Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем ұйымдарына көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 3 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 наурызда № 16583 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 71 қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 18.05.2020 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдарының тізіліміне енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес "Төлем ұйымдарын ерікті түрде қайта ұйымдастыруды (біріктіруді, қосуды, бөлуді, бөліп шығаруды, қайта құруды) жүргізуге келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Ұйымдастыру жұмысы және бақылау басқармасы (Итимгенов А.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы, осы қаулының алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 11 қаңтардағы
№ 3 қаулысына
1-қосымша

"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдарының тізіліміне енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдарының тізіліміне енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді, құжаттар топтамасын қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау және (немесе) беру бойынша қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күтпестен ұсынылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту ұсынады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – төлем ұйымының көрсетілетін қызметті берушіде есептік тіркеуден өткені туралы тіркеу нөмірін көрсете отырып хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі туралы мәліметтерді ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін.

      Көрсетілетін қызметті алушылар жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) төлем ұйымы қызметті үлгілік жарғы бойынша жүзеге асыратын жағдайды қоспағанда, жарғы;

      3) төлем ұйымының көрсетілетін төлем қызметтері бойынша ақша аударымын жүзеге асыратын тиісті банкпен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайтын құжат;

      4) төлем ұйымының мынадай көрсеткіштерді:

      қызмет стратегиясын, көрсетілетін төлем қызметтерінің жоспарланған түрлерін, оларды көрсету тәртібін;

      төлем ұйымы бағдарға алған нарық сегментін;

      маркетинг жоспарын (клиенттерді қалыптастыру), қызметтің перспективалық даму жоспарларын;

      төлем ұйымының қызметін қаржыландыру көздерін;

      ұйымдық құрылым, ішкі бақылау жүйесін және басқару құрылымын;

      мүліктің және меншікті капиталының мөлшерін сипаттаудан, болжаудан және талдаудан тұратын бизнес-жоспары;

      5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша атауы не тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатында көрсетілсе), сәйкестендіру нөмірі, өтініш беру күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша капиталдағы үлесінің мөлшері қамтылатын акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтер;

      6) өтініш берілген күннің алдындағы растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатында көрсетілсе), сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, білімі, жұмыс орнымен лауазымдарының толық тізбесі, лауазымдық (функционалдық) міндеттерінің сипаттамасы қамтылатын, атқарушы орган басшысы (мүшелері) туралы мәліметтер;

      7) төлем ұйымының басқару органы бекіткен, төлем ұйымының қызметін жүзеге асыру қағидалары.

      Төлем ұйымының қызметін жүзеге асыру қағидаларының міндетті шарттарының тізбесі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14347 тіркелген "Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 215 қаулысымен белгіленеді;

      8) тәуекелдерді басқаруға қолданылатын жүйе туралы, оның ішінде клиент ақшасының сақталуын қамтамасыз етуге қойылатын жалпы талаптар туралы мәліметтер;

      9) жоспарланған көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынуға қажетті ақпараттық және технологиялық құралдар, қауіпсіздік жүйелері, бақылау тетіктері және жүйелері туралы мәліметтер;

      10) "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын орындауды қамтамасыз ететін шаралардың сипаттамасы.

      10. Мыналар мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болады:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарда көрсетуге жататын дәйексіз мәліметтерді ұсыну;

      2) құжаттардың осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) егер төлем ұйымы атқарушы органының басшысы "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

      4) егер төлем ұйымы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап бір жыл ішінде есептік тіркеуден өту туралы өтініш бермесе;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік көрсетілетін мемлекеттік қызмет алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты негізінде көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік көрсетілетін қызмет алумен байланысты арнайы құқығынан айыру туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы.

      Есептік тіркеуден бас тартылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға күнтізбелік отыз күн ішінде есептік тіркеуге қайта өтініш беруге немесе өз атауын өзгерту не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға рұқсат етіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші қайта берілген өтінішті 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымдытұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойыншашешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шағымның шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырыпқойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы қашықтықтан қол жеткізу режимінде арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.


  "Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінде есептік
тіркеуден өткен төлем
ұйымдарының тізіліміне енгізу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі

Өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.08.2019 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      _________________________________________________________

            (төлем ұйымының атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      төлем ұйымын есептік тіркеуді және төлем ұйымын төлем ұйымдарының тізіліміне енгізуді сұрайды

      1. Төлем ұйымының орналасқан жері:_________________________________

      __________________________________________________________________

      (индексі, қаласы (облысы), ауданы, көшесі, үйінің (офисінің) нөмірі

      __________________________________________________________________

      (телефоны, факсы, электрондық поштасының мекенжайы, интернет-ресурсы

      (бар болса)

      2. Төлем ұйымын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер:

      __________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, кім берген)

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 215 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14347 болып тіркелген) бекітілген Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларының 3-тармағына сәйкес көрсету үшін жоспарланып отырған төлем қызметтерінің тізбесі:

      1) ___________________________;

      2) ___________________________;

      3)___________________________.

      4. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдарының тізіліміне енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес ұсынылатын құжаттардың тізбесі:

      1) ___________________________;

      2) ___________________________.

      Ұсынылып отырған мәліметтерді тексергенімді және олардың дәйекті әрі толық болып табылатынын растаймын.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Төлем ұйымының бірінші басшысы (ол болмаған жағдайда – оның орнындағы адам)

      _____________________________________________________

      __________________________________________________________________

                  тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

  ___________
  қолы
  "Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінде есептік
тіркеуден өткен төлем
ұйымдарының тізіліміне
енгізу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
  Нысан

Төлем ұйымының акционерлері (қатысушылары) туралы мәліметтер
(заңды тұлға үшін)
__________________________________________________________________
(төлем ұйымының атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.08.2019 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Төлем ұйымының акционері (қатысушысы) туралы мәліметтер:

      ____________________________________________________________________

                              (атауы)

      ____________________________________________________________________

                  (бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      Орналасқан жері:______________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (индексі, қаласы (облысы), ауданы, көшесі, үйдің (офистің) нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      (телефоны, факсы, электрондық поштасының мекенжайы, интернет-ресурсы

      (бар болса)

      Мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер:___________

      ____________________________________________________________________

      (құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, кім берді)

      Қазақстан Республикасының резиденті (бейрезиденті): ________________

      Қызметтің түрі:_______________________________________________

      ____________________________________________________________________

      2. Төлем ұйымының капиталындағы үлесінің мөлшері:

____________ жағдай бойынша күні


      3. Төлем ұйымы акционерінің (қатысушысының) басшысы туралы

      мәліметтер: ________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      20 __ жылғы "____" _____________

      Осы ақпаратты тексергенімді және дәйекті әрі толық болып табылатынын растаймын.

      Төлем ұйымының бірінші басшысы (ол болмаған жағдайда – оның орнындағы адам)

      ___________________________________________________

      ____________________________________________________________________

                  тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      __________

      қолы

  "Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінде есептік
тіркеуден өткен төлем
ұйымдарының тізіліміне
енгізу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
  Нысан

Төлем ұйымының акционерлері (қатысушылары) туралы мәліметтер (жеке тұлға үшін)
__________________________________________________________________
(төлем ұйымының атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.08.2019 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Төлем ұйымының акционері (қатысушысы) туралы мәліметтер: ______

      ____________________________________________________________________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      ____________________________________________________________________

                        (жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Туған күні_________________________________________________

      Азаматтығы___________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері_________________

      ____________________________________________________________________

      (құжат, нөмірі, сериясы (бар болса) және берілген күні, кім берді)

      Тұрғылықты жері________________________________________________

      (индексі, қаласы (облысы), ауданы, көшесі, үйдің (офистің) нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (телефоны, факсы, электрондық пошта мекенжайы (бар болса)

      Жұмыс орны (орналасқан жерін көрсете отырып), лауазымы____________

      ____________________________________________________________________

      2. Төлем ұйымының капиталындағы үлесінің мөлшері:

____________ жағдай бойынша
күні


      20 __ жылғы "____" _____________

      Осы ақпаратты тексергенімді және дәйекті әрі толық болып табылатынын растаймын.

      Төлем ұйымының бірінші басшысы (ол болмаған жағдайда – оның орнындағы адам)

      _____________________________________ ________________

                  тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

  __________
қолы
  "Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінде
есептік тіркеуден өткен
төлем ұйымдарының
тізіліміне енгізу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
4-қосымша
  Нысан

Төлем ұйымының атқарушы органының басшысы (мүшелері) туралы мәліметтер ________________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
________________________________________________________________________________
(лауазымы)

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.08.2019 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Жалпы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болса)

______________________________________________________________________________
(жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес, тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда – олар
қашан және қандай себептермен өзгертілді)

Жеке сәйкестендіру нөмірі

_______________________________________________________________________________

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері

_______________________________________________________________________________
(құжаттың атауы, нөмірі, сериясы (бар болса) және берілген күні, кім берді)

Тұрғылықты жері

_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
(үйдің, қызметтік телефондарының нөмірлерін, сондай-ақ электрондық пошта мекенжайын қоса алғанда, тұрғылықты жері)

Азаматтығы


      2. Білімі:

Білімі, оның ішінде жұмыс саласына сәйкес келетін кәсіби білімі

___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(оқу орнының, факультеттің немесе бөлімнің атауы мен орналасқан жері, оқыған кезеңі,
тағайындалған біліктілігі, дипломның немесе білімі туралы өзге құжаттардың деректемелері)

      3. Жұмыс орындары мен лауазымдарының толық тізбесі:

Жұмыс істеу кезеңі (ай (жыл)

Ұйымның атауы, атқарған қызметтері

Лауазымдық міндеттері





      4. Төлем ұйымында лауазымдық (функционалдық) міндеттер аясының сипаттамасы

      (лауазымдық міндеттердің тізбесі):

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      5. Өзге ақпарат:

Алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы

Иә (жоқ)
(егер болса, сот үкімінің деректемелері, 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бабы) көрсетіледі

Қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруын тоқтатуға апарған оны консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылданғанға дейін, не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы не "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен оны банкрот деп тану туралы сот шешімінің заңды күшіне енуіне дейін кемінде бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының мүшесі, бас бухгалтері болып табылса

Иә (жоқ)
(егер болса, ұйымның атауы, лауазымы, қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруын тоқтатуға апарған оны консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешімнің, не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы не "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен оны банкрот деп тану туралы сот шешімінің деректемелері көрсетіледі.

Өзге ақпарат (бар болса)


      Осы ақпаратты тексергенімді және дәйекті әрі толық болып табылатынын растаймын.

      Төлем ұйымының бірінші басшысы (ол болмаған жағдайда – оның орнындағы адам)

      _________________

      __________________________________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

  __________
қолы
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 11 қаңтардағы
№ 3 қаулысына
2-қосымша

"Төлем ұйымдарын ерікті түрде қайта ұйымдастыруды (біріктіруді, қосуды, бөлуді, бөліп шығаруды, қайта құруды) жүргізуге келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Төлем ұйымдарын ерікті түрде қайта ұйымдастыруды (біріктіруді, қосуды, бөлуді, бөліп шығаруды, қайта құруды) жүргізуге келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді, құжаттар топтамасын қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап –15 (он бес) жұмыс күні ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау және беру бойынша қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісін анықтаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – келісу нәтижесі бойынша қабылданған шешім туралы хабарлама, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кестесі - сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін.

      Көрсетілетін қызметті алушылар жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) еркін нысанда жазылған өтініш;

      2) төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешім;

      3) төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастырудың болжанатын талаптарын, нысандарын, тәртібін және мерзімдерін сипаттайтын құжаттар;

      4) төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыру салдарының қаржылық болжамы;

      5) қайта ұйымдастырылатын төлем ұйымдарының атқарушы органдарының басшылары қол қойған қосу (біріктіру) туралы шарт;

      6) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудиторлық есеп;

      7) төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған келесі үш жылға арналған бизнес-жоспар;

      8) төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған қызметті жүзеге асыру қағидалары.

      10. Мынадай:

      1) төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған атқарушы органының басшысы "Төлемдер және төлем жүйелері" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-тармағының талаптарына сәйкес келмеген;

      2) төлем ұйымдарын ерікті түрде қайта ұйымдастыру төлем қызметтерін нарығын бақылауды жүзеге асыруға кедергі келтірген, сондай-ақ төлем қызметтерін алушылардың мүдделеріне зиян келтірген;

      3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

      4) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелен түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;

      6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуына негіз болған заңды күшіне енген сот шешімінің болуы жағдайлары мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен шағымды беру күні көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымданады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу үшін қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қол жеткізуге болады.

      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады