Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
"Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына және 13-бабы 1-тармағының 4-11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) Суды магистральдық труба құбырлары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алым мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) Суды магистральдық труба құбырлары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алым мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеу әдістемесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Суды магистральдық труба құбырлары және (немесе) арналар арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алым мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 23 наурыздағы № 93-НҚ бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3536 болып тіркелген);
2) "Суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алым мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 23 наурыздағы № 93-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2010 жылғы 28 сәуірдегі №127-НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6264 болып тіркелген, 2011 жылғы 31 наурыздағы № 116-119 (26521) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне бұйрықтың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Т. Сүлейменов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
_____________ Ө. Шөкеев
2018 жылғы 17 мамыр
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 176 бұйрығына 1-қосымша |
Суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициенттерін бекітудің тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) құзыретті орган – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті;
2) мерзімі өткен кредиттік берешек – тұтынушының су жүргізу ұйымының алдындағы белгіленген мерзімде атқарылмаған қаржылық міндеттемелерінің, ақшалай қарыздарының сомасы;
3) өтеу кестесі – тұтынушының және су жүргізу ұйымы басшысының қолдарымен расталған, тұтынушының су жүргізу ұйымының алдындағы мерзімі өткен кредиттік берешегін өтеу кестесі;
4) өтінім – су жүргізу ұйымының не тұтынушының уәкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық бөлімшесіне суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтердің тарифіне (бағасына, алым мөлшерлемесіне) уақытша төмендету коэффициенттерін оның жоспарланған деңгейін көрсете отырып бекітуге (еркін нысандағы) жазбаша өтініші;
5) өтініш беруші – су жүргізу ұйымы, тұтынушы;
6) салалық мемлекеттік орган – уәкілетті және құзыретті органдарды қоспағанда тұтынушы қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;
7) су жүргізу ұйымы – суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөнінде қызмет көрсететін табиғи монополия субъектісі;
8) тұтынушы – табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланатын немесе пайдалануға ниеті бар жеке немесе заңды тұлға;
9) уәкілетті органның ведомствосы – табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы.
Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер қолданыстағы Заңға және 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес қолданылады.
2-тарау. Суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициенттерін бекітудің қағидаттары
3. Уақытша төмендету коэффициенттерін, оны мемлекет, су жүргізу ұйымы мен тұтынушы үшін қолданудың экономикалық тиімділігі мен мақсаттылығын есептеудің негізінде өтініш берушінің берген өтінімі бойынша уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі бекітеді.
Уақытша төмендету коэффициенттерін бекітудің экономикалық тиімділігі суды магистралдық және (немесе) арналар арқылы беру жөнінде су жүргізу ұйымы көрсететін қызметтердің көлемін арттырумен, оның ішінде су жүргізу ұйымының іске қосылмаған өндірістік қуаттарын пайдалану мүмкіндігімен айқындалады.
4. Уақытша төмендету коэффициенттері өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтерді тұтыну көлемдерін арттырған кезде, егер өтінімде көрсетілген жоспарланған жылдық көлем мыналардан:
1) өткен жылдың осындай кезеңінде суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтерді осы тұтынушының тұтыну іс жүзіндегі көлемінен;
2) көрсетілген қызметтерді су жүргізу ұйымының қолданыстағы тарифінде (бағасында, алым мөлшерлемесінде) көзделген осы тұтынушының тұтыну көлемінен асып түскен жағдайда бекітіледі.
5. Су жүргізу ұйымының уақытша төмендету коэффициенттерін қолдану кезінде алған табысы тұтынушыға суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге қажетті шығындарды жабуды қамтамасыз етеді.
6. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушы үшін уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ағымдағы міндеттемелерді 100 (бір жүз) пайыз төлеген, су жүргізу ұйымының алдында мерзімі өткен кредиторлық берешегі болмаған жағдайда және кредиттік берешекті өтеу кестесіне сәйкес өтеген жағдайда жүргізіледі.
7. Уақытша төмендету коэффициенттері белгілі бір, бірақ күнтізбелік 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңге бекітіледі және олар бекітілгеннен кейінгі айдың бірінші күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
8. Су жүргізу ұйымы су жүргізу ұйымы мен тұтынушының арасында жасалған шартқа өзгерістің және (немесе) толықтырудың негізінде уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі бекіткен уақытша төмендету коэффициенттерін қолданады, онда уақытша төмендету коэффициенттерінің қолданылу кезеңі және тұтынушының көрсетілетін қызметті тұтынуының іс жүзінде орындалған көлемінің тарифін (бағасын, алым мөлшерлемесін) уақыттың тиісті кезеңі үшін уақытша төмендету коэффициенттерін қолданбастан қайта есептеу түріндегі су жүргізу ұйымының реттеліп көрсетілетін қызметін тұтынудың мәлімделген көлемінің орындалмағаны үшін жауапкершілігі көзделеді.
Шартқа жоғарыда көрсетілген өзгеріс және (немесе) толықтыру уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалады.
3-тарау. Суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту тәртібі
9. Уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің өтінімі бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтердің тарифіне (бағасына, алым мөлшерлемесіне) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту үшін өтініш беруші ұсынатын негіздеуші құжаттарды қоса бере отырып жүргізіледі.
Бұл ретте, негіздеуші құжаттардың әрбір парағына су жүргізу ұйымының бірінші басшысы немесе тұтынушы, ал қаржы құжаттарына бірінші басшы мен бас бухгалтер (бар болған жағдайда) қол қояды. Факсимильді қол қоюды пайдалануға жол берілмейді.
10. Уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруді уақытша төмендету коэффициенттерін бекітуге берілген өтінім түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады және өтініш берушіні өтінімнің қарауға қабылданғаны немесе қабылдаудан бас тартылғаны туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.
11. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тиісті құжаттарды ұсынбау немесе толық емес көлемде ұсыну, сондай-ақ өтініш беруші ұсынған құжаттардың осы Қағидалардың 9-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі өтінімді қарауға қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі өтінімді қарауға қабылдаудан бас тартқан жағдайда, табиғи монополия субъектісі осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес өтінімді қайта ұсына алады.
12. Өтінімнің қарауға қабылданғаны туралы уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің хабарламасын алғаннан кейін, өтініш беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі ұсынған өтінімнің көшірмесін хабарламаны қоса бере отырып, құзыретті органға және салалық мемлекеттік органға қарау үшін жібереді.
Егер өтініш беруші тұтынушы болған жағдайда, өтінім осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде су жүргізу ұйымына да жіберіледі.
13. Уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі өтініш берушіден Заңның 14-бабының 9) тармақшасына сәйкес қосымша ақпаратты, бірақ 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын оны ұсыну мерзімдерін көрсете отырып сұрата алады.
Уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі қосымша ақпарат беру туралы сұрау салуды жіберген жағдайда, шешім қабылдау мерзімі талап етілетін ақпарат берілгенге дейін тоқтатыла тұрады.
Уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі, құзыретті орган, салалық орган, су жүргізу ұйымы және тұтынушы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпияларды құрайтын мәліметтердің жарияланбауын қамтамасыз етеді.
14. Құзыретті орган, салалық мемлекеттік орган, сондай-ақ егер өтініш беруші тұтынушы болып табылған жағдайда су жүргізу ұйымы өтініш берушіден өтінім алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық бөлімшесіне уақытша төмендету коэффициенттерін бекітудің мақсаттылығы не мақсатсыздығы туралы қорытындыны осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.
Су жүргізу ұйымы, құзыретті орган, салалық мемлекеттік орган тұтынушының өтініміне негіздей отырып, уақытша төмендету коэффициенттерін бекітудің мақсаттылығы не мақсатсыздығы туралы қорытындыға:
1) өтінімге сәйкес кезеңдер бөлінісінде тұтынылатын қызметтердің жоспарлы көлемдерін;
2) уақытша төмендету коэффициенттерінің ұсынылып отырған деңгейінің есептеу-негіздемесін;
3) түсіндірме жазбаны қоса береді.
15. Тұтынушының бастамасы бойынша немесе мемлекеттік органдардың өтініші бойынша берілген қосымша ақпарат алынған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі өтінімді қарауды бес жұмыс күніне ұзартады.
16. Уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі өтініш беруші ұсынған құжаттарға және құзыретті орган, салалық мемлекеттік орган, су жүргізу ұйымы ұсынған қорытындыларға, егер өтініш беруші тұтынушы болып табылған жағдайда, өтінім қарауға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде сараптама жүргізеді.
Уақытша төмендету коэффициенттерін есептеу осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеу әдістемесінің негізінде жүргізіледі.
17. Жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту не оны бекітуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Құзыретті органның, салалық мемлекеттік органның, су жүргізу ұйымының уақытша төмендету коэффициенттерін бекітудің мақсаттылығы туралы қорытындылары алынған жағдайда, уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту туралы шешім тұтынушының өтінімінің мерзіміне байланысты көрсетілетін қызметтердің көлемі айлар, немесе тоқсан, немесе жартыжылдық, немесе тұтас бір жыл бөлігінде көрсетіле отырып қабылданады.
Уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту туралы бұйрықтың көшірмесі тұтынушыға, су жүргізу ұйымына, құзыретті органға және салалық мемлекеттік органға, оған қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жіберіледі.
18. Уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі уақытша төмендету коэффициенттерін бекітуден мына жағдайларда:
1) құзыретті органнан, салалық мемлекеттік органнан, сондай-ақ егер өтініш беруші тұтынушы болған жағдайда су жүргізу ұйымының уақытша төмендету коэффициенттерін бекітудің мақсатсыздығы туралы бір немесе одан көп қорытындылары алынған;
2) құзыретті орган, салалық мемлекеттік орган, сондай-ақ егер өтініш беруші тұтынушы болған жағдайда су жүргізу ұйымы уақытша төмендету коэффициенттерін бекітудің мақсаттылығы не мақсатсыздығы туралы қорытындыны белгіленген мерзімдерде бермеген;
3) егер су жүргізу ұйымының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тариф (баға, алып мөлшерлемесін) бекіту кезінде уақытша төмендету коэффициенттерін алуға ниет ететін және Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес тұтынушы суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтердің тұтыну көлемін негізсіз төмендеткені анықталса;
4) өтініш беруші талап етілетін ақпаратты осы Қағидалардың 13-тармағында белгіленген мерзімде бермеген немесе оны толық көлемде бермеген жағдайда бас тартады.
Уақытша төмендету коэффициенттерін бекітуден бас тартылған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі тиісті дәлелді қорытынды шығарады, ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде тұтынушыға, су жүргізу ұйымына, құзыретті органға және салалық мемлекеттік органға жіберіледі.
19. Уақытша төмендету коэффициенттерінің қолданылуы белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін, сондай-ақ уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі су жүргізу ұйымы суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметке жаңа тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) бекіткен кезден бастап тоқтатылады.
20. Бекітілген уақытша төмендету коэффициентін белгіленген мерзім аяқталғанға дейін уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі мынадай жағдайлардың бірі болған жағдайда:
1) уақытша төмендету коэффициенттерін одан әрі қолданудың экономикалық мақсаттылығы болмаған;
2) тұтынушының су жүргізу ұйымының алдында мерзімі өткен кредиторлық берешегі туындаған немесе өтеу кестесі орындалмаған;
3) уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту туралы бұйрығында, сондай-ақ осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес жасалған шартқа өзгерісте және (немесе) толықтыруда көзделген талаптар орындалмаған;
4) осы Қағидалардың 4-тармағына тұтынушы сәйкес келмеген жағдайда алып тастайды.
21. Осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген талаптар туындаған жағдайда, су жүргізу ұйымы уәкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық бөлімшесіне және тұтынушыға уақытша төмендету коэффициенттерінің қолданылуын жою туралы ұсыныспен тиісті ақпаратты ұсынады.
Уақытша төмендету коэффициенттерін алып тастау туралы шешімді қабылдау үшін уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі су жүргізу ұйымының тиісті ақпараты келіп түскен кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде құзыретті органға, салалық мемлекеттік органға және су жүргізу ұйымына уақытша төмендету коэффициенттерін алып тастаудың мақсаттылығы не мақсатсыздығы туралы қорытындыларды жіберуге сұрау салу жолдайды, сондай-ақ тұтынушыдан ақпарат сұратады.
Құзыретті орган, салалық мемлекеттік орган және су жүргізу ұйымы 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша негіздеуші материалдарды қоса бере отырып, уақытша төмендету коэффициенттерін алып тастаудың мақсаттылығы не мақсатсыздығы туралы қорытындыларды жібереді.
22. Құзыретті орган, салалық мемлекеттік орган, су жүргізу ұйымы уақытша төмендету коэффициенттерін алып тастаудың мақсаттылығы не мақсатсыздығы туралы қорытындыларды белгіленген мерзімдерде ұсынбаған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі бекітілген уақытша төмендету коэффициенттерін алып тастау жөніндегі негіздеуші құжаттарға қолда бар қорытындыларды ескере отырып сараптама жүргізеді.
23. Уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі уақытша төмендету коэффициенттерін алып тастау туралы шешімді су жүргізу ұйымы ақпаратты енгізген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қабылдайды.
24. Уақытша төмендету коэффициенттерін алып тастау туралы шешім тұтынушыға, су жүргізу ұйымына, құзыретті органға, салалық мемлекеттік органға шешім қабылдаған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жіберіледі.
25. Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген шарттар расталмаған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі уақытша төмендету коэффициенттерінің қолданылуын жою туралы ұсынысты қабылдамайды және осындай ұсыныспен өтініш жасаған адамға осындай шешім қабылданғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жолданатын қорытынды шығарады.
Суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентін бекітуге арналған өтінім
1. Өтініш берушінің толық атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда):
______________________________________________________________
2. Қағидалардың 4-тармағына сәйкес уақытша төмендету
коэффициенттерін бекітудің негіздемесі:_______________________________________
3. Өтініш жасалған уақытша төмендету коэффициенттерінің деңгейі:
_______________________________________________________________
4. Өтініш жасалған уақытша төмендету коэффициенттерінің қолданылу кезеңі:
_______________________________________________________________
Суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентін бекіту ережесіне 2-қосымша |
Өтініш беруші суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтердің тарифіне (бағасына, алым мөлшерлемесіне) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту үшін ұсынатын құжаттар
1) суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі әрбір қызметке уақытша төмендету коэффициенттерінің деңгейі мен бекіту мерзімін көрсете отырып уақытша төмендету коэффициенттерін бекітуге арналған өтінім;
2) құрылтай құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
3) экономикалық мақсаттылығын есептеуді қоса алғанда, уақытша төмендету коэффициентін бекіту қажеттілігінің анықтама-негіздемесі және уақытша төмендету коэффициенттерін қолданудан күтілетін нәтижелерді көрсете отырып және оның сұралатын деңгейін есептеу. Экономикалық мақсаттылықты және уақытша төмендету коэффициенттерінің сұралатын деңгейін есептеу мәтіндік түрдегі түсіндірулермен қоса беріледі;
4) суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтердің тарифіне (бағасына, алым мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициенттері нәтижесінде бюджет алдында салық міндеттемелерінің сақталуы немесе артуы туралы анықтама-негіздеме.
5) өтінім берудің күнтізбелік жыл, өткен жыл үшін қаржылық есептілігі (бухгалтерлік теңгерім, табыстар мен шығындар туралы есеп, ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп, түсіндірме жазба, еңбек жөніндегі есеп), сондай-ақ өткен кезең үшін қаржылық-шаруашылық қызметті талдау (тоқсан, жартыжылдық, 9 ай, немесе жыл – өтінімнің берілген уақытына байланысты), сондай-ақ оларға мәтіндік нысанда берілген түсіндірме жазба;
6) су жүргізу ұйымының алдындағы берешектің жай-күйі (ағымдағы айдың бірінші күніне арналған өзара есеп айырысулардың салыстыру актісі, берешек болған жағдайда тұтынушы мен су жүргізу ұйымы басшысының қолдары қойылған су жүргізу ұйымы алдындағы тұтынушының берешегін өтеу кестесі);
7) суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтердің нақты (өткен төрт тоқсан және өткен күнтізбелік жыл үшін) және өтініш жасалған көлемі және төлем сомасы;
8) шығарылатын өнімнің атауы, шығындар баптары бойынша бөле отырып шығарылатын өнімнің өзіндік құны (оның ішінде су сатып алуға, суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметті төлеуге арналған шығындар).
Суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесіне 3-қосымша |
|
Нысан |
Суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициенттерін бекітудің мақсаттылығы не мақсатсыздығы туралы қорытынды
1. Тұтынушы:
_______________________________________________________________
2. Тұтынушы қызметін жүзеге асыратын сала:
_______________________________________________________________
3. Уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ұсынылып отырған
реттеліп көрсетілетін қызметтің атауы:
_______________________________________________________________
4. Ұсынылып отырған уақытша төмендету коэффициенттерінің деңгейі
(жоспарлық көлемдер және есеп негіздемелер осы Қағидалардың 14-тармағына
сәйкес қоса беріледі):
_______________________________________________________________
5. Уақытша төмендету коэффициенттерін бекітудің мақсаттылығы не
мақсатсыздығы (негіздеуші материалдар қоса беріледі):
______________________________________________________________
6. Өтінім берген тұтынушы немесе өтініш беруші үшін уақытша
төмендету коэффициентін бекітудің тиімділігін бағалау (бағалауды салалық
орган жүргізеді):
_______________________________________________________________
7. Уақытша төмендету коэффициенттерін бекітудің тұтынушы қызметін
жүзеге асыратын салаға әсерін бағалау (бағалауды салалық мемлекеттік орган
жүргізеді): ______________________________________________________________
8. Мемлекет үшін уақытша төмендету коэффициенттерін бекітудің
тиімділігін бағалау (бағалауды салалық мемлекеттік орган жүргізеді):
_______________________________________________________________
9. Уақытша төмендету коэффициенттері бекітілмеген жағдайда
салдарларды бағалау (салалық мемлекеттік орган толтырады):
_______________________________________________________________
10. Уақытша төмендету коэффициенттерін бекітудің су жүргізу
ұйымының қызметіне әсерін бағалау (құзыретті мемлекеттік орган толтырады):
_______________________________________________________________
Суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентін бекіту қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициенттерін алып тастаудың мақсаттылығы не мақсатсыздығы туралы қорытынды
1. Тұтынушы:
_______________________________________________________________
2. Тұтынушы қызметін жүзеге асыратын сала:
_______________________________________________________________
3. Уақытша төмендету коэффициенттерін алып тастау ұсынылып отырған
реттеліп көрсетілетін қызметтің атауы:
_______________________________________________________________
4. Уақытша төмендету коэффициенттерінің бекітілген деңгейі:
_______________________________________________________________
5. Уақытша төмендету коэффициенттерін алып тастаудың мақсаттылығы
не мақсатсыздығының негіздемесі (негіздеуші материалдар қоса беріледі):
_______________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 176 бұйрығына 2-қосымша |
Суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеу әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабы 1-тармағының 4-11) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Әдістеме суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеудің тетігін анықтайды.
3. Суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеуді уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі мәлімделген мерзімге жүргізеді, бірақ күнтізбелік 1 (бір) жылдан аспауға тиіс.
4. Әдістемеде мынадай ұғымдар қолданылады:
1) қызметті тұтынудың мәлімделген көлемі – тұтынушының немесе су жүргізу ұйымының уақытша төмендету коэффициентін бекітуге арналған өтінімінде көрсетілген су жүргізу ұйымы қызметінің тұтыну көлемі;
2) қызметті тұтынудың нақты көлемі – өтінім берілген кезеңге ұқсас өткен жыл кезеңіндегі су жүргізу ұйымы қызметінің тұтыну көлемі;
3) өтінім берілген кезең – тұтынушының немесе су жүргізу ұйымының өтінімінде көрсетілген уақытша төмендету коэффициентін бекіту кезеңі;
4) су жүргізу ұйымы – суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөнінде қызмет көрсететін табиғи монополия субъектісі;
5) тұтынушы – табиғи монополия және реттелетін нарық субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланатын немесе пайдалануға ниеті бар жеке немесе заңды тұлға;
6) шартты-айнымалы шығындар – қызмет тұтынудың өтінім берілген көлемінің қызметті нақты қолданумен салыстырғандағы өсімімен байланысты шығындар.
Әдістемеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер қолданыстағы Заңға және 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес қолданылады.
2-тарау. Уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеу
5. Су жүргізу ұйымының қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:
мұндағы:
Kп– қызметке уақытша төмендету коэффициенті;
Т – қызметтің бірлігіне уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тариф (баға, алым мөлшерлемесі);
Т1– қызмет тұтынудың өтінім берілген көлем бірлігіне есептік тариф (баға, алым мөлшерлемесі), ол мына формуламен анықталады:
мұндағы:
V – қызмет тұтынудың нақты көлемі;
V1 – қызмет тұтынудың өтінім берілген көлемі;
V2 – қызмет тұтынудың өтінім берілген көлемінің қызметті нақты қолданумен салыстырғандағы өсімі бірлігіне есептік тариф (баға, алым мөлшерлемесі), ол мына формуламен анықталады:
мұндағы:
П – қолданыстағы тарифтегі (бағадағы, алым мөлшерлемесіндегі) қызметтің бірлігіне шаққандағы пайда;
дельта3– шартты-айнымалы шығындар.
6. Су жүргізу ұйымының қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеудің мысалы осы Әдістемеге қосымшада келтірілген.
Суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтердің тарифтеріне уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеудің мысалы
1. Суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтердің тарифтеріне уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеуде қолданылатын шартты мәндер:
тұтынушы – "Адал су" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын;
көрсетілетін қызмет түрі – суды магистральдық құбыржолдары (немесе) арналар арқылы беру;
су жүргізу ұйымы қызметінің бірлігіне бекітілген тариф (Т) – 1 кубтық метрге (бұдан әрі – м3) 28,42 теңге;
қолданыстағы тарифтегі су жүргізу ұйымы қызметінің бірлігіне шаққандағы пайда (П) – 2,1 тенге/м3;
көрсетілетін қызметті тұтынудың мәлімделген көлемі(V1) – 49651 м3;
көрсетілетін қызметті тұтынудың нақты көлемі (V) – 45000 м3;
шартты-айнымалы шығындар (дельта3) – 32623,63 тенге.
2. Көрсетілетін қызметті тұтынудың өтінім берілген көлемінің қызметті нақты қолданумен салыстырғандағы өсімі бірлігіне есептік тариф айқындалады (3):
3. Көрсетілетін қызметті тұтынудың мәлімделген көлем бірлігіне есептік тариф айқындалады (2):
4. Көрсетілетін қызмет тарифіне уақытша төмендету коэффициентінің деңгейі айқындалады (1):