Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.01.2020 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2017 жылғы 21 тамыздағы № 145/НҚ бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15805 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiнде 2017 жылғы 11 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларында:
Мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
"11-1. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімге) және әскери мақсаттағы жұмыстарға және әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге қажеттілігін қамтамасыз ететін уәкілетті органға және оның ведомстволарына, мемлекеттік тапсырыс берушілерге бағынысты ұйымдар Комиссияның қарауынсыз Тізілімге енгізілуге жатады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Комиссия осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарға сәйкессіздікті айқындаған жағдайда, оператор отандық тауар өндірушіні немесе жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушіні хаттаманы шығарған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Отандық тауар өндіруші мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық беруші хабардар етілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде операторға растайтын құжаттарды қоса бере отырып, айқындалған сәйкессіздіктердің жойылғаны туралы жазбаша түрде хабар береді.";
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
"13-1. "Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3-2) тармақшасында көзделген құзыретке сәйкес, Тізілімді мемлекеттік тапсырыс берушілердің (Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі) келісуі бойынша уәкілетті орган бекітеді.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Тізілімге өзгерістер мен толықтырулар жылына екі реттен кем емес, ағымдағы жылғы маусымда және қарашада енгізіледі".
16-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қорғаныстық тапсырыстың мәні болып табылатын Комиссия айқындайтын тауарларды (өнімді), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру үшін қажетті өндірістік үй-жайлардың, қуаттың, технологиялық жабдықтардың болуы заңды тұлға мәлімдеген көлемнен арту жағына қарай шынайы еместігі анықталған;";
17-тармақ алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдауды;
4) осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Б. Атамқұлов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
__________________
2018 жылғы 23 мамыр
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
__________________
2018 жылғы 23 мамыр