РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз
"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1) тармақшасына және 31-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті өндіріп алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15361 болып тіркелген, 2017 жылғы 3 тамызда Қазақстан Республикасының Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы";
1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерінде:
6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген адамдар;";
8-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
15-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Жұмыс беруші жұмыскерлердің аударымдарын және (немесе) жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) ай сайын жүзеге асырады.
Қорға төлеуге жататын жұмыс берушілердің аударымдары Заңның 27-бабының 1-тармағына сәйкес есептеледі.
Қорға төлеуге жататын жұмыскерлердің, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың қорға төлеуге жататын жарналары Заңның 28-бабының 1-тармағына сәйкес есептеледі.
Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) үшін Заңның 29-бабына сәйкес айқындалған табыстар қабылданады.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Қорға төлеуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекеттің жарналары Заңның 26-бабының 2-тармағына сәйкес есептеледі (ұстап қалады). Бұл ретте мемлекет жарналарының мөлшері жыл сайын республикалық бюджет туралы заңға сәйкес тиісті қаржы жылына белгіленеді.
Мемлекеттің жарналарын есептеу объектісі Заңның 26-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалады";
18-тармақ алып тасталсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғаның жарналары осы Қағидалардың 22-тармағында айқындалған, жарналар төленбейтін кірістерді қоспағанда, осы шарттар бойынша есептелген барлық кірістерден Заңның 28-бабының 1-тармағына сәйкес есептеледі (ұстап қалады).";
төртінші бөлік алып тасталсын;
21-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Қазақстан Республикасынан тыс шығып кеткен азаматтардың, сондай-ақ басқа төлеушілердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының
салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған дара кәсіпкерлердің жарналары Заңның 28-бабының 4-тармағына сәйкес есептеледі (ұстап қалады).";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22.Қорға аударымдар және (немесе) жарналар Заңның 29-бабының 4-тармағына сәйкес төлемдер мен табыстардан ұсталмайды.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Есептелген (ұстап қалған) аударымдарды және (немесе) жарналарды:
1) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардан басқа), жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар – кіріс төленген айдан кейінгі айдың 25-ші күнінен кешіктірмей;
2) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 3) тармақшасында адамдардан тұлғалардан басқа), жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар өз пайдасына – есепті мерзімнен кейінгі айдың 25-ші күнінен кешіктірмей;
3) патенттің негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер – патент құнын төлеу үшін Салық кодексінің 685-тармағында көзделген мерзімде;
4) Қазақстан Республикасынан тыс шығып кеткен азаматтар, сондай-ақ өзге төлеушілер – есепті айдан кейінгі айдың 25-ші күнінен кешіктірмей;
5) мемлекет – Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 82-бабымен айқындалған тәртіппен, ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде аударады.";
28-тармақ алып тасталсын;
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Мемлекеттік корпорация жеке сәйкестендіру нөмірлерінің базасында аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеуді жүзеге асырады және мемлекеттік кіріс органдарымен аударымдардың және (немесе) жарналардың түсімдерін салыстыруды жүргізеді, аударымдар және (немесе) жарналар төленген жеке тұлғалардың дерекқорын және Заңмен айқындалған өзге де функцияларды актуалдандырады.";
38-тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Заңның 26-бабы 1-тармағының 1), 2), 5), 7), 11), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген аударымдарды төлеуден босатылған тұлғалардан қайтаруды жүзеге асырады.";
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару мынадай тәртіппен тиындарды дөңгелектеуді ескере отырып, теңгеде жүргізіледі:
50 тиынға дейінгі сома 0 теңгеге дейін дөңгелектенеді;
50 тиыннан жоғары сома 1 теңгеге дейін дөңгелектенеді.";
40-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"40.Төлеушінің артық (қате) төлеген аударымдарының және (немесе) жарналарының сомаларын, төлеушінің немесе банктің Қорға аударылған уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін аударымдардың және (немесе) жарналардың өсімпұлын қайтару үшін Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша артық (қате) төлеген аударымдарды және (немесе) жарналарды және (немесе) өсімпұлды қайтаруға өтініш береді, оған мыналар қоса беріледі:
1) жарналарды пайдасына жасаған жеке тұлғаның арызы;
2) төлем құжатының немесе аударымдардың және (немесе) жарналардың төленгені туралы құжаттың көшірмесі қоса беріледі.
Аударымдар және (немесе) жарналар, өсімпұл жүргiзiлген жеке тұлғалар тiзiмдерiнде қате жіберілген жағдайда, өтiнiшке осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша растау-анықтама қоса беріледi.
Мiндеттi аударымдарды және (немесе) жарналарды қолма-қол ақшамен төлеудi жүзеге асыратын төлеушiлер растау-анықтамаға құжатының көшірмесін немесе аударымдардың және (немесе) жарналардың төленгені туралы төлем құжатының қоса береді.
Мемлекеттік корпорация өтінім түскен күннен бастап операциялық бес күн iшiнде аударымдардың және (немесе) жарналардың және (немесе) өсімпұлдың есептелу фактісiн тексередi, өтiнiш осы төлем бойынша барлық деректемелердiң растамасын қоса бере отырып, осы тармақтың бірінші бөліміне сәйкес құжаттар қорға жіберіледі.
