Қалаларда және моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларын және Қалаларда микроқаржы ұйымдары /екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 84 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 қарашада № 17810 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қалаларда және моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидалары;

      2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 27 қарашадағы
№ 84 бұйрығына
1-қосымша

Қалаларда және моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде әзірленді және шағын қалалардан басқа, Қазақстан Республикасының қалаларында және моноқалаларында кредиттер/микрокредиттер беру тәртібін айқындайды.

      Қағидалар шеңберінде кредит беру/микрокредит беру жұмыссыздарға, кәсіпкерлік әлеуеті бар өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шаралар ретінде пайдаланылады.

      2. Қағидаларда мынандай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "АШҚҚҚ" АҚ) – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, банк болып табылмайтын заңды тұлға;

      2) ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органы;

      3) Бағдарламаға қатысушылар – "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толмаған жұмыссыз адамдар, "Жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі №178 қаулысымен айқындалатын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, жастар, оның ішінде NEET санатындағы жастар, жас және табысы аз көпбалалы отбасылардың мүшелері, табысы аз еңбекке қабілетті мүгедектер, ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері, зәкірлі кооперацияларға қатысушыларды қоса алғанда, шаруа және фермер қожалықтары;

      4) бастапқы бизнес (стартап жобалар) – заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу/дара кәсіпкер мәртебесін ресімдеу мерзімі кредиторға кредит/микрокредит алу үшін жүгінген кезде бір жылдан аз уақытты құрайтын Бағдарламаға қатысушылардың бизнес-жобалары;

      5) бюджеттік кредит шарты – жергілікті атқарушы орган мен микрокредит беру ұйымы/"АШҚҚҚ" АҚ арасында азаматтық заңнамаға сәйкес жасалатын бюджеттік кредит беру туралы жазбаша келісім;

      6) жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      7) жұмыс істеп тұрған кәсіпкер – екінші деңгейдегі банкке (бұдан әрі – ЕДБ)/микроқаржы ұйымына (бұдан әрі – МҚҰ)/"АШҚҚҚ" АҚ/кредиттік серіктестік (бұдан әрі - КС) кредит/микрокредит алуға жүгінген кезде жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі үш жылдан асқан кәсіпкер;

      8) инвестициялар – негізгі құралдарды сатып алу/салу/ жаңғырту/реконструкциялау/күрделі жөндеу, биологиялық/материалдық емес активтерді сатып алу;

      9) кәсіпкер – шағын қалаларды қоспағанда, салалық шектеулерсіз және кәсіпкердің тіркелген орнын есепке алусыз барлық қалаларда және моноқалаларда өзінің жобаларын іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын ісін жаңа бастаған кәсіпкер, ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер және жұмыс істеп тұрған кәсіпкер.

      10) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – кәсіпкерлік саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

      11) кредит/микрокредит – ЕДБ/МҚҰ/"АШҚҚҚ" АҚ Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және мақсатқа сай пайдалану шарттарымен кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша Бағдарламаға қатысушыға беретін қарыз қаражаты;

      12) кредит/микрокредит беру туралы шарт – кредитор мен Бағдарламаға қатысушының арасында соңғысына осы Қағидаларда айқындалған мақсаттарға берілетін қарыз қаражаты есебінен кредит/микрокредит беру үшін жасалатын жазбаша келісім;

      13) кредитор – микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банктер/КС/"АШҚҚҚ" АҚ;

      14) кредиттік келісім – микрокредит беру ұйымы мен кредитор арасында азаматтық заңнамаға сәйкес жасалатын қарыз беру туралы жазбаша келісім. Кредиттік келісімнің нысанын микрокредит беру ұйымы бекітеді;

      15) қарыз – Бағдарламаға қатысушылардың жобаларын одан әрі қаржыландыру үшін кредиттік келісім негізінде МҚҰ/ЕДБ микрокредит беру ұйымы беретін ақша сомасы;

      16) микрокредит беру ұйымы – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      17) МҚҰ – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркеумен және есептік тіркеуден өтумен айқындалатын, микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат етілген қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;

      18) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі ЕДБ/"АШҚҚҚ" АҚ/МҚҰ/КС кредит/микрокредит алу үшін жүгінген сәтте кемінде үш жылды құрайтын кәсіпкер;

      19) NEET санатындағы жастар – әлеуметтік және экономикалық сипаттағы белгілі бір жағдайларға байланысты оқымайтын, жұмыс істемейтін және біліктілігін арттырмайтын жастар.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.10.2019 № 87(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – 30.09.2021 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

2-тарау. Кредиторларға қаражатты шартты түрде орналастырудың шарттары мен тетіктері

      3. Республикалық бюджет және/немесе жергілікті бюджеттер қаражатынан кредиттер/микрокредиттер шағын қалалардан басқа, моноқалаларда және қалаларда бизнес-жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларға ұсынылады.

      Уәкілетті орган және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі уәкілетті орган ЖАО-ларға Бағдарламаға қатысушылардың жобаларына кредит беру/микрокредит беру үшін қаражат бөледі. ЖАО-лар бірлесіп қаржыландыру шарттарында жергілікті бюджеттен қосымша қаражат бөледі. ЖАО мен микрокредит беру ұйымы/"АШҚҚҚ" АҚ арасында бюджеттік кредит шарты жасалады, оған сәйкес бюджет қаражатының жалпы сомасы бюджеттік кредит түрінде микрокредит беру ұйымына/"АШҚҚҚ" АҚ мынадай шарттармен:

      1) жылдық сыйақы мөлшерлемесі 0,01 %-бен қайтарымдылық, мерзімділік, ақылылық, қамтамасыз етілу және мақсатқа сай пайдалану қағидаттарымен 7 жылдан аспайтын мерзімге бөлінеді;

      2) бюджеттік кредиттің микрокредит беру ұйымы үшін нысаналы мақсаты – Қазақстан Республикасының қалаларында, моноқалаларында жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларды одан әрі қаржыландыруға арналған қаражатты ЕДБ және МҚҰ қорландыру;

      3) бюджеттік кредиттің "АШҚҚҚ" АҚ үшін нысаналы мақсаты – Қазақстан Республикасының қалаларында, моноқалаларында жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарлама шеңберіндегі бизнес-жобаларға микрокредит беру;

      4) бюджеттік кредитті игеру кезеңі микрокредит беру ұйымы мен "АШҚҚҚ" АҚ үшін 12 айды құрайды және бюджеттік кредитті ЖАО беру сәтінен бастап есептеледі;

      5) негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдік кезеңі – кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.10.2019 № 87(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Микрокредит беру ұйымы ЕДБ және МҚҰ өтінімдерінің негізінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін ЕДБ және МҚҰ тізбесін және олар бойынша орналастырылу сомасын айқындайды.

      Микрокредит беру ұйымы азаматтық заңнамаға сәйкес ЕДБ-мен және МҚҰ-мен мынадай шарттарда кредиттік келісімдер жасасады:

      1) қарыз Бағдарламаға қатысушылардың жобаларын, оның ішінде Қазақстан Республикасының қалаларында, моноқалаларында іске асырылатын және (немесе) іске асыруға жоспарланатын ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің, ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлердің, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлердің жобаларын нысаналы мақсатпен қаржыландырумен жылдық 1%-бен 7 жылдан астам мерзімге беріледі;

      2) кредит валютасы – теңге;

      3) ЕДБ және МҚҰ орналастырылған қаражатты игеру мерзімі кредиттік келісім жасалған күннен бастап 9 ай;

      4) негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдік кезеңі – кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды;

      5) ЕДБ-ге арналған қарыздар қамтамасыз етусіз беріледі. МҚҰ үшін қарыздар қаржылай тұрақты микроқаржы ұйымдарын (микрокредит беру ұйымының ішкі құжаттарына сәйкес есептелген "сенімділігі жоғары" және "сенімді" рейтингімен) қоспағанда, қамтамасыз етумен беріледі. Рейтинг деңгейі неғұрлым төмен МҚҰ қарыздары микрокредит беру ұйымының кепілзат саясатының талаптарына сай келетін қамтамасыз етумен беріледі (екінші деңгейдегі банктердің кепілдіктері, ақша, банк салымдары, жылжымайтын мүлік объектілері);

      6) ЕДБ және МҚҰ микрокредит беру ұйымының алдында орналастырылған кредит қаражатының игерілуі мен мақсатты пайдаланылуы бойынша есеп береді. ЕДБ және МҚҰ есеп беру нысаны және кезеңділігі, сондай-ақ қарыз берудің өзге де шарттары кредиттік келісімде белгіленеді;

      7) ЕДБ және МҚҰ қорландырылатын қаражатты мақсатты пайдаланбаған, толық немесе жартылай игермеген жағдайларда және/немесе кредиттік келісімде көзделген өзге де жағдайлар орын алған кезде микрокредит беру ұйымы кредиттік келісім шарттарына сәйкес ЕДБ және МҚҰ қатысты шаралар қолданады, оның ішінде кредиттік келісімді мерзімінен бұрын бұзу және (немесе) оларды одан әрі басқа ЕДБ және МҚҰ арасында қайта бөле отырып, орналастырылған қаражатты қайтарып алу мәселесіне бастамашылық жасайды. Қайтарылған, сондай-ақ ЕДБ және МҚҰ мерзімінен бұрын өтеген қаражатты қайта бөлу қайта бөлінетін қаражат бастапқыда қаражат бөлінген өңірлерде пайдаланылатын болған жағдайда микрокредит беру ұйымының шешімі негізінде ЕДБ және МҚҰ арасында жүзеге асырылады;

      8) ЕДБ және МҚҰ бөлінген қаражатты қаржы құралдарын инвестициялауға және/немесе олармен операция жасауға, сондай-ақ шетелдік валюта сатып алу үшін валюта нарығына жібермейді;

      9) Бағдарламаға қатысушылар қайтарған қарыз қаражатын кредиттік келісім бойынша ЕДБ және МҚҰ бұрын алынған кредиттерді/микрокредиттерді өтеу арқылы кредиттік келісімде айқындалған шарттармен Бағдарламаға қатысушылардың жобаларын одан әрі қаржыландыруға үш айдың ішінде жолдайды не мерзімінен бұрын микрокредит беру ұйымына қайтарады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.10.2019 № 87(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Бағдарламаға қатысушылардың жобаларын қаржыландыру шарттары

      5. Кредиттерді/микрокредиттерді шағын қалалардан басқа, Қазақстан Республикасының қалаларында, моноқалаларында жобаларын іске асырып жатқан немесе іске асыруды жоспарлап отырған Бағдарламаға қатысушыларға, оның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге олардың шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген жерін есепке алмай, кредиторлар береді.

      6. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерді қоспағанда, бағдарламаға қатысушыларға арналған кредиттер/микрокредиттер микробизнес ашу үшін олардың "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне немесе Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өтуі шеңберінде бизнес-жобаларды қорғағаннан кейін не Бағдарламаға қатысушылардың кредит/микрокредит алуға жүгінген күнінің алдында сертификат алған күннен бастап соңғы 24 ай ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаты болған кезде беріледі.

      "Бастау Бизнес" жобасында оқуды аяқтағаны туралы сертификат алған Бағдарламаға қатысушылар (бизнес-жоспарларды қорғау кезеңіне жіберілгендер үшін) кредиттер/микрокредиттер алудың басым құқығына ие.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.04.2021 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      7. Алып тасталды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.10.2019 № 87(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Кредиттер/микрокредиттер мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және мақсатқа сай пайдалану қағидаттары сақтала отырып, Бағдарламаға қатысушыларға мынадай шарттармен ұсынылады:

      1) Бағдарламаның бір қатысушысын қаржыландырудың ең жоғары лимиті:

      қалаларда, моноқалаларда (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларынан басқа) республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген 6,5 мың айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі – АЕК) дейін;

      Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген 8,0 мың АЕК дейін құрайды.

      Бұл ретте, Бағдарламаның бір қатысушысын қаржыландырудың ең жоғары лимиті кредиттер және (немесе) микрокредиттер және (немесе) онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың қаржылық лизинг шарттары бойынша берешекті есепке алмай есептеледі;

      2) Бағдарламаның бір қатысушысының кредит/микрокредит (тер) бойынша кредиторлар алдындағы негізгі борышы бойынша берешек қалдығының жалпы сомасы:

      қалаларда, моноқалаларда (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларынан басқа) 6,5 мың АЕК;

      Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында 8,0 мың АЕК құрайды.

      Осы шартты ескере отырып, Бағдарламаның бір қатысушысы үшін кредиттер/микрокредиттер саны шектелмейді;

      3) кредиттердің/микрокредиттердің нысаналы мақсаты – айналым қаражатын инвестициялау/толықтыру.

      4) кредиттердің/микрокредиттердің мерзімі:

      инвестицияларға 5 жылдан көп емес;

      айналым қаражатын толықтыруға 3 жылдан көп емес;

      5) кредит/микрокредит бойынша сыйақының номиналды мөлшерлемесі – жылдық 6% аспайды;

      6) кредиттердің/микрокредиттердің валютасы – теңге;

      7) негізгі борыш және есептелген сыйақы бойынша жеңілдік кезеңі – кредитор шешімі бойынша кредит/микрокредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды;

      8) кредиторлар Бағдарламаға қатысушының кредит/микрокредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен өндіріп алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, Бағдарламаға қатысушының кредитіне/микрокредитіне байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер өндіріп алмайды, бұл ретте "АШҚҚҚ" АҚ-ны қоспағанда, мұндай комиссиялардың, алымдардың және/немесе өзге де төлемдердің мөлшері микрокредит беру ұйымымен алдын ала жазбаша келісіледі;

      Бағдарламаға қатысушылар мүлікті бағалау және сақтандыру бойынша шығыстарды төлейді.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.10.2019 № 87(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Кредиторлар кредиттік келісім сомасының кемінде 20%-ын бастапқы бизнесті (стартап жобаны) қаржыландыруға жібереді.

      10. Кепілдік қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда Бағдарламаға қатысушылар кредит/микрокредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде микрокредит беру ұйымының кепілдігін алуға құқылы. Бұл ретте, Бағдарламаға қатысушылардың жобалары осы бұйрықпен бекітілген Қалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларының талаптарына сәйкес келуі қажет.

      11. Мына кәсіпкерлер Бағдарламаға қатысушылар бола алмайды:

      1) құрылтайшылары (оның ішінде қатысушылары, акционерлері) мемлекеттік кәсіпорындар/мекемелер, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын кәсіпкерлер, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдар;

      2) Қағидалардың 1-тарауының және 3-тарауының талаптарына сәйкес келмейтін;

      3) салықтық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегі барлар.

      Берешектің жоқ екендігі Бағдарламаға қатысушы қаржыландыруға өтінім берген күнге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей берілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген) Жеке шоттарын жүргізу қағидаларына 18-қосымшаға сәйкес есебі мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтермен расталады;

      4) қару (оның ішінде қару шығаруға арналған құрамдас бөліктер), құрамында есірткі бар заттарды немесе азаматтық айналымнан алынған басқа да мүлікті шығаруды немесе жеткізуді көздейтін жобаларды іске асыратындар;

      5) ойын бизнесін ұйымдастыруды және (немесе) дамытуды көздейтін жобаларды іске асыратындар;

      6) террористік және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған кез келген өзге де қызметпен байланысты қызметті көздейтін жобаларды іске асыратындар;

      7) моторлы көлік құралдарын және өзі өсірген жүзімнен шарап өндіруді көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарлар/өнімдер шығаруды жүзеге асыратындар;

      8) қиыршықтас және құм карьерлерін игеру жобаларын қоспағанда, тау-кен өнеркәсібінде қызметін жүзеге асыратындар;

      9) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 130-бабының 3-тармақшасына сәйкес мониторингіленуге жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне қосылған металлургия өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыратындар;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын кәсіпкерлер;

      12. Кредиторлар Бағдарламаға қатысушыларға мына мақсаттарға кредиттер/микрокредиттер бермейді:

      1) заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу;

      2) Бағдарламаға қатысушылардың бұрын жұмсалған шығындарын өтеуі, Бағдарламаға қатысушылардың жеке және/немесе заңды тұлғалардан, оның ішінде қатысушылардан, акционерлерден, лауазымды адамдардан және Бағдарламаға қатысушылардың жұмыскерлерінен қаржылай көмек алуына байланысты туындаған берешекті өтеуі;

      3) тұтынушылық кредит беру;

      4) қолданыстағы міндеттемелерді қайта қаржыландыру;

      5) Бағдарламаға қатысушы жер учаскелерінің/жылжымайтын тұрғын үй мүлкінің нысаналы бағытын кредит/микрокредит беру туралы шарт жасасқан күннен бастап бір жыл ішінде бизнес мақсаттарға өзгертетін жағдайларды қоспағанда, жылжымайтын тұрғын үйді, жер учаскелерін (нысаналы бағыты кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес) сатып алуға және салуға;

      6) Бағдарламаға қатысушылардың шаруашылық қызметтерінің шығындарын өтеу (бұл ретте қаржы нәтижесі теріс Бағдарламаға қатысушыларға кредит/микрокредит беруге рұқсат етіледі);

      7) сенім білдірілгендердің (агенттердің) көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу;

      8) Бағдарламаға қатысушылардың кредитімен/микрокредитімен байланысты комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді төлеу;

      9) бағалы қағаздарды сатып алу (портфельдік инвестициялар);

      10) үлестес/байланысты компаниялардан/тұлғалардан негізгі құралдарды, активтерді сатып алу;

      11) жалған немесе жасанды мәмілелерге ақы төлеу;

      12) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 10 ақпандағы № 52 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6058 болып тіркелген) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін Оффшорлық аймақтар тізбесінде және/немесе Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20095 болып тіркелген) бекітілген Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесінде көзделген оффшорлы аймақтарда тіркелген/ашылған контрагенттердің заңды мекенжайлары және/немесе банк шотының деректемелері туралы ақпарат бар кез келген шарттарға/келісімшарттарға/келісімдерге ақы төлеу.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.04.2021 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Бағдарламаға қатысушыларды қаржыландыру кезінде кредиторлар мынадай қосымша талаптарды сақтайды:

      1) жалпы сомасы 8 000 АЕК-тен асатын бір жобаны іске асыру үшін Бағдарламаның бірнеше үлестес қатысушыларын қаржыландыруды жүзеге асырмау. Мына өлшемшарттардың барлығына бір уақытта сәйкес келетін екі немесе одан көп жоба жиынтығы бір жоба болып саналады:

      жоба бір объектінің аумағында іске асырылады;

      жоба экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) бір кіші сыныбының шеңберінде іске асырылады;

      бір жобаны іске асыратын Бағдарламаға қатысушылар арасында қаржы ағындары бар;

      2) Бағдарламаға қатысушылар кредит/микрокредит қаражаты есебінен сатып алынған мүлікті/активтерді үшінші тұлғаларға ресімдемейді, сондай-ақ мемлекеттік меншіктегі жер учаскесіндегі құрылысты қоспағанда, үшінші тұлғаларға тиесілі жер учаскесінде объект салуды жүзеге асырмайды;

      3) Бағдарламаға қатысушы ұзақ мерзімді активті сатып алу-сату мәмілесін бұзған не кредит/микрокредит қаражатының есебінен сатып алынған ұзақ мерзімді активті иеліктен шығарған жағдайда Бағдарламаға қатысушы осындай бұзудан/иеліктен шығарудан кейін 3 жұмыс күні ішінде ЕДБ/МҚҰ/"АШҚҚҚ" АҚ жазбаша түрде хабарлайды. Аталған талап кредит/микрокредит беру туралы тиісті шартта бекітіледі. ЕДБ және МҚҰ Бағдарламаға қатысушыдан осындай хабарламаны алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде микрокредит беру ұйымының тиісті хабарламасын жолдайды. Микрокредит беру ұйымы жазбаша талабын жіберген жағдайда ЕДБ және МҚҰ, Бағдарламаға қатысушы микрокредит беру ұйымының талаптарында көрсетілген тәртіппен және мерзімде кредитті/микрокредитті мерзімінен бұрын өтейді;

      4) Бағдарламаға қатысушының контрагентпен жасасқан тиісті шартында тауарларды және/немесе жұмыстарды және/немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алудың өзге мерзімі көзделмесе, Бағдарламаға қатысушылар қаржыландырылған күннен бастап 6 айдың ішінде кредитті/микрокредитті немесе оның бір бөлігін мақсатқа сай пайдаланады;

      5) кредиттер/микрокредиттер ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге қазіргі үлестес кәсіпкерлердің қызметіне сәйкес келетін ЭҚЖЖ экономика секторларында жобаларды іске асыруға берілмейді (ЭҚЖЖ сыныбының деңгейінде);

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.10.2019 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Бағдарламаға қатысушыларды қаржыландырудың өзге де шарттары кредитордың уәкілетті органының шешімімен айқындалады.

4-тарау. Бағдарламаға қатысушыларға микрокредиттер беру тәртібі

      15. Үміткерлер тікелей не "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдары/қалалар мен қалалар құрамындағы аудандардың әкімдері арқылы кәсіпкерлік қызметке жәрдемдесу шаралары бойынша консультациялар алу үшін және Бағдарламаға қатысушыларға сәйкес келуі тұрғысынан тексеруден өту үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінеді.

      16. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер кәсіпкерлік негіздерін оқыту курстарына қатысуға жіберіледі. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер кредиттерді/микрокредиттерді кәсіпкерлік негіздерін оқыту курстарына қатыспай ала алады.

      17. Қаржыландыру мақсаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлердің қызметін кеңейту болып табылатын жобаларды қоспағанда, халықты жұмыспен қамту орталығының берген жолдамасының болуы Бағдарламаға қатысушының кредит/микрокредит алуы үшін міндетті шарт болып табылады. Бағдарламаға қатысушылар жолдама алу үшін мына құжаттарды ұсынады: жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі, болған жағдайда кәсіпкерлік негіздеріне оқығаны туралы құжаттың (куәлік, сертификат) көшірмесі.

      Бұл ретте "Еңбек нарығы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тексерулердің нәтижелері бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтары 2 жұмыс күні ішінде Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпкерлік бастамаларды қолдау шараларына қатысу үшін жолдама береді.

      Бағдарламаға қатысушылар жобаның бизнес-жоспарын әзірлейді және кредитті/микрокредитті алуға арналған өтініммен кредиторға жүгінеді, оған халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасын (қаржыландыру мақсаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің қызметін кеңейту болып табылатын жобаларды қоспағанда) және кәсіпкерлік негіздеріне оқыған сертификатты қоса береді.

      18. Кредиторлар әлеуетті бизнес-жобаға бағалау жүргізеді, қорытынды береді және кредитті/микрокредитті берудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды. Бұл ретте өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар, ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында белгіленген зейнеткерлік жасқа толмаған қысқартылатын жұмыскер кредитті/микрокредитті алуға өтініш бергенге дейін шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектісінің мәртебесіне ие болады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.09.2021 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Кредиторлар кредит/микрокредит беру туралы оң шешім қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес Бағдарламаға қатысушылармен кредит/микрокредит беру туралы шарт жасасады.

      20. ЕДБ және МҚҰ ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 20 күніне дейін берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша ақпаратты микрокредит беру ұйымына ұсынады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.10.2019 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Микрокредит беру ұйымы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25 күніне дейінгі мерзімде кәсіпкерлік және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ЖАО-ға берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша ақпарат (портал арқылы электрондық түрде/қолма-қол) береді.

      "АШҚҚҚ" АҚ ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25 күніне дейінгі мерзімде ауыл шаруашылығы/кәсіпкерлік/жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ЖАО-ға берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша ақпарат (портал арқылы электрондық түрде/қолма-қол) береді.

      Уәкілетті орган және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі уәкілетті орган халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша ақпаратты ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5 күніне қарай береді.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.04.2021 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-тарау. Кредиторларға қойылатын талаптар

      23. ЕДБ-ге қойылатын талаптар:

      2) негізгі борыш және/немесе есептелген сыйақы бойынша мерзімі 90 күннен артық кешіктірілген берешегі бар кредиттер деңгейі кредиттік келісім жасалған күні 10%-дан аспайды;

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пруденциялық және өзге де нормативтерін орындау;

      4) микрокредит беру ұйымының ішкі құжаттарына сәйкестік.

      24. МҚҰ-ға қойылатын талаптар:

      1) микроқаржы ұйымының өз капиталы Қазақстан Республикасының Ұлтты Банкі белгілеген ең аз деңгейден төмен емес;

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеудің болуы;

      3) кредитке өтінім берудің алдында кемінде 1 жыл негізгі қызметті жүзеге асыру. Бұл талап "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жергілікті атқарушы органдар құрған МҚҰ-ға қолданылмайды;

      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пруденциялық және өзге де нормативтерін орындау.

      5) микрокредит беру ұйымының ішкі құжаттарына сәйкестік.

      Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.06.2019 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

6-тарау. Мониторинг

      25. Микрокредит беру ұйымы:

      1) ЕДБ және МҚҰ қаражатты уақтылы игеруін мониторингілеуді;

      2) ЕДБ және МҚҰ қаражатты мақсатқа сай пайдалануын, сондай-ақ Бағдарламаға қатысушылардың алынған кредиттерді/микрокредиттерді мақсатқа сай пайдалануын мониторингілеуді;

      3) бұрын берілген кредиттерді/микрокредиттерді өтеуден босатылатын қаражат есебінен ЕДБ және МҚҰ Бағдарламаға қатысушыларды уақтылы қаржыландыруын мониторингілеуді жүзеге асырады.

      "АШҚҚҚ" АҚ тиімділікті (жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруды) және Бағдарламаға қатысушылардың "АШҚҚҚ" АҚ қаржыландырған алынған кредиттерді/микрокредиттерді мақсатты пайдалануын мониторингілеуді жүзеге асырады. Бұл ретте Бағдарламаға қатысушының әрбір қаржыландырылған жобасы бойынша жеке кредиттік дерекнама жүргізіледі, онда Бағдарламаға қатысушылардың қаражатты мақсатты пайдаланғанын растайтын құжаттар сақталады.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.04.2021 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. ЕДБ және МҚҰ қаражаттың игерілуі туралы есептерді ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 20 күніне дейінгі мерзімде микрокредит беру ұйымдарына жібереді. Есепті берудің нысаны мен мерзімдері тиісті кредиттік келісімде көрсетіледі.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.10.2019 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Микрокредит беру ұйымы/"АШҚҚҚ" АҚ жалғыз акционердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мемлекеттік органдардың талабы бойынша оларға Бағдарламаға қатысушылардың кредит/микрокредит алуына, игеруіне, Бағдарламаға қатысушылардың кредитті/микрокредитті мақсатқа сай пайдалануына байланысты ақпарат береді.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.10.2019 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Кредиторлар Бағдарламаға қатысушылардың қаржыландырылған жобаларына мониторинг жүргізеді. Бұл ретте, Бағдарламаға қатысушының әрбір қаржыландырылған жобасы бойынша жеке кредиттік дерекнама жүргізіліп, онда Бағдарламаға қатысушылардың қаражатты мақсатқа сай пайдаланғанын растайтын құжаттар сақталады.

      29. Микрокредит беру ұйымы тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейін қатысушыларды қаржыландыруға қатысатын кредиторлардың қаржы-экономикалық жағдайын талдауды жүзеге асырады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 27 қарашадағы
№ 84 бұйрығына
2-қосымша

Қалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі – Кепілдік беру қағидалары) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 55-ө өкімімен бекітілген Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы (бұдан әрі – Жұмыспен қамтудың жол картасы) шеңберінде әзірленді және Қазақстан Республикасының қалаларында кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.09.2021 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Кепілдік беру жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржылай қолдау құралы болып табылады және Бағдарлама мен Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде қаржыландырылатын кредит/микрокредит ресурстарына кәсіпкерлердің қолжетімділігін кеңейту және қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.09.2021 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Кепілдік беру үшін көзделген қаражатты жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалатын микроқаржы ұйымдары (бұдан әрі – МҚҰ) мен екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – ЕДБ) микрокредиттерге кепілдік беруі туралы шарттың негізінде кепілгерге аударады.

      4. Осы Кепілдік беру қағидаларында мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) банктік қарыз шарты – банк пен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит береді. Кредиттік желі ашу туралы келісім де банктік қарыз шартына жатады;

      2) ЕДБ – Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;

      3) жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      4) жұмыс істеп тұрған кәсіпкер – ЕДБ/МҚҰ кредит/микрокредит алуға жүгінген кезде жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі үш жылдан асқан шағын кәсіпкерлік субъектісі;

      5) инвестициялық жоба – негізгі құралдарды сатып алу/салу/жаңғырту/реконструкциялау/күрделі жөндеу, биологиялық/ материалдық емес активтерді сатып алу;

      6) кәсіпкер – шағын қалаларды қоспағанда, салалық шектеулерсіз және кәсіпкердің тіркелген орнын есепке алусыз барлық қалаларда және моноқалаларда өзінің жобаларын іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын ісін жаңа бастаған кәсіпкер және жұмыс істеп тұрған кәсіпкер;

      7) кепілгер – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      8) кепілдік – кәсіпкердің міндеттемелері бойынша МҚҰ/ЕДБ алдында кепілгердің субсидиарлық жауапкершілігін растайтын құжат;

      9) кепілдік беру – осы Кепілдік беру қағидаларында және кепілдік шартында айқындалатын талаптарда кәсіпкердің кредит/микрокредит бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету ретінде ішінара кепілдік беру түрінде пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау нысаны;

      10) кепілдік шарты – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша кепілгердің, МҚҰ/Банктің және кәсіпкердің арасында жасалған кепілдік беру туралы үшжақты жазбаша келісім;

      11) кредит/микрокредит – микроқаржы ұйымдары (МҚҰ)/екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және мақсатқа сай пайдалану шарттарында микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушыға ұсынатын қарыз қаражаты;

      12) микрокредит беру туралы шарт – МҚҰ мен кәсіпкердің арасында жасалған жазбаша келісім, оның талаптары бойынша МҚҰ кәсіпкерге микрокредит береді. Микрокредит беру туралы шартқа кредиттік желі ашу туралы келісім де жатады;

      13) микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтуімен айқындалатын, микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ "Микроқаржы ұйымдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат етілген қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;

      14) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – микрокредит беру туралы шартты/банктік қарыз шартын жасасқан кезде белгіленген кредит/микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі;

      15) портфельдік кепілдеме - банк үшін Кепілгер белгілеген лимит шеңберінде кәсіпкерлерге кепілдіктер беру нысаны;

      16) уәкілетті орган – кәсіпкерлік саласында басшылық пен салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

      17) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі кредиторға кредит/микрокредит алу үшін жүгінген сәтте кемінде үш жылды құрайтын кәсіпкер.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.09.2021 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Кепілдіктер беру шарттары

      5. Шағын қалаларды қоспағанда, салалық шектеулерсіз және кәсіпкердің тіркелген орнын есепке алмай, барлық қалаларда және моноқалаларда өзінің жобаларын іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлаған кәсіпкерлер Бағдарлама шеңберінде Кепілдік беруге қатысушылар бола алады.

      6. Жұмыспен қамтудың жол картасының және осы бұйрықпен бекітілген Қалаларда және моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларының тиісті талаптарына сәйкес келетін, кредиттер алатын кәсіпкерлерге кепілдік беруге қатысуға рұқсат етіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.09.2021 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Кепілдіктер қалаларда жаңа микрокәсіпорындарды құру, бар бизнесті кеңейту үшін 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап МҚҰ/ЕДБ беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша ғана беріледі.

      8. Кепілгер осы Кепілдік беру қағидаларының 5, 6, 11, 12,13,14, 15, 16 және 19-тармақтарына сәйкес портфельдік кепілдеме әдісін қолданады. МҚҰ/ЕДБ таңдауды Кепілгер дербес және екіжақты негіздемелік келісімнің қорытындысымен жүзеге асырады.

      9. Кепілгердің шешімі бойынша кредит/микрокредит(тер) бойынша қамтамасыз ету ретінде берілетін мүлік сақтандырылуға тиіс.

      10. Кепілгер кәсіпкерден үлестес және байланысқан заңды және жеке тұлғалардың кепілдіктерін беруді талап етуге құқылы.

      11. Кепілдік беру жылына 6 %-дан аспайтын номиналды сыйақы мөлшерлемесімен кредиттер/микрокредиттер бойынша ғана жүзеге асырылады.

      12. Кепілдік беру жүзеге асырылатын, бір кәсіпкерге МҚҰ/ЕДБ беретін кредит/микрокредит(-тер) сомасы:

      қалаларда, моноқалаларда (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларынан басқа) 6,5 мың айлық есептік көрсеткіштен;

      Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында 8,0 мың айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.

      Бұл ретте, кредит/микрокредит(-тер) сомасы кәсіпкермен үлестес тұлғалардың кредиті/микрокредиті(-тері) бойынша берешекті есепке алусыз бір кәсіпкер үшін есептеледі. Кредит/микрокредит теңгемен беріледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.09.2021 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12-1. Кепілдік беру жүзеге асырылатын "Бастау Бизнес" жобасының түлегі болып табылатын бір кәсіпкерге мемлекет қатысатын МҚҰ кредит/микрокредит (-тер) сомасы:

      қалаларда, моноқалаларда (Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларынан басқа) - 6,5 мың айлық есептік көрсеткіштен;

      Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында - 8,0 мың айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.

      Бұл ретте, кредит/микрокредит (-тер) сомасы кәсіпкермен үлестес тұлғалардың кредиті/микрокредиті(-тері) бойынша берешекті есепке алусыз бір кәсіпкер үшін есептеледі. Кредит/микрокредит теңгемен беріледі.

      Ескерту. Қағида 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.09.2021 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін кепілдік мөлшері кредит/микрокредит сомасының 85 % дейін (Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде кредит/микрокредит сомасының 50 % - на дейін) құрайды, бұл ретте ісін жаңа бастаған кәсіпкер құны кредит/микрокредит сомасының кемінде 15 % мөлшеріндегі кредит/микрокредит (кепілдік) бойынша (Жұмыспен қамтудың жол картасышеңберінде кредит/микрокредит сомасының 50 % - на дейін) қамтамасыз етуді ұсынады. Қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептеу кезінде талап ету құқығының кепілі және жарғылық капиталға қатысу үлесінің кепілі ескерілмейді.

      Жұмыс істеп тұрған үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен ерекшеленетін қызметтің жаңа түрін құру жағдайында ісін жаңа бастаған кәсіпкердің жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлермен үлестес болуына (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші класының деңгейінде) жол беріледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.09.2021 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкер үшін кепілдік мөлшері кредит/ микрокредит сомасының 50 % жоғары болмауы керек, бұл ретте кәсіпкер құны кредит/микрокредит сомасының кемінде 50 % мөлшеріндегі кредит/микрокредит (кепілдік) бойынша қамтамасыз етуді ұсынады. Қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептеу кезінде талап ету құқығының кепілі және жарғылық капиталға қатысу үлесінің кепілі ескерілмейді.

      15. Кепілдіктер кредит/микрокредит мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.

      16. Кепілдік шарты жасалатын кредит/микрокредит микрокредит беру туралы дербес шарт/банктік қарыз шарты түрінде ресімделеді.

      17. Кепілгерге ЖАО төлейтін кепілдіктің құны кепілдік сомасының 30 %-ын құрайды.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.09.2021 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Кепілгер МҚҰ/ЕДБ-ге төлеген талаптар кепілгердің кепілдігімен қалыптастырылған кредиттік портфель көлемінің (берешек қалдығының) 10 %-дан жоғары шегінен асқан кезде, Бағдарлама шеңберінде осы МҚҰ/ЕДБ кредиттері/микрокредиттері бойынша одан әрі кепілдіктер беру тоқтатыла тұрады.

      Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде қаржыландырылған кредиттер/микрокредиттер бойынша күнтізбелік 60 күннен асатын мерзімі өткен берешегі кепілгердің кепілдігімен қалыптастырылған кредиттік портфельдің көлемінен (берешек қалдығынан) 2%-ға және одан көп асқан кезде осы МҚҰ-ның кредиттері/микрокредиттері бойынша одан әрі кепілдіктер беру тоқтатыла тұрады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.09.2021 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. МҚҰ/ЕДБ 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде МҚҰ/ЕДБ қызметін жүзеге асыруға қойылған шектеулер немесе тыйым салулар туралы, сондай-ақ МҚҰ/ЕДБ 10 % астам акцияларына/үлестеріне қатысты меншік құқықтарының біржолғы сатылуы немесе өзге де біржолғы ауысуы және/немесе иелік ету және пайдалану құқықтарының ауысуы туралы жазбаша түрде хабарлайды.

      20. Кепілгер іске асырылатын Бағдарламаны жарнамалау науқанын жүргізуге және өзінің ресми интернет-ресурсында Бағдарламаның іске асырылуы туралы ақпаратты орналастыруға құқылы.

      21. Кепілгер мынадай жағдайларда кепілдіктер ұсынудан бас тартады:

      1) жүргізілген болжамды қаржылық талдау және іске асырылып отырған қалада осы жобаның қажеттілігі нәтижелері бойынша жобаның экономикалық орынсыздығы және тиімсіздігі;

      2) жобаның Бағдарлама шарттарына сәйкессіздігі;

      3) Бағдарламаға әлеуетті қатысушының және онымен үлестес заңды және жеке тұлғалардың кредит тарихының жағымсыз болуы.

3-тарау. Кепілдіктер беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл тәртібі

      22. Кәсіпкер кредит/микрокредит алу үшін өтінішпен МҚҰ/ЕДБ жүгінеді.

      23. МҚҰ/ЕДБ дербес өзінің ішкі құжаттарында белгіленген рәсімдерге сәйкес кәсіпкердің өтінішін қарайды, жобаның кешенді сараптамасын жүргізеді, кәсіпкер ұсынған құжаттарды, кәсіпкердің қаржы жағдайын талдайды, кәсіпкер ұсынған кепіл мүлігін бағалау туралы қорытындының негізінде кәсіпкердің қамтамасыз етуінің кепілдік құнына бағалау жүргізеді және қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда кепілгердің ішінара кепілдігімен кредит/микрокредит берудің мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды.

      24. МҚҰ/ЕДБ портфельдік кепілдеме шеңберінде кепілдік берумен кредит беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда МҚҰ/ЕДБ қаржы агенттігіне банктік қарыз шартының көшірмелерін береді, оның негізінде Кепілгер банкке жіберілетін кепілдік шартын ресімдейді және қол қояды. МҚҰ/ЕДБ кепілдік шартына қол қояды, оған кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепілдік шартын Кепілгерге жібереді.

      25. Оң шешім қабылданған жағдайда МҚҰ/ЕДБ шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кепілгерге:

      осы Кепілдік беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кепілдік сомасының есебімен кредит беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хат;

      кепілдік беру туралы мәселені қарау үшін Кепілдік беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес кәсіпкер сараптамасын жүргізу үшін МҚҰ/ЕДБ кепілгерге беретін құжаттар тізбесін ұсынады.

      26. Кепілгер МҚҰ/ЕДБ құжаттарды алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде кепілдік беру/бермеу туралы шешім қабылдау үшін алынған құжаттарды қарайды.

      27. Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған жағдайда анықталған ескертулерді кепілгер МҚҰ/ЕДБ 3 жұмыс күні ішінде жою үшін жібереді. Бұл ретте, кепілгер үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды қарау мерзімі жаңартылады.

      28. Кепілгер кепілдік беру (бермеу) туралы оң/теріс шешім қабылдаған жағдайда кепілгер 2 жұмыс күні ішінде МҚҰ/ЕДБ кепілдік берудің мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы кепілгердің шешімі бар хатты жібереді.

      Кәсіпкердің жобасы бойынша теріс шешім қабылданған жағдайда осындай шешім туралы хатта теріс шешімнің себебі көрсетіледі.

      29. Кепілдік берудің мүмкіндігі туралы кепілгердің оң шешімі кезінде МҚҰ/ЕДБ және кәсіпкер микрокредит беру туралы шарт/банктік қарыз шартын, кепілзат(тардың) шарт(тар)ын жасасады. Микрокредит беру туралы шарттың /банктік қарыз шартының көшірмесі кепілгерге жіберіледі.

      30. Кепілгердің оң шешімі бар хатты алғаннан кейін МҚҰ/ЕДБ-нің ұйғарымы бойынша кредит сомасының 50 % дейін ішінара беруге рұқсат етіледі.

      31. Микрокредит беру туралы шарттың/банктік қарыз шартының көшірмесін МҚҰ/ЕДБ-дан алғаннан кейін кепілгер 30 (отыз) жұмыс күні ішінде кепілдік беру шартын ресімдейді және оған қол қояды, оны МҚҰ/ЕДБ жібереді.

      32. МҚҰ/ЕДБ кепілдік шартына қол қояды, оған кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған шартты кепілгерге жібереді;

      33. МҚҰ/ЕДБ кепілгерден қол қойылған кепілдік шартын алғаннан кейін кәсіпкерге кредит/микрокредит беруді жүзеге асырады.

      34. Шығарылған кепілдіктерге ақы төлеу мақсатында жергілікті атқарушы органдар кезекті жылдың басында кредиттерге/микрокредиттерге кепілдік беруге бөлінген қаражат сомасының 50 %-ын кепілгерге аударады. Кепілдік шарты жасалғаннан кейін кепілгер жергілікті атқарушы органдарға тиісті хабарламаны жібереді.

      35. Кепілдік беруге бөлінген қаражаттың қалған бөлігі төмендегідей тәсілмен, кепілдік шарттарының жасалуына қарай, жылдың басында кепілгерге аударылған қаражаттың бірінші жартысы толық игерілгеннен кейін кепілгерге аударылады:

      1) кепілдік шартын жасағаннан кейін кепілгер ЖАО тиісті хабарламаны жібереді;

      2) ЖАО кепілгерден кепілдік шартын жасау туралы хатты алғаннан кейін кепілгердің ағымдағы шотына кепілдік сомасының 30 % мөлшерінде қаражат аударуды жүзеге асырады.

      Осы Кепілдік беру қағидалары шеңберінде кепілдік беруге бөлінген және ағымдағы қаржы жылында кепілгер пайдаланбаған қаражат жергілікті атқарушы органға қайтарылады.

      Жобаларға кепілдік беру үшін бөлінген бюджет қаражатының жеткіліксіздігі пайда болған жағдайда ЖАО ағымдағы қаржы жылында жобаларға кепілдік берудің тоқтатыла тұрғаны туралы хабарлайды.

      Ескерту. 35-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.09.2021 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. мониторингілеу Бағдарламаның іске асырылуын

      36. Бағдарламаның іске асырылуын мониторингілеуді кепілгер жүзеге асырады, оның функцияларына мыналар жатады:

      1) МҚҰ/ЕДБ және/немесе кәсіпкер ұсынатын деректердің және құжаттардың негізінде кепілдік шарты жасалған кәсіпкердің кредитті нысаналы пайдалануын мониторингілеу;

      2) МҚҰ/ЕДБ ұсынатын немесе өзге де анық дереккөздер деректерінің негізінде кәсіпкердің төлем тәртібін мониторингілеу.

      37. Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін кепілгер кәсіпкерден және МҚҰ/ЕДБ мониторинг нысанасына қатысты қажетті құжаттарды және ақпаратты сұратуға құқылы, ал кәсіпкер және МҚҰ/ЕДБ оның іске асырылатын орнына шыға отырып, жобаның іске асырылуын мониторингілеуді жүзеге асыруға міндетті.

      38. Кәсіпкердің кредитті нысаналы пайдалануын мониторингілеу, кәсіпкерлердің айналым қаражатын толтыруға бағытталған кредиттері бойынша жобаның іске асырылу орнына бармай жүргізіледі.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.10.2019 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      39. Кәсіпкер кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша 60 (алпыс) күнтізбелік күн ішінде не кепілдік шартында белгіленген мерзімде негізгі борыш сомасын өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайларды қоспағанда, кепілгер портфельдік кепілдендіру шеңберінде кепілдік алған жобалар бойынша бағдарламаның іске асырылуына мониторинг жүргізбейді.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.10.2019 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      40. МҚҰ/ЕДБ кәсіпкер жобасы(лары)ның іске асырылу барысына ай сайынғы ағымдағы мониторингті жүзеге асырыды.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.10.2019 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      41. МҚҰ/ЕДБ осы Кепілдік беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес Бағдарлама шеңберіндегі кәсіпкер жобаларының іске асырылу барысының ағымдағы мониторингі туралы МҚҰ/ЕДБ есебін жазбаша және электрондық түрде есепті айдан кейінгі айдың 5 (бесі) күнінен кешіктірмей кепілгерге ұсынады.

      42. Алып тасталды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.10.2019 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      43. Кепілгер ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 6 күніне дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органға және уәкілетті органға кредиттер/микрокредиттер бойынша берілген кепілдіктер жөніндегі ақпаратты ұсынады.

      Уәкілетті орган кредиттер/микрокредиттер бойынша берілген кепілдіктер жөніндегі ақпаратты ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10 күніне қарай халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға береді.

  Қалаларда микроқаржы
ұйымдары/ екінші деңгейдегі
банктер беретін микрокредиттер
бойынша кепілдік беру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  "Даму" кәсіпкерлікті дамыту
қоры" акционерлік қоғамы
өңірлік филиалының директоры
  ____________________________
  ____________________________

Кепілдік сомасын есептей отырып, кредит беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хат

      "_______________" микроқаржы ұйымы/"_______________" акционерлік қоғамы мынадай шарттармен ___________________ бағдарламасының шеңберінде кредит желісін ашу/кредит/микрокредит беру туралы оң шешімнің 201_ ж. _____қабылданғанын хабарлайды:

1

Қарыз алушының толық атауы


2

Өнім (қаржыландыру) түрі

Жаңартылмайтын кредит желісі/жаңартылатын кредит желісі/ микрокредит/ кредит

3

Кредиттің/микрокредиттің сомасы және валютасы


4

Кредит беру мақсаты


5

Кредиттің/микрокредиттің мерзімі


6

Сыйақы мөлшерлемесі


7

Негізгі борышты өтеу тәртібі және мерзімдері


8

Сыйақыны өтеу тәртібі және мерзімдері


9

Микрокредит бойынша қамтамасыз ету тізбесі

Объектінің атауы, орналасқан жері, кепілді құны кемінде ____ теңге; Нарықтық құны _____ теңге;
Объектінің атауы, орналасқан жері, кепілді құны кемінде____ теңге. Нарықтық құны _____ теңге;
Жеке тұлғалардың жеке кепілдігі:
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) .
Кепілді қамтамасыз етудің жалпы сомасының жиыны ______ теңге.

      Баяндалғанның негізінде, Сізден _____________ теңге мөлшерінде ___айға дейінгі мерзіммен кепілдік беру мүмкіндігін қарауды сұраймыз. "_____________" микроқаржы ұйымы/"____________" акционерлік қоғамы "_________"

      __________ ______ __________ _______________________________________

      (лауазымы) (қолы) (мөр орны) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      (болған жағдайда)

  Қалаларда микроқаржы
ұйымдары/ екінші деңгейдегі
банктер беретін микрокредиттер
бойынша кепілдік беру
қағидаларына
2-қосымша

Кәсіпкер сараптамасын жүргізу үшін микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк кепілгерге беретін құжаттар тізбесі

      1. Жалпы құжаттар:

№ р/с

Құжаттың атауы

Нысаны

1

Құжаттар тізбесіне ілеспе хат

түпнұсқа

2

Құжаттар топтамасындағы барлық құжаттардың тізімдемесі немесе құжаттарды қабылдау-тапсыру актісі

микроқаржы ұйымының/екінші деңгейдегі банктің уәкілетті жұмыскері қол қойған және микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банктің мөрімен/мөртабанымен расталған түпнұсқа

3

Микроқаржы ұйымынан/екінші деңгейдегі банктен кредит/микрокредит алуға өтінім

микроқаржы ұйымының/екінші деңгейдегі банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірме

4*

Соңғы есепті күнгі жағдай бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қаржы құжаттары (берешектің пайда болған күнін, өтеудің жоспарланған күнін және берешектің нысанасын көрсете отырып, кредиторлық және дебиторлық берешекті таратып жазу, негізгі қаражатты, тауарларды таратып жазу, соңғы 12 айдағы кірістер мен шығыстар туралы есеп (дара кәсіпкерлер үшін)

микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірме

5*

Кәсіпкердің мөрімен расталған (болған жағдайда) жылдың басындағы және соңғы есеп беру күніндегі жағдай бойынша кәсіпкердің қаржы құжаттары (берешектің пайда болған күнін, өтеудің жоспарланған күнін және берешектің нысанасын көрсете отырып, кредиторлық және дебиторлық берешекті таратып жазу, негізгі қаражатты, тауарлық-материалдық қорларды таратып жазу)

микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірме

6*

Кірістер мен шығыстар туралы есеп баптарын таратып жазу – іске асырудан түскен кіріс, өзіндік құны, кезеңнің шығыстары, басқа да кірістер мен шығыстар, қаралып отырған кезеңдегі ақшалай және заттай мәнде өткізілген өнімнің көлемі

микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірме немесе түпнұсқа

7

Қаржы ұйымдарынан несиелік берешегінің, оның ішінде мерзімі өткен берешегінің болуы туралы анықтама (банктерді қосқанда, кредиттері болған жағдайда)

Түпнұсқа (күнтізбелік 30 (отыз) күнге дейін түпнұсқамен салыстырылған көшірмеге рұқсат беріледі)

8

Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоғы (бары) туралы анықтама**

Түпнұсқа (egov.kz анықтама)

9

Екінші деңгейдегі банктердегі барлық қолданыстағы шоттар туралы мәліметтер

Кәсіпкер хатының түпнұсқасы

10

Лицензиялар, патенттер, квоталар (егер өтініш берушінің қызмет түрі лицензияланатын болса немесе қарыз қаражаты бағытталатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін іске асыру лицензияланатын болса)

микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірме

11

Жобаны іске асыру жөніндегі құжаттар (болған жағдайда):
1) келісімшарттар, сатып алу-сату шарттары, ниет шарттары, жұмыстарды жүргізуге (мердігердің құрылыс-монтаждау жұмыстарын немесе қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыруына арналған лицензияны қоса бере отырып), қызметтерді көрсетуге арналған шарттар, орындалған жұмыстар актісі, төлем шоттары;
2) жоспарланған жұмыстар бойынша смета, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге тиісті рұқсат (егер кредит құрылыс, реконструкциялау саласында пайдалану үшін берілетін болса және т.с.с. жағдайда) және т.б.;
3) жобаға жеке қатысуын растайтын құжаттар;
4) жобаны қарау шеңберінде микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк пайдаланатын кез келген басқа да құжаттар

микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірме

12

Бизнес-жоспар

микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірме немесе түпнұсқа

13

Соңғы және ағымдағы жылдары қолданыстағы және пайдаға асырылған келісімшарттар (болған жағдайда)

көшірмелер

14

Кредиттік келісімдер (қолданыстағы кредиттері болған кезде)

көшірмелер

15

Микроқаржы ұйымының/екінші деңгейдегі банктің атынан кредит/микрокредит, кепілзат және кепілдік беру туралы шартты жасайтын адамның өкілеттіктерін растайтын құжаттар.

микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк мөрімен расталған көшірмелер (кепілдік шартын жасаған кезде микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк ұсынуы мүмкін)

      Ескертпе: микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк құжаттар топтамасын берген күнгі жағдай бойынша қаржылық есептіліктің ескіру мерзімі 3 айдан аспауға тиіс.

      * жаңа жобалар бойынша осы құжаттар бар болған жағдайда беріледі.

      2. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтық мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайтын құжаттар

      1. Егер кәсіпкер дара кәсіпкер болған жағдайда:

№ р/с

Құжаттың атауы

Нысаны

1

Жеке басын куәландыратын құжат

микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірме

2

Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама

Жеке кәсіпкерді тіркеу туралы талон (egov.kz алынған талон рұқсат етіледі)

3

Қойылған қолдың үлгісі және болған жағдайда мөрдің бедерлемесі бар құжат

нотариат куәландырған түпнұсқа

4

Кредит бюросына ақпаратты ұсынуға және кредит есебін алуға кәсіпкердің келісімі

түпнұсқа кепілгердің атына беріледі

5

Дербес деректерді жинауға және өңдеуге кәсіпкердің келісімі

түпнұсқа кепілгердің атына беріледі

      2. Егер кәсіпкер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға болса:

№ р/с

Құжаттың атауы

Нысаны

1

Жарғы, оған өзгерістер мен толықтырулар

нотариат куәландырған көшірме

2

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/анықтама

нотариат куәландырған көшірме (egov.kz алынған анықтамаға рұқсат етіледі)

3

Бірінші басшыны тағайындау туралы кәсіпкердің уәкілетті органының шешімі

түпнұсқа не микроқаржы ұйымының/екінші деңгейдегі банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірме

4

Микроқаржы ұйымына/екінші деңгейдегі банкке және кепілгерге кәсіпкердің атынан құжаттарға қол қоюға уәкілетті адамның жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ оның өкілеттіктерін растайтын құжаттар

микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірме

5

Кепілдікті тарту туралы шешімді қабылдаған кәсіпкердің уәкілетті органының шешімі

кепілгер бекіткен нысан бойынша түпнұсқа

6

Микрокредит тарту туралы шешімді қабылдаған кәсіпкердің уәкілетті органының шешімі

микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк бекіткен нысан бойынша түпнұсқа

7

Бірінші басшының, бас бухгалтердің қол қою және жеке кәсіпкерлік субъектісі мөрінің баспа – таңбасының үлгілері бар құжат

нотариат куәландырған түпнұсқа

8

Кредит бюросына ақпаратты ұсынуға және болған жағдайда кредит есебін алуға кәсіпкердің келісімі

түпнұсқа кепілгердің атына беріледі

      Ескертпе:

      Бірнеше беттен тұратын құжат ұсынылған жағдайда мұндай құжат тігілуге және нөмірленуге тиіс не құжаттың әр беті уәкілетті адамдардың қолымен және мөрмен/мөртабанмен бекітілуге тиіс.

  Қалаларда микроқаржы
ұйымдары/ екінші деңгейдегі
банктер беретін микрокредиттер
бойынша кепілдік беру
қағидаларына
3-қосымша

"Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде __________________ бастап ______________________ жылға дейінгі кезеңдегі кәсіпкер жобаларының іске асырылу барысының ағымдағы мониторингі туралы "__________" микроқаржы ұйымының / "__________" акционерлік қоғамының есебі

Микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк атауы

Кәсіпкердің өтініш білдіру орны (облыс, өңір)

Кәсіпкердің атауы

Қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес-сәйкестендіру нөмірі

1

2

3

4

Заңды мәртебесі (Жеке кәсіпкер/Жауапкершілігі шектеулі серіктестік/ Акционерлік қоғам)

Микрокредит беру туралы шарт/Кредит желісін ашу туралы келісім №

Микрокредит беру туралы шарт/Кредит желісін ашу туралы келісім күні

Кредиттің мерзімі

5

6

7

8

Кредиттің сомасы

Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі

Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдік кезеңі

Сыйақыны төлеу бойынша жеңілдік кезеңі

9

10

11

12

Кредит (транш) бойынша беру күні

Қаражатты нақты беру сомасы

Есепті күнгі жағдай бойынша негізгі борыш берешегінің қалдығы

Кепілдік шартының нөмірі

13

14

15

16

Кепілдік шартының күні

Кепілгердің кепілдік сомасы

Кепілгердің кепілдік бойынша міндеттемелерін орындау сомасы

Негізгі борыш бойынша мерзімі өткен берешек сомасы

17

18

19

20

Негізгі борыш бойынша мерзімі өткен күндер саны

Сыйақыны төлеу бойынша мерзімі өткен күндер саны

Кредит беру объектісі (инвестициялық кредит/ айналым қаражатын толтыру)

Сала бойынша код

21

22

23

24





Жоба бойынша бизнес (бастапқы/қолданыстағы)

Микрокредит беру туралы шарт /Кредит желісін ашу туралы келісім бойынша қолжетімділік кезеңі

Уәкілетті орган/ микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк шешімінің күні

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптары бойынша жіктеу санаты

25

26

27

28





      Лауазымды адам ______________ _____________________________

      __________ ________________ ______________________________________

      (лауазымы) (қолы) (мөр орны) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      (болған жағдайда)

      Жауапты жұмыскер ______________ _____________________________

      __________ ________________ ______________________________________

      (лауазымы) (қолы) (мөр орны) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      (болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 27 қарашадағы
№ 84 бұйрығына
3-қосымша

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларын және Қалаларда микроқаржы ұйымдары /екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 33 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14856 болып тіркелген, 2018 жылғы 9 наурызда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған)

      2. "Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларын және Қалаларда микроқаржы ұйымдары /екінші деңгейдегі банктер беретін микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 33 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 25 шілдедегі № 286 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15410 болып тіркелген, 2018 жылғы 9 тамызда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. "Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларын және Қалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 33 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 11 сәуірдегі № 147 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16861 болып тіркелген, 2018 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған)

      4. "Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларын және Қалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 33 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 6 маусымдағы № 203 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17104 болып тіркелген, 2018 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады