БҰЙЫРАМЫН:
1. "Республикалық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша критерийлерді анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 402 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9809 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 5 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"Республикалық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы";
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған республикалық мүлікті (бұдан әрі – Объект) иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар айқындалсын.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген қосымша қазақ тілінде осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (Ғ.У. Ыбырайымов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Қаржы министрі | Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 361 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 402 бұйрығына қосымша |
Республикалық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар
р/р | Өлшемшарттардың атауы | Иеліктен айыру түрі |
1. |
Объектіні одан әрі бақылауда мемлекеттің мүдделігінің болмауы (шарттар қойылмайды). | сауда-саттықты аукцион нысанында өткізу |
2. |
Объектіні сату шарттарын (қызмет бейінін сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, жалақы бойынша берешекті өтеу және басқа да шарттар) белгілеу қажеттілігі. | сауда-саттықты коммерциялық тендер нысанында өткізу |
3. | Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қауiпсiздiгiн, қоршаған табиғи ортасын қорғауды, сыртқы экономикалық жағдайын қозғайтын Объектіні сату. | сауда-саттықты жабық тендер нысанында өткізу |
4. | Сенім білдірілген басқарушының, жалдаушының (жалға алушының) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты талаптарын орындау. | тікелей атаулы сатылым |
5. |
Объектінің қор биржасының талаптарына сәйкестігі. | сауда-саттықты қор биржасында өткізу |
6. |
Жекешелендiру объектiлерiн сату алдындағы дайындық пен оларды сату жөнiнде консультациялық қызметтерді тарту қажеттілігі. | екi кезеңдi рәсiмдер арқылы конкурс |
7. | Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату қажеттілігі. | туынды бағалы қағаздарды сату |