РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 13.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2018 жылғы 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
______________ Д. Абаев
28 маусым 2018 жыл
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
______________ Р. Дәленов
27 маусым 2018 жыл
Қазақстан Республикасы Қаржы министрі 2018 жылғы 25 маусымдағы № 623 бұйрығымен бекітілген |
Күші жойылған кейбір бұрықтарының тізбесі
1. "Бағалау қызметі мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 245 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11241 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. "Бағалау қызметі мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 306 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11698 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. "Бағалау қызметі мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 245 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 18 қарашадағы № 1057 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14618 болып тіркелген, 2017 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
4. "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 54 бұйрығының 1-тармағы 5) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16285 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 қаңтарда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
5. "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 20 наурыздағы № 442 бұйрығының 3) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16766 болып тіркелген, 2018 жылғы 3 мамырда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).