Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидаларын және Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту бағдарламаларын бекіту және "Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндеттерін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 126 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 168 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 25 мамырда № 16929 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № ҚР ДСМ-195/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.11.2020 № ҚР ДСМ-195/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 148-бабының 5-тармағына, 155-бабының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту бағдарламалары бекітілсін.

      2. "Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидаларын және Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 449 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11714 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 шілдедегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.11.2020 № ҚР ДСМ-196/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерді эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы 2 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2018 жылғы 12 сәуірдегі
№ 168 бұйрығына
1-қосымша

Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 148-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген және халықтың декреттелген топтарына гигиеналық оқытуды жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылған:

      1) декреттелген адамдарды гигиеналық оқыту – халықтың декреттелген топтарын инфекциялық аурулардың профилактикасына, объектілерді күтіп ұстауға, пайдалануға және орналастыруға қойылатын гигиеналық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға, білім алушылардың кәсіптеріне сәйкес жеке және қоғамдық гигиенаны сақтауға оқыту;

      2) декреттелген адамдар емтиханы – айналасындағы адамдарға инфекциялық және паразиттік аурулар жұқтыру үшін қауіп төндіретін халыққа қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің білімінің және біліктілігінің сәйкестік деңгейін айқындау;

      3) жеке медициналық кітапша – жұмысқа жіберілу туралы белгі қойылып, міндетті медициналық қарап-тексерудің нәтижелері енгізілетін жеке құжат;

      4) халықтың декреттелген тобы – халыққа қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін және айналасындағы адамдарға инфекциялық және паразиттік аурулар жұқтыру үшін барынша жоғары қауіп төндіретін адамдар (бұдан әрі – декреттелген адамдар);

      5) эпидемиялық маңызы бар объектілер – Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптары бұзылған кезде өндіретін өнімі және (немесе) қызметі халық арасында тамақтан уланудың және (немесе) инфекциялық, паразиттік аурулардың пайда болуына әкеп соғуы және (немесе) өнеркәсіптік және радиоактивті ластанудан халық денсаулығына зиян келтіруі мүмкін объектілер.

2-тарау. Халықтың декреттелген топтарына гигиеналық оқытуды жүргізу тәртібі

      3. Декреттелген адамдар жұмысқа тұру кезінде бастапқы және одан әрі жылына бір рет кезеңділікпен гигиеналық оқытылуға жатады.

      4. Декреттелген адамдарды гигиеналық оқыту бойынша оқыту өндірістен қол үзіп жүргізіледі.

      5. Декреттелген адамдарды гигиеналық оқыту бойынша қызметті "гигиена және эпидемиология" мамандығы бойынша медициналық білімі бар жеке тұлғалар немесе заңды тұлғалардың өкілдері жүзеге асырады.

      6. Жеке немесе заңды тұлғалар гигиеналық оқыту бойынша қызметі басталғанға дейін "Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10194 болып тіркелген) сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерін хабардар етеді.

      7. Гигиеналық оқытуға ақы төлеуді декреттелген адамдар өз бетінше не тараптардың келісімі бойынша жұмыс беруші жүзеге асырады.

      8. Декреттелген адамдарды гигиеналық оқыту Кодекстің 148-бабының 5-тармағына сәйкес халықтың декреттелген топтарын гигиеналық оқыту бағдарламалары бойынша жүргізіледі.

      9. Гигиеналық оқыту бағдарламасы:

      1) білім алушылардың кәсіптеріне байланысты сағат саны 12-ден 18-ге дейін теориялық оқытуды;

      2) 2 сағат көлемінде емтиханды қамтиды.

      10. Оқыту бағдарламалары декреттелген адамдардың кәсіптеріне сәйкес келеді. Әртүрлі декреттелген топтарды гигиеналық оқытуды біріктіруге жол берілмейді.

      11. Гигиеналық оқытуды жүргізуге арналған оқу үй-жайлары көп функционалды ғимараттар немесе өзге мақсаттағы ғимараттар құрамындағы жеке үй-жайларда орналастырылады.

      12. Гигиеналық оқытудан өткеннен кейін гигиеналық оқытуды жүргізетін жеке және заңды тұлғалар бекітетін тестілік сұрақтар түрінде емтихан өткізіледі.

      13. Тестілеу нәтижесі дұрыс жауаптар 80%-дан артқан жағдайда оң деп саналады. Емтихан нәтижелері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес гигиеналық оқытудан өткен декреттелген адамдарды есепке алу журналына енгізіледі.

      14. Оң нәтиже болғанда нысаны "Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 126 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10638 болып тіркелген) бекітілген жеке медициналық кітапшаның 12-бөліміне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке медициналық кітапшаға гигиеналық оқыту нәтижелерін енгізу үшін мөртабан түрінде белгі қойылады.

      15. Қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда білімін қайта тексеруді бір айдан кешіктірмей белгілейді.

      16. Жеке немесе заңды тұлғалар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің сұрау салуы бойынша гигиеналық оқыту жөнінде ақпарат ұсынады.

  Халықтың декреттелген
тобындағы адамдарды
гигиеналық оқыту
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Гигиеналық оқытудан өткен декреттелген адамдарды есепке алу журналы

р/с

Қызметкердің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Жұмыс орны, тұрғылықты мекенжайы

Қызметтің, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жүзеге асырылатын түрі көрсетіліп, лауазымы

Оқытуды жүргізу кезеңі

Емтихан өткізу күні

Емтихан нәтижесі

Қайта тапсырған жағдайда кезекті емтиханның күні

Қызметкердің қолы










  Халықтың декреттелген
тобындағы адамдарды
гигиеналық оқыту
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Жеке медициналық кітапшаға гигиеналық оқыту нәтижелерін енгізу үшін мөртабан

Ұйымның атауы, байланыс деректері (орналасқан жері, телефоны)
____________________________________
бағдарламасы бойынша гигиеналық оқытудан өтті және емтихан тапсырды
20___ жылғы "___"_________________
Гигиенист-эпидемиолог ________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2018 жылғы 12 сәуірдегі
№ 168 бұйрығына
2-қосымша

Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту бағдарламалары

Тақырып атаулары

Сағат саны

1

2

3

1. Тамақ өнімдерін өндіру, сақтау, өткізу, кәдеге жарату және жою процесінде олармен жанасатын қызметкерлер, оның ішінде мүкәммалды, жабдықтарды санитариялық өндеу және жөндеу, сондай-ақ оларды көліктердің барлық түрлерінде тасымалдау кезіндегі қызметкерлерге арналған гигиеналық оқыту бағдарламасы

1.1.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың негіздері. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабының 6-тармағына және 145-бабына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітетін санитариялық қағидалардың және гигиеналық нормативтердің талаптарын сақтамағаны үшін қызметкерлердің жауапкершілігі.
Тиімді тамақтану туралы ұғым.
Тамақ өнімдерін мемлекеттік гигиеналық тіркеу және регламенттеу туралы ұғым. Тамақ өнімдерін сертификаттау туралы ұғым. Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын гигиеналық талаптар. Тамақ өнімін байыту (фортификациялау) ұғымы.
Тағамдық және биологиялық құндылығын арттыру, сондай-ақ олардың адамдағы тапшылыққа негізделген аурулардың алдын алу мақсатында тамақ өнімін өндіру және қайта өңдеу процесінде оған витаминдерді, минералдарды және басқа да заттарды енгізу.

3

1.2.

Инфекциялық аурулар туралы ұғым. Ауру тудыратын микробтар және олардың адам организміне ену жолдары. Іріңді аурулар.
Ішек және ішек құрт ауруларын қоздырушылар, оларды жұқтыру жолдары.
Бактерия тасымалдаушылық.
Бактериялық және бактериялық емес тамақтан уланулар.
Ішек инфекциялық ауруларының және тамақтан уланулардың профилактика шаралары. Профилактикалық медициналық қарап-тексерулер.
Жеке гигиена қағидалары.
Қызметкерлерді міндетті медициналық қарап-тексеру.

3

1.3.

Қоғамдық тамақтану объектілерінің құрылғысына және күтіп-ұстауға қойылатын талаптар.
Сауда жабдықтарын, мүкәммалды, ыдыстарды санитариялық өңдеу режимі.
Қоғамдық тамақтану объектілеріндегі сыни нүктелер. Өндірістік бақылау.
Дезинфекция, дезинсекция, дератизация ұғымдары.
Кальян тарту, оның адам денсаулығына ықтимал қаупі туралы ұғым.

3

1.4.

Азық-түлік саудасы кәсіпорындарының құрылғысына және күтіп-ұстауға қойылатын талаптар. Тамақ өнімдерін қабылдау, сақтау, өткізу және тасымалдау тәртібі.
Тамақ өнімдерінің сапасын және қауіпсіздігін растайтын құжаттардың тізбесі.
Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдері және сақтау мерзімдері туралы ұғым.
Тамақ өнімдерінің сапасыздығының негізгі белгілері.
Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау және өткізу шарттары.
Тамақ өнімдерін таңбалауға қойылатын талаптар.
Қаптамалау материалдары.

3

1.5.

Емтихан

2

1.6.

Қорытынды:

14

2. Білім беру объектілеріндегі қызметкерлерге (жалпы орта білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарының мұғалімдері; балалар мен жасөспірімдер тұратын білім және тәрбие беру объектілерінің барлық түрлерінің бастауыш сыныптарының мұғалімдері, тәрбиешілері мен тәрбиеші көмекшілері; техникалық персонал); балалар сауықтыру (жыл бойы, маусымдық) ұйымдарындағы және шипажай объектілеріндегі қызметкерлерге; әр түрлі және үлгідегі мектепке дейінгі ұйымдарындағы, балалар үйлеріндегі қызметкерлерге арналған гигиеналық оқыту бағдарламасы

2.1.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың негіздері.
Кодекстің 144-бабының 6-тармағына және 145-бабына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітетін санитариялық қағидалардың және гигиеналық нормативтердің талаптарын сақтамағаны үшін қызметкерлердің жауапкершілігі.
Мектепке дейінгі балалар ұйымдары мен балалар үйлерін, сауықтыру лагерьлерін күтіп-ұстауға қойылатын талаптар.
Аумақты, топтық алаңдарды, құмсалғыштарды, спорт жабдықтарын күтіп-ұстауға қойылатын талаптар, топтық оқшаулау қағидаттары. Топтардың толтырылуы. Температуралық режимді, үй-жайлар мен рекреацияларды желдету тәртібін сақтау.
Ағымдағы және күрделі тазалау; желдету ережелері; жинау мүкәммалына, жуу және дезинфекциялау құралдарына қойылатын талаптар.
Төсек орынды ауыстыру, оны сақтау, кір жуу орындарына жеткізу, таңбалау.
Түбектерді жуу, дәретханаларды тазалау ережелері. Топтардағы ыдыстарға күтім жасау, оны таңбалау, шүберекті жуу, сақтау, өңдеу ережелері. Ойыншықтарға күтім жасау.
Дезқұралдарды және жуу ерітінділерін дайындау.
Ауызсу тәртібіне қойылатын талаптар.

3

2.2.

Жалпы білім беру ұйымдарының, барлық түрдегі балалар мен жасөспірімдер тұратын білім және тәрбие беру объектілерінің үй-жайларын күтіп-ұстауға қойылатын талаптар.
Оқушылар мен тәрбиеленушілердің бойы мен жасына сәйкес отырғызуға, заттарды саралауға, жиһазбен қамтамасыз етуге қойылатын талаптар.
Температуралық режимді, үй-жайларды және демалатын орындарды желдету тәртібін сақтау. Ауызсу тәртібін ұйымдастыру.
Сыныптардың толықтығына қойылатын талаптар. Тұрып оқитын білім беру объектілерінің барлық түрінде төсекті ауыстыру, оқушылар мен тәрбиеленушілердің жеке гигиенаны сақтауы.

3

2.3.

Ас блогы аумағын және үй-жайларын, асүй мүкәммалын, ыдыстарын күтіп ұстауға қойылатын талаптар.
Өндірістік және қосалқы үй-жайларды ағымдық және күрделі тазалау, дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық іс-шаралар.
Жабдықтарға, мүкәммалдарға, асхана мен асүй ыдыстарына қойылатын талаптар.
Асхана және асүй ыдыстарын жуу тәртібі. Жуу және дезинфекциялау құралдарына қойылатын талаптар, оларды пайдалану ережелері. Азық-түлік шикізатын аспаздық өңдеуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар.
Шикі және дайын өнімді өндеу. Салаттарды дайындау технологиясы. Дайын тағамдардың витаминдерін сақтау және С-витаминдеу қағидалары.
Қызметтік құжаттаманы жүргізу.
Тамақтану гигиенасы. Тиімді тамақтануды ұйымдастыру. Балалар ұжымдарында тамақтан уланудың профилактикасы. Тамақты үлестіру, дайын тағамдарды өткізу.

3

2.4.

Балалар мекемесіндегі инфекциялық және паразиттік аурулар.
Тұмаумен және жіті респираторлық аурулармен сырқаттанушылықтың эпидемиялық өсуі кезеңінде жүргізілетін эпидемияға қарсы іс-шаралар.
Оқушылар мен тәрбиеленушілер арасында инфекциялық сырқаттанушылық кезінде эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу.
Эпидемияға қарсы іс-шаралар.
Ағымдағы және күрделі тазалау; жинау мүкәммалына, жуу және дезинфекциялау құралдарына қойылатын талаптар.
Өндірістік бақылау.
Персоналдың жеке гигиенасы.
Қызметкерлердің міндетті медициналық қарап-тексерулері

3

2.5.

Емтихан

2

2.6.

Қорытынды:

14

3. Денсаулық сақтау және медициналық-әлеуметтік оңалту (мейірбике көмекшілері; кір жуатын бөлмелердің қызметкерлері; тағам өнімдерімен жанасатын қызметкерлер) қызметкерлеріне арналған гигиеналық оқыту бағдарламасы

3.1.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың негіздері.
Кодекстің 144-бабының 6-тармағына және 145-бабына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітетін санитариялық қағидалардың және гигиеналық нормативтердің талаптарын сақтамағаны үшін қызметкерлердің жауапкершілігі.
Хирургиялық бейіндегі бөлімшелерді; дермато-косметологиялық, пластикалық және эстетикалық хирургия объектілерін; перинаталды орталықтарды, акушерлік стационарларды; қан қызметі объектілерін; инфекциялық ауруханалар мен бөлімшелерді; туберкулезге қарсы ұйымдарды; физиокабинеттерді; орталықтандырылған стерилизациялау бөлімшелерін; стоматологиялық емханаларды (кабинеттерді); паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсету жөніндегі денсаулық сақтау объектілерін; гемодиализ бөлімшелерін, патологоанатомиялық ұйымдарды күтіп-ұстауға қойылатын талаптар;
Өндірістік бақылау.

3

3.2.

Ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар.
Ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу жөніндегі профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу.
Персоналдың қолын өндеу ережелері. Тері және сілемейлі қабықтар қанмен немесе басқа да биологиялық сұйықтықтармен ластанған кезде, сондай-ақ укол немесе кесіп кету кезіндегі профилактикалық іс-шаралар.
АИТВ* – инфекциясының профилактикасы. "ЖИТС-ке** қарсы" авариялық дәрі қобдишасының құрамы.
Денсаулық сақтау объектілері персоналының еңбек шарттарына және тұрмыстық қызмет көрсетілуіне қойылатын талаптар.
Қызметкерлердің міндетті медициналық қарап-тексерулері

3

3.3.

Денсаулық сақтау объектілерінде қалдықтарды жинауға, залалсыздандыруға, сақтауға қойылатын талаптар. Медициналық қалдықтардың сыныптамасы. Медициналық қалдықтарды залалсыздандыру және/немесе зарарсыздандыру тәсілдері мен әдістері.
Радиоактивті медициналық қалдықтармен жұмыс істеу

3

3.4.

Денсаулық сақтау объектілерінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға, жүргізуге қойылатын талаптар.
Медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерильдеуді және дезинфекциялауды жүргізу жағдайларына қойылатын талаптар.
Дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық іс-шаралар. Қорытынды дезинфекция.
Температуралық режимді, үй-жайларды желдету режимін, ағымдағы және күрделі тазалауды жүргізуге, жинау мүкәммалына, жуу және дезинфекциялау құралдарына қойылатын талаптарды сақтау.
Төсек орынды ауыстыру. Инфекция жұққан киім-кешекті жуу.

3

3.5.

Денсаулық сақтау объектілерінде тамақтану жағдайларына қойылатын талаптар.
Жабдыққа, мүкәммалға, асхана және асүй ыдыстарына қойылатын талаптар.
Асхана және асүй ыдыстарын жуу тәртібі. Азық-түлік шикізатын аспаздық өңдеуге қойылатын талаптар.
Шикі және дайын өнімді өңдеу.
Дайын тамақты үлестіру.
Денсаулық сақтау объектілерінде тамақтан уланудың профилактикасы.

3

3.6.

Емтихан

2

3.7.

Қорытынды.

17

4. Жолаушыларға қызмет көрсету саласындағы (жолаушылар поезының жолсеріктері, өзен, теңіз және әуе көліктерінің стюардтары) қызметкерлеріне арналған гигиеналық оқыту бағдарламасы

4.1.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың негіздері.
Кодекстің 144-бабының 6-тармағына және 145-бабына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітетін санитариялық қағидалардың және гигиеналық нормативтердің талаптарын сақтамағаны үшін қызметкерлердің жауапкершілігі.
Жолаушылар поездарын, өзен, теңіз және әуе көліктерін күтіп-ұстауға және жабдықтауға қойылатын талаптар.
Жолаушыларға қызмет көрсету объектілерін (теміржол вокзалдарын, аэровокзалдарды, әуежайларды, теңіз және өзен вокзалдарын, автовокзалдарды, метрополитендерді) күтіп-ұстауға қойылатын талаптар.
Жабдықтау пункттерінің жұмысына қойылатын талаптар. Ауа-жылыту режимі. Қызметкерлердің міндетті медициналық қарап-тексерулері.

3

4.2.

Жіті ішек инфекциялары, аса қауіпті және карантиндік инфекциялар, тағамдық уытты инфекциялар туралы ұғым, клиникасы және профилактика шаралары.
Микроорганизмдер туралы ұғым және инфекциялық аурулардың пайда болуындағы олардың рөлі. Ішек инфекцияларының, гельминтоздардың, ауа-тамшы инфекцияларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС**, гемоконтактілі инфекциялардың, карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың профилактикасы. Инфекциялық аурулармен, аса қауіпті инфекциялармен және тағамдық уытты инфекциялармен ауыратын науқастар анықталған кездегі эпидемияға қарсы іс-шаралар.
Жазатайым жағдайлар кезінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету.

3

4.3.

Тамақ өнімдерін сақтауға және тез бұзылатын өнімдерді өткізу мерзімдеріне қойылатын талаптар.
Тамақ өнімдерін тасымалдау. Дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық іс-шаралар.
Өндірістік бақылау.
Жеке және қоғамдық гигиена.

3

4.4.

Емтихан

2

4.5.

Қорытынды:

14

5. Ауыз суды дайындаумен, су құбыры желілеріне қызмет көрсетумен тікелей байланысты су құбыры құрылыстарындағы қызметкерлерді гигиеналық оқыту бағдарламасы

5.1.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың негіздері.
Кодекстің 144-бабының 6-тармағына және 145-бабына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітетін санитариялық қағидалардың және гигиеналық нормативтердің талаптарын сақтамағаны үшін қызметкерлердің жауапкершілігі.
Адам өміріндегі судың маңызы. Судың эпидемиологиялық маңызы.
Сумен жабдықтау көздері, олардың гигиеналық сипаттамасы.
Су арқылы берілетін инфекциялық аурулардың профилактикасы.
Өндірістік бақылау.
Қызметкерлердің міндетті медициналық қарап-тексерулері.
Жеке гигиена қағидалары, еңбек жағдайлары.

3

5.2.

Жерасты көздерінен алынған орталықтандырылған сумен жабдықтау және олардың құрылғысына қойылатын талаптар.
Жерүсті су көздерінен алынған орталықтандырылған сумен жабдықтау ерекшеліктері және олардың құрылғыларына қойылатын талаптар (жерүсті су бөгеттері бар қалалар үшін).

3

5.3.

Су құбыры желісіне қойылатын талаптар.
Су құбыры құрылыстары мен желілерін дезинфекциялау.
Сумен жабдықтау көздерін және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау су құбырларын санитариялық қорғау аймақтары.
Санитариялық қорғау аймақтары аумағындағы санитариялық-гигиеналық режим.

3

5.4.

Орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау жүйелеріндегі судың сапасына қойылатын гигиеналық талаптар.
Сапаны бақылау.
Сумен жабдықтау орталықтандырылмаған кезде судың сапасына қойылатын талаптар.
Көздерді санитариялық қорғау.
Құдықты (каптажды) тазарту, дезинфекциялау әдістері.

3

5.5.

Емтихан

2

5.6.

Қорытынды:

14

6. Тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы (моншалар, хауыздар, бассейндер, спорттық-сауықтыру ұйымдары, шаштараздар, косметологиялық салондар, кір жуатын орындар, химиялық тазарту орындары, қонақүйлер, хостелдер) қызметкерлерін гигиеналық оқыту бағдарламасы

6.1.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың негіздері.
Кодекстің 144-бабының 6-тармағына және 145-бабына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітетін санитариялық қағидалардың және гигиеналық нормативтердің талаптарын сақтамағаны үшін қызметкерлердің жауапкершілігі.
Ауа-тамшы, ішек, паразиттік, жұқпалы тері инфекциялары мен трансмиссивті жолмен (қан арқылы) берілетін инфекциялар, аса қауіпті инфекциялар.
Парентералді вирусты гепатиттердің профилактикасы.
Дезинсекция, дератизация, терминдері мен анықтамалары, химиялық дезинфекцияны жүргізу үшін қолданылатын жаңа құралдар.
Қызметкерлердің міндетті медициналық қарап-тексерулері, жеке гигиена қағидалары, еңбек жағдайлары.
Өндірістік бақылау.

3

6.2.

Шаштараздарды, сұлулық салондарын және косметологиялық кабинеттерді орналастыруға, жабдықтауға, жарақтандыруға, күтіп-ұстауға қойылатын талаптар. Жұмыс құрал-саймандарын, жұмыс үстелдерінің үстін дезинфекциялау әдістері. Тері, шаш, тырнақ аурулары. Жұқпалы тері және паразиттік аурулар және шаштараздарда олардың таралуының алдын алу шаралары.


6.3.

Моншалардың гигиеналық маңызы.
Монша мен сауналардың құрылғысына, жабдықтауға, пайдалануға және күтіп-ұстауға қойылатын талаптар. Жұқпалы инфекциялық аурулар. Моншада олардың таралуының алдын алу шаралары.

3

6.4.

Тұрғын үй-жайларды және қонақ үйлер мен хостелдердің ортақ пайдаланылатын үй-жайларын күтіп-ұстау бойынша талаптар.
Қонақ үйлердің төсек орын шаруашылығына қойылатын талаптар. Аса қауіпті инфекциялар анықталған жағдайдағы персоналдың әрекеті.
Қонақ үйлерде, хостелдерде қолданылатын дезинфекция әдістері.

3

6.5.

Кір жуу орындары мен химиялық тазалау орындарының (өндірістік үй-жайлар, тұрмыстық үй-жайлар, үй-жайларды ішкі әрлеу, санитариялық-техникалық жабдықтау) құрылғысына және жабдықтауға қойылатын талаптар.
Кір жуу орындары мен химиялық тазалау орындарын пайдалануға қойылатын талаптар. Дезинфекция, оның әдістері. Кір жуу орындарында қолданылатын дезинфекциялау әдістері.

3

6.6.

Жүзу бассейіндерін пайдалану режимдеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар. Бассейін суларын зарарсыздандыру әдістері.
Үй-жайлар мен ванналарды тазалауға және дезинфекциялауға қойылатын талаптар.
Жүзу бассейндерінің су сапасына қойылатын талаптар.

3

6.7.

Емтихан

2

6.8.

Қорытынды:

20

      * АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы

      ** ЖИТС – жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы.

Об утверждении Правил гигиенического обучения лиц декретированной группы населения и Программ гигиенического обучения лиц декретированной группы населения и внесении изменения и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 126 "Об утверждении Правил выдачи, учета и ведения личных медицинских книжек"

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 12 апреля 2018 года № 168. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 мая 2018 года № 16929. Утратил силу приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 16 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-195/2020.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения РК от 16.11.2020 № ҚР ДСМ-195/2020 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 5 статьи 148 и пунктом 10 статьи 155 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить:

      1) Правила гигиенического обучения лиц декретированной группы населения согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) Программы гигиенического обучения лиц декретированной группы населения согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Признать утратившим силу приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 24 июня 2015 года № 449 "Об утверждении Правил гигиенического обучения лиц декретированной группы населения и Программ гигиенического обучения лиц декретированной группы населения" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11714, опубликованный в Информационно-правовой системе "Әділет" 31 июля 2015 года).

      3. Утратил силу приказом Министра здравоохранения РК от 16.11.2020 № ҚР ДСМ-196/2020 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Комитету охраны общественного здоровья Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан.

      5. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра здравоохранения Республики Казахстан.

      6. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

      Министр здравоохранения
Республики Казахстан
Е. Биртанов

      "СОГЛАСОВАН"
Министр национальной экономики
Республики Казахстан
__________ Т. Сулейменов
2 мая 2018 года

  Приложение 1
к приказу Министра
здравоохранения
Республики Казахстан
от 12 апреля 2018 года № 168

Правила гигиенического обучения лиц декретированной группы населения

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения гигиенического обучения лиц декретированной группы населения (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 5 статьи 148 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" (далее - Кодекс) и определяют порядок проведения гигиенического обучения декретированных групп населения.

      2. В настоящих Правилах использованы следующие основные понятия:

      1) гигиеническое обучение декретированных лиц – обучение декретированных групп населения профилактике инфекционных заболеваний, гигиеническим и санитарно-эпидемиологическим требованиям к содержанию, эксплуатации и размещению объектов, соблюдению личной и общественной гигиены в соответствии с профессиями обучающихся;

      2) экзамен декретированных лиц – определение уровня соответствия знаний и квалификации работников, работающих в сфере обслуживания населения, представляющей опасность для заражения окружающих инфекционными и паразитарными заболеваниями;

      3) личная медицинская книжка – персональный документ, в который заносятся результаты обязательных медицинских осмотров с отметкой о допуске к работе;

      4) декретированная группа населения – лица, работающие в сфере обслуживания населения и представляющие наибольшую опасность для заражения окружающих людей инфекционными и паразитарными заболеваниями (далее – декретированные лица);

      5) эпидемически значимые объекты – объекты, производимая продукция и (или) деятельность которых при нарушении требований законодательства Республики Казахстан в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения может привести к возникновению пищевых отравлений и (или) инфекционных, паразитарных заболеваний среди населения и (или) нанести вред здоровью населения от промышленных и радиоактивных загрязнений.

Глава 2. Порядок проведения гигиенического обучения декретированной группы населения

      3. Декретированные лица подлежат первичному гигиеническому обучению при поступлении на работу и в дальнейшем с периодичностью один раз в год.

      4. Обучение по гигиеническому обучению декретированных лиц проводится с отрывом от производства.

      5. Деятельность по гигиеническому обучению декретированных лиц осуществляется физическими лицами или представителями юридических лиц имеющими медицинское образование по специальностям "гигиена и эпидемиология".

      6. Физические и юридические лица до начала деятельности по гигиеническому обучению в соответствии с приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 января 2015 года № 4 "Об утверждении форм уведомлений и Правил приема уведомлений государственными органами, а также об определении государственных органов, осуществляющих прием уведомлений" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10194) уведомляют территориальные подразделения государственного органа в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения.

      7. Оплата за гигиеническое обучение осуществляется декретированными лицами самостоятельно, либо работодателем по соглашению сторон.

      8. Гигиеническое обучение декретированных лиц проводится по программам гигиенического обучения декретированных групп населения утвержденных в соответствии с пунктом 5 статьи 148 Кодекса.

      9. Программа гигиенического обучения включает в себя:

      1) теоретическое обучение в количестве от 12 до 18 часов, в зависимости от профессии обучающихся;

      2) экзамен в количестве 2 часов.

      10. Программы обучения соответствуют профессиям декретированных лиц. Не допускается совмещение гигиенического обучения различных декретированных групп.

      11. Учебные помещения для проведения гигиенического обучения размещаются в отдельных помещениях в составе многофункциональных зданий или зданий иного назначения.

      12. После прохождения гигиенического обучения проводится экзамен в виде тестовых вопросов, утверждаемых физическими и юридическими лицами проводящими гигиеническое обучение.

      13. Положительным считается результат тестирования при более 80% правильных ответов. Результаты экзамена вносятся в журнал учета декретированных лиц, прошедших гигиеническое обучение согласно приложения 1 к настоящим Правилам.

      14. При положительном результате, в раздел 12 личной медицинской книжки, форма которой утверждена приказом исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 126 "Об утверждении Правил выдачи, учета и ведения личных медицинских книжек" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10638), вносится отметка в виде штампа для внесения результатов гигиенического обучения в личную медицинскую книжку, по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      15. При получении неудовлетворительной оценки повторную проверку знаний назначают не позднее одного месяца.

      16. Физические или юридические лица по запросу территориальных подразделений ведомства государственного органа в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения представляют информацию по гигиеническому обучению.

 
  Приложение 1
к Правилам гигиенического
обучения лиц декретированной
группы населения
  Форма

Журнал учета декретированных лиц, прошедших гигиеническое обучение

№ п/п

Ф.И.О. (при наличии) работника

Место работы, адрес нахождения

Должность с указанием осуществляемого вида деятельности, работ, услуг

Период проведения обучения

Дата проведения экзамена

Результат экзамена

Дата очередного экзамена в случае пересдачи

Подпись работника










 
  Приложение 2
к Правилам гигиенического
обучения лиц декретированной
группы населения
  Форма

Штамп для внесения результатов гигиенического обучения в личную медицинскую книжку

Наименование организации, контактные данные (местонахождение, телефон)
Гигиеническое обучение по программе:____
_______________________________________
прошел и экзаменован
"____" ________________________ 20__ г.
Гигиенист-эпидемиолог _______________
(Ф.И.О. (при наличии), роспись)

  Приложение 2
к приказу Министра
здравоохранения
Республики Казахстан
от 12 апреля 2018 года № 168

Программы гигиенического обучения лиц декретированной группы населения

Наименование тем

Количество часов

1

2

3

1. Программа гигиенического обучения для работников, имеющие контакт с пищевыми продуктами в процессе их производства, хранения, реализации, утилизации и уничтожения, в том числе работники по санитарной обработке и ремонту инвентаря, оборудования, а также при транспортировке их на всех видах транспорта

1.1.

Основы законодательства в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения. Ответственность работников за несоблюдение требований санитарных правил и гигиенических нормативов, утверждаемые государственным органом в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения согласно пункту 6 статьи 144 и статьи 145 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" (далее – Кодекс).
Понятие о рациональном питании.
Понятие о государственной гигиенической регистрации и регламентации продуктов питания. Понятие о сертификации продуктов питания. Гигиенические требования к качеству и безопасности продуктов питания.
Понятие обогащение (фортификация) пищевой продукции.
Введение витаминов, минералов и других веществ в пищевую продукцию в процессе ее производства или переработки с целью повышения пищевой и биологической ценности, а также профилактики заболеваний, обусловленных их дефицитом у человека.

3

1.2.

Понятие об инфекционных заболеваниях. Болезнетворные микробы и пути проникновения их в организм человека. Гнойничковые заболевания.
Возбудители кишечных и глистных заболеваний, пути их передачи.
Бактерионосительство.
Пищевые отравления бактериального и небактериального происхождения.
Меры профилактики кишечных инфекционных заболеваний и пищевых отравлений. Профилактические медицинские осмотры.
Правила личной гигиены.
Обязательные медицинские осмотры работников.

3

1.3.

Требования к устройству и содержанию объектов общественного питания.
Режимы санитарной обработки торгового оборудования, инвентаря, тары.
Критические точки на объектах общественного питания.
Производственный контроль.
Понятия дезинфекции, дезинсекции, дератизации.
Понятие курение кальяна, о его потенциальной опасности для здоровья человека.

3

1.4.

Требования к устройству и содержанию предприятий продовольственной торговли Порядок приемки, хранения, реализации и транспортировке продуктов питания.
Перечень документов, подтверждающих качество и безопасность продуктов питания.
Понятия о сроках годности и сроках хранения продуктов питания.
Основные признаки недоброкачественности продуктов питания.
Условия хранения и реализации скоропортящихся продуктов питания.
Требования к маркировке продуктов питания. Упаковочные материалы.

3

1.5.

Экзамен

2

1.6.

Итого:

14

2. Программа гигиенического обучения для работников объектов образования (учителя начальных классов общеобразовательных школ; учителя начальных классов, воспитатели и помощники воспитателя объектов образования и воспитания с проживанием детей и подростков всех видов; технический персонал); детских оздоровительных (круглогодичные, сезонные) и санаторных объектов; дошкольных организаций всех видов и типов и домов ребенка

2.1.

Основы законодательства в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения. Ответственность работников за несоблюдение требований санитарных правил и гигиенических нормативов, утверждаемых государственным органом в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения согласно пункту 6 статьи 144 и статьи 145 Кодекса.
Требования к содержанию детских дошкольных организаций и домов ребенка, оздоровительных лагерей.
Требования к содержанию территории, групповых площадок, песочниц, спортивного оборудования, принципы групповой изоляции. Наполняемость в группах.
Соблюдение температурного режима, режима проветривания помещений и рекреаций.
Текущая и генеральная уборка; правила проветривания;
Требования к уборочному инвентарю, моющим и дезинфицирующим средствам.
Смена постельного белья, его хранение, доставка в прачечную, маркировка.
Правила мытья горшков, уборки туалетов.
Уход за посудой в группах, ее маркировка, правила мытья, хранения, обработка ветоши. Уход за игрушками.
Приготовление дезсредств и моющих растворов.
Требование к питьевому режиму.

3

2.2.

Требования к содержанию помещений общеобразовательных организаций, объектов образования и воспитания с проживанием детей и подростков всех видов.
Требования к ранжированию предметов, рассаживанию, обеспечению мебелью в соответствии росту и возрасту обучающихся и воспитанников.
Соблюдение температурного режима, режима проветривания помещений и рекреаций. Организация питьевого режима.
Требования к наполняемости классов.
Смена постельного белья в объектах образования с проживанием всех видов, соблюдение личной гигиеной обучающимися и воспитанниками.

3

2.3.

Требования к содержанию территории и помещений пищеблока, кухонному инвентарю, посуде.
Текущая и генеральная уборка производственных и подсобных помещений, дезинфекционные, дератизационные и дезинсекционные мероприятия.
Требования к оборудованию, инвентарю, столовой и кухонной посуде.
Режим мытья кухонной и столовой посуды.
Требования к моющим и дезинфицирующим средствам, правила их использования, Санитарно-эпидемиологические требования к кулинарной обработке продовольственного сырья.
Обработка сырой и готовой продукции. Технология приготовления салатов.
Правила сохранения витаминов и С-витаминизации готовых блюд.
Ведение служебной документации.
Гигиена питания. Организация рационального питания.
Профилактика пищевых отравлений в детских коллективах.
Раздача пищи, реализация готовых блюд.

3

2.4.

Инфекционные и паразитарные заболевания в детском учреждении.
Противоэпидемические мероприятия в период эпидемического подъема заболеваемости гриппом и острыми респираторными заболеваниями.
Проведение противоэпидемических мероприятий при регистрации инфекционных заболеваний среди обучающихся и воспитанников.
Противоэпидемические мероприятия.
Текущая и генеральная уборка; требования к уборочному инвентарю, моющим и дезинфицирующим средствам.
Производственный контроль.
Личная гигиена персонала.
Обязательные медицинские осмотры работников.

3

2.5.

Экзамен

2

2.6.

Итого:

14

3. Программа гигиенического обучения для работников объектов здравоохранения и медико-социальной реабилитации (помощники медицинской сестры; работники прачечных; работники, имеющие контакт с пищевыми продуктами)

3.1.

Основы законодательства в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения. Ответственность работников за несоблюдение требований санитарных правил и гигиенических нормативов, утверждаемых государственным органом в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения согласно пункту 6 статьи 144 и статьи 145 Кодекса.
Требования к содержанию отделений хирургического профиля; объектов дермато-косметологии, пластической и эстетической хирургии; перинатальных центров, акушерских стационаров; объектов службы крови; инфекционных больниц и отделений; противотуберкулезных организаций; физиокабинетов; централизованных стерилизационных отделений; стоматологических поликлиник (кабинетов); объектов здравоохранения по паллиативной помощи и сестринского ухода; отделений гемодиализа; патологоанатомических организаций.
Производственный контроль.

3

3.2.

Мероприятия по предупреждению внутрибольничных инфекции.
Организация и проведение профилактических мероприятий по предупреждению внутрибольничных инфекций.
Правила обработки рук персонала. Профилактические мероприятия при загрязнении кожи и слизистых кровью или другими биологическими жидкостями, а также при уколах или парезах.
Профилактика ВИЧ*-инфекции. Состав аварийной аптечки "Анти-СПИД**".
Требования к условиям труда и бытовому обслуживанию персонала объектов здравоохранения.
Обязательные медицинские осмотры работников.

3

3.3.

Требования к сбору, обезвреживанию, хранению отходов на объектах здравоохранения.
Классификация медицинских отходов.
Способы и методы обеззараживания и/или обезвреживания медицинских отходов.
Обращение с радиоактивными медицинскими отходами.

3

3.4.

Требования к организации и проведению санитарно-противоэпидемических и санитарно-профилактических мероприятий на объектах здравоохранения.
Требования к условиям проведения стерилизации и дезинфекции изделий медицинского назначения.
Дезинфекционные, дератизационные и дезинсекционные мероприятия. Заключительная дезинфекция.
Соблюдение температурного режима, режима проветривания помещений, требования к проведению текущей и генеральной уборки; уборочному инвентарю, моющим и дезинфицирующим средствам.
Требования к бельевому режиму на объектах здравоохранения. Смена постельного белья. Стирка инфицированного белья.

3

3.5.

Требования к условиям питания на объектах здравоохранения.
Требования к оборудованию, инвентарю, столовой и кухонной посуде.
Режим мытья кухонной и столовой посуды.
Требования к кулинарной обработке продовольственного сырья.
Обработка сырой и готовой продукции
Раздача готовой пищи.
Профилактика пищевых отравлений на объектах здравоохранения.

3

3.6.

Экзамен

2

3.7.

Итого:

17

4. Программа гигиенического обучения для работников в сфере обслуживания пассажиров (проводники пассажирских поездов, стюарды речного, морского транспорта и авиатранспорта)

4.1.

Основы законодательства в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения. Ответственность работников за несоблюдение требований санитарных правил и гигиенических нормативов, утверждаемых государственным органом в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения согласно пункту 6 статьи 144 и статьи 145 Кодекса.
Требования к содержанию и оборудованию пассажирских поездов, речного, морского и авиатранспорта,
Требования к содержанию объектов по обслуживанию пассажиров (железнодорожных вокзалов, аэровокзалов, аэропортов, морских и речных вокзалов, автовокзалов, метрополитенов).
Требования к работе экипировочных пунктов. Воздушно-тепловой режим. Обязательные медицинские осмотры работников.

3

4.2.

Понятие об острых кишечных инфекциях, особо опасных и карантинных инфекциях, пищевых токсикоинфекциях, клиника и меры профилактики.
Понятие о микроорганизмах и их роль в возникновении инфекционных заболеваний.
Профилактика кишечных инфекций, гельминтозов, воздушно-капельных инфекций, венерических болезней, СПИД**, гемоконтактных инфекций, карантинных и особо опасных инфекций.
Противоэпидемические мероприятия при выявлении больных с инфекционными заболеваниями, особо опасными инфекциями и пищевыми токсикоинфекциями.
Оказание первой медицинской помощи пострадавшим при несчастных случаях.

3

4.3.

Требования к хранению пищевых продуктов и срокам реализации скоропортящихся продуктов.
Транспортировка пищевых продуктов.
Дезинфекционные, дератизационные и дезинсекционные мероприятия.
Производственный контроль.
Личная и общественная гигиена.

3

4.4.

Экзамен

2

4.5.

Итого:

14

5. Программа гигиенического обучения работников водопроводных сооружений, связанные непосредственно с подготовкой питьевой воды, обслуживанием водопроводных сетей

5.1.

Основы законодательства в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения. Ответственность работников за несоблюдение требований санитарных правил и гигиенических нормативов, утверждаемых государственным органом в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения согласно пункту 6 статьи 144 и статьи 145 Кодекса.
Значение воды в жизни человека. Эпидемиологическое значение воды.
Источники водоснабжения, их гигиеническая характеристика.
Профилактика инфекционных заболеваний, передающихся через воду.
Производственный контроль.
Обязательные медицинские осмотры работников.
Правила личной гигиены, условия труда.

3

5.2.

Централизованное водоснабжение из подземных источников и требования к его устройству.
Особенности централизованного водоснабжения из поверхностных источников и требования к его устройству (для городов, имеющих поверхностные водозаборы).

3

5.3.

Требования к водопроводной сети.
Дезинфекция водопроводных сооружений и сетей.
Зоны санитарной охраны источников водоснабжения и водопроводов хозяйственно-питьевого водоснабжения.
Санитарно-эпидемиологический режим на территории зон санитарной охраны.

3

5.4.

Гигиенические требования к качеству воды централизованных систем питьевого водоснабжения.
Контроль качества.
Требования к качеству воды при нецентрализованном водоснабжении.
Санитарная охрана источников.
Методы очистки, дезинфекции колодца (каптажа).

3

5.5.

Экзамен

2

5.6.

Итого:

14

6. Программа гигиенического обучения для работников в сфере бытового обслуживания (бани, сауны, бассейны, спортивно-оздоровительные организации, парикмахерские, косметологические салоны, прачечные, химчистки, гостиницы, хостелы);

6.1.

Основы законодательства в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения. Ответственность работников за несоблюдение требований санитарных правил и гигиенических нормативов, утверждаемых государственным органом в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения согласно пункту 6 статьи 144 и статьи 145 Кодекса.
Понятие об инфекционных заболеваниях, путях и способах их распространения.
Воздушно-капельные, кишечные, паразитарные, заразные кожные инфекции и инфекции, передающиеся трансмиссивным путем (через кровь), особо опасные инфекции.
Профилактика парентеральных вирусных гепатитов.
Дезинсекция, дератизация, термины и определения, новые средства, используемые для проведения химической дезинфекции.
Обязательные медицинские осмотры работников, правила личной гигиены, условия труда.
Производственный контроль.

3

6.2.

Требования к размещению, оборудованию, оснащению, содержанию парикмахерских, салонов красоты и косметологических кабинетов. Методы дезинфекции рабочего инструментария, поверхности рабочих столов.
Болезни кожи, волос, ногтей.
Заразные кожные и паразитарные заболевания и меры предупреждения их распространения в парикмахерских.

3

6.3.

Гигиеническое значение бань.
Требования к устройству, оборудованию, эксплуатации и содержанию бань и саун.
Заразные инфекционные заболевания. Меры предупреждения их распространения в бане.

3

6.4.

Требования по содержанию жилых помещений и помещений общего пользования гостиниц, хостелов.
Требования к бельевому хозяйству гостиниц.
Действия персонала в случае выявления особо опасных инфекций.
Методы дезинфекции, используемые в гостиницах, хостелах.

3

6.5.

Требования к устройству и оборудованию прачечных и химчисток (производственные помещения, бытовые помещения, внутренняя отделка помещений, санитарно-техническое оборудование).
Требования к эксплуатации прачечных и химчисток.
Дезинфекция, ее методы. Методы дезинфекции, используемые в прачечных.

3

6.6.

Санитарно-эпидемиологические требования к режиму эксплуатации плавательных бассейнов.
Методы обеззараживания воды бассейнов.
Требования к уборке и дезинфекции помещений и ванн.
Требования к качеству воды плавательных бассейнов.

3

6.7.

Экзамен

2

6.8.

Итого:

20

      * ВИЧ - вирус иммунодефицита человека

      ** СПИД - синдром приобретенного иммунодефицита