Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 126 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 сәуірде № 10638 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № ҚР ДСМ-196/2020 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.11.2020 № ҚР ДСМ-196/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 155-бабының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндеттерін атқарушы
М. Құсайынов
      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
___________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 3 наурыз

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндеттерін атқарушының
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 126 бұйрығымен бекітілген

Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 155-бабының 10-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар жеке медициналық кітапшаларды берудің, есепке алудың және жүргізудің бірыңғай тәртібін айқындайды.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жеке медициналық кітапша – жұмысқа жіберу туралы белгі қойылып, міндетті медициналық тексеріп-қараулардың нәтижелері енгізілетін, халықтың декреттелген тобының өкіліне берілетін жеке құжат;

      2) халықтың декреттелген тобы – айналасындағы адамдарға инфекциялық және паразиттік ауруларды жұқтыру қаупі барынша жоғары қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін адамдар.

      4. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жеке медициналық кітапшаны халықтың декреттелген тобының өкілі оларды нысан бойынша өткізетін жеке және заңды тұлғалардан сатып алуды жүзеге асырады.

2. Жеке медициналық кітапшаны беру, есепке алу және жүргізу тәртібі

      5. Денсаулық сақтау субъектісінің жауапты маманы (бұдан әрі – маман) жеке медициналық кітапшаны халықтың декреттелген тобының өкіліне медициналық тексеріп-қарау және зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша береді.

      6. Жеке медициналық кітапшаны есепке алу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық тексеріп-қарауды жүзеге асырған денсаулық сақтау субъектісінің жеке медициналық кітапшаны есепке алу журналында жүргізіледі.

      7. Декреттелген топ адамдарының жеке медициналық кітапшалары жұмыс орнында сақталады.

      8. Жеке медициналық кітапшаны маман мемлекеттік немесе орыс тілдерінде толтырады.

      9. Жеке медициналық кітапшадағы иесінің фотосуреті медициналық тексеріп-қарауды жүзеге асырған денсаулық сақтау субъектісінің мөрімен бекітіледі.

      10. Жеке медициналық кітапшаның "Паспорт деректері" деген 1-бөліміне жеке медициналық кітапша иесінің жеке куәлігі немесе паспорты бойынша деректері, оның жеке қолы, жеке медициналық кітапшаның сериясы мен нөмірі енгізіледі.

      11. Жеке медициналық кітапшаның "Жеке медициналық кітапша иесі туралы мәліметтер" деген 2-бөліміне жеке медициналық кітапша иесінің кәсібі және лауазымы, жұмыс орны, туған күні, айы, жылы, тұрғылықты мекенжайы туралы мәліметтер енгізіледі.

      12. Жеке медициналық кітапшаның "Бұрын ауырған инфекциялық аурулары" деген 3-бөліміне маман бұрын ауырған инфекциялық ауруларын енгізеді.

      13. "Медициналық тексеріп-қарау нәтижесі, терапевт" деген 4-бөлімге жеке медициналық кітапшаның иесін медициналық тексеріп-қарау нәтижелері бойынша дәрігердің қорытындысы енгізіліп, дәрігердің қолы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) көрсетілген мөрімен бекітіледі.

      14. "Туберкулезге тексеру нәтижесі" деген 5-бөлімге жеке медициналық кітапша иесін рентгенологиялық зерттеу нәтижесі енгізіліп, рентген суреті және медициналық тексеріп-қарауды жүргізген медициналық ұйым дәрігерінің немесе денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген жағдайы және тәртібінде жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаның Т.А.Ә. көрсетіліп, оның қолымен және мөрімен бекітілетін қорытындысы қоса салынады.

      15. "Жыныстық ауруларға медициналық тексеріп-қарау және зертханалық зерттеудің нәтижесі" деген 6-бөлімге жеке медициналық кітапша иесін зертханалық зерттеу нәтижелері және медициналық тексеріп-қарауды жүргізген мемлекеттік (жеке) медициналық ұйымның тиісті дәрігерінің немесе Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында көрсетілген тәртіпте және шарттарда жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіліп, оның қолымен және мөрімен бекітілетін қорытындысы енгізіледі.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 12.04.2018 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15-1. Жеке медициналық кітапшаның "Профилактикалық екпелер туралы мәліметтер" деген 7-бөліміне жеке медициналық кітапша иесіне жүргізілген екпелері туралы мәліметтер енгізіледі.

