БҰЙЫРАМЫН:
"Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 2015 жылғы 21 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы аттестаттың нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы үздік аттестаттың нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымшаның нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес білім туралы аттестаттың нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымшалардың нысандары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жалпы орта білім туралы аттестаттың нысаны;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жалпы орта білім туралы үздік аттестаттың нысаны;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Алтын белгі жалпы орта білім туралы аттестаттың нысаны;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес жалпы орта білім туралы аттестатқа қосымшаның нысаны;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім туралы дипломның нысаны;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім туралы үздік дипломның нысаны;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес екі тілде техникалық және кәсіптік білім туралы дипломға қосымшаның нысаны;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі білім туралы дипломның нысаны;
15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі білім туралы үздік дипломның нысаны;
16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес екі тілде орта білімнен кейінгі білім туралы дипломға қосымшаның нысаны;
17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес кәсіптік даярлау туралы куәліктің нысаны;
18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы дипломның нысаны;
19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы үздік дипломның нысаны;
20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес біліктілік берілетін жоғары білім туралы дипломның нысаны;
21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес біліктілік берілетін жоғары білім туралы үздік дипломның нысаны;
22) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес магистр дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім дипломының нысаны;
23) осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес іскерлік әкімшілік жүргізу докторы дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім дипломының нысаны;
24) осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес резидентураны бітіргені туралы куәліктің нысаны;
25) осы бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес интернатураны бітіргені туралы куәліктің нысаны;
26) осы бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес клиникалық ординатураны бітіргені туралы куәліктің нысаны;
27) осы бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес үш тілде дипломға қосымшаның нысаны;
28) осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес магистр дипломына куәліктің нысаны;
29) осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілетін аттестаттың нысаны;
30) осы бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес профессор ғылыми атағы берілетін аттестаттың нысаны;
31) осы бұйрыққа 31-қосымшаға сәйкес кандидат ғылыми дәрежесі берілетін дипломның нысаны;
32) осы бұйрыққа 32-қосымшаға сәйкес кандидат ғылыми дәрежесі берілетін дипломның (қайта аттестаттау) нысаны;
33) осы бұйрыққа 33-қосымшаға сәйкес философия докторы (PhD) дәрежесі берілетін дипломның нысаны;
34) осы бұйрыққа 34-қосымшаға сәйкес бейіні бойынша доктор дәрежесі берілетін дипломның нысаны;
35) осы бұйрыққа 35-қосымшаға сәйкес білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрыққа 5-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 6-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрыққа 6-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына 7-қосымша"; |
көрсетілген бұйрыққа 7-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына 8-қосымша"; |
көрсетілген бұйрыққа 8-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына 9-қосымша"; |
көрсетілген бұйрыққа 9-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына 10-қосымша"; |
көрсетілген бұйрыққа 10-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына 11-қосымша"; |
көрсетілген бұйрыққа 11-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына 12-қосымша"; |
көрсетілген бұйрыққа 12-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына 13-қосымша"; |
көрсетілген бұйрыққа 13-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына 14-қосымша"; |
көрсетілген бұйрыққа 14-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына 15-қосымша"; |
көрсетілген бұйрыққа 15-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына 16-қосымша"; |
көрсетілген бұйрыққа 16-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына 17-қосымша"; |
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға негізгі орта білім туралы аттестат, жалпы орта білім туралы аттестат, техникалық және кәсіптік білім туралы диплом, орта білімнен кейінгі білім туралы диплом, бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы диплом, біліктілік берілетін жоғары білім туралы диплом, магистр дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом, сондай-ақ кәсіптік даярлау туралы куәлік беру үшін тиісті (емтихан, біліктілік, аттестаттау) комиссияның шешімі негіздеме болып табылады.
Интернатураны немесе резидентураны бітіргені туралы куәлікті беру үшін аттестаттау комиссиясының шешімі негіздеме болып табылады.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыға негізгі орта білім туралы аттестат беру үшін білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негіздеме болып табылады.
Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дипломын беру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының (бұдан әрі – Комитет) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беру жөніндегі бұйрығы негіздеме болып табылады.
Қауымдастырылған профессор (доцент) немесе профессор аттестатын беру үшін Комитет төрағасының қауымдастырылған профессор (доцент) немесе профессор ғылыми атағын беру жөніндегі бұйрығы негіздеме болып табылады.".
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ш.Т. Каринова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Е.Сағадиев |
Негізгі орта білім туралы аттестат
Негізгі орта білім туралы |
АТТЕСТАТ |
Осы нысанды толтыру бойынша түсіндірме: арнайы мектепте, арнайы сыныптарда және инклюзивті білім беру жағдайында жалпы білім беретін мектептерде ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларға (жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар) арналған.
Негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымша
Негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымша |
Приложение к аттестату об основном среднем образовании |
Осы нысанды толтыру бойынша түсіндірме: арнайы мектепте, жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптарда ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларға (жеңіл ақыл-ой кемістігі бар) арналған.
Негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымша
Негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымша |
Приложение к аттестату об основном среднем образовании |
Осы нысанды толтыру бойынша түсіндірме: арнайы мектепте, жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптарда ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларға (орташа ақыл-ой кемістігі бар) арналған.
Негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымша
Негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымша |
Приложение к аттестату об основном среднем образовании |
Осы нысанды толтыру бойынша түсіндірме: жеке бағдарламалар бойынша инклюзивті білім беру жағдайында жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған оқу пәндерінің көлемін меңгермеген ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларға (жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар) арналған. Оқытылмаған пәндер бойынша "оқытылмады" сөзі жазылады.