Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.11.2018 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларын және Қалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 33 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14856 болып тіркелген, 2017 жылғы 9 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларында:
1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген, халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, кәсіпкерлік әлеуеті бар ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері, шаруа және фермер қожалықтары Бағдарламаға қатысушылар болып табылады;";
4) тармақша алып тасталсын;
3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) қаражатты игеру мерзімі – 12 ай;";
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қарыз Бағдарламаға қатысушылардың жобаларын, оның ішінде Қазақстан Республикасының қалаларында, моноқалаларында іске асырылатын және (немесе) іске асыруға жоспарланатын ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің жобаларын нысаналы мақсатпен қаржыландырумен жылдық 1%-бен 7 жылдан астам мерзімге беріледі;";
5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Кредиттер/микрокредиттерді шағын қалалардан басқа, Қазақстан Республикасының қалаларында, моноқалаларында жобаларын іске асырып жатқан немесе іске асыруды жоспарлап отырған Бағдарламаға қатысушыларға, оның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге олардың шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген жерін есепке алмай, кредиторлар береді.
6. Бағдарламаға қатысушыларға арналған кредиттер/микрокредиттер олардың "Бастау Бизнес" жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өтуі шеңберінде бизнес-жобаларды қорғағаннан кейін не бағдарламаға қатысушылардың кредит/микрокредит алуға жүгінген күнінің алдында сертификат алған күннен бастап соңғы 24 ай ішінде басқа бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаты болған кезде беріледі.
"Бастау Бизнес" жобасында оқуды аяқтағаны туралы сертификат алған (бизнес-жоспарларды қорғау кезеңіне жіберілгендер үшін) Бағдарламаға қатысушылар кредиттер/микрокредиттер алудың басым құқығына ие.
7. Кредиттер/микрокредиттер ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің және (немесе) зәкірлік кооперациялар мен ауыл шаруашылығы кооперативтеріне қатысушылардың қызметін дамыту үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасы бойынша жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ете отырып, кемінде екі жаңа тұрақты жұмыс орнын құру шартымен ұсынылады. Кредиттер/микрокредиттер ұсыну туралы келісімдерде кредитор кемінде екі жаңа тұрақты жұмыс орнын құру шарттарын белгілейді.
Кредиттер/микрокредиттер ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің қызметін кеңейту және (немесе) зәкірлік кооперациялар мен ауыл шаруашылығы кооперативтеріне қатысушылардың қызметін дамыту үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасы бойынша жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ете отырып, кемінде екі жаңа тұрақты жұмыс орнын құру шартымен ұсынылады.";
8-тармақтың 1), 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Бағдарламаның бір қатысушысын қаржыландырудың ең жоғары лимиті:
қалаларда, моноқалаларда (Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларынан басқа) –республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген 6,5 мың айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларында –республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген 8,0 мың АЕК.
Бұл ретте, Бағдарламаның бір қатысушысын қаржыландырудың ең жоғары лимиті кредиттер және (немесе) микрокредиттер және (немесе) онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың қаржы лизингінің шарттары бойынша берешекті есепке алмай есептеледі;
2) кредит/микрокредит (тер) бойынша кредиторлардың алдында Бағдарламаның бір қатысушысының негізгі борышы бойынша берешек қалдығының жалпы сомасы:
қалаларда,моноқалаларда (Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларынан басқа) 6,5 мың АЕК;
Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларында 8,0 мың АЕК.
Осы шартты ескере отырып, Бағдарламаның бір қатысушысы үшін кредиттер/микрокредиттер саны шектелмейді;
3) кредиттердің/микрокредиттердің нысаналы мақсаты – айналымдағы қаражатты инвестициялау/толықтыру.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Мына кәсіпкерлер Бағдарламаға қатысушылар бола алмайды:
1) құрылтайшылары (оның ішінде қатысушылары, акционерлері) мемлекеттік кәсіпорындар/мекемелер, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын ұйымдар, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдар;
2) "2. Терминдер және анықтамалар" деген тараудың және "4. Бағдарламаға қатысушылардың жобаларын қаржыландыру шарттары" деген тараудың талаптарына сәйкес келмейтін;
3) салықтық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және бюджетке әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі барлар.
Берешегінің жоқ екендігі Бағдарламаға қатысушы қаржыландыруға өтінім берген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей берілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген) Дербес шоттарды жүргізу ережелерінің 18-қосымшасына сәйкес берешектің жоқ екендігі мемлекеттік кірістер органдары жүргізетін есептегі берешектің жоқ (бар) туралы мәліметтерімен расталады;
4) қару (оның ішінде қару шығаруға арналған құрамдас бөліктер), құрамында есірткі бар заттарды немесе азаматтық айналымнан алынған басқа да мүлікті шығаруды немесе жеткізуді көздейтін жобаларды іске асыратындар;
5) ойын бизнесін ұйымдастыруды және (немесе) дамытуды көздейтін жобаларды іске асыратындар;
6) террористік және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған кез келген өзге де қызметпен байланысты қызметті көздейтін жобаларды іске асыратындар;
7) моторлы көлік құралдарын және өзі өсірген жүзімнен шарап өндіруді көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарлар/өнімдер шығаруды жүзеге асыратын;
8) қиыршықтас және құм карьерлерін игеру жобаларын қоспағанда, тау-кен өнеркәсібінде қызметін жүзеге асыратындар;
9) Қазақстан Республикасының Cалық Кодексінің 130-баптың 3-тармақшасына сәйкес бекітілген мониторингтеуге жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыратын;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын кәсіпкерлер;
11) жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі кредиторға кредит/микрокредит алу үшін жүгінген сәтте кемінде үш жылды құрайтын кәсіпкер.";
16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Бағдарламаға қатысушылар кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарына қатысуға жіберіледі.
17. Қаржыландыру мақсаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің қызметін кеңейту болып табылатын жобаларды қоспағанда, халықты жұмыспен қамту орталығының берген жолдамасының бар болуы Бағдарламаға қатысушының кредит/микрокредит алуы үшін міндетті шарт болып табылады. Бағдарламаға қатысушылар жолдама алу үшін мына құжаттарды ұсынады: жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі, болған жағдайда кәсіпкерлік негіздеріне оқығаны (куәлік, сертификат) туралы құжаттың көшірмесі.
Бұл ретте "Еңбек нарығы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тексерулердің нәтижелері бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтары
екі жұмыс күні ішінде Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпкерлік бастамаларды қолдау шараларына қатысу үшін жолдама береді.
Бағдарламаға қатысушылар жобаның бизнес-жоспарын әзірлейді және кредитті/микрокредитті алуға арналған өтініммен кредиторға жүгінеді, оған халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы (қаржыландыру мақсаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің қызметін кеңейту болып табылатын жобаларды қоспағанда) кәсіпкерлік негіздеріне оқыған сертификатты қоса береді.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларында:
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Кепілдік беру қағидаларында мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) банктік қарыз шарты – банк пен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит береді. Кредиттік желі ашу туралы келісім де банктік қарыз шартына жатады;
2) ЕДБ – Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;
3) жергілікті атқарушы орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
4) инвестициялық жоба – негізгі құралдарды сатып алу/салу/жаңғырту/реконструкциялау/күрделі жөндеу, биологиялық/материалдық емес активтерді сатып алу;
5) кредит/микрокредит – микроқаржы ұйымдары (МҚҰ)/екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық және қамтамасыз етілу және мақсатқа сай пайдалану шарттарында микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушыға ұсынатын қарыз қаражаты;
6) кепілдік беру – кәсіпкердерді осы Кепілдік беру қағидаларында және кепілдік шартында айқындалатын шарттарда кәсіпкердің кредит/ микрокредит бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету ретінде ішінара кепілдік беру түрінде пайдаланылатын мемлекеттік қолдау нысаны;
7) кепілдік – кәсіпкердің міндеттемелері бойынша МҚҰ/ЕДБ алдында кепілгердің субсидиарлық жауапкершілігін растайтын құжат;
8) кепілдік шарты – кепілгердің, МҚҰ/Банктің және кәсіпкердің арасында жасалған кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Бағдарламаның 2.1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша кепілдік беру туралы үшжақты жазбаша келісім;
9) кәсіпкер – шағын қалаларды қоспағанда, салалық шектеулерсіз және кәсіпкердің тіркелген орнын есепке алусыз барлық қалаларда және моноқалаларда өзінің жобаларын іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын ісін жаңа бастаған кәсіпкер;
10) кепілгер – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;
11) микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтуімен айқындалатын, микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ 2012 жылғы 26 қарашадағы "Микроқаржы ұйымдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат етілген қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;
12) микрокредит беру туралы шарт – МҚҰ мен кәсіпкердің арасында жасалған жазбаша келісім, оның шарттары бойынша МҚҰ кәсіпкерге микрокредит береді. Микрокредит беру туралы шартқа, кредиттік желі ашу туралы келісім де жатады;
13) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – микрокредит беру туралы шартты банктік қарыз шартын жасасқан кезде осындай шартпен белгіленген кредит/микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
14) портфельдік кепілдеме - банк үшін Кепілгер белгілеген лимит шеңберінде кәсіпкерлерге кепілдіктер беру нысаны;
15) уәкілетті орган – кәсіпкерлік саласында басшылық пен салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
16) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретіндегі мемлекеттік тіркеу мерзімі ЕДБ-ге /МҚҰ-ға кредит/ микрокредит алу үшін өтініш білдірген кезде үш жылдан аз уақытты құрайтын шағын кәсіпкерлік субъектісі.
5. Бағдарлама шеңберінде Кепілдік беру шағын қалаларды қоспағанда, қатысушылары салалық шектеулерсіз және кәсіпкердің тіркелген орнын есепке алмай, барлық қалаларда және моноқалаларда өзінің жобаларын іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлаған кәсіпкерлер бола алады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Кепілдіктер қалаларда және моноқалаларда жаңа микрокәсіпорындарды құруға, бар бизнесті кеңейтуге 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап МҚҰ/ЕДБ беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша ғана беріледі.";
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
"10-1. Кепілгер осы Кепілдік беру қағидаларының 5, 6, 13, 14, 15, 17 және 21-тармақтарына сәйкес портфельдік кепілдеме әдісін қолданады. МҚҰ/ЕДБ таңдауды Кепілгер дербес жүзеге асырады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Кепілдік беру жүзеге асырылатын бір кәсіпкерге МҚҰ/ЕДБ кредит/микрокредит сомасы:
қалаларда, моноқалаларда (Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларынан басқа) 6,5 мың айлық есептік көрсеткіш;
Астана, Алматы Ақтау, Атырау қалаларында – 8,0 мың айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс.
Бұл ретте, кредит/микрокредит(-тер) сомасы онымен үлестес тұлғалардың кредиті/микрокредиті(-тері) бойынша берешекті есепке алусыз бір кәсіпкер үшін есептеледі. Кредит/микрокредит теңгемен беріледі.";
16-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 25-1-тармақпен толықтырылсын:
"25-1. МҚҰ/ЕДБ портфельдік кепілдеме шеңберінде кепілдік берумен кредит беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, МҚҰ/ЕДБ қаржы агенттігіне банктік қарыз шартының көшірмелерін береді, оның негізінде Кепілгер банкке жіберілетін кепілдік шартын ресімдейді және қол қояды. МҚҰ/ЕДБ кепілдік шартына қол қояды, кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепілдік шартын Кепілгерге жібереді.";
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Кепілгер кредитті мақсатсыз пайдалану фактілерін анықтаған кезде кепілдік сомасын мақсатсыз пайдаланылған кредит сомасына тең сомаға азайту туралы шешім қабылдайды.
Кредит толығымен мақсатсыз пайдаланылған жағдайда Кепілгер кепілдік күшін жояды.".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Т. Сүлейменов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрі
_____________ М. Әбілқасымова
2018 жылғы " "