      Ескерту. 2-тарау 15-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 12.04.2018 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. "Патогенді стафилококты тасымалдауды зерттеу нәтижесі" деген 8-бөлімге, "Гельминт жұмыртқаларына зерттеу нәтижесі" деген 9-бөлімге, "Бактериологиялық зерттеу нәтижесі" деген 10-бөлімге және "Вирус гепатиттердің маркерлеріне, АИТВ зерттеу нәтижесі" деген 11-бөлімге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымның немесе мемлекеттік (жеке) медициналық ұйым маманының, жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаның Т.А.Ә. көрсетіле отырып және зертханалық зерттеу жүргізген ұйымның (аккредитациадан өткен зертхананың) мөрі қойылып, жеке медициналық кітапша иесінің зертханалық зерттеулер нәтижелері енгізіледі.

      17. "Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерін және гигиеналық нормативтерді білуін аттестаттау туралы белгі" деген 12-бөлімге оқыту және аттестаттау туралы тиісті белгі енгізіліп, Т.А.Ә. көрсетіле отырып басшының қолымен және оқыту мен аттестаттауды өткізген ұйымның мөрімен бекітіледі.

      18. "Жұмыс істеуге рұқсат беру" деген 13-бөлімде күні көрсетілген жұмысқа рұқсат беру мерзімі, маманның Т.А.Ә. мен қолы және денсаулық сақтау субъектісінің мөрі көрсетіледі.

      19. Дұрыс емес немесе нақты емес мәліметтердің жазылғаны анықталған жағдайда түзетулерді тиісті жазбаны енгізген маман жүргізеді.

      Жеке медициналық кітапшадағы түзетілген мәліметтер маманның қолымен және денсаулық сақтау субъектісінің мөрімен куәландырылады.

  Жеке медициналық кітапшаларды
беру, есепке алу және жүргізу
қағидаларына 1-қосымша

      Нысан

Халықтың декреттелген тобына арналған
жеке медициналық кітапша

      1. Паспорт деректері

      Паспортные данные

Фотосурет

Орны

Место

фотографии

      М.О.

      М.П.

      1) Тегі _______________________________________________________

      Фамилия

      2) Аты ________________________________________________________

      Имя

      3) Әкесінің аты (бар болса) ___________________________________

      Отчество (при наличии)

      4) ____________________ № __________________

      сериясы/серия нөмірі/номер

      5) Кітапша иесінің жеке қолы __________________________________

      Личная подпись владельца

      6) Жеке медициналық кітапшаның сериясы № ______________________

      Серия личной медицинской книжки

      жеке медициналық кітапша

      личная медицинская книжка

      2. Жеке медициналық кітапшаның иесі туралы мәліметтер

      Сведения о владельце личной медицинской книжки

      1) Негізгі кәсібі _____________________________________________

      Основная профессия

      2) Лауазымы ___________________________________________________

      Должность

      3) Жұмыс орны _________________________________________________

      Место работы

      4) Туған жылы, айы, күні ______________________________________

      Дата рождения

      5) Тұратын жері _______________________________________________

      Место жительства

      жеке медициналық кітапша

      личная медицинская книжка

      3. Бұрын ауырған инфекциялық аурулары туралы деректер

      Данные о перенесенных инфекционных заболеваниях

      Бұрын ауырған инфекциялық аурулар ____________________________

      Ранее перенесенные инфекционные заболевания

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      жеке медициналық кітапша

      личная медицинская книжка

      4. Медициналық тексеріп-қарау нәтижесі, терапевт

      Результат медицинского осмотра, терапевт

Күні

Дата

Дәрігердің қортындысы

Заключение врача

Дәрігердің Т.А.Ә., қолы және медициналық тексеріп-қарауды жүргізген ұйымның мөрі

Ф.И.О., подпись и печать организации, проводившего медицинский осмотр







      жеке медициналық кітапша

      личная медицинская книжка

      5. Туберкулезге тексеру нәтижесі

      Результат обследования на туберкулез

Күні

Дата

Зертханалық зерттеулер және медициналық тексеріп-қарау нәтижесі бойынша дәрігердің қорытындысы

Заключение врача по результатам лабораторных исследований и медицинского осмотра

Медициналық тексеріп-қарауды жүргізген дәрігердің Т.А.Ә., қолы және мөрі

Ф.И.О., подпись и печать врача, проводившего медицинский осмотр







      жеке медициналық кітапша

      личная медицинская книжка

      6. Жыныстық ауруларға медициналық тексеріп-қарау және зертханалық зерттеудің нәтижесі

      Результат медицинского осмотра и лабораторного исследования на венерические заболевания

Күні

Дата

Зертханалық зерттеулер және медициналық тексеріп-қарау нәтижесі бойынша дәрігердің қорытындысы

Заключение врача по результатам лабораторных исследований и медицинского осмотра

Медициналық тексеріп-қарауды жүргізген дәрігердің Т.А.Ә., қолы және мөрі

Ф.И.О., подпись и печать врача, проводившего медицинский осмотр







      жеке медициналық кітапша

      личная медицинская книжка

      7. Гинекологиялық тексеріп-қарау нәтижесі

      Результат гинекологического осмотра

Күні

Дата

Зертханалық зерттеулер және медициналық тексеріп-қарау нәтижесі бойынша дәрігердің қорытындысы

Заключение врача по результатам лабораторных исследований и медицинского осмотра

Медициналық тексеріп-қарауды жүргізген дәрігердің Т.А.Ә, қолы және мөрі

Ф.И.О., подпись и печать врача, проводившего медицинский осмотр







      жеке медициналық кітапша

      личная медицинская книжка

      8. Патогенді стафилококты тасымалдауға зерттеу нәтижесі

      Результат исследования на носительство патогенного стафилококка

Күні

Дата

Дәрігердің қорытындысы

Заключение врача

Тексеруді жүргізген дәрігердің Т.А.Ә., қолы және ұйымның мөрі

Ф.И.О., подпись врача, проводившего обследование и печать организации







      жеке медициналық кітапшасы

      личная медицинская книжка

      9. Гельминт жұмыртқаларына зерттеу нәтижесі

      Результат исследования на яйца гельминтов

Күні

Дата

Дәрігердің қорытындысы

Заключение врача

Тексеруді жүргізген дәрігердің Т.А.Ә., қолы және ұйымның мөрі

Ф.И.О., подпись врача, проводившего обследование и печать организации







      жеке медициналық кітапша

      личная медицинская книжка

      10. Бактериологиялық зерттеу нәтижесі

      Результат бактериологического исследования

Күні

Дата

Дәрігердің қорытындысы

Заключение врача

Тексеруді жүргізген дәрігердің Т.А.Ә., қолы және ұйымның мөрі

Ф.И.О., подпись врача, проводившего обследование и печать организации







      жеке медициналық кітапша

      личная медицинская книжка

      11. Вирустық гепатиттер, АИТВ маркерлеріне зерттеу нәтижесі

      Результат обследования на маркеры вирусных гепатитов, ВИЧ

Күні

Дата

Дәрігердің қорытындысы

Заключение врача

Тексеруді жүргізген дәрігердің Т.А.Ә., қолы және ұйымның мөрі

Ф.И.О., подпись врача, проводившего обследование и печать организации







      жеке медициналық кітапша

      личная медицинская книжка

      12. Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және гигиеналық нормативтерді білуін аттестаттау туралы белгі

      Отметка об аттестации на знание нормативных правовых актов Республики Казахстан в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения и гигиенических нормативов

Күні

Дата

Аттестаттау туралы белгі

Отметка об аттестации

Оқыту мен аттестаттауды өткізген ұйым басшысының Т.А.Ә., қолы, мөр

Ф.И.О., подпись руководителя организации проводившего обучение и аттестацию, печать







      жеке медициналық кітапша

      личная медицинская книжка

      13. Жұмыс істеуге рұқсат беру

      Допуск к работе

Күні

Дата

Жұмыс істеуге рұқсат _____ "___" ______ жылы күні айы

Допуск к работе "___" ______ ____ дата месяц год

Денсаулық сақтау субъектілерінің жауапты маманының Т.А.Ә., қолы, мөр

Ф.И.О., подпись ответственного специалиста субъектов здравоохранения, печать







      жеке медициналық кітапша

      личная медицинская книжка

  Жеке медициналық кітапшаларды
беру, есепке алу және жүргізу
қағидаларына 2-қосымша

      Нысан

Жеке медициналық кітапшаларды есепке алу журналы

Р/с №

пп

Жеке медициналық кітапша иесінің Т.А.Ә.

Ф.И.О. владельца личной медицинской книжки

Жұмыс орны, лауазымы

Место работы, должность

Тұратын жері

Место жительства

ЖМК нөмірі

Номер ЛМК

Рұқсат туралы белгі

Отметка о допуске

1

2

3

4

5

6


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады