Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 15.03.2018 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 15.03.2018 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған республикалық мүлікті (бұдан әрі – Объект) иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 15.03.2018 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Республикалық мемлекеттік мүлікке билік ету және оңалту мен банкроттық рәсімдері әдіснамасы департаменті (Д.Б. Әділханов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 402 бұйрығына қосымша |
Республикалық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 15.03.2018 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
р/р | Өлшемшарттардың атауы | Иеліктен айыру түрі |
1. |
Объектіні одан әрі бақылауда мемлекеттің мүдделігінің болмауы (шарттар қойылмайды). | сауда-саттықты аукцион нысанында өткізу |
2. |
Объектіні сату шарттарын (қызмет бейінін сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, жалақы бойынша берешекті өтеу және басқа да шарттар) белгілеу қажеттілігі. | сауда-саттықты коммерциялық тендер нысанында өткізу |
3. | Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қауiпсiздiгiн, қоршаған табиғи ортасын қорғауды, сыртқы экономикалық жағдайын қозғайтын Объектіні сату. | сауда-саттықты жабық тендер нысанында өткізу |
4. | Сенім білдірілген басқарушының, жалдаушының (жалға алушының) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты талаптарын орындау. | тікелей атаулы сатылым |
5. |
Объектінің қор биржасының талаптарына сәйкестігі. | сауда-саттықты қор биржасында өткізу |
6. |
Жекешелендiру объектiлерiн сату алдындағы дайындық пен оларды сату жөнiнде консультациялық қызметтерді тарту қажеттілігі. | екi кезеңдi рәсiмдер арқылы конкурс |
7. | Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату қажеттілігі. | туынды бағалы қағаздарды сату |