Салық кодексінің 336-бабында көрсетілген тұлғалар салықтық есепті беруді тоқтата тұруы туралы, Қазақстан Республикасының Салық заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлердің іс-әрекетсіздігін тану туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетінің ресми сайтында орналастырылған. Жоғарыда көрсетілген мәліметтер күнделікті негізде жаңартылып отырады.
Қор төлеушінің артық (қате) есептелген аударымдары мен жарналарының және (немесе) өсімпұлдың сомаларын қайтару туралы өтінішін қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдер қабылдайды:
артық (қате) есептелген аударымдар мен жарналар және (немесе) өсімпұлдың сомаларын төлеушіге қайтаруы туралы;
мынаны негіздемелер бойынша төлеушінің өтінішін қабылдаудан бас тарту туралы:
1) төлеушінің қайтаруға талап еткен сомасы қорға медициналық қызметті тұтынушының пайдасына аударылған сомаға сәйкес келмейді;
2) төлеушінің өтінішінде оның реквизиттері (БСН, ЖСН), төлемнің реквизиттері (нөмірі және/немесе күні және/немесе төлем тапсырмасының сомасы) дұрыс көрсетілмеген (немесе көрсетілмеген), медициналық қызметті тұтынушы деректерінің (реквизиттерінің) өзгергенін, төлемнің қорға жіберілгенін растайтын құжаттардың салынбауы немесе растайтын құжаттардың оқуға келмейтін көшірмелерінің салынуы;
3) төлеушінің өтініш үлгісі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес келмейді;
4) төлеушінің өтінішінде кері қайтарудың дұрыс емес себебі көрсетілген (бір себептен аса таңдалуы);
5) төлеушінің өтінішінде бірінші басшының немесе уәкілетті тұлғаның қолының жоқтығы;
6) осы тармақтың екінші абзацына сәйкес құжаттарды толық ұсынбау.
Қор өтiнiштерді өңдегеннен кейiн MT-102 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және кейiннен оларды төлеушiге аудару үшiн қорға төлеушінің өтініші түскен күннен бастап операциялық он күннің iшiнде ақшаны Мемлекеттік корпорацияның банктік шотына аударуды жүзеге асырады. Қайтаруға жатпайтын сомалар бойынша, қор себебін көрсете отырып, Мемлекеттік корпорацияға бас тарту туралы ақпаратты бередi.
Қор тiзiлiмiнiң негiзiнде Мемлекеттік корпорация MT-102 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және артық (қате) есептелген аударымдардың және (немесе) жарналардың және (немесе) өсімпұлдың сомаларын операциялық үш күн iшiнде төлеушiге аударады.
Төлеушi әлеуметтік аударымдардың және (немесе) жарналардың және (немесе) өсімпұлдың сомаларын қайтарудан бас тарту себебi туралы ақпаратты Мемлекеттік корпорация арқылы алады.
Мемлекеттік корпорация артық (қате) төленген сомалар қайтарылғаннан кейiн қорды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізілген қайтарым туралы хабардар етедi.
Мемлекеттік корпорация мен Қордың арасында айына бiр рет аударымдардың және (немесе) жарналардың және (немесе) өсімпұлдың аударылуын, сондай-ақ қордан аударымдардың және (немесе) жарналардың және (немесе) өсімпұлдың қайтарылуын салыстырып тексеру жүргiзіледi.";
1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмесін баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
Е. Біртанов |
КЕЛІСІЛГЕН
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
________________________ Д. Абаев
2018 жылғы "___" ________________
КЕЛІСІЛГЕН
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_______________________ Б.Сұлтанов
2018 жылғы "___" _________________
Өтiнiш
________________________________________________________________________________
(аударымдарды және (немесе) жарналарды және (немесе) өсімпұлды төлеушiнiң немесе
төлеушi банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның атауы)
үшін ___________________________________________________________________________
_______________ №__ төлем тапсырмаларымен қате аударылған аударымдардың және
(немесе) жарнаның және (немесе) өсімпұлдың артық (қате) сомаларын
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________ атына
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендiру нөмiрі көрсету)
қайтаруды сұраймын, референс, жалпы сомасы _____________, қайтару сомасы
_______________________________________________________________________________
Кейiнгі төлемдермен түзету мынадай себепке байланысты мүмкін емес
(қажеттісін белгілеу керек):
1) қате аударылған;
2) жұмыскерге артық есептелген;
3) төлемді тағайындау коды дұрыс көрсетілмеген;
4) МТ-102 төлем тапсырмасы форматында қате жіберілген;
5) төлеушінің деректемелері дұрыс көрсетілмеген;
6) төлеушi немесе банк екi немесе одан да көп рет аударылған.
Қайтаруды мынадай деректемелер бойынша жүргiзудi сұраймыз:
________________________________________________________________________________
(төлеушінің толық деректерi, банктік деректемелер көрсетiлсiн)
Қосымшалар:
1) жарналарды пайдасына жүргізген жеке тұлғаның арызы;
2) аударымдардың және (немесе) жарналардың төленгені туралы төлем құжатының көшірмесі.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам өтініш берген жағдайда – жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.
Басшы __________________________/______________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/қолы)
Бас бухгалтер ____________________/______________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/қолы)
Мөрдің орны (болған жағдайда)
Ескертпе: өтініш бланкіде толтырылып, мөртаңбамен расталады (факсимильді қолтаңбаға жол берілмейді).