БҰЙЫРАМЫН:
1. "Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 326 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14966 болып тіркелген, 2017 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот-сараптама қызметiн лицензиялау жөнiндегi комиссия туралы ережеде:
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Комиссия отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі және егер оған Комиссия мүшелерінің кемінде бес мүшесі қатысқан жағдайда заңды деп есептеледі.".
2. Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және орналастыру үшін жіберілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |