Кадрлардағы елішілік құндылық үлесін есептеу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 193 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 8 маусымда № 17021 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.04.2022 № 113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 28-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.04.2022 № 113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Кадрлардағы елішілік құндылық үлесін есептеу әдістемесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.04.2022 № 113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Б. Әлтаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
М. Әбілқасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ____________________ Ж. Қасымбек

      2018 жылғы 22 мамыр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ____________________ Қ. Бозымбаев

      2018 жылғы 25 мамыр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің төрағасы

      ____________________ Н. Айдапкелов

      2018 жылғы 23 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықта әлеуметтік
қорғау министрінің
2018 жылғы 18 мамырдағы
№ 193 бұйрығымен
бекітілген

Кадрлардағы елішілік құндылық үлесін есептеу әдістемесі

      Ескерту. Әдістеме жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.04.2022 № 113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Кадрлардағы елішілік құндылық үлесін есептеу әдістемесі (бұдан әрi – Әдiстеме) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 28-бабының 1-тармағына сәйкес әзiрлендi.

      2. Әдiстеме жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмшарт бойынша мiндеттемелерiн орындауына мониторинг жүргізуді және бақылауды жүзеге асыру мақсатында жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарда кадрлардағы елішілік құндылық үлесін есептеуге, сондай-ақ өтiнiм берушiлердiң жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсыныстарды даярлауына арналған.

      3. Кадрлардағы елішілік құндылық жұмыскерлердің әр санаты бойынша бөле отырып, келiсiмшартты орындауға жұмылдырылған персоналдың жалпы санында қазақстандық кадрлардың пайыздық қамтуылуың мәнiн айқындау негiзiнде белгiленедi.

      4. Қазақстандық кадрлардың пайыздық қамтылуы мынадай санаттар бойынша айқындалады:

      1) бiрiншi санат – басшылар мен олардың орынбасарлары;

      2) екiншi санат – құрылымдық бөлімшелердің басшылары;

      3) үшiншi санат – мамандар;

      4) төртінші санат – білікті жұмысшылар.

      Бiрiншi санатқа басшылар мен олардың орынбасарлары жатады.

      Екiншi санатқа Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде (бұдан әрі – Еңбек кодексі) белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін құрылымдық бөлімшелердің басшылары жатады.

      Үшінші санатқа Еңбек кодексіне сәйкес белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін мамандар жатады.

      Төртінші санатқа Еңбек кодексінде сәйкес белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін білікті жұмысшылар жатады.

      5. Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта үш санат бөлінісінде қазақстандық кадрлардағы елішілік құндылық бойынша міндетемелер болған жағдайда, қазақстандық кадрлардың пайыздық қамтылуы мынадай санаттар бойынша айқындалады:

      1) бiрiншi санат – басқарушы құрам;

      2) екiншi санат – жоғары және орта кәсiптiк бiлiмi бар мамандар;

      3) үшiншi санат – бiлiктi жұмысшылар.

      Бiрiншi санатқа жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оператордың ағымдағы қызметiн басқаруды жүзеге асыратын атқарушы органның құрамына кiретiн адамдар, олардың орынбасарлары, филиалдардың басшылары, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оператордың жекелеген бағыттағы қызметiн басқаруды, құрылымдық бөлiмшелердiң қызметiн үйлестiру мен бақылауды қоса жүзеге асыратын адамдар жатады.

      Екiншi санатқа жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оператордың құрылымдық бөлiмшелерiн басқаратын және жер қойнауын пайдаланушының қызмет процесiне тiкелей басшылықты жүзеге асыратын қызметкерлер, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оператордың штатында тұратын, арнайы бiлiмi және жұмыс дағдысы, тәжiрибесi бар қызметкерлер жатады.

      Үшінші санатқа Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес біліктілік талаптарына сай келетін білікті жұмысшылар жатады.

      6. Тиiстi санаттар бойынша қазақстандық кадрлардың пайыздық қамтылуын мынадай формула бойынша айқындалады:

      VKC h = ----- x 100 %, мұндағы: Vo

      - h – кадрлардағы елішілік құндылықтың үлесі;

      - VKC – тиiстi санаттағы қазақстандық кадрлардың саны;

      - Vo – келiсiмшартты орындауға жұмылдырылған тиiстi санаттағы персоналдың жалпы саны.

      Есептеу мысалы:

      Екiншi санат бойынша қазақстандық кадрлардың пайыздық қамтылуын есептеу үшiн бастапқы деректер:

      (Vo) – жер қойнауын пайдаланушының келiсiмшартты орындауға жұмылдырылған екiншi санаттағы персоналының жалпы саны 1200 адамды құрайды;

      (VKC) – тиiстi санаттағы қазақстандық кадрлардың саны 1000 адамды құрайды.

      Осы санаттағы қазақстандық кадрлардың пайыздық қамтылуы:

      1000 h = ---- x 100 % = 83 % - ды құрайды.

      1200

  Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау
министрінің 2018 жылғы
18 мамырдағы № 193
бұйрығына қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Кадрлардағы жергілікті қамтуды есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 320-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6618 болып тіркелген, 2011 жылғы 14 қаңтардағы № 9-10 (26412) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған);

      2. "Кадрлардағы жергілікті қамтудың ең аз санын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 319-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6553 болып тіркелген, 2010 жылғы 9 қарашадағы № 461-468 (26311) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған);

      3. "Кадрдағы қазақстандық үлесті есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 320-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 23 ақпандағы № 58-ө-м бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 24 сәуірде № 7599 болып тіркелген, 2012 жылғы 12 мамырдағы № 231-235 (27309) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған);

      4. "Кадрлардағы қазақстандық қамтудың ең аз санын есептеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 319-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 77-ө-м бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 9 сәуірде № 7531 болып тіркелген, 2012 жылғы 12 мамырдағы № 231- 235 (27309) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған);

      5. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 249 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 24 мамырда № 13729 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 июня № 143 (28871) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).

Об утверждении Методики расчета доли внутристрановой ценности в кадрах

Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 18 мая 2018 года № 193. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 8 июня 2018 года № 17021.

      Сноска. Заголовок - в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 04.04.2022 № 113 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 1 статьи 28 Кодекса Республики Казахстан "О недрах и недропользовании" и подпунктом 2) пункта 3 статьи 16 Закона Республики Казахстан "О государственной статистике" ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 04.04.2022 № 113 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемую Методику расчета доли внутристрановой ценности в кадрах.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 04.04.2022 № 113 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Признать утратившими силу некоторые приказы согласно приложению к настоящему приказу.

      3. Комитету труда, социальной защиты и миграции Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в порядке, установленном законодательством обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Альтаева Н.Б.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 29 июня 2018 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр труда и социальной
защиты населения
Республики Казахстан
М. Абылкасымова

      СОГЛАСОВАН
Министр по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
__________________Ж. Қасымбек
22 мая 2018 года

      СОГЛАСОВАН
Министр энергетики
Республики Казахстан
__________________К. Бозумбаев
25 мая 2018 года

      СОГЛАСОВАН
Председатель Комитета по статистике
Министерства национальной экономики
Республики Казахстан
__________________Н. Айдапкелов
23 мая 2018 года

  Утверждены
приказом Министра труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан
от 18 мая 2018 года № 193

Методика расчета доли внутристрановой ценности в кадрах

      Сноска. Методика - в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 04.04.2022 № 113 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Методика расчета доли внутристрановой ценности в кадрах (далее – Методика) разработана в соответствии с пунктом 1 статьи 28 Кодекса Республики Казахстан "О недрах и недропользовании" (далее – Кодекс).

      2. Методика предназначена для расчета доли внутристрановой ценности в кадрах в контрактах на недропользование для целей осуществления мониторинга и контроля соблюдения недропользователями обязательств по контракту, а также для подготовки заявителями конкурсных предложений на получение права недропользования.

      3. Внутристрановая ценность в кадрах устанавливается на основе определения значений процентного содержания казахстанских кадров в общей численности персонала, задействованного при исполнении контракта, с разбивкой по каждой категории работников.

      4. Процентное содержание казахстанских кадров определяется по следующим категориям:

      1) первая категория – руководители и их заместители;

      2) вторая категория – руководители структурных подразделений;

      3) третья категория – специалисты;

      4) четвертая категория – квалифицированные рабочие.

      К первой категории относятся руководители и их заместители.

      Ко второй категории относятся руководители структурных подразделений, соответствующие квалификационным требованиям, установленным в соответствии с Трудовым кодексом Республики Казахстан года (далее – Трудовой кодекс).

      К третьей категории относятся специалисты, соответствующие квалификационным требованиям, установленным в соответствии с Трудовым кодексом.

      К четвертой категории относятся квалифицированные рабочие, соответствующие квалификационным требованиям, установленным в соответствии с Трудовым кодексом.

      5. В случае наличия в контракте на недропользование, заключенном до введения в действие Кодекса, обязательств по внутристрановой ценности в кадрах в разрезе трех категорий процентное содержание казахстанских кадров определяется по следующим категориям:

      1) первая категория - руководящий состав;

      2) вторая категория - специалисты с высшим и средним профессиональным образованием;

      3) третья категория - квалифицированные рабочие.

      К первой категории относятся лица, входящие в состав исполнительного органа, осуществляющего управление текущей деятельностью недропользователя и (или) оператора, их заместители, руководители филиалов, а также лица, непосредственно осуществляющие управление отдельными направлениями деятельности недропользователя и (или) оператора, включая координацию и контроль деятельности структурных подразделений.

      Ко второй категории относятся работники, возглавляющие структурные подразделения недропользователя и (или) оператора и осуществляющие непосредственное руководство процессами деятельности недропользователя, а также работники, состоящие в штате недропользователя и (или) оператора, обладающие специальными знаниями и навыками, опытом работы.

      К третьей категории относятся квалифицированные рабочие, соответствующие квалификационным требованиям согласно Трудовому кодексу.

      6. Процентное содержание казахстанских кадров по соответствующим категориям, определяется по следующей формуле:

      VKC

      h = ----- x 100 %, где:

      Vo

      h – доля внутристрановой ценности в кадрах;

      VKC - численность казахстанских кадров соответствующей категории;

      Vo - общая численность персонала соответствующей категории, задействованного при исполнении контракта.

      Пример расчета:

      Исходные данные для расчета процентного содержания казахстанских кадров по второй категории:

      (Vo) – общая численность персонала недропользователя второй категории задействованного при исполнении контракта составляет 1200 человек; (VKC) – численность казахстанских кадров соответствующей категории составляет 1000 человек.

      Процентное содержание казахстанских кадров данной категории составляет:

      1000

      h = ----- x 100 % = 83 %.

      1200

  Приложение
к приказу Министра труда и
социальной защиты населения
Республики Казахстан
от 18 мая 2018 года № 193

Перечень утративших силу некоторых приказов

      1. Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 27 сентября 2010 года № 320-ө "Об утверждении Методики расчета местного содержания в кадрах" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6618, опубликован в газете "Казахстанская правда" от 29 ноября 2010 г., № 325 (26386).

      2. Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 27 сентября 2010 года № 319-ө "Об утверждении Правил исчисления минимального местного содержания в кадрах" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6553, опубликован в газете "Казахстанская правда" от 20 ноября 2010 г., № 316-317 (26377-26378).

      3. Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 23 февраля 2012 года № 58-ө-м "О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 27 сентября 2010 года № 320-ө "Об утверждении Методики расчета казахстанского содержания в кадрах" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7599, опубликован в газете "Казахстанская правда" от 12 мая 2012 г., № 136-137 (26955-26956).

      4. Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 7 марта 2012 года № 77-ө-м "О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 27 сентября 2010 года № 319-ө "Об утверждении Правил исчисления минимального казахстанского содержания в кадрах" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7531, опубликован в газете "Казахстанская правда" от 12 мая 2012 г., № 136-137 (26955-26956).

      5. Приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 31 марта 2016 года № 249 "О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 13729, опубликован в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 28 июня 2016 года).