Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидаларын және Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту бағдарламаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 449 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 шілдеде № 11714 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 168 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 12.04.2018 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 148-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту бағдарламалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Мыналардың:

      1) "Халықтың декреттелген топтарына аттестаттау жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 770 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5886 болып тіркелген, 2010 жылғы 20 наурыздағы № 1 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған);

      1) "Халықтың декреттелген топтарына аттестаттау жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 770 бұйрығына толықтырулар және өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 6 қазандағы № 793 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 9 қарашада № 6620 болып тіркелген, 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 12-13 (26415) "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 24 маусымдағы
№ 449 бұйрығына
1-қосымша

Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 148-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген, халықтың декреттелген топтарын гигиеналық оқытуды жүргізу тәртібін және бағдарламасын айқындайды. Осы Қағидаларды меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалар орындауға міндетті.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылған:

      1) жеке медициналық кітапша – жұмысқа жіберілу туралы белгі қойылып, міндетті медициналық қарап-тексерудің нәтижелері енгізілетін жеке құжат;

      2) халықтың декреттелген тобы – халыққа қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін және айналасындағы адамдарға инфекциялық және паразиттік аурулар жұқтырудың анағұрлым ықтимал қаупін төндіретін адамдар;

      3) халықтың декреттелген тобын аттестаттау (емтихан) – халыққа қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін, айналасындағыларға инфекциялық және паразиттік аурулар жұқтыру қаупін төндіретін қызметкерлердің білімдерінің және біліктілігінің сәйкестік деңгейін айқындау;

      4) халықтың декреттелген тобын гигиеналық оқыту – халықтың декреттелген тобын инфекциялық аурулардың алдын алуға, объектілерді күтіп ұстауға, пайдалануға және орналастыруға қойылатын гигиеналық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды, білім алушылардың кәсіптеріне сәйкес жеке және қоғамдық гигиенаны сақтауға оқыту;

      5) эпидемиялық маңызы бар объектілер – Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптары бұзылған кезде өндіретін өнімі және (немесе) қызметі халық арасында тамақтан уланудың және (немесе) инфекциялық, паразиттік аурулардың пайда болуына әкеп соғуы және (немесе) өнеркәсіптік және радиоактивті ластанудан халық денсаулығына зиян келтіруі мүмкін объектілер (бұдан әрі – объект).


2. Гигиеналық оқытуға жататын кәсіптердің тізбесі

      3. Халықтың декреттелген тобы кәсіптік қызмет түрлерімен айқындалады, атап айтқанда:

      1) тамақ өнімдерін өндіру, сақтау, өткізу, кәдеге жарату және жою процесінде олармен жанасатын жұмыстар, оның ішінде мүкәммалды, жабдықтарды санитариялық өндеу және жөндеу бойынша жұмыстар, сондай-ақ оларды көліктердің барлық түрлерінде тасымалдау кезіндегі жұмыстар;

      2) жолаушыларға қызмет көрсету саласындағы (теміржол вокзалдарындағы, аэровокзалдардағы, әуежайлардағы, теңіз және өзен вокзалдарындағы, автовокзалдардағы, метрополитендердегі) жұмыстар;

      3) емдеу-профилактикалық ұйымдарындағы, санаторийлердегі, демалыс үйлеріндегі, пансионаттардағы, интернаттардағы және мүгедектер мен қарттар үйлеріндегі жұмыстар;

      4) тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы (моншалар, себезгілер, сауналар, бассейндер, сумен емдеу орындары, балшықпен емдеу орындары, спорттық-сауықтыру ұйымдары, шаштараздар, косметологиялық салондар, кір жуатын орындар, химиялық тазарту орындары, қонақүйлер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер) жұмыстар;

      5) білім беру саласындағы жұмыстар;

      6) балалар мен жасөспірімдердің маусымдық сауықтыру ұйымдарындағы жұмыстар (маусым басталар алдында);

      7) мектепке дейінгі ұйымдардың, мектеп-интернаттардың, балалардың жыл бойғы санаториялық сауықтыру ұйымдарының, балалар үйлерінің, отбасылық үлгідегі үйлердің жұмыстары;

      8) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медицина техникасының айналымы саласындағы жұмыстар;

      9) тікелей суды дайындаумен, су құбыры желілеріне қызмет көрсетумен, өндірістік зертханаларды, суық және ыстық сумен жабдықтау және кәріз объектілерін пайдаланумен байланысты су құбыры құрылыстарындағы жұмыстар.

3. Халықтың декреттелген тобын гигиеналық оқытуды және аттестаттауды (емтиханды) жүргізу тәртібі

      4. Халықтың декреттелген тобын гигиеналық оқыту және аттестаттау (емтихан) жұмысқа тұру кезінде және одан әрі жылына бір рет кезеңділігімен жүргізіледі.

      5. Халықтың декреттелген тобының адамдарын гигиеналық оқыту жөніндегі қызметті "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес хабарлама жасау тәртібінде жеке немесе заңды тұлғалар жүзеге асырады.

      6. Гигиеналық оқытудан өтумен байланысты шығыстарды халықтың декреттелген тобы дербес көтереді немесе тараптардың келісімі бойынша гигиеналық оқыту шығыстарын объектінің басшысы жұмсайды.

      7. Гигиеналық оқытуды және аттестаттауды (емтиханды) жүргізуге тартылатын адамның (бұдан әрі – жауапты тұлға) санитариялық-эпидемиологиялық бейінде арнайы медициналық білімі болады.

      8. Гигиеналық оқытуды және аттестаттауды (емтиханды) жүргізуге арналған оқу үй-жайлары көп функционалды ғимараттар және жеке кіретін есігі бар өзге де мақсаттағы ғимараттар құрамындағы жеке үй-жайларда орналастырылады.

      Оқу үй-жайларының микроклиматы, жарықтандыру деңгейлері, сондай-ақ аспаптар мен жабдықтардың шуылы, дірілі, электр-магниттік сәулелену деңгейлері Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11147 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 169 бұйрығымен бекітілген, Адамға әсер ететін физикалық факторларға қойылатын гигиеналық нормативтерге сәйкес келеді.

      9. Халықтың декреттелген топтарының адамдарын гигиеналық оқыту Кодекстің 148-бабының 5-тармағына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітетін халықтың декреттелген топтарын гигиеналық оқыту бағдарламалары бойынша жүргізіледі.

      10. Сабақтардың бағдарламасы білім алушылардың кәсіптеріне сәйкес келеді. Халықтың әртүрлі декреттелген топтарына арналған гигиеналық оқуды біріктіруге жол берілмейді.

      11. Гигиеналық оқытудан өткеннен кейін тесттік бақылау түрінде аттестаттау (емтихан) жүргізіледі.

      12. Халықтың декреттелген топтарын гигиеналық оқытуды және аттестаттауды (есмтиханды) жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар тесттің сұрақтарын әзірлейді және бекітеді.

      13. Оң нәтиже кезінде жеке медициналық кітапшаның 12-бөліміне (нысаны Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 126 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10638 болып тіркелген) мөртабан түрінде оқығаны және аттестатталғаны туралы тиісті белгі енгізіледі және жауапты тұлғаның қолымен бекітіледі.

      Жеке медициналық кітапшаға гигиеналық аттестаттау нәтижелерін енгізуге арналған мөртабанның нысаны осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленеді.

      14. Аттестаттаудың (емтиханның) қанағаттанарлықсыз нәтижесі кезінде жеке медициналық кітапшаға белгі қойылмайды.

      15. Әрбір аттестатталушыға тестті келесі күні қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі.

      16. Кейіннен қайта аттестаттала (емтихан тапсыра) отырып, гигиеналық оқытуды қайтадан өтуге:

      1) кезекті аттестаттаудан (емтиханнан) өтпеген тұлғалар;

      2) ағымдағы санитариялық қадағалау барысында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының лауазымды тұлғалары анықтаған халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қолданыстағы заңнаманың бұзылуына жол берген тұлғалар жатады.

      17. Жеке және заңды тұлғалар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің сұрау салуы бойынша гигиеналық оқыту және аттестаттау (емтихан) жөнінде ақпарат ұсынады.

      18. Халықтың декреттелген топтары адамдарының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және гигиеналық нормативтерін білуін "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізілетін тексерулер барысында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары тексереді және санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісінде көрсетіледі.

  Халықтың декреттелген
тобындағы адамдарды
гигиеналық оқыту қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Жеке медициналық кітапшаға гигиеналық аттестаттау
нәтижелерін енгізуге арналған мөртабан

Мекеменің атауы, байланыс деректері

(орналасқан жері, телефоны)

____________________________________ бағдарламасы бойынша гигиеналық оқытуды өтті және аттестатталды

20___ жылғы "___"_________________

Гигиенист-эпидемиолог________

(Т.А.Ә. қолы)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 24 маусымдағы
№ 449 бұйрығына
2-қосымша

Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық
оқыту бағдарламалары

Тақырып атаулары

Сағат саны


1

2

3

1. Қоғамдық тамақтану объектілері, тамақ өнеркәсібі және сауда объектілерінде жұмыс істейтін, оның ішінде медициналық ұйымдардың, білім беру ұйымдарының және өнеркәсіп объектілерінің ас блоктары, кондитерлік өндірістер, балалар сүтханалары, азық-түлік сауда объектілері халқының декреттелген топтарын, қызметі азық-түлік шикізатын, тамақ өнімдері мен жолаушыларды тасымалдаумен байланысты адамдарды гигиеналық оқыту бағдарламасы

1.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың негізі. Санитариялық қағидалардың және гигиеналық нормативтердің талаптарын сақтау үшін қызметкерлердің жауаптылығы. Тиімді тамақтану туралы ұғым. Тамақ өнімдерін мемлекеттік гигиеналық тіркеу және регламенттеу туралы ұғым. Тамақ өнімдерін сертификаттау туралы ұғым. Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын гигиеналық талаптар.

3

2.

Инфекциялық аурулар туралы ұғым. Ауру тудыратын микробтар және олардың адам ағзасына ену жолдары. Ірінді аурулар. Ішек және құрт ауруларының қоздырғыштары, олардың берілу жолдары. Бактерия тасымалдаушылық. Бактериялық және бактериялық емес тұрғыдан болатын тамақтан улану. Ішек инфекциялық ауруларының және тамақтан уланулардың алдын алу шаралары. Профилактикалық медициналық қарап-тексеру. Жеке гигиена қағидалары.

3

3.

Азық-түлік сауда және қоғамдық тамақтану кәсіпорындарын жайластыруға және күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар. Дезинфекция, дезинсекция, дератизация туралы ұғымдар. Сауда жабдықтарын, мүкәммалдарын, ыдыстарын санитариялық өңдеу режимі. Сауда және қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында эпидемиялық тәуекел орындары.

3

4.

Тамақ өнімдерін қабылдау, сақтау және өткізу қағидалары. Тамақ өнімдерінің сапасын және қауіпсіздігін растайтын құжаттардың тізбегі. Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдері және сақтау мерзімдері туралы ұғым. Тамақ өнімдерінің сапасыздығының негізгі белгілері. Сауда желілерінен кондитерлік бұйымдарды кері қайтару жөніндегі санитариялық қағидалар. Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау және өткізу шарттары. Тамақ өнімдерін таңбалауға қойылатын талаптар. Тамақ өнімдерін жіберуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар. Қаптамалау материалдары. Құжаттамалардың болуы және жүргізілуі. Тамақ өнімдерін тасымалдауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар.

3

2. Мектепке дейінгі, балалар сауықтыру ұйымдары, балалар үйлері, мектеп-интернаттар халқының декреттелген топтарын гигиеналық оқыту бағдарламасы

5.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың негізі. Санитариялық қағидалардың және гигиеналық нормативтердің талаптарын сақтау үшін қызметкерлердің жауаптылығы. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерін, сауықтыру лагерлерін, балалар үйлерін жайластыруға және күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар. Аумақты, топтық алаңдарды, құмсалғыштарды, спорт жабдықтарын күтіп-ұстауға қойылатын талаптар, топтық оқшаулау қағидаттары. Ағымдағы және күрделі жинау; желдету қағидалары; жинау мүкәммалына, жуу және дезинфекциялау құралдарына қойылатын талаптар. Төсек орынды ауыстыру, оны сақтау, кір жуу орындарына жеткізу, таңбалау. Құмыраларды жуу, дәретханаларды жинау қағидалары. Топтардағы ыдыс-аяққа күтім жасау, оны таңбалау, шүберекті жуу, сақтау, өңдеу қағидалары. Ойыншықтарға күтім жасау. Дезқұралдарды және жуу ерітінділерін дайындау. Күн тәртібіне, дене шынықтыруды ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар, балаларды шынықтыру қағидаттары. Балаларды бой-бойымен отырғызуға қойылатынгигиеналық талаптар.

3

6.

Мектеп үй-жайларын күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар. Күрделі жинауды жүргізу қағидалары. Мектеп-интернаттарда төсек орынды ауыстыру. Персоналдың жеке гигиенасы. Оқу-тәрбие мекемелеріндегі дезинфекциялық режим. Үй-жайларды ағымдағы және күрделі жинау кезінде дезқұралдарды қолдану. Тұмаумен және жіті респираторлық аурулармен сырқаттанушылықтың эпидемиялық көтерілуі кезеңіндегі эпидемияға қарсы іс-шаралар. Температуралық режимді, үй-жайларды желдету және рекреяция режимін сақтау. Үй-жайларды жинау ерекшеліктері. Жеке гигиенаны сақтау.

3

7.

Аумақты және үй-жайларды, ас блогын, ас үй мүкәммалын, ыдыс-аяқтарды күтіп ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар. Өндірістік және қосалқы үй-жайларды ағымдағы және күрделі жинау қағидалары, дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық іс-шаралар. Жабдықтарға, мүкәммалдарға, асхана мен ас үйдің ыдыс-аяқтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар. Асхана мен ас үйдің ыдыс-аяқтарын жуу қағидалары. Жуу және дезинфекциялау құралдарына қойылатын талаптар, оларды пайдалану қағидалары, асхана мен ас үйдің ыдыс-аяқтарын жуу режимі. Азық-түлік шикізатын аспаздық өңдеуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, дайын тағамдарды әзірлеу қағидалары. Шикі және дайын өнімді өндеу. Салаттарды дайындау технологиясы. Дайын тағамдардың витаминдерін сақтау және С-витаминдеу қағидалары. Қызметтік құжаттаманы жүргізу. Тамақтану гигиенасы. Тиімді тамақтануды ұйымдастыру. Балалар ұжымдарында тамақтан уланудың алдын алу. Тамақты үлестіру, дайын тағамды тарату. Жеке гигиена қағидаларын сақтау.

3

8.

Балалар мекемесіндегі инфекциялық және паразиттік аурулар. Эпидемияға қарсы іс-шаралар. Алдын алу шаралары.

3

3. Медициналық ұйымдардың мейіргерлерінің көмекшілері үшін гигиеналық оқыту бағдарламасы

9.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың негізі. Санитариялық қағидалардың және гигиеналық нормативтердің талаптарын сақтау үшін қызметкерлердің жауаптылығы. Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар. Үй-жайларды, жабдықтарды және мүкәммалдарды санитариялық тұрғыдан күтіп-ұстау.

3

10.

Персоналдың қолын өндеу қағидалары. Тері және сілемейлі қабықтар қанмен немесе басқа да биологиялық сұйықтықтармен ластанған кезде, сондай-ақ укол немесе кесіп кету кезіндегі алдын алу іс-шаралары. АИТВ* – инфекциясының алдын алу. "ЖИТС-ке** қарсы" апаттыдәрі қобдишасының құрамы.

3

11.

Медициналық қалдықтармен жұмыс істеуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар. Медициналық қалдықтардың сыныптамасы. Медициналық қалдықтарды жинауға, уақытша сақтау жағдайына қойылатын талаптар. Медициналық қалдықтарды залалсыздандыру және/немесе зарарсыздандыру тәсілдері мен әдістері.

3

12

Медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерилдеуді және дезинфекциялауды жүргізу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар. Дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық іс-шаралар. Қорытынды дезинфекция. Температуралық режимді, үй-жайларды желдету режимін, жинау мүкәммалына, жуу және дезинфекциялау құралдарына қойылатын талаптарды сақтау. Төсек орынды ауыстыру. Инфекция жұққан киім-кешекті жуу.

3

13.

Науқастардың тамақтануын ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар. Дайын асты үлестіру. Ыдыс-аяқты өңдеу. Медицина ұйымдары персоналының және пациенттердің жеке гигиенасы.

3

4. Жабдықтау бригадаларының, теміржол вокзалдарының, аэровокзалдардың, әуежайлардың, теңіз және өзен вокзалдарының, автовокзалдардың, метрополитендердің жұмыскерлері және жолаушылар поездарының, өзен, теңіз авиакөліктің жолсеріктеріне арналған гигиеналық оқыту бағдарламасы

14.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың негізі. Санитариялық қағидалардың және гигиеналық нормативтердің талаптарын сақтау үшін жұмыскерлердің жауаптылығы. Жолаушылар поездарын, өзен, теңіз және авиакөлігін, жолаушыларға қызмет көрсету объектілерін (теміржол вокзалдарын, аэровокзалдарды, әуежайларды, теңіз және өзен вокзалдарын, автовокзалдарды, метрополитендерді) күтіп ұстауға және жабдықтауға, жабдықтау пункттерінің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар. Ауа-жылу режимі. Жұмыскерлерді міндетті түрде медициналық қарап-тексеру.

3

15.

Жіті ішек инфекциялары, аса қауіпті және карантиндік инфекциялар, тағамдық уытты инфекциялар туралы ұғым, клиникасы және алдын алу шаралары. Микроорганизмдер туралы ұғым және инфекциялық аурулардың пайда болуындағы олардың рөлі. Ішек инфекцияларының, гельминтоздардың, ауа-тамшы инфекцияларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС**, гемоконтактілі инфекциялардың, карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың алдын алу. Инфекциялық ауруы, аса қауіпті инфекциялары және тағамдық уытты инфекциялары бар науқастар анықталған жағдайда эпидемияға қарсы іс-шаралар.

3

16.

Тамақ өнімдерін сақтауға және тез бұзылатын өнімдерді өткізу мерзімдеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар. Тамақ өнімдерін тасымалдау. Дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық іс-шаралар.

3

17.

Жазатайым жағдайлар кезінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету. Жеке және қоғамдық гигиена.

3

5. Су құбыры құрылыстарының және кәріз шаруашылығының жұмыскерлерін гигиеналық оқыту бағдарламасы

18.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың негізі. Санитариялық қағидалардың және гигиеналық нормативтердің талаптарын сақтау үшін жұмыскерлердің жауаптылығы. Адам өміріндегі судың маңызы. Судың эпидемиологиялық маңызы. Сумен жабдықтау көздері, олардың гигиеналық сипаттамасы. Су арқылы берілетін инфекциялық аурулардың алдын алу.

3

19.

Жер асты көздерінен орталықтандырылған сумен жабдықтау және олардың құрылғысына қойылатын санитариялық талаптар. Жер үсті су көздерінен орталықтандырылған сумен жабдықтау ерекшеліктері және олардың құрылғыларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар (жер үсті су бөгеттері бар қалалар үшін).

3

20.

Су құбыры желісіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, су құбыры құрылыстары мен желілерін дезинфекциялау. Сумен жабдықтау көздерін және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау су құбырларын санитариялық қорғау аймақтары. Санитариялық қорғау аймақтары аумағындағы санитариялық-гигиеналық режим.

3

21.

Орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау жүйесіндегі судың сапасына қойылатын гигиеналық талаптар. Сапасын бақылау. Сумен жабдықтау орталықтандырылмаған кезде судың сапасына қойылатын талаптар. Көздерді санитариялық қорғау. Құдықты (каптажды) тазарту, дезинфекциялау әдістері.

3

22.

Жұмыскерлерді міндетті түрде медициналық қарап тексеру, жеке гигиена қағидалары, еңбек жағдайы.

3

6. Коммуналдық, тұрмыстық қызмет көрсету объектілері, шаштараз, косметология және косметикалық салондар халқының декреттелген топтарын және моншалардың, сауналардың және бассейндердің жұмыскерлерін гигиеналық оқыту бағдарламасы

23

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың негізі. Санитариялық қағидалардың және гигиеналық нормативтердің талаптарын сақтау үшін жұмыскерлердің жауаптылығы. Шаштараздарды, сұлулық салондарын және косметологиялық кабинеттерді орналастыруға, жабдықтауға, жарақтандыруға, күтіп ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар. Жұмыс құрал-саймандарын, жұмыс үстелдерінің үстін дезинфекциялау әдістері. Тері, шаш, тырнақ аурулары. Жұқпалы тері және паразиттік аурулар және шаштараздарда олардың таралуының алдын алу шаралары. Парентеральді вирустық гепатиттердің алдын алу. Жұмыс істейтін адамдардың еңбек жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, жұмыскерлерді міндетті түрде медициналық қарап-тексеру.

3

24.

Моншалардың гигиеналық маңызы. Монша мен сауналарды жайластыруға, жабдықтауға, пайдалануға және күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар. Учаскеге және аумаққа қойылатын гигиеналық талаптар. Жұқпалы инфекциялық аурулар. Моншада олардың таралуының алдын алу шаралары. Парентеральді гепатиттердің алдын алу. Дезинфекциялау, дезинсекциялау терминдер мен анықтамалар. Дезинфекциялау, химиялық дезинфекцияны жүргізу үшін пайдаланылатын әдістер, жаңа құралдар. Жұмыскерлерді міндетті түрде медициналық қарап-тексеру, жеке гигиена қағидалары, еңбек жағдайлары.

3

25.

Тұрғын үй-жайларды және қонақ үйлердің ортақ пайдаланылатын үй-жайларын күтіп-ұстау, жиһазды күтіп-ұстау бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, қонақ үйлердің төсек орын шаруашылығына қойылатын талаптар. Инфекциялық аурулар, олардың таралу жолдары мен тәсілдері туралы ұғым. Дезинфекциялау, химиялық дезинфекцияны жүргізу үшін пайдаланылатын әдістер, жаңа құралдар. Дезинсекциялау, дератизациялау, терминдер мен анықтамалар. Аса қауіпті инфекциялар анықталған жағдайдағы персоналдың әрекеті. Жұмыскерлерді міндетті түрде медициналық қарап тексеру, жеке гигиена қағидалары, еңбек жағдайлары.

3

26.

Кір жуу орындарын (өндірістік үй-жайлар, тұрмыстық үй-жайлар, үй-жайларды ішкі әрлеу, санитариялық-техникалық жабдықтау) жайластыруға және жабдықтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар. Кір жуу орындарын пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар. Инфекциялық аурулар, олардың таралу жолдары мен тәсілдері туралы ұғым. Ауа-тамшы, ішек, паразиттік, жұқпалы тері инфекциялары және трансмиссивті жолмен (қан арқылы) берілетін инфекциялар, аса қауіпті инфекциялар. Дезинфекция, оның әдістері. Кір жуу орындарында қолданылатын дезинфекциялау әдістері. Дезинсекциялау, дератизациялау, терминдер мен анықтамалар. Жұмыскерлерді міндетті медициналық қарап тексеру, жеке гигиена қағидалары, еңбек жағдайлары.

3

27.

Жүзу бассейіндерін пайдалану режимдеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар. Зарарсыздандыру әдістері, үй-жайларды және ванналарды жинауға және дезинфекциялауға қойылатын талаптар. Жүзу бассейндердегі судың сапасына қойылатын талаптар. Инфекциялық аурулар, олардың таралу жолдары мен тәсілдері туралы ұғым. Ауа-тамшы, ішек, жұқпалы тері және паразиттік инфекциялар, трансмиссивті жолмен берілетін инфекциялар. Дезинфекциялау, түрлері мен әдістері. Жаңа дезинфектанттар. Дератизация және дезинсекция, терминдер мен анықтамалар. Өндірістік бақылау.

3

      * АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы

      ** ЖИТС – жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады