес белгілі бір маркасын, моделін, артикулі мен модификациясын қамтитын әрбір тауар атауына 32 000 теңге мөлшерінде тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдағаны үшін кедендік алымның сомасы көрсетіледі;".

      3. "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды сыныптаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 202 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16501 болып тіркелген, 2018 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелінуі болжанатын, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді қабылдау туралы өтініш нысанында:

      орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелінуі болжанатын, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді қабылдау туралы өтініш".

      4. "Тауарларды сыныптау туралы шешімді қабылдау қағидаларын және нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 210 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16482 болып тіркелген, 2018 жылғы 14 наурызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарларды сыныптау туралы шешімді қабылдау қағидаларында:

      7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Тауарлар шығарылғаннан кейін СЭҚ ТН бойынша тауарларды сыныптаудың дұрыстығын тексеру кезінде кедендік бақылау мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      ТБЖ-мен айқындалатын;

      Кодекстің 416, 417 және 418-баптарының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылатын кедендік тексеру шеңберінде;

      тауарлар шығарылғанға дейін басталған кедендік және өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру Кодекстің 411-бабына сәйкес тауарлар шығарылғаннан кейін аяқталады".

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген тауарларды сыныптау туралы шешімнің нысанында:

      3-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тіркеу нөмірі: РКТ-XXXXXXXX-YY/ZZZZZZ _______ жылғы "__"____".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады