Отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2017 жылғы 21 тамыздағы № 145/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 қыркүйекте № 15805 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 32 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.01.2020 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде, қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің веб-сайтында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалғаны туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
Б. Атамқұлов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрі

      С. Жасұзақов

      _________________

      2017 жылғы 31 тамыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      Қ. Қасымов

      __________________

      2017 жылғы 29 тамыз

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2017 жылғы 21 тамыздағы
№ 145/НҚ бұйрығымен бекітілген

Отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық
берушілер тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидасы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидасы (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және отандық әскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер), қос мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнімдер) өндірушілер мен әскери мақсаттағы жұмыстарды, әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді отандық берушілердің тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Тізілім мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыс құрамына кіретін мемлекеттік тапсырыс берушілер үшін тауарлар (өнімдер) шығаратын және жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер жеткізетін әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) отандық өндірушілер және әскери мақсаттағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер туралы мәліметтерді қамтиды.

      3. Тізілім мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындаушыларын таңдауды жүзеге асыру мақсатында қалыптастырылады және жүргізіледі.

2-тарау. Отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
отандық берушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі

      4. Тізілімді қалыптастыруды және жүргізуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау жөніндегі операторлар (бұдан әрі – операторлар) жүзеге асырады.

      5. Тізілім осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

      6. Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын және осы Қағиданың 10-тармағында көзделген құжаттардың толық жиынтығын ұсынған отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер Тізілімге енгізуге жатады.

      7. Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілген отандық тауар өндірушілер мен ж жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер Тізілімге енгізуге жатпайды.

      8. Тізілімді қалыптастыру және жүргізу Тізілімге отандық өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерді енгізу және одан алып тастау, сондай-ақ уәкілетті орган шешімінің негізінде операторлардың өтініштері бойынша Тізілімде қамтылған олар туралы мәліметтерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен жүзеге асырылады.

      9. Тізілімді қалыптастыруды және жүргізуді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес заңды тұлғаның бірінші басшысы қол қойған нысан бойынша отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер берген отандық өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілердің тізіліміне қосу қосу туралы өтінімдердің (бұдан әрі – Өтінім) негізінде қызметтерінің бағыттары бойынша операторлар жүзеге асырады.

      10. Өтінімдерді отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер тиісті бағыты бойынша операторлардың атына ұсынады.

      Өтінімдерді қабылдау тиісінше ағымдағы жылғы 1 наурызға дейін және
1 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады.

      Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) салыстыру үшін құрылтай құжаттарының түпнұсқасын міндетті түрде көрсете отырып, көшермесі немесе құрылтай құжаттарының нотариуспен куәландырылған көшірмесі;

      2) заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) мемлекеттік (есепке алу) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің көшірмесі не болмаса бизнес сәйкестендіру көрсете отырып, мемлекеттік (есепке алу) тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі;

      3) салық борышының, міндетті зейнеткерлік жарналар және әлеуметтік аударымдар бойынша салықтық борышының жоқтығын куәландыратын құжат;

      4) қаржылай ауқаттылығын (меншік, борыштық қаражаты) куәландыратын құжат;

      5) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңына сәйкес міндетті түрде лицензиялауға жататын қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруға құқық беретін лицензияның және (немесе) "Е-лицензиялау" www.elicense.kz. веб-порталынан лицензияның нотариуспен куәландырылған көшірмесі;

      6) техникалық реттеу туралы заңнамаға сәйкес стандарттар (бар болған кезде);

      7) сәйкестiк сертификаты (өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға, стандарттардың ережелерiне сәйкестiгiн куәландыратын құжат) - әскери және арнайы киім үлгісін, айырым белгілері мен жеке қорғану құралдарын өндірушілер (жеңіл өнеркәсіп) үшін;

      8) тапсырыс беруші айқындаған көлемде қорғаныстық тапсырыстың мәні болып табылатын тауарларды (өнімдерді), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру үшін қажетті меншік құқығындағы өндірістік үй-жайларының, технологиялық жабдықтарының және білікті мамандардың барын куәландыратын құжат.

      Осы тармақта көзделген өтінім мен құжаттар қағаз түрінде беріледі.

      11. Өтінімді оператор құрған комиссия осы Қағидалардың осы 10-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылған жағдайда күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей қарайды.

      Комиссия құрамына уәкілетті органның, мемлекеттік тапсырыс берушілердің және операторлардың өкілдері қосылады.

      Тізілімге енгізу үшін Комиссияның шешімі негіз болып табылады.

      11-1. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімге) және әскери мақсаттағы жұмыстарға және әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге қажеттілігін қамтамасыз ететін уәкілетті органға және оның ведомстволарына, мемлекеттік тапсырыс берушілерге бағынысты ұйымдар Комиссияның қарауынсыз Тізілімге енгізілуге жатады.

      Ескерту. 2-тарау 11-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 22.05.2018 № 85/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Комиссия осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарға сәйкессіздікті айқындаған жағдайда, оператор отандық тауар өндірушіні немесе жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушіні хаттаманы шығарған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      Отандық тауар өндіруші мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық беруші хабардар етілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде операторға растайтын құжаттарды қоса бере отырып, айқындалған сәйкессіздіктердің жойылғаны туралы жазбаша түрде хабар береді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 22.05.2018 № 85/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Операторлар өтінімді қарау мерзімі аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның мекенжайына құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, қалыптастырылған Тізілімді жолдайды.

      13-1. "Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3-2) тармақшасында көзделген құзыретке сәйкес, Тізілімді мемлекеттік тапсырыс берушілердің (Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі) келісуі бойынша уәкілетті орган бекітеді.

      Ескерту. 2-тарау 13-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 22.05.2018 № 85/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Тізілімге өзгерістер мен толықтырулар жылына екі реттен кем емес, ағымдағы жылғы маусымда және қарашада енгізіледі.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 22.05.2018 № 85/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Бекітілген Тізілім, сондай-ақ оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар операторларға уәкілетті органның тиісті шешімі күшіне енген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде жеткізіледі.

      16. Тауар өндірушілер мен әскери мақсаттағы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер:

      1) қорғаныстық тапсырыстың мәні болып табылатын Комиссия айқындайтын тауарларды (өнімді), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру үшін қажетті өндірістік үй-жайлардың, қуаттың, технологиялық жабдықтардың болуы заңды тұлға мәлімдеген көлемнен арту жағына қарай шынайы еместігі анықталған;

      2) Тізілімнен алып тастау туралы заңды күшіне енген сот шешімі болған;

      3) Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз жеткізушілерінің тізіліміне енгізілген жағдайда Тізілімнен алып тастауға жатады.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 22.05.2018 № 85/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      17. Алып тасталды – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 22.05.2018 № 85/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Отандық тауар өндірушілер мен
жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді отандық берушілер
тізілімін қалыптастыру және
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілердің тізілімі

Өндірушінің/берушінің атауы

Қызмет бағыты

Тіркелген орны

Өндіріс/қызмет көрсету орны

Тізілімге енгізу туралы бұйрықтың күні мен нөмірі

Тізілімнен алып тастау туралы бұйрықтың күні мен нөмірі






















  Отандық тауар өндірушілер мен
жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді отандық берушілер
тізілімін қалыптастыру және
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
  Үлгі

Отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер тізіліміне қосу туралы
өтінім

      _______________________________________________________________ бағыты бойынша

      ("Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының

      1-тармағына сәйкес) ______________________________________________________________

                                    (заңды тұлғаның атауы)

      ________________________________________________________________ ұсынылады.

      (мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне

      сәйкес айқындалған осы бағыт бойынша операторының атауы)

      өтінім беруші туралы мәлімет:

      заңды тұлғаның толық атауы:_________________________________________________

      қызмет түрі ________________________________________________________________

      БСН ______________________________________________________________________

      Басшының Т.А.Ә. __________________________________________________________

      мекенжайы:________________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: ______________________________________________________

      Заңды тұлғаның банк деректемелері:

      ЖСК _____________________________________________________________________

      БСК ______________________________________________________________________

      Заңды тұлғаға қызмет көрсететін банктің атауы _________________________________

      Өтінімге:

      1) ________________________________________________________________________

      2) ____________________________________________________________ қоса беріледі.

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы және заңды тұлғаның сенімхат (сенімхаттың нөмірі мен күні) негізінде

                              әрекет ететін басшысының немесе өкілінің Т.А.Ә.)

      20 __ жылғы "____" ____________

      М.О. (болған кезде)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады