"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мына бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Республикалық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 402 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 9809 болып тіркелген);
2) "Республикалық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша критерийлерді анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 402 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 361 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 16670 болып тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |