Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларын және Қалаларда микроқаржы ұйымдары /екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 33 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 1 наурызда № 14856 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 84 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.11.2018 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.07.2017 № 286 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және бұқаралық кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мына:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларын;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидалары.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.07.2017 № 286 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына осы бұйрықтың көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі      Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтiк

      қорғау министрі

      _____________ Т. Дүйсенова

      2 ақпан 2017 года

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 31 қаңтардағы
№ 33 бұйрығына
1-қосымша

Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.07.2017 № 286 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде әзірленді және шағын қалалардан басқа, Қазақстан Республикасының қалаларында кредиттер/микрокредиттер беру шарттары мен тәртібін айқындайды.

      Қағидалар шеңберінде кредит беру/микрокредит беру жұмыссыздарға, кәсіпкерлік әлеуеті бар өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шаралар ретінде пайдаланылады.

2-тарау. Терминдер және анықтамалар

      2. Қағидаларда мынандай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген, халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, кәсіпкерлік әлеуеті бар ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері, шаруа және фермер қожалықтары Бағдарламаға қатысушылар болып табылады;

      2) бюджеттік кредит шарты жергілікті атқарушы орган мен микрокредит беру ұйымы арасында азаматтық заңнамаға сәйкес жасалатын бюджеттік кредит беру туралы жазбаша келісім;

      3) жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      4) алып тасталды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.06.2018 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5) инвестициялар – негізгі құралдарды сатып алу/ салу/жаңғырту/реконструкциялау/күрделі жөндеу, биологиялық/материалдық емес активтерді сатып алу;

      6) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – кәсіпкерлік саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

      7) кредитор – микроқаржы ұйымы/ екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – ЕДБ);

      8) кредиттік келісім –микрокредит беру ұйымы мен кредитор арасында азаматтық заңнамаға сәйкес жасалатын қарызға беру туралы жазбаша келісім. Кредиттік келісімнің нысанын микрокредит беру ұйымы бекітеді;

      9) кредит/микрокредит беру туралы шарт – кредитор мен Бағдарламаға қатысушының арасында соңғысына осы Қағидаларда айқындалған мақсаттарға берілетін қарыз қаражаты есебінен кредит/микрокредит беру үшін жасалатын жазбаша келісім;

      10) кредит/микрокредит – ЕДБ/МҚҰ Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және мақсатқа сай пайдалану шарттарымен кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша Бағдарламаға қатысушыға беретін қарыз қаражаты;

      11) қарыз – Бағдарламаға қатысушылардың жобаларын одан әрі қаржыландыру үшін кредиттік келісім негізінде кредиторға микрокредит беру ұйымы беретін ақша сомасы;

      12) микрокредит беру ұйымы – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      13) микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтуімен айқындалатын, микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ 2012 жылғы 26 қарашадағы "Микроқаржы ұйымдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат етілген қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;

      14) бастапқы бизнес (стартап жобалар) – заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу/дара кәсіпкер мәртебесін ресімдеу мерзімі кредиторға кредит/микрокредит алу үшін жүгінген кезде бір жылдан кем уақытты құрайтын Бағдарламаға қатысушылардың бизнес-жобалары;

      15) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі кредиторға кредит/микрокредит алу үшін жүгінген сәтте кемінде үш жылды құрайтын кәсіпкер.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.04.2018 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.06.2018 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

3-тарау. Кредиторларға қаражатты шартты түрде орналастырудың шарттары мен
тетіктері

      3. Кредиттерді/микрокредиттерді Бағдарламаға қатысушыларға бюджет қаражаты есебінен кредиторлар береді.

      Уәкілетті орган ЖАО-ларға Бағдарламаға қатысушылардың жобаларына кредит беру/микрокредит беру үшін қаражат бөледі. ЖАО-лар қоса қаржыландыру шарттарында жергілікті бюджеттен қосымша қаражат бөледі. ЖАО мен микрокредит беру ұйымы арасында бюджеттік кредит шарты жасалады, оған сәйкес бюджет қаражатының жалпы сомасы бюджеттік кредит түрінде микрокредит беру ұйымына мынадай шарттармен бөлінеді:

      1) жылдық сыйақы мөлшерлемесі 0,01 %-бен қайтарымдылық, жеделділік, ақылылық, қамтамасыз етілу және мақсатқа сай пайдалану қағидаттарымен 7 (жеті) жылдан аспайтын мерзімге; 

      2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – Қазақстан Республикасының қалаларында, моноқалаларында жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларды одан әрі қаржыландыруға арналған қаражатты кредиторларға орналастыру;

      3) қаражатты игеру мерзімі – 12 ай;

      4) негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдік кезеңі – кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.04.2018 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.06.2018 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      4. Микрокредит беру ұйымы кредиторлардың өтінімдері негізінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін кредиторлар тізбесін және олар бойынша орналастырылу сомасын айқындайды;

      Микрокредит беру ұйымы азаматтық заңнамаға сәйкес кредиторлармен мынадай шарттармен кредиттік келісімдер жасасады:

      1) қарыз Бағдарламаға қатысушылардың жобаларын, оның ішінде Қазақстан Республикасының қалаларында, моноқалаларында іске асырылатын және (немесе) іске асыруға жоспарланатын ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің жобаларын нысаналы мақсатпен қаржыландырумен жылдық 1%-бен 7 жылдан астам мерзімге беріледі;

      2) кредит валютасы – теңге;

      3) кредиторлардың орналастырылған қаражатты игеру мерзімі кредиттік келісім жасалған күннен бастап 6 (алты) ай;

      4) негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдік кезеңі – кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды.

      5) ЕДБ-ге арналған қарыздар қамтамасыз етусіз беріледі. Микрокредит беру ұйымының ішкі құжаттарына сәйкес есептелген "сенімділігі жоғары" және "сенімді" рейтингімен қаржылық тұрақты МҚҰ үшін қарыздар қамтамасыз етусіз беріледі. Рейтинг деңгейі неғұрлым төмен МҚҰ қарыздары микрокредит беру ұйымының кепілзат саясатының талаптарына сай келетін қамтамасыз етумен беріледі (екінші деңгейдегі банктердің кепілдіктері, ақша, банк салымдары, жылжымайтын мүлік объектілері, жер учаскелері);

      6) кредиторлар микрокредит беру ұйымының алдында орналастырылған кредит қаражатының игерілуі мен мақсатты пайдаланылуы бойынша есеп береді. Кредиторлардың есеп беру тәртібі, нысаны және кезеңділігі, сондай-ақ қарыз берудің өзге де шарттары кредиттік келісімде белгіленеді;

      7) кредиторлар орналастырылатын қаражатты мақсатты пайдаланбаған, толық немесе жартылай игермеген жағдайларда, және/немесе кредиттік келісімде көзделген өзге де жағдайлар орын алған кезде, микрокредит беру ұйымы кредиттік келісім шарттарына сәйкес кредиторларға қатысты шаралар қолданады, оның ішішде кредиттік келісімді мерзімінен бұрын бұзу және (немесе) оларды одан әрі басқа кредиторлар арасында қайта бөле отырып, орналастырылған қаражатты қайтарып алу мәселесіне бастамашылық жасауға құқылы. Қайтарылған, сондай-ақ кредиторлар мерзімінен бұрын өтеген қаражатты қайта бөлу қайта бөлінетін қаражат бастапқыда қаражат бөлінген өңірлерде пайдалануға тиіс болған жағдайда микрокредит беру ұйымының шешімі негізінде кредиторлар арасында жүзеге асырылады;

      8) кредиторлар бөлінген қаражатты қаржы құралдарына инвестициялауға және/немесе олармен операция жасауға, сондай-ақ, шетелдік валюта сатып алу үшін валюта нарығына жібермейді;

      9) Бағдарламаға қатысушылар қайтарған қарыз қаражатын кредиттік келісім бойынша кредиторлар бұрын алынған кредиттерді/микрокредиттерді өтеу арқылы кредиттік келісімде айқындалған шарттармен Бағдарламаға қатысушылардың жобаларын одан әрі қаржыландыруға үш айдың ішінде жолдайды не мерзімінен бұрын микрокредит беру ұйымына қайтарылады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.04.2018 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.06.2018 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

4-тарау. Бағдарламаға қатысушылардың жобаларын қаржыландыру шарттары

      5. Кредиттер/микрокредиттерді шағын қалалардан басқа, Қазақстан Республикасының қалаларында, моноқалаларында жобаларын іске асырып жатқан немесе іске асыруды жоспарлап отырған Бағдарламаға қатысушыларға, оның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге олардың шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген жерін есепке алмай, кредиторлар береді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.06.2018 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Бағдарламаға қатысушыларға арналған кредиттер/микрокредиттер олардың "Бастау Бизнес" жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өтуі шеңберінде бизнес-жобаларды қорғағаннан кейін не бағдарламаға қатысушылардың кредит/микрокредит алуға жүгінген күнінің алдында сертификат алған күннен бастап соңғы 24 ай ішінде басқа бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаты болған кезде беріледі.

      "Бастау Бизнес" жобасында оқуды аяқтағаны туралы сертификат алған (бизнес-жоспарларды қорғау кезеңіне жіберілгендер үшін) Бағдарламаға қатысушылар кредиттер/микрокредиттер алудың басым құқығына ие.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.06.2018 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Кредиттер/микрокредиттер ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің және (немесе) зәкірлік кооперациялар мен ауыл шаруашылығы кооперативтеріне қатысушылардың қызметін дамыту үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасы бойынша жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ете отырып, кемінде екі жаңа тұрақты жұмыс орнын құру шартымен ұсынылады. Кредиттер/микрокредиттер ұсыну туралы келісімдерде кредитор кемінде екі жаңа тұрақты жұмыс орнын құру шарттарын белгілейді.

      Кредиттер/микрокредиттер ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің қызметін кеңейту және (немесе) зәкірлік кооперациялар мен ауыл шаруашылығы кооперативтеріне қатысушылардың қызметін дамыту үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасы бойынша жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ете отырып, кемінде екі жаңа тұрақты жұмыс орнын құру шартымен ұсынылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.06.2018 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Кредиттер/микрокредиттер жеделділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және мақсатқа сай пайдалану қағидаттары сақтала отырып, Бағдарламаға қатысушыларға мынадай шарттармен ұсынылады:

      1) Бағдарламаның бір қатысушысын қаржыландырудың ең жоғары лимиті:

      қалаларда, моноқалаларда (Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларынан басқа) –республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген 6,5 мың айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);

      Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларында –республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген 8,0 мың АЕК.

      Бұл ретте, Бағдарламаның бір қатысушысын қаржыландырудың ең жоғары лимиті кредиттер және (немесе) микрокредиттер және (немесе) онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың қаржы лизингінің шарттары бойынша берешекті есепке алмай есептеледі;

      2) кредит/микрокредит (тер) бойынша кредиторлардың алдында Бағдарламаның бір қатысушысының негізгі борышы бойынша берешек қалдығының жалпы сомасы:

      қалаларда,моноқалаларда (Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларынан басқа) 6,5 мың АЕК;

      Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларында 8,0 мың АЕК.

      Осы шартты ескере отырып, Бағдарламаның бір қатысушысы үшін кредиттер/микрокредиттер саны шектелмейді;

      3) кредиттердің/микрокредиттердің нысаналы мақсаты – айналымдағы қаражатты инвестициялау/толықтыру.

      4) кредиттердің/микрокредиттердің мерзімі:

      инвестицияларға 5 (бес) жылдан көп емес;

      айналымдағы қаражатты толықтыруға 3 (үш) жылдан көп емес;

      5) кредит/микрокредит бойынша сыйақының номиналды мөлшерлемесі – жылына 6% аспайды;

      6) кредиттердің/микрокредиттердің валютасы – теңге;

      7) негізгі борыш және есептелген сыйақы бойынша жеңілдік кезеңі – кредитор шешімі бойынша кредит/микрокредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды;

      8) кредиторлар Бағдарламаға қатысушының кредит/микрокредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен өндіріп алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, Бағдарламаға қатысушының кредитіне/микрокредитіне байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер өндіріп алмайды, бұл ретте мұндай комиссиялардың, алымдардың және/немесе өзге де төлемдердің мөлшері микрокредит беру ұйымымен алдын ала жазбаша келісіледі;

      Бағдарламаға қатысушылар мүлікті бағалау және сақтандыру бойынша шығыстарды төлейді.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.06.2018 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Кредиторлар кредиттік келісім сомасының кемінде 20%-ын бастапқы бизнесті (стартап жобаны) қаржыландыруға жібереді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.04.2018 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Кепілзаттық қамтамасыз етуі жеткіліксіз болған жағдайда, Бағдарламаға қатысушылар кредит/микрокредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде микрокредит беру ұйымының кепілдігін алуға құқылы. Бұл ретте, Бағдарламаға қатысушылардың жобалары осы бұйрықпен бекітілген қалалардағы микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін Микрокредиттер жөніндегі кепілдендіру қағидаларының талаптарына сәйкес келуі қажет.

      11. Мына кәсіпкерлер Бағдарламаға қатысушылар бола алмайды:

      1) құрылтайшылары (оның ішінде қатысушылары, акционерлері) мемлекеттік кәсіпорындар/мекемелер, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын ұйымдар, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдар;

      2) "2. Терминдер және анықтамалар" деген тараудың және "4. Бағдарламаға қатысушылардың жобаларын қаржыландыру шарттары" деген тараудың талаптарына сәйкес келмейтін;

      3) салықтық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және бюджетке әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі барлар.

      Берешегінің жоқ екендігі Бағдарламаға қатысушы қаржыландыруға өтінім берген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей берілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген) Дербес шоттарды жүргізу ережелерінің 18-қосымшасына сәйкес берешектің жоқ екендігі мемлекеттік кірістер органдары жүргізетін есептегі берешектің жоқ (бар) туралы мәліметтерімен расталады;

      4) қару (оның ішінде қару шығаруға арналған құрамдас бөліктер), құрамында есірткі бар заттарды немесе азаматтық айналымнан алынған басқа да мүлікті шығаруды немесе жеткізуді көздейтін жобаларды іске асыратындар;

      5) ойын бизнесін ұйымдастыруды және (немесе) дамытуды көздейтін жобаларды іске асыратындар;

      6) террористік және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған кез келген өзге де қызметпен байланысты қызметті көздейтін жобаларды іске асыратындар;

      7) моторлы көлік құралдарын және өзі өсірген жүзімнен шарап өндіруді көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарлар/өнімдер шығаруды жүзеге асыратын;

      8) қиыршықтас және құм карьерлерін игеру жобаларын қоспағанда, тау-кен өнеркәсібінде қызметін жүзеге асыратындар;

      9) Қазақстан Республикасының Cалық Кодексінің 130-баптың 3-тармақшасына сәйкес бекітілген мониторингтеуге жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыратын;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын кәсіпкерлер;

      11) жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі кредиторға кредит/микрокредит алу үшін жүгінген сәтте кемінде үш жылды құрайтын кәсіпкер.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.06.2018 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Кредиторлар Бағдарламаға қатысушыларға мына мақсаттарға кредиттер/микрокредиттер бермейді:

      1) заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу;

      2) Бағдарламаға қатысушылардың бұрын жұмсалған шығындарын өтеуі, Бағдарламаға қатысушылардың жеке және/немесе заңды тұлғалардан, оның ішінде қатысушылардан, акционерлерден, лауазымды тұлғалардан және Бағдарламаға қатысушылардың жұмыскерлерінен қаржылай көмек алуына байланысты туындаған берешекті өтеуі;

      3) тұтынушылық кредит беру;

      4) қолданыстағы міндеттемелерді қайта қаржыландыру;

      5) Бағдарламаға қатысушы жер учаскелерінің/жылжымайтын тұрғын үй мүлкінің нысаналы бағыты кредит/микрокредит беру туралы шарт жасасқан күннен бастап бір жыл ішінде бизнес мақсаттарға өзгертетін жағдайларды қоспағанда, жылжымайтын тұрғын үйді, жер учаскелерін (нысаналы бағыты кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес) сатып алуға және салуға.

      6) Бағдарламаға қатысушылардың шаруашылық қызметтерінің шығындарын жабу (бұл ретте, қаржы нәтижесі теріс Бағдарламаға қатысушыларға кредит/микрокредит беруге рұқсат етіледі);

      7) сенім білдірілгендердің (агенттердің) қызметтеріне ақы төлеу;

      8) Бағдарламаға қатысушылардың кредитімен/микрокредитімен байланысты комиссияларды, алымдарды және / немесе өзге де төлемдерді төлеу;

      9) құнды қағаздарды сатып алу (портфельдік инвестициялар);

      10) үлестес/ байланысты компаниялардан/тұлғалардан негізгі құралдарды, активтерді сатып алу;

      11) жалған немесе жасанды мәмілелерді төлеу;

      12) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 10 ақпандағы № 52 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6058 болып тіркелген) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін Оффшорлық аймақтар тізбесінде және/немесе Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2008 жылғы 2 қазандағы № 145 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5371 болып тіркелген) бекітілген "Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесінде көзделген оффшорлы аумақтарда тіркелген/ашылған контрагенттердің заңды мекенжайлары және/немесе банк шотының деректемелері туралы ақпарат бар кез келген шарттарды/келісімшарттарды/келісімдерді төлеу.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.04.2018 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Бағдарламаға қатысушыларды қаржыландыру кезінде кредиторлар мынадай қосымша шарттарды сақтайды:

      1) 8 000 (сегіз мың) АЕК-тен асатын жалпы сомаға бір жобаны іске асыру үшін Бағдарламаның бірнеше үлестес қатысушыларын қаржыландыруды жүзеге асырмау. Мына өлшемшарттардың барлығына бір уақытта сәйкес келетін екі немесе одан көп жоба жиынтығы бір жоба болып саналады:

      жоба бір объектінің аумағында іске асырылады;

      жоба ЭҚЖС бір кіші сыныбының шеңберінде іске асырылады;

      бір жобаны іске асыратын Бағдарламаға қатысушылар арасында қаржы ағындары бар;

      2) Бағдарламаға қатысушылар кредит/микрокредит қаражаты есебінен сатып алынған мүлікті/активтерді үшінші тұлғаларға ресімдемейді, сондай-ақ мемлекеттік меншіктегі жер учаскесіндегі құрылысты қоспағанда, үшінші тұлғаларға тиесілі жер учаскесінде объект салуды жүзеге асырмайды;

      3) Бағдарламаға қатысушы ұзақ мерзімді активті сатып алу-сату мәмілесін бұзған не кредит/микрокредит қаражатының есебінен сатып алынған ұзақ мерзімді активті иеліктен шығарған жағдайда, Бағдарламаға қатысушы осындай бұзудан/иеліктен шығарудан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде кредиторға жазбаша түрде хабарлайды. Аталған шарт кредит/микрокредит беру туралы тиісті шартта бекітіледі. Кредитор Бағдарламаға қатысушыдан осындай хабарламаны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде микрокредит беру ұйымының тиісті хабарламасын жолдайды. Микрокредит беру ұйымы жазбаша талабын жіберген жағдайда, кредитор және/немесе Бағдарламаға қатысушы микрокредит беру ұйымының талаптарында көрсетілген тәртіппен және мерзімде микрокредитті мерзімінен бұрын өтейді;

      4) Бағдарламаға қатысушының контрагентпен жасасқан тиісті шартында тауарларды және/немесе жұмыстарды және/немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алудың өзге мерзімі көзделмесе, Бағдарламаға қатысушылар қаржыландырылған күннен бастап 6 (алты) айдың ішінде мақсатқа сай пайдалану бойынша кредитті/микрокредитті немесе оның бір бөлігін пайдаланады;

      5) кредиттер/микрокредиттер ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге қазіргі үлестес кәсіпкерлердің қызметіне сәйкес келетін ЭҚЖС экономика секторларында жобаларды іске асыруға берілмейді (ЭҚЖС сыныбының деңгейінде);

      14. Бағдарламаға қатысушыларды қаржыландырудың өзге де шарттары кредитордың уәкілетті органының шешімімен айқындалады.

5-тарау. Бағдарламаға қатысушыларға микрокредиттер беру тәртібі

      15. Үміткерлер тікелей не "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдары/ қалалар мен қалалар құрамындағы аудандардың әкімдері арқылы кәсіпкерлік қызметке жәрдемдесу шаралары бойынша консультациялар алу үшін және Бағдарламаға қатысушыларға сәйкес келуі тұрғысынан тексеруден өту үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінеді;

      16. Бағдарламаға қатысушылар кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарына қатысуға жіберіледі.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.06.2018 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Қаржыландыру мақсаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің қызметін кеңейту болып табылатын жобаларды қоспағанда, халықты жұмыспен қамту орталығының берген жолдамасының бар болуы Бағдарламаға қатысушының кредит/микрокредит алуы үшін міндетті шарт болып табылады. Бағдарламаға қатысушылар жолдама алу үшін мына құжаттарды ұсынады: жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі, болған жағдайда кәсіпкерлік негіздеріне оқығаны (куәлік, сертификат) туралы құжаттың көшірмесі.

      Бұл ретте "Еңбек нарығы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тексерулердің нәтижелері бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтары

      екі жұмыс күні ішінде Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпкерлік бастамаларды қолдау шараларына қатысу үшін жолдама береді.

      Бағдарламаға қатысушылар жобаның бизнес-жоспарын әзірлейді және кредитті/микрокредитті алуға арналған өтініммен кредиторға жүгінеді, оған халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы (қаржыландыру мақсаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің қызметін кеңейту болып табылатын жобаларды қоспағанда) кәсіпкерлік негіздеріне оқыған сертификатты қоса береді.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.06.2018 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Кредиторлар әлеуетті бизнес-жобаға бағалау жүргізеді, қорытынды береді және кредитті/микрокредитті берудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды. Бұл ретте өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар, ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағымен белгіленген зейнеткерлік жасқа толмаған қысқартылған жұмыскер кредитті/микрокредитті алуға өтініш бергенге дейін шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектісінің мәртебесіне ие болады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.04.2018 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Кредиторлар кредит/микрокредит беру туралы оң шешім қабылдағаннан кейін, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес Бағдарламаға қатысушылармен кредит/микрокредит беру туралы шарт жасасады.

      20. Кредиторлар ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 20 (жиырма) күніне дейін берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша ақпаратты микрокредит беру ұйымына ұсынады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.04.2018 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Микрокредит беру ұйымы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бес) күніне дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органдарға және уәкілетті органға берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша ақпарат береді.

      Уәкілетті орган халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша ақпаратты ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5 (бес) күніне дейін береді.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.04.2018 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      22. Алып тасталды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.04.2018 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

6-тарау. Кредиторларға қойылатын талаптар

      23. ЕДБ-ге қойылатын талаптар:

      1) aлып тасталды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.04.2018 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2) негізгі борыш және/немесе есептелген сыйақы бойынша мерзімі 90 күннен артық кешіктірілген берешегі бар кредиттер деңгейі кредиттік келісім жасалған күні 10%-дан аспайды;

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пруденциялық және өзге де нормативтерін орындау;

      4) микрокредит беру ұйымының ішкі құжаттарына сәйкестілігі.

      Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.04.2018 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. МҚҰ-ға қойылатын талаптар:

      1) микроқаржы ұйымының өз капиталы Қазақстан Республикасының Ұлтты Банкі белгілеген ең аз деңгейден төмен емес;

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеудің болуы;

      3) кредитке өтінім берудің алдында кемінде 1 (бір) жыл негізгі қызметпен айналысу;

      4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің пруденциялық және өзге де нормативтерін орындау.

      5) микрокредит беру ұйымының ішкі құжаттарына сәйкестілігі.

7-тарау. Мониторинг

      25. Микрокредит беру ұйымы мыналарды жүзеге асырады:

      1) кредиторлардың қаражатты уақтылы игеруіне мониторинг;

      2) кредиторлардың қаражатты мақсатқа сай пайдалануына, сондай-ақ Бағдарламаға қатысушылардың алынған кредиттерді/микрокредиттерді мақсатқа сай пайдалануына ішінара мониторинг жүргізу. Бұл ретте, Бағдарламаға қатысушылардың кредиттерді/микрокредиттерді мақсатқа сай пайдалануын тексеру кредиторлар дайындаған қаражатты мақсатқа сай пайдалануды тексеру актісінің негізінде жүзеге асырылады;

      3) Бағдарламаға қатысушыларды бұрын берілген кредиттерді/микрокредиттерді өтеуден босатылатын қаражат есебінен кредиторлардың уақтылы қаржыландыруына мониторинг жүргізу.

      26. Кредиторлар қаражаттың игерілуі туралы есептерді ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 20 (жиырма) күніне дейінгі мерзімде микрокредит беру ұйымдарына жібереді. Есепті берудің нысаны мен мерзімдері тиісті кредиттік келісімде көрсетіледі.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.04.2018 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Микрокредит беру ұйымы өзінің жалғыз акционерінің, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Парламенті және мемлекеттік органдардың талабы бойынша оларға Бағдарламаға қатысушылардың кредит/микрокредит алуына, игеруіне, Бағдарламаға қатысушылардың кредитті/микрокредитті мақсатқа сай пайдалануына байланысты ақпаратты береді;

      28. Кредиторлар Бағдарламаға қатысушылардың қаржыландырылған жобаларына мониторинг жүргізеді. Бұл ретте, Бағдарламаға қатысушының әрбір қаржыландырылған жобасы бойынша жеке кредиттік дерекнама жүргізіліп, онда Бағдарламаға қатысушылардың қаражатты мақсатқа сай пайдаланғанын растайтын құжаттар сақталады;

      29. Микрокредит беру ұйымы тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне дейін Бағдарламаға қатысушыларды қаржыландыруға қатысатын кредиторлардың қаржы-экономикалық жағдайын талдауды жүзеге асырады.


      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 31 қаңтардағы
№ 33 бұйрығына
2-қосымша

Қалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.07.2017 № 286 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі – Кепілдік беру қағидалары) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде әзірленді.

      2. Кепілдік беру жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау құралы болып табылады және Бағдарлама шеңберінде қаржыландырылатын кредит/микрокредит ресурстарына кәсіпкерлердің қолжетімділігін кеңейту және қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

      3. Кепілдік беру үшін көзделген қаражатты жергілікті атқарушы органдар Микроқаржы ұйымдары мен екінші деңгейдегі банктердің микрокредиттерге кепілдік беруі туралы шарттың негізінде кепілгерге аударады.

2-тарау Терминдер мен анықтамалар

      4. Осы Кепілдік беру қағидаларында мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) банктік қарыз шарты – банк пен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит береді. Кредиттік желі ашу туралы келісім де банктік қарыз шартына жатады;

      2) ЕДБ – Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;

      3) жергілікті атқарушы орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      4) инвестициялық жоба – негізгі құралдарды сатып алу/салу/жаңғырту/реконструкциялау/күрделі жөндеу, биологиялық/материалдық емес активтерді сатып алу;

      5) кредит/микрокредит – микроқаржы ұйымдары (МҚҰ)/екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық және қамтамасыз етілу және мақсатқа сай пайдалану шарттарында микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушыға ұсынатын қарыз қаражаты;

      6) кепілдік беру – кәсіпкердерді осы Кепілдік беру қағидаларында және кепілдік шартында айқындалатын шарттарда кәсіпкердің кредит/ микрокредит бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету ретінде ішінара кепілдік беру түрінде пайдаланылатын мемлекеттік қолдау нысаны;

      7) кепілдік – кәсіпкердің міндеттемелері бойынша МҚҰ/ЕДБ алдында кепілгердің субсидиарлық жауапкершілігін растайтын құжат;

      8) кепілдік шарты – кепілгердің, МҚҰ/Банктің және кәсіпкердің арасында жасалған кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Бағдарламаның 2.1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша кепілдік беру туралы үшжақты жазбаша келісім;

      9) кәсіпкер – шағын қалаларды қоспағанда, салалық шектеулерсіз және кәсіпкердің тіркелген орнын есепке алусыз барлық қалаларда және моноқалаларда өзінің жобаларын іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын ісін жаңа бастаған кәсіпкер;

      10) кепілгер – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      11) микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтуімен айқындалатын, микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ 2012 жылғы 26 қарашадағы "Микроқаржы ұйымдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат етілген қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;

      12) микрокредит беру туралы шарт – МҚҰ мен кәсіпкердің арасында жасалған жазбаша келісім, оның шарттары бойынша МҚҰ кәсіпкерге микрокредит береді. Микрокредит беру туралы шартқа, кредиттік желі ашу туралы келісім де жатады;

      13) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – микрокредит беру туралы шартты банктік қарыз шартын жасасқан кезде осындай шартпен белгіленген кредит/микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі;

      14) портфельдік кепілдеме - банк үшін Кепілгер белгілеген лимит шеңберінде кәсіпкерлерге кепілдіктер беру нысаны;

      15) уәкілетті орган – кәсіпкерлік саласында басшылық пен салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

      16) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретіндегі мемлекеттік тіркеу мерзімі ЕДБ-ге /МҚҰ-ға кредит/ микрокредит алу үшін өтініш білдірген кезде үш жылдан аз уақытты құрайтын шағын кәсіпкерлік субъектісі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.06.2018 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3-тарау. Кепілдіктер беру шарттары

      5. Бағдарлама шеңберінде Кепілдік беру шағын қалаларды қоспағанда, қатысушылары салалық шектеулерсіз және кәсіпкердің тіркелген орнын есепке алмай, барлық қалаларда және моноқалаларда өзінің жобаларын іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлаған кәсіпкерлер бола алады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.06.2018 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Осы бұйрықпен бекітілген Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларының тиісті талаптарына сәйкес келетін кредиттер алатын кәсіпкерлерге кепілдік беруге қатысуға рұқсат етіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.07.2017 № 286 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      7. Алып тасталды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.07.2017 № 286 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. Алып тасталды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.07.2017 № 286 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      9. Алып тасталды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.07.2017 № 286 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      10. Кепілдіктер қалаларда және моноқалаларда жаңа микрокәсіпорындарды құруға, бар бизнесті кеңейтуге 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап МҚҰ/ЕДБ беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша ғана беріледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.06.2018 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10-1. Кепілгер осы Кепілдік беру қағидаларының 5, 6, 13, 14, 15, 17 және 21-тармақтарына сәйкес портфельдік кепілдеме әдісін қолданады. МҚҰ/ЕДБ таңдауды Кепілгер дербес жүзеге асырады.

      Ескерту. 3-тарау 10-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.06.2018 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Кепілгердің шешімі бойынша кредит/микрокредит(тер) бойынша қамтамасыз ету ретінде берілетін мүлік сақтандырылуы тиіс.

      12. Кепілгер кәсіпкерден үлестес және байланысқан заңды және жеке тұлғалардың кепілдіктерін беруді талап етуге құқылы.

      13. Кепілдік беру жылына 6 %-дан аспайтын номиналды сыйақы мөлшерлемесімен кредиттер/микрокредиттер бойынша ғана жүзеге асырылады.

      14. Кепілдік беру жүзеге асырылатын бір кәсіпкерге МҚҰ/ЕДБ кредит/микрокредит сомасы:

      қалаларда, моноқалаларда (Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларынан басқа) 6,5 мың айлық есептік көрсеткіш;

      Астана, Алматы Ақтау, Атырау қалаларында – 8,0 мың айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс.

      Бұл ретте, кредит/микрокредит(-тер) сомасы онымен үлестес тұлғалардың кредиті/микрокредиті(-тері) бойынша берешекті есепке алусыз бір кәсіпкер үшін есептеледі. Кредит/микрокредит теңгемен беріледі.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.06.2018 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін кепілдік мөлшері кредит/микрокредит сомасының 85 % дейін құрайды, бұл ретте ісін жаңа бастаған кәсіпкер кредит/микрокредит сомасының 15 % кем болмайтын мөлшердегі кредит/микрокредит бойынша (кепілдік) қамтамасыз етуді ұсынады. Қамтамасыз ету мөлшерінің есебі жеткілікті болғанда, талап ету құқығының кепілі және жарғылық капиталдағы қатысу үлесінің кепілі ескерілмейді.

      Жұмыс істеп тұрған үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен ерекшеленетін қызметтің жаңа түрін құру жағдайында ісін жаңа бастаған кәсіпкердің жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлермен үлестестігіне жол беріледі (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеушісінің класының деңгейінде).

      16. Алып тасталды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.06.2018 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Кепілдіктер кредит/микрокредит мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.07.2017 № 286 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      18. Кепілдік шарты жасалатын кредит/микрокредит микрокредит беру туралы дербес шарт/банктік қарыз шарты түрінде ресімделеді.

      19. Кепілгерге жергілікті атқарушы органдар төлейтін кепілдіктің құны кепілдік сомасының 20 %-ын құрайды.

      20. МҚҰ/ЕДБ-ге төлеген талаптар шегі кепілгердің кепілдігі бойынша құрылған кредиттік портфельдің көлемінен (берешек қалдығы) 10 %-дан артық асқан кезде, осы МҚҰ/ЕДБ берген кредит/микрокредиттер бойынша кепілдіктерді одан әрі беру тоқтатылады.

      21. МҚҰ/ЕДБ 3 (үш) күннен кешіктірілмейтін мерзімде жазбаша түрде МҚҰ/ЕДБ қызметін жүзеге асыруға шектеулер немесе тыйым салулар қойылған МҚҰ/ЕДБ 10 %-нан астам акцияларына/үлестеріне қатысты меншік құқықтарының бір жолғы сатылуы немесе өзге бір жолғы ауысуы туралы және/немесе иелік ету жане пайдалану құқықтарының ауысуы туралы хабарлайды.

      22. Кепілгер іске асырылатын Бағдарламаны жарнамалау науқанын жүргізуге және өзінің ресми веб-сайтында Бағдарламаның іске асырылуы туралы ақпаратты орналастыруға құқылы.

      23. Кепілгер мынадай жағдайларда кепілдіктер ұсынудан бас тартады:

      1) жүргізілген болжамды қаржылық талдау және іске асырылып отырған қалада осы жобаның қажеттілігі нәтижелері бойынша жобаның экономикалық орынсыздығы және тиімсіздігі;

      2) Жобаның Бағдарлама шарттарына сәйкессіздігі;

      3) Бағдарлама әлеуетті қатысушысының және онымен үлестес заңды және жеке тұлғалардың кредит тарихының жағымсыз болуы.

4-тарау Кепілдіктер беру үшін Бағдарлама қатысушыларының өзара іс-қимыл тәртібі

      24. Кәсіпкер кредит/микрокредит алу үшін өтінішпен МҚҰ/ЕДБ жүгінеді.

      25. МҚҰ/ЕДБ өз бетінше МҚҰ/ЕДБ ішкі құжаттарында белгіленген рәсімдерге сәйкес кәсіпкердің өтінішін қарайды, жобаның кешенді сараптамасын жүргізеді, кәсіпкер ұсынған құжаттарды, кәсіпкердің қаржы жағдайын талдайды, кәсіпкер ұсынған кепіл мүлігін бағалау туралы қорытындының негізінде кәсіпкердің қамтамасыз етуінің кепілдік құнын бағалау жүргізеді және қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда, кепілгердің ішінара кепілдігі мен кредит/микрокредит берудің мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды.

      25-1. МҚҰ/ЕДБ портфельдік кепілдеме шеңберінде кепілдік берумен кредит беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, МҚҰ/ЕДБ қаржы агенттігіне банктік қарыз шартының көшірмелерін береді, оның негізінде Кепілгер банкке жіберілетін кепілдік шартын ресімдейді және қол қояды. МҚҰ/ЕДБ кепілдік шартына қол қояды, кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепілдік шартын Кепілгерге жібереді.

      Ескерту. 4-тарау 25-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.06.2018 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Оң шешім қабылданған жағдайда, МҚҰ/ЕДБ шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінің ішінде кепілгерге:

      Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес кепілдік сомасының есебімен кредит беру мүмкіндігі туралы оң шешіммен хат;

      Кепілдік беру туралы мәселені қарау үшін осы Кепілдік беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес кәсіпкер сараптамасын өткізу үшін микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк кепілгерге беретін құжаттар тізбесін ұсынады.

      27. Кепілгер МҚҰ/ЕДБ құжаттарды алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде кепілдік беру/бермеу туралы шешім қабылдау үшін алынған құжаттарды қарайды.

      28.Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған жағдайда, анықталған ескертулерді кепілгер МҚҰ/ЕДБ 3 (үш) жұмыс күні ішінде жою үшін жібереді.

      Бұл ретте, кепілгер үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды қарау мерзімі жаңартылады.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.07.2017 № 286 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      29. Кепілгер кепілдік беру (бермеу) туралы оң/теріс шешім қабылдаған жағдайда кепілгер 2 (екі) жұмыс күнінің ішінде МҚҰ/ЕДБ кепілдік берудің мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы кепілгердің шешімі бар хатты жібереді.

      Кәсіпкердің жобасы бойынша теріс шешім қабылданған жағдайда, осындай шешім туралы хат теріс шешімнің себебін көрсетуі тиіс.

      30. Кепілдік берудің мүмкіндігі туралы кепілгердің оң шешімі кезінде МҚҰ/ЕДБ және кәсіпкер микрокредит беру туралы шартын/банктік қарыз шартын, кепілзат(тардың) шарт(тар)ын жасасады. Микрокредит беру туралы шарттың /банктік қарыз шартының көшірмесі кепілгерге жіберіледі.

      31. Кепілгердің оң шешімі бар хатты алғаннан кейін МҚҰ/ЕДБ-нің қалауы бойынша кредит сомасының 50 % дейін жартылай беруге рұқсат етіледі.

      32. Микрокредит беру туралы шарттың/банктік қарыз шартының көшірмесін МҚҰ/ЕДБ-дан алғаннан кейін кепілгер 30 жұмыс күні ішінде кепілдік беру шартын ресімдейді және оған қол қояды, оны МҚҰ/ЕДБ жібереді.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.07.2017 № 286 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      33. МҚҰ/ЕДБ кепілдік шартына қол қояды, оған кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған шартты кепілгерге жібереді;

      34. МҚҰ/ЕДБ кепілгерден қол қойылған кепілдік шартын алғаннан кейін кәсіпкерге кредит/микрокредит беруді жүзеге асырады.

      35. Шығарылған кепілдіктерді төлеу мақсатында жергілікті атқарушы органдар кезекті жылдың басында кредиттерді/микрокредиттерді кепілдендіруге бөлінген қаражат сомасының 50 %-ын кепілгерге аударады.

      36. Кепілдік беруге бөлінген қаражаттың қалған бөлігі төмендегідей тәсілмен, кепілдік шарттарын жасауына қарай, жылдың басында кепілгерге аударылған қаражаттың бірінші жартысын толық игергеннен кейін кепілгерге аударылады:

      1) кепілдік шартын жасағаннан кейін кепілгер жергілікті атқарушы органдарға тиісті хабарламаны жібереді;

      2) Жергілікті атқарушы органдар кепілгерден кепілдік шартын жасау туралы хатты алғаннан кейін кепілгердің ағымдағы шотына кепілдік сомасының 20 % мөлшерінде қаражат аударды жүзеге асырады.

      Осы Қағидалар шеңберінде кепілдік беруге бөлінген және ағымдағы қаржы жылында кепілгер пайдаланбаған қаражат жергілікті атқарушы органдарға қайтарылады.

      Жобаларға кепілдік беру үшін бюджет қаражатының жеткіліксіздігі пайда болған жағдайда жергілікті атқарушы органдар кезекті қаржы жылында жобаларға кепілдік берудің тоқтатылғаны туралы хабарлайды.

      5-тарау. Бағдарлама мониторингі

      37. Бағдарламаның іске асырылуына мониторингті кепілгер жүзеге асырады, оның қызметтеріне мыналар жатады:

      1) МҚҰ/ЕДБ және/немесе кәсіпкер ұсынатын деректердің және құжаттардың негізінде кепілдік шарты жасалған кәсіпкердің мониторингі;

      2) МҚҰ/ЕДБ ұсынатын немесе өзге де сенімді дереккөздер деректерінің негізінде кәсіпкердің төлем тәртібінің мониторингі.

      38. Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін кепілгер кәсіпкерден және МҚҰ/ЕДБ мониторинг нысанасына қатысты қажетті құжаттарды және ақпаратты сұратуға құқылы, ал кәсіпкер және МҚҰ/ЕДБ, оның іске асырылатын орнына шыға отырып, жобаны іске асырылуына мониторингті жүзеге асыруға міндетті.

      39. Кепілгер кредитті мақсатсыз пайдалану фактілерін анықтаған кезде кепілдік сомасын мақсатсыз пайдаланылған кредит сомасына тең сомаға азайту туралы шешім қабылдайды.

      Кредит толығымен мақсатсыз пайдаланылған жағдайда Кепілгер кепілдік күшін жояды.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.06.2018 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      40. МҚҰ/ЕДБ мыналарды қамтитың кәсіпкер жобасының мониторингін жүзеге асырады:

      1) ай сайын – кәсіпкер жобасы(лары)ның іске асырылу барысының ағымдағы мониторингі;

      2) жылына бір рет – МҚҰ/ЕДБ ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен, бірақ міндетті түрде жобаның іске асырылу барысы туралы ақпаратты қамтиды (бизнес-жоспарға) кәсіпкердің жобасы(лары)ның іске асырылу барысының кеңейтілген мониторингі.

      41. МҚҰ/ЕДБ осы Кепілдік беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес Бағдарлама шеңберіндегі кәсіпкер жобаларының іске асырылу барысының ағымдағы мониторингі туралы МҚҰ/ЕДБ есебін жазбаша және электрондық түрде есепті айдан кейінгі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірмей кепілгерге ұсынады.

      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.07.2017 № 286 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      42. Кәсіпкердің жобасы(лары)ның іске асырылу барысының кеңейтілген мониторингі туралы есепті МҚҰ/ЕДБ жазбаша және электрондық түрде есепті кезеңнен кейінгі айдың 30 (отызыншы) күнінен кешіктірмей кепілгерге жібереді.

      43. Кепілгер ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 6 (алтыншы) күніне дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органға және уәкілетті органға кредиттер/микрокредиттер бойынша берілген кепілдіктер жөніндегі ақпаратты ұсынады.

      Уәкілетті орган кредиттер/микрокредиттер бойынша берілген кепілдіктер жөніндегі ақпаратты ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне қарай халықты жұмыспен қамтау мәселелері жөніндегі уәкілетті органға береді.

      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.07.2017 № 286 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Қалаларда микроқаржы
ұйымдары/
екінші деңгейдегі банктер
беретін микрокредиттер
бойынша кепілдік беру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры"

      акционерлік қоғамы өңірлік филиалының директорына

      _______________________________________________

      _______________________________________________

Кепілдік сомасын есептей отырып, кредит беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хат

      " " микроқаржы ұйымы / "______" акционерлік қоғамы мынадай шарттармен ___________________ бағдарламасының шеңберінде кредит/микрокредит беру/кредит желісін ашу туралы оң шешімнің 201_ ж. _____қабылданғанын хабарлайды:

1

Қарыз алушының толық атауы


2

Өнім (қаржыландыру) түрі

Жаңартылмайтын кредит желісі/жаңартылатын кредит желісі/ микрокредит/ кредит

3

Кредиттің/микрокредиттің сомасы және валютасы


4

Кредит беру мақсаты


5

Кредиттің/микрокредиттің мерзімі


6

Сыйақы мөлшерлемесі


7

Негізгі борышты өтеу тәртібі және мерзімдері


8

Сыйақыны өтеу тәртібі және мерзімдері


9

Микрокредит бойынша қамтамасыз ету тізбесі

Объектінің атауы, орналасқан жері, кепілді құны ____ теңгеден кем емес. Нарықтық құны _____ теңге;
Объектінің атауы, орналасқан жері, кепілзді құны ____ теңгеден кем емес. Нарықтық құны _____ теңге;
Жеке тұлғалардың жеке кепілдігі: ТАӘ, ТАӘ .
Кепілді қамтамасыз етудің жалпы сомасының жиыны ______ теңге.

      Баяндалғанның негізінде, Сізден _____________ теңге мөлшерінде ___айға дейінгі мерзіммен кепілдік беру мүмкіндігін қарауды сұраймыз.

      " " микроқаржы ұйымы/"______" акционерлік қоғамы "_________"

      мо

      ________________ ____________________ __________________________

      (лауазымы) (қолы) (мөр орны) (тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

                              (бар болған жағдайда)

      Қалаларда микроқаржы
ұйымдары/
екінші деңгейдегі банктер
беретін микрокредиттер
бойынша кепілдік беру
қағидаларына
2-қосымша

Кәсіпкер сараптамасын өткізу үшін микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк кепілгерге беретін құжаттар тізбесі

      1. Жалпы құжаттар:

№ р/с

Құжаттың атауы

Нысаны

1

2

3

1

Құжаттар тізбесіне ілеспе хат

түпнұсқа

2

Құжаттар топтамасында бар барлық құжаттардың ішкі тізімдемесі немесе құжаттарды қабылдау-тапсыру актісі

Микроқаржы ұйымының/екінші деңгейдегі банктің уәкілетті жұмыскері қол қойған және Микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банктің мөрімен/мөртабанымен расталған түпнұсқа

3

Микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк кредит/микрокредит алуға өтінім

Микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме

4

Соңғы есепті күнге қарағандағы жағдай бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қаржы құжаттары (берешектің пайда болған күнін, өтеудің жоспарланған күнін және берешектің нысанасын көрсете отырып кредиторлық және дебиторлық берешекті толық жазып, негізгі қаражаттың толық жазылуы, соңғы 12 айдағы кірістер мен шығыстар туралы есеп (дара кәсіпкерлерге арналған)

Микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме

5

Кәсіпкердің мөрімен расталған (бар болған жағдайда) жылдың басындағы және соңғы есеп беру күніндегі жағдай бойынша қаржы құжаттары (берешектің пайда болған күнін, өтеудің жоспарланған күнін және берешектің нысанасын көрсете отырып кредиторлық және дебиторлық берешекті толық жазып, негізгі қаражаттың толық жазылуы, соңғы 12 айдағы кірістер мен шығыстар туралы есеп (дара кәсіпкерлерге арналған) (заңды тұлғаларға арналған)

Микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме

6

Кірістер мен шығыстар туралы есеп баптарының толық жазылуы – іске асырудан түскен кіріс, өзіндік құны, кезеңнің шығыстары, басқа да кірістер мен шығыстар, қаралып отырған кезеңдегі ақшалай және заттай мәнде өткізілген өнімнің көлемі

Микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме немесе түпнұсқа

7

Қаржы ұйымдарынан несиелік берешегінің, оның ішінде мерзімі өткен берешегінің болуы туралы анықтама (банктерді қосқанда, кредиттері болған жағдайда)

Түпнұсқа (30 күнтізбелік күнге дейін түпнұсқамен салыстырылған көшірмеге рұқсат беріледі)

8

Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоғы (бары) туралы анықтама**

Түпнұсқа (egov.kz анықтама)

9

Екінші деңгейдегі банктердегі барлық қолданыстағы шоттар туралы мәліметтер

Кәсіпкер хатының түпнұсқасы

10

Лицензиялар**, патенттер, квоталар және т.с.с. (егер өтініш берушінің қызмет түрі лицензияланатын болса немесе қарыз қаражаты бағытталатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін іске асыру лицензияланатын болса)

Микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме

11

Жобаны іске асыру жөніндегі құжаттар (бар болса):
1) келісімшарттар, сатып алу-сату шарттары, ниет шарттары, жұмыстарды жүргізуге (мердігердің құрылыс-монтаждау жұмыстарын немесе қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыруға лицензияны қоса бере отырып), қызметтерді көрсетуге шарттар, орындалған жұмыстар актісі, төлем шоттары және т.с.с.;
2) жоспарланған жұмыстар бойынша смета, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге тиісті рұқсат (егер кредит құрылыс, реконструкциялау саласында пайдалану үшін берілетін болса және т.с.с. жағдайда) және т.б.;
3) жобаға жеке қатысуын растайтын құжаттар;
4) жобаны қарау шеңберінде микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк пайдаланатын кез келген басқа да құжаттар

Микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме

12

Бизнес-жоспар

Микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме

13

Соңғы және ағымдағы жылдары қолданыстағы және пайдаға асырылған келісімшарттар (бар болса)

көшірмелер

14

Кредиттік келісімдер (қолданыстағы кредиттері болған жағдайда)

көшірмелер

15

Микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банктің атынан кредит/микрокредит, кепілзат және кепілдік беру туралы шартты жасайтын тұлғаның өкілеттіктерін растайтын құжаттар.

Микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк мөрімен расталған көшірмелер (кепілдік шартын жасаған кезде Микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банкке ұсынуы мүмкін)

      Ескертпе: микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банктің құжаттар топтамасын берген күннен бастап қаржылық есептіліктің ескіру мерзімі 3 айдан аспауға тиіс.

      * бастапқы жобалар бойынша осы құжаттар бар болған жағдайда беріледі.

      2. Жеке кәсіпкерлік субъектілері құқықтық мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайтын құжаттар

      1. Егер кәсіпкер дара кәсіпкер болған жағдайда:

№ р/с

Құжаттың атауы

Нысаны

1

2

3

1

Жеке басын куәландыратын құжат

Микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме

2

Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда, - патент**

Микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк уәкілетті тұлға түпнұсқамен салыстырған көшірме (egov.kz алынған анықтамаға рұқсат етіледі)

3

Қойылған қолдың үлгісі немесе мөрдің баспа таңбасы бар құжат

нотариат растаған түпнұсқа

4

Кредит бюросына ақпаратты ұсынуға және кредит есебін алуға кәсіпкердің келісімі

түпнұсқа кепілгер атына беріледі

5

Дербес деректерді жинауға және өңдеуге кәсіпкердің келісім

түпнұсқа кепілгер атына беріледі

      2. Егер кәсіпкер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға болса:

№ р/с

Құжаттың атауы

Нысаны

1

2

3

1

Жарғы, оған өзгеріс пен толықтырулар

нотариат растаған көшірме

2

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/анықтама**

нотариат растаған көшірме (egov.kz алынған анықтамаға рұқсат етіледі)

3

Бірінші басшыны тағайындау туралы кәсіпкердің уәкілетті органының шешімі

Микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме

4

Микроқаржы ұйымына/екінші деңгейдегі банкке және кепілгерге кәсіпкердің атынан құжаттарға қол қоюға уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат, сонымен қатар оның өкілеттерін растайтын құжаттар

Микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме

5

Кепілдікті тарту туралы шешімді қабылдаған кәсіпкерлердің уәкілетті органының шешімі

кепілгер бекіткен нысан бойынша түпнұсқа

6

Микрокредит тарту туралы шешімді қабылдаған жеке кәсіпкерлік субъектісі уәкілетті органының шешімі

Микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк бекіткен нысан бойынша түпнұсқа

7

Бірінші басшының, бас бухгалтердің қол қою және жеке кәсіпкерлік субъектісі мөрінің баспа – таңбасының үлгілері бар құжат

нотариат растаған түпнұсқа

8

Кредит бюросына ақпаратты ұсынуға және кредит есебін алуға жеке кәсіпкерлік субъектісі келісімі

түпнұсқа кепілгердің атына беріледі

      Ескертпе:

      Бірнеше беттен құралған құжатты ұсынған жағдайда мұндай құжаттың тігілуі және нөмірленуі немесе құжаттың әр беті уәкілетті тұлғалардың қолымен/мөрмен/мөртабанмен бекемделуі тиіс.

      Қалаларда микроқаржы
ұйымдары/
екінші деңгейдегі банктер
беретін микрокредиттер
бойынша кепілдік беру
қағидаларына
3-қосымша

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың
2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламаның аясында
__________________ бастап ______________________ ж. дейінгі кезеңде кәсіпкерлер
жобаларының іске асырылу барысының ағымдағы мониторингі туралы
"_____________" микроқаржы ұйымының / "__________" акционерлік қоғамы есебі.

№ р/с

Микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк атауы

Жеке кәсіпкерлі субъектісінің өтініш білдіру орны (облыс, өңір)

Кәсіпкердің атауы

Қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес-сәйкестендіру нөмірі

1

2

3

4

5


Заңды мәртебесі (жеке кәсіпкер, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, акционерлік қоғам)

Микрокредит беру туралы шарт/кредит желісін ашу туралы келісім №

Микрокредит беру туралы шарт/кредит желісін ашу туралы келісім күні

Кредиттің мерзімі


6

7

8

9







Кредиттің сомасы

Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі

Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдік кезеңі

Сыйақыны төлеу бойынша жеңілдік кезеңі

І

10

11

12

13







Кредит (транш) бойынша беру күні

Қаражатты нақты беру сомасы

Есепті күнге негізгі борыш берешегінің қалдығы

Кепілдік шартының нөмірі


14

15

16

17







Кепілдік шартының күні

Кепілгердің кепілдік сомасы

Кепілгердің кепілдік бойынша міндеттемелерін орындау сомасы

Негізгі борыш бойынша мерзімі өткен берешек сомасы


18

19

20

21







Негізгі борыш бойынша мерзімі өткен күндер саны

Сыйақыны төлеу бойынша мерзімі өткен күндер саны

Кредит беру объектісі (инвестициялық кредит/ айналымдағы қаражатты толтыру)

Сала бойынша код


22

23

24

25







Жоба бойынша бизнес (бастапқы/қолданыстағы)

Микрокредит/Кредит желісін ашу туралы келісімді беру туралы шарт бойынша қолжетімділік кезеңі

Уәкілетті органның/ Микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк шешімінің күні

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптары бойынша жіктеу санаты


26

27

28

29











      Лауазымды адам____________________(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

                        (қолы, мөрі)

      Жауапты жұмыс _____________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

                        (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады