"Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 210 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 мамырда № 16965 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 2015 жылғы 21 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы аттестаттың нысаны;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы үздік аттестаттың нысаны;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымшаның нысаны;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес білім туралы аттестаттың нысаны;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымшалардың нысандары;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жалпы орта білім туралы аттестаттың нысаны;

      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жалпы орта білім туралы үздік аттестаттың нысаны;

      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Алтын белгі жалпы орта білім туралы аттестаттың нысаны;

      10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес жалпы орта білім туралы аттестатқа қосымшаның нысаны;

      11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім туралы дипломның нысаны;

      12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім туралы үздік дипломның нысаны;

      13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес екі тілде техникалық және кәсіптік білім туралы дипломға қосымшаның нысаны;

      14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі білім туралы дипломның нысаны;

      15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі білім туралы үздік дипломның нысаны;

      16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес екі тілде орта білімнен кейінгі білім туралы дипломға қосымшаның нысаны;

      17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес кәсіптік даярлау туралы куәліктің нысаны;

      18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы дипломның нысаны;

      19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы үздік дипломның нысаны;

      20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес біліктілік берілетін жоғары білім туралы дипломның нысаны;

      21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес біліктілік берілетін жоғары білім туралы үздік дипломның нысаны;

      22) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес магистр дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім дипломының нысаны;

      23) осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес іскерлік әкімшілік жүргізу докторы дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім дипломының нысаны;

      24) осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес резидентураны бітіргені туралы куәліктің нысаны;

      25) осы бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес интернатураны бітіргені туралы куәліктің нысаны;

      26) осы бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес клиникалық ординатураны бітіргені туралы куәліктің нысаны;

      27) осы бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес үш тілде дипломға қосымшаның нысаны;

      28) осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес магистр дипломына куәліктің нысаны;

      29) осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілетін аттестаттың нысаны;

      30) осы бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес профессор ғылыми атағы берілетін аттестаттың нысаны;

      31) осы бұйрыққа 31-қосымшаға сәйкес кандидат ғылыми дәрежесі берілетін дипломның нысаны;

      32) осы бұйрыққа 32-қосымшаға сәйкес кандидат ғылыми дәрежесі берілетін дипломның (қайта аттестаттау) нысаны;

      33) осы бұйрыққа 33-қосымшаға сәйкес философия докторы (PhD) дәрежесі берілетін дипломның нысаны;

      34) осы бұйрыққа 34-қосымшаға сәйкес бейіні бойынша доктор дәрежесі берілетін дипломның нысаны;

      35) осы бұйрыққа 35-қосымшаға сәйкес білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрыққа 5-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 6-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 6-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына 7-қосымша";

      көрсетілген бұйрыққа 7-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына 8-қосымша";

      көрсетілген бұйрыққа 8-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына 9-қосымша";

      көрсетілген бұйрыққа 9-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына 10-қосымша";

      көрсетілген бұйрыққа 10-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  " Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына 11-қосымша";

      көрсетілген бұйрыққа 11-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  " Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына 12-қосымша";

      көрсетілген бұйрыққа 12-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  " Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына 13-қосымша";

      көрсетілген бұйрыққа 13-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  " Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына 14-қосымша";

      көрсетілген бұйрыққа 14-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  " Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына 15-қосымша";

      көрсетілген бұйрыққа 15-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  " Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына 16-қосымша";

      көрсетілген бұйрыққа 16-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  " Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына 17-қосымша";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға негізгі орта білім туралы аттестат, жалпы орта білім туралы аттестат, техникалық және кәсіптік білім туралы диплом, орта білімнен кейінгі білім туралы диплом, бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы диплом, біліктілік берілетін жоғары білім туралы диплом, магистр дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом, сондай-ақ кәсіптік даярлау туралы куәлік беру үшін тиісті (емтихан, біліктілік, аттестаттау) комиссияның шешімі негіздеме болып табылады.

      Интернатураны немесе резидентураны бітіргені туралы куәлікті беру үшін аттестаттау комиссиясының шешімі негіздеме болып табылады.

      Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыға негізгі орта білім туралы аттестат беру үшін білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негіздеме болып табылады.

      Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дипломын беру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының (бұдан әрі – Комитет) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беру жөніндегі бұйрығы негіздеме болып табылады.

      Қауымдастырылған профессор (доцент) немесе профессор аттестатын беру үшін Комитет төрағасының қауымдастырылған профессор (доцент) немесе профессор ғылыми атағын беру жөніндегі бұйрығы негіздеме болып табылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ш.Т. Каринова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е.Сағадиев

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 16 мамырдағы
№ 210 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына 5-қосымша
  Нысан

Негізгі орта білім туралы аттестат

Негізгі орта білім туралы
АТТЕСТАТ
Серия БТ № __________________
Осы аттестат ________жылы____________
(білім беру ұйымының (мектебінің)
толық атауы)_________________бітірген
____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (болған жағдайда)
______________________________берілді.
Директор _______/ __________/
Директордың орынбасары _______/ ______/
Сынып жетекшісі ________/ __________/
М.О.
Елді мекен __________________
_____ жылғы "___" _________ берілді.
Тіркеу нөмірі № ______________

АТТЕСТАТ
об основном среднем образовании
Серия БТ № __________________
Настоящий аттестат выдан_________________
фамилия, имя, отчество) (при его наличии)
________________________________
окончившему (-ей) в ______ году
__________________________
(полное наименование организации образования (школы))
Директор _________/ __________/
Заместитель директора _______/ _________/
Классный руководитель ________/ _______/
М.П.
Населенный пункт __________________
Выдан "____" _______________ года
Регистрационный номер № ___________

      Осы нысанды толтыру бойынша түсіндірме: арнайы мектепте, арнайы сыныптарда және инклюзивті білім беру жағдайында жалпы білім беретін мектептерде ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларға (жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар) арналған.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 16 мамырдағы
№ 210 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына 6-қосымша
  Нысандар

Негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымша

Негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымша
(БТ № ___ аттестатсыз жарамсыз)
__________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (болған жағдайда)
Оқыған кезінде ____________________
(білім беру ұйымының толық атауы)
бітірді және мынадай білімін көрсетті:
қазақ тілі _____________________________
Орыс тілі _____________________________
оқу және тіл дамыту _______________
математика ___________________________
информатика ________________________
айналадағы әлем _____________________
жаратылыстану _______________________
география ____________________________
Қазақстан тарихы_____________________
қоғам және құқық_____________________
тәртіп мәдениеті___________________
бейнелеу өнері _______________________
музыка ______________________________
әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау_________
жалпы еңбекке даярлау________________
кәсіби-еңбекке баулу___________________
бейімделген дене шынықтыру__________
кәсіптік еңбекке баулу ________________
Директор _______/ __________/
Директордың орынбасары _______/ ______/
Сынып жетекшісі ________/ __________/
М.О.
Елді мекен ________
____ жылғы "___" ______берілді.
Тіркеу нөмірі № ______________

Приложение к аттестату об основном среднем образовании
(без аттестата БТ № ___недействительно)
______________________________________
(фамилия, имя, отчество) (при его наличии)
за время обучения в ____________________
(полное наименование организации образования)
показал (-а) следующие знания:
казахский язык _________________________
русский язык ___________________________
чтение и развитие речи __________________
математика ____________________________
информатика __________________________
мир вокруг ____________________________
естествознание _________________________
география _____________________________
история Казахстана_____________________
общество и право_______________________
культура поведения_____________________
изобразительное искусство ______________
музыка _______________________________
социально-бытовая ориентировка_________
общетрудовая подготовка________________
профессионально-трудовое обучение______
адаптивная физическая культура __________
профессионально-трудовое обучение ______
Директор _________/ __________/
Заместитель директора _______/ _________/
Классный руководитель ________/ _______/
М.П.
Населенный пункт __________________
Выдан "____" _______________ года
Регистрационный номер № ___________

      Осы нысанды толтыру бойынша түсіндірме: арнайы мектепте, жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптарда ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларға (жеңіл ақыл-ой кемістігі бар) арналған.

Негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымша

Негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымша
(БТ № ___ аттестатсыз жарамсыз)
__________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (болған жағдайда)
____________________
(білім беру ұйымының толық атауы)
бітірді және мынадай оқу пәндері бойынша оқытылды:
оқу, жазу және тіл дамыту________________
санау ____________________________
айналадағы әлем ___________________________
адам және әлем ____________________________
тәртіп мәдениеті___________________________
бейнелеу өнері _________________________
музыка және ырғақ _________________________
әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау_____________
шаруашылық еңбек_______________________
кәсіп_____________________________
бейімделген дене шынықтыру__________________
Директор _______/ __________/
Директордың орынбасары _______/ _______/
Сынып жетекшісі ________/ __________/
М.О.
Елді мекен __________________
_____ жылғы "___" _________ берілді.
Тіркеу нөмірі № ______________

Приложение к аттестату об основном среднем образовании
(без аттестата БТ № ___недействительно)
______________________________________
(фамилия, имя, отчество) (при его наличии)
окончил (-а) __________________________
(полное наименование организации образования (школы)) и обучался по следующим учебным предметам:
чтение, письмо и развитие речи________________
счет ______________________________________
мир вокруг ______________________________
человек и мир ____________________________
культура поведения_________________________
изобразительное искусство___________________
музыка и ритмика _________________________
социально-бытовая ориентировка_______________
хозяйственный труд _____________________
ремесло _______________________
адаптивная физическая культура ____________
Директор _________/ __________/
Заместитель директора _______/ _________/
Классный руководитель ________/ _______/
М.П.
Населенный пункт __________________
Выдан "____" _______________ года
Регистрационный номер № ___________

      Осы нысанды толтыру бойынша түсіндірме: арнайы мектепте, жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптарда ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларға (орташа ақыл-ой кемістігі бар) арналған.

Негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымша

Негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымша
(БТ № ___ аттестатсыз жарамсыз)
________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (болған жағдайда)
__________________________
(білім беру ұйымының толық атауы)
бітірді және мынадай оқу пәндері бойынша оқытылды:
Қазақ тілі ______________________________
қазақ әдебиеті ___________________________
орыс тілі _______________________________
орыс әдебиеті ___________________________
ана тілі _________________________________
( ) әдебиеті _____________________________
шет тілі ________________________________
алгебра _________________________________
геометрия ______________________________
информатика ____________________________
жаратылыстану__________________________
физика _________________________________
химия __________________________________
география ______________________________
биология _______________________________
дүниежүзі тарихы _______________________
Қазақстан тарихы ________________________
құқық негіздері_______________________
өзін-өзітану ____________________________
технология және өнер_____________________
музыка _________________________________
көркем еңбек _____________________________
дене шынықтыру ________________________
таңдауы бойынша курстар ________________ факультативтік курстар бойынша бағдарламаны орындады.
Директор _______/ __________/
Директордың орынбасары _______/ ________/
Сынып жетекшісі _______/ ___________/
М.О.

Приложение к аттестату об основном среднем образовании
(без аттестата БТ № ___недействительно)
______________________________________
(фамилия, имя, отчество) (при его наличии)
окончил (-а) __________________________
(полное наименование организации образования (школы)) и обучался по следующим учебным предметам:
казахский язык ________________________
казахская литература ___________________
русский язык __________________________
русская литература ____________________
родной язык __________________________
( ) литература _________________________
иностранный язык _____________________
алгебра ______________________________
геометрия____________________________
информатика _________________________
естествознание________________________
физика_______________________________
химия_______________________________
география ____________________________
биология _____________________________
всемирная история ____________________
история Казахстана ____________________
основы права _________________________
самопознание _________________________
технология и искусство ________________
музыка ______________________________
художественный труд _________________
физическая культура ___________________
курсы по выбору ______________________
выполнил (-а) программу по факультативным курсам ________________
Директор __________/ ___________/
Заместитель директора _______/ ________/
Классный руководитель _______/ _______/
М.П.

      Осы нысанды толтыру бойынша түсіндірме: жеке бағдарламалар бойынша инклюзивті білім беру жағдайында жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған оқу пәндерінің көлемін меңгермеген ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларға (жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар) арналған. Оқытылмаған пәндер бойынша "оқытылмады" сөзі жазылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады