Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем ұйымдарына көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 17 мамырдағы № 88 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 18 маусымда № 17087 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 71 қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 18.05.2020 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдарының тізіліміне енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес "Төлем ұйымдарын ерікті түрде қайта ұйымдастыруды (біріктіруді, қосуды, бөлуді, бөліп шығаруды, қайта құруды) жүргізуге келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. Ұйымдастыру жұмысы және бақылау басқармасы (Итимгенов А.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы, осы қаулының 1-тармағының алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 17 мамырдағы
№ 88 қаулысына
1-қосымша

"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдарының тізіліміне енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдарының тізіліміне енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: тіркеу нөмірін көрсете отырып, төлем ұйымының көрсетілетін қызметті берушіде есептік тіркеуден өткені туралы хабарлама не (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16583 тіркелген), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2018 жылғы 11 қаңтарда № 3 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдарының тізіліміне енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап (бұдан әрі – бас тарту).

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) іс-қимылының тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз: көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды ұсынуы.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы, сондай-ақ келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдауы және тіркеуі, құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығының қарауына беруі – өтініш түскен күні;

      2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының құжаттарды қарауы, бұрыштама қоюы – құжаттарды берген күні;

      3) мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты бөлімше (бұдан әрі – жауапты бөлімше) басшысының құжаттарды қарауы, орындаушыны белгілеуі және оған құжаттарды орындауға беруі – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығынан алған күні;

      осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген рәсімдер 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;

      4) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру:

      ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі белгіленген жағдайда, жауапты бөлімше орындаушысының өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды (бұдан әрі – өтінішті қараудан бас тарту) дайындауы, өтінішті қараудан бас тартуға көрсетілетін қызметті беруші басшылығының қол қоюы, өтінішті қараудан бас тартуды көрсетілетін қызметті алушыға беруі – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі белгіленген жағдайда орындаушының құжаттарды стандарттың талаптарына сәйкес келу мәніне қарауы, төлем ұйымының көрсетілетін қызметті берушіде есептік тіркеуден өткені туралы хабарламаның (бұдан әрі – хабарлама) не бас тартудың жобаларын дайындауы, құжаттарды жауапты бөлімшенің басшысына келісуге жіберуі – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;

      5) жауапты бөлімшесі басшысының құжаттарды қарауы, келісуі және хабарламаға не бас тартуға қол қоюы – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      6) жауапты бөлімше орындаушысының көрсетілетін қызметті алушыны төлем ұйымдарының тізіліміне енгізуі (хабарламаға қол қойылған кезде), көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін өтініш беру кезінде көрсетілген мекенжайға жіберуі – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті жауапты қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;

      3) жауапты бөлімшенің басшысы;

      4) жауапты бөлімшенің орындаушысы.

      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшаға сәйкес жазылған.

4-тарау. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына және (немесе) өзге мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілерге өтініш беру тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұратуын өңдеу ұзақтығы: өзара іс-әрекет жасамайды.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы алу процесін сипаттау, оның ұзақтығы: өзара іс-әрекет жасамайды.

      10. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш беру тәртібін және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау: пайдаланылмайды.

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшада берілген.

  "Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінде есептік
тіркеуден өткен төлем
ұйымдарының тізіліміне
енгізу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау



      Ескертпе:

      *рәсімдер 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады

  "Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінде есептік
тіркеуден өткен төлем
ұйымдарының тізіліміне
енгізу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы



      Ескертпе: *рәсімдер 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 17 мамырдағы
№ 88 қаулысына
2-қосымша

"Төлем ұйымдарын ерікті түрде қайта ұйымдастыруды (біріктіруді, қосуды, бөлуді, бөліп шығаруды, қайта құруды) жүргізуге келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі.

      "Төлем ұйымдарын ерікті түрде қайта ұйымдастыруды (біріктіруді, қосуды, бөлуді, бөліп шығаруды, қайта құруды) жүргізуге келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: келісу нәтижелері жөнінде қабылданған шешім туралы хабарлама не (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16583 тіркелген), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2018 жылғы 11 қаңтарда № 3 қаулысымен бекітілген "Төлем ұйымдарын ерікті түрде қайта ұйымдастыруды (біріктіруді, қосуды, бөлуді, бөліп шығаруды, қайта құруды) жүргізуге келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап (бұдан әрі – бас тарту).

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) іс-қимылының тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз: көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды ұсынуы.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы, сондай-ақ келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдауы және тіркеуі, құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығының қарауына беруі – өтініш түскен күні;

      2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының құжаттарды қарауы, бұрыштама қоюы – құжаттарды берген күні;

      3) мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты бөлімше (бұдан әрі – жауапты бөлімше) басшысының құжаттарды қарауы, орындаушыны белгілеуі және оған құжаттарды орындауға беруі – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығынан алған күні;

      осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген рәсімдер 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;

      4) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру:

      ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі белгіленген жағдайда, жауапты бөлімше орындаушысының өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды (бұдан әрі – өтінішті қараудан бас тарту) дайындауы, өтінішті қараудан бас тартуға көрсетілетін қызметті беруші басшылығының қол қоюы, өтінішті қараудан бас тартуды көрсетілетін қызметті алушыға беруі – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі белгіленген жағдайда орындаушының құжаттарды стандарттың талаптарына сәйкес келу мәніне қарауы, келісу нәтижелері жөнінде қабылданған шешім туралы хабарламаның (бұдан әрі – хабарлама) жобаларын дайындауы, құжаттарды жауапты бөлімшесінің басшысына келісуге жіберуі – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;

      5) жауапты бөлімшесі басшысының құжаттарды қарауы, келісуі және хабарламаға не бас тартуға қол қоюы – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      6) жауапты бөлімше орындаушысының көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін өтініш беру кезінде көрсетілген мекенжайға жіберуі – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті жауапты қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;

      3) жауапты бөлімшенің басшысы;

      4) жауапты бөлімшенің орындаушысы.

      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшаға сәйкес жазылған.

4-тарау. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына және (немесе) өзге мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілерге өтініш беру тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұратуын өңдеу ұзақтығы: өзара іс-әрекет жасамайды.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы алу процесін сипаттау, оның ұзақтығы: өзара іс-әрекет жасамайды.

      10. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш беру тәртібін және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау: пайдаланылмайды.

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшада берілген.

  "Төлем ұйымдарын ерікті түрде
қайта ұйымдастыруды
(біріктіруді, қосуды, бөлуді,
бөліп шығаруды, қайта құруды)
жүргізуге келісім беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау



      Ескертпе:

      *рәсімдер 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады

  "Төлем ұйымдарын ерікті түрде
қайта ұйымдастыруды
(біріктіруді, қосуды, бөлуді,
бөліп шығаруды, қайта құруды)
жүргізуге келісім беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы



      Ескертпе: *рәсімдер 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады

Об утверждении регламентов государственных услуг Национального Банка Республики Казахстан, оказываемых платежным организациям

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 17 мая 2018 года № 88. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 18 июня 2018 года № 17087. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 18 мая 2020 года № 71 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 18.05.2020 № 71 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 2) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить:

      1) регламент государственной услуги "Включение в реестр платежных организаций, прошедших учетную регистрацию в Национальном Банке Республики Казахстан" согласно приложению 1 к настоящему постановлению;

      2) регламент государственной услуги "Выдача согласия на проведение добровольной реорганизации (присоединение, слияние, разделение, выделение, преобразование) платежных организаций" согласно приложению 2 к настоящему постановлению.

      2. Управлению организационной работы и контроля (Итимгенов А.А.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом (Сарсенова Н.В.) государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего постановления направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в Юридический департамент сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 2), 3) настоящего пункта и пунктом 3 настоящего постановления.

      3. Управлению по защите прав потребителей финансовых услуг и внешних коммуникаций (Терентьев А.Л.) обеспечить в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Галиеву Д.Т.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением подпункта 1) пункта 1 настоящего постановления, который вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Национального Банка Д. Акишев

  Приложение 1
к постановлению Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 17 мая 2018 года № 88

Регламент государственной услуги "Включение в реестр платежных организаций, прошедших учетную регистрацию в Национальном Банке Республики Казахстан"

Глава 1. Общие положения

      1. Наименование услугодателя: Национальный Банк Республики Казахстан.

      Государственная услуга "Включение в реестр платежных организаций, прошедших учетную регистрацию в Национальном Банке Республики Казахстан" (далее – государственная услуга) оказывается Национальным Банком Республики Казахстан (далее – услугодатель).

      2. Форма оказания государственной услуги: бумажная.

      3. Результат оказания государственной услуги: уведомление с указанием регистрационного номера о прохождении учетной регистрации платежной организации у услугодателя либо мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги (далее – отказ), по основаниям, предусмотренным пунктом 10 стандарта государственной услуги "Включение в реестр платежных организаций, прошедших учетную регистрацию в Национальном Банке Республики Казахстан", утвержденного постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 11 января 2018 года № 3 "Об утверждении стандартов государственных услуг Национального Банка Республики Казахстан, оказываемых платежным организациям" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 16583) (далее – стандарт).

      Форма предоставления результата оказания государственной услуги: бумажная.

Глава 2. Описание порядка действий структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги

      4. Основание для начала процедуры (действия) по оказанию государственной услуги: представление услугополучателем для получения государственной услуги документов, предусмотренных пунктом 9 стандарта.

      5. Содержание каждой процедуры (действия), входящей в состав процесса оказания государственной услуги, длительность его выполнения, а также результат процедуры (действия) по оказанию государственной услуги, который служит основанием для начала выполнения следующей процедуры (действия):

      1) прием и регистрация документов, представленных услугополучателем, передача документов для рассмотрения руководителю услугодателя ответственным лицом услугодателя, уполномоченным на прием и регистрацию корреспонденции – в день поступления заявления;

      2) рассмотрение документов, наложение резолюции руководством услугодателя – в день передачи документов;

      3) рассмотрение документов, определение исполнителя, передача документов ему на исполнение руководителем подразделения, ответственного за оказание государственной услуги (далее – ответственное подразделение) – в день получения документов от руководства услугодателя;

      процедуры, предусмотренные подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта, осуществляются в течение 2 (двух) рабочих дней;

      4) проверка полноты представленных документов:

      в случае установления факта неполноты представленных документов подготовка письменного мотивированного отказа в дальнейшем рассмотрении заявления (далее – отказ в рассмотрении заявления), подписание отказа в рассмотрении заявления у руководства услугодателя, выдача отказа в рассмотрении заявления услугополучателю исполнителем ответственного подразделения – в течение 3 (трех) рабочих дней;

      в случае установления факта полноты документов, рассмотрение документов на предмет соответствия требованиям стандарта, подготовка проектов уведомления о прохождении учетной регистрации платежной организации (далее – уведомление) либо отказа, направление документов на согласование руководителю ответственного подразделения исполнителем – в течение 7 (семи) рабочих дней;

      5) рассмотрение документов, согласование и подписание уведомления либо отказа руководителем ответственного подразделения – в течение 2 (двух) рабочих дней;

      6) включение услугополучателя в реестр платежных организаций (при подписании уведомления), направление исполнителем ответственного подразделения услугополучателю результатов оказания государственной услуги по адресу, указанному при подаче заявления – в течение 1 (одного) рабочего дня.

Глава 3. Описание порядка взаимодействия структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги

      6. Перечень структурных подразделений (работников) услугодателя, которые участвуют в процессе оказания государственной услуги:

      1) ответственное лицо услугодателя, уполномоченное на прием и регистрацию корреспонденции;

      2) руководство услугодателя;

      3) руководитель ответственного подразделения;

      4) исполнитель ответственного подразделения.

      7. Описание последовательности процедур (действий) с указанием длительности каждой процедуры (действия) изложено согласно приложению 1 к настоящему регламенту государственной услуги.

Глава 4. Описание порядка взаимодействия с Государственной корпорацией "Правительство для граждан" и (или) иными услугодателями, а также порядка использования информационных систем в процессе оказания государственной услуги

      8. Описание порядка обращения в Государственную корпорацию "Правительство для граждан" и (или) к иным услугодателям, длительность обработки запроса услугополучателя: не взаимодействует.

      9. Описание процесса получения результата оказания государственной услуги через Государственную корпорацию "Правительство для граждан", его длительность: не взаимодействует.

      10. Описание порядка обращения и последовательности процедур (действий) услугодателя и услугополучателя при оказании государственной услуги через веб-портал "электронного правительства": не используется.

      11. Справочник бизнес-процессов оказания государственной услуги изложен согласно приложению 2 к настоящему регламенту государственной услуги.

  Приложение 1
к регламенту государственной услуги
"Включение в реестр платежных
организаций, прошедших
учетную регистрацию в
Национальном Банке
Республики Казахстан"

Описание последовательности процедур (действий) с указанием длительности каждой процедуры (действия)

     


      Примечание:

      *процедуры осуществляются в течение 2 (двух) рабочих дней

  Приложение 2
к регламенту государственной услуги
"Включение в реестр платежных
организаций, прошедших
учетную регистрацию в Национальном
Банке Республики Казахстан"

Справочник бизнес-процессов оказания государственной услуги

     


      Примечание:

      *процедуры осуществляются в течение 2 (двух) рабочих дней

  Приложение 2
к постановлению Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 17 мая 2018 года
№ 88

Регламент государственной услуги "Выдача согласия на проведение добровольной реорганизации (присоединение, слияние, разделение, выделение, преобразование) платежных организаций"

Глава 1. Общие положения

      1. Наименование услугодателя: Национальный Банк Республики Казахстан.

      Государственная услуга "Выдача согласия на проведение добровольной реорганизации (присоединение, слияние, разделение, выделение, преобразование) платежных организаций" (далее – государственная услуга) оказывается Национальным Банком Республики Казахстан (далее – услугодатель).

      2. Форма оказания государственной услуги: бумажная.

      3. Результат оказания государственной услуги: уведомление о принятом решении по результатам согласования, либо мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги (далее – отказ), по основаниям, предусмотренным пунктом 10 стандарта государственной услуги "Выдача согласия на проведение добровольной реорганизации (присоединение, слияние, разделение, выделение, преобразование) платежных организаций", утвержденного постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 11 января 2018 года № 3 "Об утверждении стандартов государственных услуг Национального Банка Республики Казахстан, оказываемых платежным организациям" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 16583) (далее – стандарт).

      Форма предоставления результата оказания государственной услуги: бумажная.

Глава 2. Описание порядка действий структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги

      4. Основание для начала процедуры (действия) по оказанию государственной услуги: представление услугополучателем для получения государственной услуги документов, предусмотренных пунктом 9 стандарта.

      5. Содержание каждой процедуры (действия), входящей в состав процесса оказания государственной услуги, длительность его выполнения, а также результат процедуры (действия) по оказанию государственной услуги, который служит основанием для начала выполнения следующей процедуры (действия):

      1) прием и регистрация документов, представленных услугополучателем, передача документов для рассмотрения руководителю услугодателя ответственным лицом услугодателя, уполномоченным на прием и регистрацию корреспонденции – в день поступления заявления;

      2) рассмотрение документов, наложение резолюции руководством услугодателя – в день передачи документов;

      3) рассмотрение документов, определение исполнителя, передача документов ему на исполнение руководителем подразделения, ответственного за оказание государственной услуги (далее – ответственное подразделение) – в день получения документов от руководства услугодателя;

      процедуры, предусмотренные подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта, осуществляются в течение 2 (двух) рабочих дней;

      4) проверка полноты представленных документов:

      в случае установления факта неполноты представленных документов подготовка письменного мотивированного отказа в дальнейшем рассмотрении заявления (далее – отказ в рассмотрении заявления), подписание отказа в рассмотрении заявления у руководства услугодателя, выдача отказа в рассмотрении заявления услугополучателю исполнителем ответственного подразделения – в течение 3 (трех) рабочих дней;

      в случае установления факта полноты документов, рассмотрение документов на предмет соответствия требованиям стандарта, подготовка проектов уведомления о принятом решении по результатам согласования (далее – уведомление) либо отказа, направление документов на согласование руководителю ответственного подразделения исполнителем – в течение 7 (семи) рабочих дней;

      5) рассмотрение документов, согласование и подписание уведомления либо отказа руководителем ответственного подразделения – в течение 2 (двух) рабочих дней;

      6) направление исполнителем ответственного подразделения услугополучателю результатов оказания государственной услуги по адресу, указанному при подаче заявления – в течение 1 (одного) рабочего дня.

Глава 3. Описание порядка взаимодействия структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги

      6. Перечень структурных подразделений (работников) услугодателя, которые участвуют в процессе оказания государственной услуги:

      1) ответственное лицо услугодателя, уполномоченное на прием и регистрацию корреспонденции;

      2) руководство услугодателя;

      3) руководитель ответственного подразделения;

      4) исполнитель ответственного подразделения.

      7. Описание последовательности процедур (действий) с указанием длительности каждой процедуры (действия) изложено согласно приложению 1 к настоящему регламенту государственной услуги.

Глава 4. Описание порядка взаимодействия с Государственной корпорацией "Правительство для граждан" и (или) иными услугодателями, а также порядка использования информационных систем в процессе оказания государственной услуги

      8. Описание порядка обращения в Государственную корпорацию "Правительство для граждан" и (или) к иным услугодателям, длительность обработки запроса услугополучателя: не взаимодействует.

      9. Описание процесса получения результата оказания государственной услуги через Государственную корпорацию "Правительство для граждан", его длительность: не взаимодействует.

      10. Описание порядка обращения и последовательности процедур (действий) услугодателя и услугополучателя при оказании государственной услуги через веб-портал "электронного правительства": не используется.

      11. Справочник бизнес-процессов оказания государственной услуги изложен согласно приложению 2 к настоящему регламенту государственной услуги.

  Приложение 1
к регламенту государственной услуги
"Выдача согласия на проведение
добровольной
реорганизации (присоединение,
слияние, разделение,
выделение, преобразование)
платежных организаций"

Описание последовательности процедур (действий) с указанием
длительности каждой процедуры (действия)

     


      Примечание:

      *процедуры осуществляются в течение 2 (двух) рабочих дней

  Приложение 2
к регламенту государственной услуги
"Выдача согласия на проведение
добровольной реорганизации
(присоединение,
слияние, разделение,
выделение, преобразование)
платежных организаций"

Справочник бизнес-процессов оказания государственной услуги

     


      Примечание:

      *процедуры осуществляются в течение 2 (двух) рабочих дней