"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу тәртібін одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидалары бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 21 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13274 болып тіркелген, 2016 жылы 5 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Монетарлық операциялар департаменті (Молдабекова Ә.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Д. Ақышев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 30 шілдедегі № 167 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын іске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Ұлттық Банк туралы заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын (бұдан әрі - ақша-кредит саясаты) іске асыру шеңберінде аукциондар өткізу тәртібін айқындайды.
2. Ақша-кредит саясатының мақсаттарына сәйкес өтімділікті беру және алу үшін Ұлттық Банк мынадай аукцион түрлерін өткізеді:
1) бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционы;
2) бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционы;
3) Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының аукционы;
4) депозиттік аукцион.
3. Қағидаларда 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Ерекше бөлім) көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аукционға қатысушы - орталық депозитарийдің депоненті болып табылатын, бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционы және бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционы нысанындағы сауда-саттыққа (бұдан әрі - аукцион) қатысушы болып табылатын екінші деңгейдегі банк;
2) аукциондық платформа - Ұлттық Банк аукциондар жүргізу үшін пайдаланатын автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйе;
3) бағалы қағаздарды сату мәмілесінің орындалған күні - Ұлттық Банктің аукционға қатысушыға бағалы қағаздарды сатқан күні;
4) бағалы қағаздарды сатып алу мәмілесінің орындалған күні - Ұлттық Банктің аукционға қатысушыдан бағалы қағаздарды сатып алатын күні;
5) бастапқы агент - Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының аукционына қатысушы, оған екінші деңгейдегі банк, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Қазақстан Республикасының Ұлттық пошта операторы, Ұлттық Банкпен брокерлік қызмет көрсету туралы шарт жасасқан заңды тұлға, активтері Ұлттық Банктің сенімгерлік басқаруындағы клиент жатады;
6) деректерді берудің электрондық жүйесі - "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қаржылық автоматтандырылған ақпарат тасымалдау жүйесі (бұдан әрі - ҚААТЖ) немесе бағдарламалық-криптографиялық қорғау жүйесінің көмегімен шифрланатын қаржы құралдарымен (Society for Worldwide Interbank Financial Telecommunication) операциялар бойынша ақпарат берудің және есеп айырысулар жасаудың халықаралық банкаралық жүйесі;
7) депозиттік мәміле - депозиттік аукцион шеңберінде Ұлттық Банк пен контрәріптес арасындағы депозитті (банк салымын) қабылдау туралы мәміле;
8) дисконтталған баға - дисконттау мөлшерлемесін есептегенде номиналдық құннан төмен баға;
9) дисконттау мөлшерлемесі - Ұлттық Банк өткізетін аукционда бағалы қағаздың бағасын және көлемін есептеу үшін пайдаланылатын пайыздық мөлшерлеме;
10) инвестор - бастапқы агенттің клиенті;
11) кесімді баға - бастапқы агенттердің өтінімдерін қанағаттандыру аяқталатын баға;
12) кесімді мөлшерлеме - өтінімдерді қанағаттандыру аяқталатын ең төменгі (бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционы үшін) не ең жоғарғы (бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционы, Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының аукционы және депозиттік аукцион үшін) пайыздық мөлшерлеме;
13) кірістілік мөлшерлемесі - кері сату (сатып алу) бағасын (екінші мәміле бағасын) және кері сату (сатып алу) мәмілесінің сомасын есептеу үшін пайдалынатын, жасалатын сатып алу (сату) және кері сату (сатып алу) мәмілелерінің өлшемі;
14) контрәріптес - депозиттік аукционға қатысушы, оған екінші деңгейдегі банк, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Қазақстан Республикасының Ұлттық пошта операторы, Ұлттық Банкпен брокерлік қызмет көрсету туралы шарт жасасқан заңды тұлға, активтері Ұлттық Банктің сенімгерлік басқаруындағы клиент жатады;
15) ломбардтық тізім - Ұлттық Банктің бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционында және бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционында сатып алуына (сатуына) рұқсат етілген бағалы қағаздардың тізбесі. Ломбардтық тізімге енгізілген бағалы қағаздар мынадай талаптарға сәйкес келеді:
шығарылым Қазақстан Республикасы қор биржасының (бұдан әрі - қор биржасы) сауда-саттығында айналысқа жіберілген;
Ұлттық Банктің бағалы қағаздарды кері сату (сатып алу) күнінен бастап олар өтелгенге дейін кемінде жеті жұмыс күні қалған;
бағалы қағаздардың меншік иесінің міндеттемелері бойынша бағалы қағаздарға меншік құқығы тоқтатылмаған, бағалы қағаздардың меншік құқығына шектеу салынбаған және өндіріп алынбаған. Ломбардтық тізім Ұлттық Банктің консультативтік-кеңесші органы - Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты жөніндегі техникалық комитеттің ұсынымдары негізінде Ұлттық Банк Төрағасының бұйрығымен бекітіледі;
16) орташа алынған дисконтталған баға - кесімді баға бойынша аукционда қалыптасқан Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарының жалпы көлеміне қарай алынған орташа дисконтталған баға;
17) орташа алынған мөлшерлеме - кесімді мөлшерлеме бойынша аукционда қалыптасқан, аукционға қатысушылардың (бастапқы агенттердің, контрәріптестердің) қанағаттандырылған немесе ішінара қанағаттандырылған өтінімдерінің жалпы көлеміне қарай орташа алынған пайыздық мөлшерлеме;
18) пайыздық мөлшерлеме - аукционға қатысушыға (контрәріптеске) төленетін, пайыздық көрсеткішпен көрсетілген сома;
19) уәкілетті бөлімше - Ұлттық Банктің монетарлық операциялар бөлімшесі;
20) Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын мерзімінен бұрын өтеу - Ұлттық Банктің бағалы қағаздардың қайталама нарығында қысқа мерзімді ноттарды өтеу мерзімі аяқталғанға дейін бастапқы агентпен алдын ала келісілген өтеу күні, саны және бағасы бойынша толық немесе ішінара айналыстан алуы;
21) Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алу - Ұлттық Банктің бағалы қағаздардың қайталама нарығында Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын өтеу мерзімі өткенге дейін бастапқы агентпен Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алу күні, саны және бағасы бойынша олардың одан әрі айналыста болу мүмкіндігімен алдын ала келісілген сатып алуы;
22) Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын үстеме орналастыруға өтінім - Ұлттық Банктің бұрын шығарылған айналыстағы қысқа мерзімді ноттарына қосымша орналастырылған аукциондағы Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттары эмиссиясының кезеңі;
23) Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын үстеме орналастыру талаптары - Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын үстеме орналастырудың, ақша-кредит саясатының мақсаттарына сәйкес Ұлттық Банк айқындайтын және жариялайтын және үстеме орналастыру күнінен, айналыста болу мерзімінен, өтеу күнінен, үстеме орналастыру көлемінен, өтінімді қанағаттандыру талаптарынан, ақы төлеу күнінен, үстеме орналастыру нысанынан тұратын талаптар;
24) Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын шығару және орналастыру талаптары - ақша-кредит саясатының мақсаттарына сәйкес Ұлттық Банк айқындайтын және жариялайтын және орналастыру күні, айналысқа шығару мерзімі, өтеу күні, орналастыру көлемі, өтінімдерді қанағаттандыру талаптары, төлем жасау күні, орналастыру нысаны кіретін Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын шығарудың және орналастырудың талаптары;
25) eTransfer.kz электрондық құжаттар алмасу жүйесі - берілетін деректерді қорғаудың криптографиялық құралдарын көздейтін және олардың кепілдікпен жеткізілуін қамтамасыз ететін қор биржасы мен оның мүшелері арасындағы электрондық құжат айналымының мамандандырылған жүйесі.
2-тарау. Ұлттық Банк ақша-кредит саясаты шеңберінде аукциондар өткізу кезінде шарттар мен келісімдер жасау
4. Ақша-кредит саясаты шеңберінде аукциондар жүргізу кезінде Ұлттық Банк мынадай шарттардың және (немесе) келісімдердің біреуін:
1) бағалы қағаздарды кері сата (сатып ала) отырып сатып алу (сату) аукционының қатысушысымен аукцион нәтижелері бойынша бағалы қағаздарды кері сата (сатып ала) отырып сатып алу (сату) мәмілелерін жасауға қосылу шартын (бұдан әрі - аукцион шеңберінде Бағалы қағаздармен мәмілелер жасау туралы шарт);
2) бастапқы агентпен Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарымен операцияларды жасауға қосылу шартын (бұдан әрі - қысқамерзімді ноттармен операциялар жасау туралы шарт);
3) депозиттік аукционға қатысу үшін контрәріптеспен депозиттерді (банктік салымдарды) қабылдау туралы және жинақ шотын ашу және жүргізу туралы келісімді (бұдан әрі – Депозиттерді қабылдау туралы келісім) жасайды.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 270 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. Аукцион шеңберінде Бағалы қағаздармен мәмілелер жасау туралы шартты және (немесе) Қысқа мерзімді ноттармен операциялар жасау туралы шартты жасау үшін аукционның әлеуетті қатысушысы немесе әлеуетті бастапқы агент, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын, Қазақстан Республикасының Ұлттық пошта операторын, Ұлттық Банкпен брокерлік қызмет көрсету туралы шарт жасасқан заңды тұлғаны, активтері Ұлттық Банктің сенімгерлік басқаруындағы клиентті қоспағанда, Ұлттық Банкке мынадай құжаттарды ұсынады:
1) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға Ұлттық Банк берген лицензиясының болуын көрсете отырып, қағаз тасымалдағышта не ҚААТЖ арқылы электрондық түрдегі еркін нысанда берген, аукционның әлеуетті қатысушысының немесе әлеуетті бастапқы агенттің уәкілетті адамы қол қойған өтінішті;
2) орталық депозитарийде жеке шоттың болуын растайтын орталық депозитарийдің құжаты.
Ұлттық Банктің және екінші деңгейдегі банктің арасында Аукцион шеңберінде бағалы қағаздармен мәмілелер жасау туралы қолданыстағы шарт болған кезде екінші деңгейдегі банктің осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құжаттарды Ұлттық Банкке ұсынбай-ақ Қысқа мерзімді ноттармен операциялар жасау туралы шарт жасауға рұқсат етіледі.
Ұлттық Банктің және екінші деңгейдегі банктің арасында Қысқа мерзімді ноттармен операциялар жасау туралы қолданыстағы шарт болған кезде екінші деңгейдегі банктің осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құжаттарды Ұлттық Банкке ұсынбай-ақ Аукцион шеңберінде Бағалы қағаздармен мәмілелер жасау туралы шарт жасауға рұқсат етіледі.
6. Ұлттық Банк аукционның әлеуетті қатысушысының немесе әлеуетті бастапқы агенттің өтінімін Қағидалардың 5-тармағының бірінші бөлігінде көзделген құжаттар Ұлттық Банкке түскен күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды, Аукцион шеңберінде бағалы қағаздармен мәмілелер жасау туралы шартқа және (немесе) Қысқа мерзімді ноттармен операциялар жасау туралы шартқа қосылу туралы хабарламаны не себептерін көрсете отырып негізделген бас тартуды қағаз тасымалдағышта не ҚААТЖ бойынша электрондық түрде жібереді.
7. Депозиттік аукционға қатысу шеңберінде Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын әлеуетті контрәріптес Депозиттерді қабылдау туралы келісім жасасу үшін Ұлттық Банкке мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Ұлттық Банк басшылығының атына Депозиттерді қабылдау туралы келісім жасасуға өтінішхатты;
2) контрәріптестің депозиттік аукцион шеңберінде депозиттерді (банктік салымдарды) орналастыру бойынша мәмілелерді жасасуға уәкілетті қызметкерлерінің контрәріптес бекіткен тізімді;
3) жарғы не оның нотариат куәландырған көшірмесі, ал егер контрәріптес өз қызметін үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын жағдайда – үлгі жарғы негізінде қызметті жүзеге асыру фактісін растайтын құжатты;
4) мәміле паспортына қол қоюға уәкілетті контрәріптес қызметкерлерінің қойылған қолдарының үлгілері бар нотариат куәландырған құжатты ұсынады.
Депозиттік аукционға қатысу шеңберінде Қазақстан Республикасының бейрезиденті әлеуетті контрәріптес Депозиттерді қабылдау туралы келісімді жасасу үшін Ұлттық Банкке мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Ұлттық Банк басшылығының атына Депозиттерді қабылдау туралы келісімге жасасуға өтінішхаты;
2) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмесі (шет мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктерін қоспағанда);
3) бейрезидент елінің уәкілетті органы берген (шет мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктерін қоспағанда) банк операцияларын жүргізуге арналған лицензияның нотариат куәландырған көшірмесі;
4) операциялар жасау кезінде қойылған қолдардың үлгілері бар құжатқа сәйкес төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті адамның (адамдардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі (көшірмелері);
5) Қазақстан Республикасының бейрезидентін Қазақстан Республикасында салық төлеуші ретінде тіркегенін растайтын құжат бар болса, соның көшірмесі;
6) соңғы үш жылдағы шоғырландырылған қаржылық есептілік болған кезде жасайды.
Контрәріптесте Ұлттық Банк пен контрәріптес арасында жасалған қаржы құралдарымен мәмілелерді жасауға Қосылу шарты болған жағдайда, контрәріптестің осы тармақта көзделген құжаттарды Ұлттық Банкке қайталап ұсынуынсыз Депозиттерді қабылдау туралы келісімді жасасуына жол беріледі.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 270 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7-1. Ұлттық Банк әлеуетті контрәріптес Тәртіптің 7-тармағына сәйкес ұсынған құжаттарды қарайды және ұсынылған құжаттар Тәртіптің 7-тармағына сәйкес келген жағдайда, олар Ұлттық Банкке келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Депозиттерді қабылдау туралы келісімді жасасуға дайын екендігін жазбаша хабарлайды немесе себептерін көрсете отырып бас тарту жібереді.
Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 270 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3-тарау. Бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционын өткізу
8. Мынадай талаптарға сәйкес келетін аукционға бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционына қатысуға рұқсат етіледі:
1) аукционға қатысу күні алдындағы қатарынан күнтізбелік үш ай ішінде екі және одан көп рет ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін бұзбауы. Көрсетілген талап аукционға қатысушы 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс) 213-бабының бесінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған әкімшілік айыппұл төлеген күнге дейін қолданылады;
2) пруденциалдық нормативтердің соңғы есепті күнге бұзылмауы;
3) Ұлттық Банкпен жасалған корреспонденттік шот шартында аукционға қатысушы Ұлттық Банк алдындағы міндеттемелерін орындамаған жағдайда оның корреспонденттік шотынан оның келісімінсіз ақша алуға Ұлттық Банктің құқығы көзделетін талаптың болуы;
4) Аукцион шеңберінде бағалы қағаздармен мәмілелер жасау туралы қолданыстағы шарттың болуы;
5) Ұлттық Банк берген қарыздар бойынша негізгі борышты және (немесе) сыйақыны төлеу бойынша берешектің болмауы.
9. Аукционға қатысушы Қағидалардың 8-тармағында көзделген бір немесе бірнеше талаптарға сәйкес болмаған жағдайда Ұлттық Банк аукционға қатысушыны бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционына қатыстырмайды.
10. Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционының объектісі Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес бағалы қағаздарды кері сату бағасын есептеуге арналған формула бойынша бағалы қағаздың кері сату бағасын айқындайтын кірістілік мөлшерлемесі болып табылады.
11. Аукционға қатысушының Қағидалардың 8-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін уәкілетті бөлімше мыналар:
1) Ұлттық Банктің қаржы нарығының статистикасы бөлімшесі Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасы бойынша;
2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қағидалардың 8-тармағының 2) тармақшасы бойынша;
3) Ұлттық Банктің операциялық есеп бөлімшесі Қағидалардың 8-тармағының 3) тармақшасы бойынша ұсынған ақпараттың негізінде айқындайды.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 270 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.12. Бағалы қағаздарды кері сатумен сатып алу бойынша аукционға валюта кодын, аукцион өткізу күнін және өтімділікті алу мерзімін көрсете отырып бірегей сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - бағалы қағаздарды кері сатумен сатып алу бойынша аукционның нөмірі) беріледі.
13. Бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционын өткізуге байланысты, аукционға қатысушыларға деректерді берудің электрондық жүйесі арқылы берілетін ақпаратта мынадай мәліметтер болады:
1) бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционының нөмірі;
2) ломбардтық тізім;
3) ломбардтық тізімге енгізілген бағалы қағаздарды сатып алу бағасы (бірінші мәміленің бағасы). Сатып алу бағасы бір бағалы қағаздың үтірден кейін төрт белгі қойылған таза құны ретінде (есептелген сыйақыны қоспағанда) айқындалады;
4) бағалы қағаздардың өтімділік беру мерзімі (бағалы қағаздарды сатып алу мәмілесін (бірінші мәміле) және кері сату мәмілесін (екінші мәміле) орындау күні арасындағы күнтізбелік күндердегі айырма);
5) орналастырылатын өтімділіктің жарияланған көлемі;
6) кірістіліктің ең төменгі мөлшерлемесі (аукционға қатысушы сұрататын кірістілік мөлшерлемесінің ең төменгі рұқсат етілген мөлшері).
14. Ұлттық Банктің аукционға қатысушыларға техникалық себептер (деректерді берудің электрондық жүйелерінің жұмысында іркіліс болған жағдайда) бойынша бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционын өткізуге байланысты ақпаратты деректерді берудің электрондық жүйесі арқылы беруге мүмкіндігі болмаған жағдайда бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционын өткізуге байланысты ақпаратты қағаз тасымалдағышта беруге рұқсат етіледі.
15. Ұлттық Банк бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционын өткізу күніне дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей аукционға қатысушыларға және орталық депозитарийге ломбардтық тізімді және бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционын өткізуге байланысты ақпаратты хабарлайды.
16. Бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционы шеңберінде ломбардтық тізімге енгізілген бағалы қағаздардың нарықтық құны қор биржасы айқындаған дисконтқа сәйкес есептеледі.
17. Бағалы қағаздарды сатып алу бағасы бір бағалы қағаздардың таза құны ретінде (есептелген сыйақыны қоспай) үтірден кейін төрт белгімен анықталады.
18. Аукционға қатысушы бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционын өткізу күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 9.00 − 11.30 аралығында уәкілетті бөлімшеге бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционына қатысуға өтінімді аукциондық платформа арқылы электрондық түрде береді.
Бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционына қатысуға өтінімдерді аукциондық платформа арқылы электрондық түрде беруге техникалық себептер (аукциондық платформа жұмысында іркіліс болған жағдайда) бойынша мүмкін болмаған жағдайда, аукционға қатысушыларға бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционына қатысуға өтінімді Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдағышта беруге рұқсат етіледі.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2019 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.19. Аукционға қатысушы бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционына қатысуға арналған өтінімді бәсекелес және (немесе) бәсекелес емес ұсыныстармен бере алады.
20. Бәсекелес немесе бәсекелес емес ұсынысы бар бір өтінімнің ең аз көлемі кемінде 50 000 000 (елу миллион) теңге болады.
21. Ұлттық Банк бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционын кемінде әртүрлі екі аукционға қатысушыдан түскен бәсекелес ұсынысы бар екі және одан көп өтінім болған кезде өткізеді.
22. Бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционына қатысушылардың бәсекелес ұсыныстары бар өтінімінде бағалы қағаздардың шығарылымы, номиналдық құны және пайыздық мөлшерлеме көрсетіледі.
23. Бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционына қатысушылардың бәсекелес емес ұсыныстары бар өтінімінде бағалы қағаздардың шығарылымы және номиналдық құны көрсетіледі.
24. Бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционына қатысушылардың бәсекелес ұсыныстары бар өтінімдері реттеледі және ең жоғарыдан бастап, бірақ кесімді мөлшерлемеден төмен емес ұсынылған пайыздық мөлшерлеменің деңгейі бойынша қанағаттандырылады.
25. Бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционына қатысушылардың бәсекелес емес ұсыныстары аукцион өткізу қорытындылары бойынша қалыптасқан орташа алынған мөлшерлеме бойынша қанағаттандырылды.
26. Уәкілетті бөлімше Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 12.00-ге қарай бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционына қатысуға өтінімдерді Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционына қатысуға келіп түскен өтінімдердің жиынтық ведомосына жинақтайды.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2019 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.27. Уәкілетті бөлімшенің басшысы не ол болмаған кезде оның орнындағы адам Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 12.00 – 13.00 аралығында бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционы туралы алынған деректер негізінде кесімді мөлшерлеме, өтінімдерді қанағаттандыру көлемі туралы шешім қабылдайды, одан кейін Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционына қатысуға келіп түскен өтінімдердің жиынтық ведомосына қол қояды.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2019 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.28. Уәкілетті бөлімше кесімді мөлшерлеме және қанағаттандырылған өтінімдер көлемі туралы ақпарат негізінде бағалы қағаздарды сатып алу және кері сату мәмілесін жасайды және аукцион аяқталғаннан кейін аукционға қатысушыға Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционы бойынша өтінімдердің қанағаттандырылған көлемі туралы хабарламаны қағаз тасымалдағышта не аукциондық платформа арқылы электрондық түрде береді.
29. Бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционының қорытындылары бойынша Ұлттық Банк пен аукционға қатысушы арасында:
1) Ұлттық Банктің бағалы қағаздарды сатып алуы бойынша (сатып алу мәмілесі (бірінші мәміле));
2) Ұлттық Банктің сатып алу мәмілесінен кейін белгілі бір мерзімде сол бағалы қағаздарды кері сатуы бойынша (кері сату мәмілесі (екінші мәміле)) жұп мәмілелер жасалады.
30. Ұлттық Банк ақша-кредит саясатының бағыттарына және қаржы нарығының конъюнктурасына сәйкес бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционының талаптарын жедел өзгертеді (бағалы қағаздардың жарияланған орналастыру көлемін ұлғайтады, бағалы қағаздардың жарияланған орналастыру көлемін азайтады, бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционын өткізбейді).
31. Ұлттық Банк бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционының ақша-кредит саясатының міндеттерін орындау үшін жеткіліксіз нәтижелерін алған жағдайда, сондай-ақ кемінде екі түрлі аукционға қатысушыдан бәсекелес ұсыныстары бар екі және одан көп өтінім болмаған кезде бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционы өтпеген деп жариялайды.
32. Бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционының өткізілмегендігі туралы хабарландыру уәкілетті бөлімше басшысының не ол болмаған жағдайда оның орнындағы адамның өкімімен бекітіледі.
33. Уәкілетті бөлімше бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционын өткізу күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 18.30-дан кешіктірмей бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционының қорытындылары туралы ақпаратты Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсына орналастырады.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2019 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.34. Бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционының қорытындылары бойынша бағалы қағаздарды сатып алу және кері сату мәмілелері бойынша есеп айырысулар орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес жүзеге асырылады.
35. Бағалы қағаздарды есепке алуды жеңілдету мақсатында бағалы қағаздар бойынша есеп айырысулар жинақталған сыйақыны есепке алмаған баға бойынша жүргізіледі. Бағалы қағаздар бойынша сыйақыны осы бағалы қағаздарды сатқан аукционға қатысушы алады.
36. Орталық депозитарий, аукционға қатысушы және Ұлттық Банк арасында бұйрықтар алмасу орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес жүргізіледі.
37. Аукционға қатысушы бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционының қорытындылары бойынша жасалған мәмілелер бойынша бағалы қағаздарды кері сату мәмілесін жасау күні белгіленген талаптармен міндеттемелерді орындамаған жағдайда, Ұлттық Банк аукционға қатысушы міндеттемелерді орындамаған күннен кейінгі жұмыс күні орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығына сәйкес бағалы қағаздарды аукционға қатысушының шотынан есептен шығаруға және Ұлттық Банктің шотына аударуға арналған бұйрықты орталық депозитарийге жібереді.
Аукционға қатысушының бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционының қорытындылары бойынша жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындамау күніне дейін есептелген бағалы қағаздар бойынша жинақталған купондық сыйақы сомасы аукционға қатысушының пайдасына аударылады.
38. Ұлттық Банктің бағалы қағаздарды сатып алу және бағалы қағаздарды кері сату операцияларын есепке алуын және тіркеуін орталық депозитарий орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес Ұлттық Банктің тиісті қосалқы шотында жүргізеді.
39. Егер бағалы қағаздарды кері сату мәмілесін жүргізу күні жұмыс істемейтін (мереке немесе демалыс) күнге келген жағдайда, бағалы қағаздарды кері сату мәмілесін орындау мәміле талаптарына сәйкес бағалы қағаздарды кері сату күнінен кейінгі бірінші жұмыс күні жүргізіледі.
4-тарау. Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционын өткізу
40. Мынадай талаптарға сәйкес келетін аукционға қатысушыға бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционына қатысуға рұқсат етіледі:
1) аукционға қатысу күні алдындағы қатарынан күнтізбелік үш ай ішінде екі және одан көп рет ең төменгі резервтік талаптар нормативтерді бұзбауы. Көрсетілген талап аукционға қатысушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 213-бабының бесінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған әкімшілік айыппұл төлеген күнге дейін қолданылады;
2) пруденциалдық нормативтердің соңғы есепті күнге бұзылмауы;
3) Ұлттық Банкпен жасалған корреспонденттік шот шартында аукционға қатысушы Ұлттық Банк алдындағы міндеттемелерін орындамаған жағдайда оның корреспонденттік шотынан оның келісімінсіз ақша алуға Ұлттық Банктің құқығы көзделетін талаптың болуы;
4) Аукцион шеңберінде бағалы қағаздармен мәмілелер жасау туралы қолданыстағы шарттың болуы;
5) Ұлттық Банк берген қарыздар бойынша негізгі борышты және (немесе) сыйақыны төлеу бойынша берешектің болмауы.
41. Аукционға қатысушы Қағидалардың 40-тармағында көзделген бір немесе бірнеше талапқа сәйкес келмеген жағдайда, Ұлттық Банк аукционға қатысушының бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционына қатысуынан бас тартады.
42. Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционының объектісі Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес бағалы қағаздарды кері сатып алу бағасын есептеуге арналған формула бойынша кері сатып алу мәмілесінің бағасын айқындайтын кірістілік мөлшерлемесі болып табылады.
43. Аукционға қатысушының Қағидалардың 40-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін уәкілетті бөлімше мыналар:
1) Ұлттық Банктің қаржы нарығының статистикасы бөлімшесі Қағидалардың 40-тармағының 1) тармақшасы бойынша;
2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қағидалардың 40-тармағының 2) тармақшасы бойынша;
3) Ұлттық Банктің операциялық есеп бөлімшесі Қағидалардың 40-тармағының 3) тармақшасы бойынша ұсынған ақпараттың негізінде айқындайды.
Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 270 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.44. Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату жөніндегі әрбір аукционға валюта кодын, аукцион өткізу күнін және өтімділікті алу мерзімін көрсете отырып бірегей сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционның нөмірі) беріледі.
45. Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционын өткізуге байланысты және аукционға қатысушыларға деректерді берудің электрондық жүйесі арқылы Ұлттық Банк беретін ақпаратта мынадай өлшемдер қамтылады:
1) бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционының нөмірі;
2) өтімділікті алу мерзімі (бағалы қағаздарды сату мәмілесін (бірінші мәмілені) және бағалы қағаздарды кері сатып алу мәмілесін (екінші мәмілені) орындау күні арасындағы күнтізбелік күндер айырмасы);
3) алынатын өтімділіктің жарияланған көлемі;
4) кірістіліктің ең жоғары мөлшерлемесі (аукционға қатысушысы сұрататын кірістілік мөлшерлемесінің ең жоғары қолжетімді мөлшері);
5) кепіл түрі.
46. Ұлттық Банктің аукционға қатысушыларға техникалық себептер (деректерді берудің электрондық жүйелерінің жұмысында іркіліс болған жағдайда) бойынша бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционын өткізуге байланысты ақпаратты деректерді берудің электрондық жүйесі арқылы беруге мүмкіндігі болмаған жағдайда бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционын өткізуге байланысты ақпаратты қағаз тасымалдағышта беруге рұқсат етіледі.
47. Ұлттық Банк бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционын өткізу күніне дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей аукционға қатысушыларға және орталық депозитарийге бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционын өткізуге байланысты ақпаратты жібереді.
48. Ұлттық Банк бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционы шеңберінде кепіл ретінде беретін бағалы қағаздардың нарықтық құны қор биржасы айқындалған дисконтқа сәйкес есептеледі.
49. Бағалы қағаздарды сату бағасы бір бағалы қағаздардың таза құны ретінде (есептелген сыйақыны қоспай) үтірден кейін төрт белгімен анықталады.
50. Аукционға қатысушы бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционын өткізу күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 9.00 – 11.30 аралығында уәкілетті бөлімшеге бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционына қатысуға өтінімді аукциондық платформа арқылы электрондық түрде береді.
Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционына қатысуға өтінімдерді аукциондық платформа арқылы электрондық түрде беруге техникалық себептер (аукциондық платформа жұмысында іркіліс болған жағдайда) бойынша мүмкін болмаған жағдайда, аукционға қатысушыларға бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционына қатысуға өтінімді Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдағышта беруге рұқсат етіледі.
Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2019 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.51. Аукционға қатысушы бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционына қатысуға арналған өтінімді бәсекелес және (немесе) бәсекелес емес ұсыныстармен береді.
52. Бәсекелес және бәсекелес емес ұсынысы бар бір өтінімнің ең аз көлемі кемінде 50 000 000 (елу миллион) теңге болады.
53. Ұлттық Банк бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционын кемінде әртүрлі екі қатысушыдан түскен бәсекелес ұсыныстары бар екі және одан көп өтінім болған кезде өткізеді.
54. Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционына қатысушылардың бәсекелес ұсыныстары бар өтінімдерінде бағалы қағаздардың шығарылымы, номиналдық құны және пайыздық мөлшерлеме көрсетіледі.
55. Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционына қатысушылардың бәсекелес емес ұсыныстары бар өтінімдерінде бағалы қағаздардың шығарылымы және номиналдық құны көрсетіледі.
56. Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционына қатысушылардың бәсекелес ұсыныстары бар өтінімдері реттеледі және ең төменгіден бастап, бірақ кесімді мөлшерлемеден жоғары емес пайыздық мөлшерлеменің аукционына қатысушы ұсынған деңгейі бойынша қанағаттандырылады.
57. Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционына қатысушылардың бәсекелес емес ұсыныстары аукцион өткізу қорытындылары бойынша қалыптасқан орташа алынған мөлшерлеме бойынша қанағаттандырылды.
58. Уәкілетті бөлімше Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 12.00-ге қарай бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционына қатысуға өтінімдерді Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционына қатысуға келіп түскен өтінімдердің жиынтық ведомосына жинақтайды.
Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2019 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.59. Уәкілетті бөлімшенің басшысы не ол болмаған жағдайда оның орнындағы адам Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 12.00 – 13.00 аралығында бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционы туралы алынған деректер негізінде кесімді мөлшерлеме, өтінімдерді қанағаттандыру көлемі туралы шешім қабылдайды, одан кейін Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционына қатысуға келіп түскен өтінімдердің жиынтық ведомосына қол қояды.
Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2019 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.60. Уәкілетті бөлімше кесімді мөлшерлеме және қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі туралы ақпарат негізінде бағалы қағаздарды сатып алу және кері сату мәмілелерін жасайды және аукцион аяқталғаннан кейін аукционға қатысушыға Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционы бойынша өтінімдердің қанағаттандырылған көлемі туралы хабарлама береді.
61. Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционының қорытындысы бойынша Ұлттық Банк пен аукционға қатысушы арасында:
1) Ұлттық Банктің бағалы қағаздарды сатуы жөніндегі (сату мәмілесі (бірінші мәміле);
2) Ұлттық Банктің сол бағалы қағаздарды сату мәмілесінен (кері сатып алу мәмілесі (екінші мәміле) кейін белгілі бір мерзімде кері сатып алуы жөніндегі жұп мәмілелер жасалады.
62. Ұлттық Банк ақша-кредит саясатының бағыттарына және қаржы нарығының конъюнктурасына сәйкес бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционының талаптарын жедел өзгертеді (алынатын өтімділіктің жарияланған көлемін ұлғайтады, алынатын өтімділіктің жарияланған көлемін азайтады, бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционын өткізбейді).
63. Ұлттық Банк бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционының ақша-кредит саясатының міндеттерін орындау үшін жеткіліксіз нәтижелерін алған жағдайда, сондай-ақ кемінде әртүрлі екі қатысушыдан түскен бәсекелес ұсыныстары бар екі және одан көп өтінім болмаған кезде бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционын өткізілмеген деп жариялайды.
64. Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционын өткізілмеген деп жариялау уәкілетті бөлімше басшысының не ол болмаған жағдайда оның орнындағы адамның өкімімен бекітіледі.
65. Уәкілетті бөлімше бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционын өткізу күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 18.30-дан кешіктірмей бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционының қорытындысы туралы ақпаратты Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсына орналастырады.
Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2019 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.66. Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционының қорытындысы бойынша бағалы қағаздарды сату және кері сатып алу мәмілелері бойынша есеп айырысулар орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес жүзеге асырылады.
67. Бағалы қағаздарды есепке алуды жеңілдету мақсатында бағалы қағаздар бойынша есеп айырысулар жинақталған сыйақыны есепке алынбаған баға бойынша жүргізіледі. Бағалы қағаздар бойынша сыйақыны Ұлттық Банк алады.
68. Орталық депозитарий, аукционға қатысушы және Ұлттық Банк арасында бұйрықтар алмасу орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес жүргізіледі.
69. Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционының қорытындысы бойынша жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда, Ұлттық Банк аукционға қатысушы міндеттемелерді орындамаған күннен кейінгі жұмыс күні орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес бағалы қағаздарды аукционға қатысушының шотынан есептен шығаруға және Ұлттық Банктің шотына аударуға арналған бұйрықты орталық депозитарийге жібереді.
Аукционға қатысушы бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционының қорытындысы бойынша жасалған мәміле бойынша міндеттемелерді орындамаған күнге дейін бағалы қағаздар бойынша есептелген жинақталған купондық сыйақы сомасы Ұлттық Банктің пайдасына аударылады.
70. Ұлттық Банктің бағалы қағаздарды сату және кері сатып алу операцияларын есепке алуды және тіркеуді орталық депозитарий Ұлттық Банктің тиісті қосалқы шотында орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес жүзеге асырады.
71. Егер бағалы қағаздарды кері сатып алу мәмілесін жүргізу күні жұмыс істемейтін (мереке немесе демалыс) күнге сәйкес келген жағдайда, бағалы қағаздарды кері сатып алу мәмілесін орындау мәміле талаптарына сәйкес кері сатып алу күнінен кейінгі бірінші жұмыс күні жүзеге асырылады.
5-тарау. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының аукционын жүргізу
72. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттары қаржы нарығында сыйақы мөлшерлемелерін реттеуге арналған ақша-кредит саясатының құралын білдіреді.
73. Ұлттық Банк Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын мерзімінен бұрын өтеу жағдайларын қоспағанда, оларды дисконтталған баға бойынша орналастырады, номиналдық құны бойынша өтейді.
74. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді нотының номиналдық құны 100 (бір жүз) теңге болады.
75. Орталық депозитарий Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының әрбір шығарылымына халықаралық сәйкестендіру нөмірін (ISIN коды) береді.
Ескерту. 75-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 270 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.76. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының аукционы бастапқы агенттер арқылы Қысқа мерзімді ноттармен операциялар жүргізу шартының негізінде және Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын шығару және орналастыру талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
77. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттары бойынша сыйақы мөлшерлемесі Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін есептеуге арналған формула бойынша есептеледі.
78. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының аукционы мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
1) Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының электрондық аукционы (бұдан әрі - электрондық аукцион);
2) Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын бастапқы агентпен келісілген дисконтталған баға бойынша сату аукционы (бұдан әрі - сату аукционы);
3) Ұлттық Банк белгілеген баға бойынша жазылым нысанындағы аукцион (бұдан әрі - жазылым нысанындағы аукцион).
79. Ұлттық Банк бастапқы агенттерге деректерді берудің электрондық жүйесі арқылы беретін Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының аукционын өткізуге байланысты ақпаратта мынадай мәліметтер қамтылады:
1) аукцион өткізілген күн;
2) Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттары шығарылымының ұлттық сәйкестендіру нөмірі және (немесе) халықаралық сәйкестендіру нөмірі;
3) валюталау күні;
4) Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының айналыс мерзімі;
5) Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын өтеу күні.
80. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының аукционын өткізуге байланысты ақпаратты Ұлттық Банк техникалық себептер (деректерді берудің электрондық жүйесінің жұмысында іркіліс болған жағдайда) бойынша деректерді берудің электрондық жүйесі арқылы бастапқы агенттерге беруі мүмкін болмаған жағдайда, Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының аукционын өткізуге байланысты ақпаратты қағаз тасымалдағышта беруге рұқсат етіледі.
81. Ұлттық Банк электрондық аукцион өткізілетін күнге дейін кемінде бір жұмыс күннен кешіктірмей бастапқы агенттерге Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының аукционын өткізуге байланысты ақпаратты жібереді.
82. Электрондық аукцион өткізілетін күні ақша-кредит саясатының негізгі бағыттарына және қаржы нарығының конъюнктурасына сәйкес Ұлттық Банкке Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын шығару және орналастыру талаптарын:
1) бастапқы агенттердің немесе инвесторлардың Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алуы;
2) электрондық аукционға Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің қатысуы;
3) бәсекелес емес ұсынысы бар өтінімдерді қанағаттандыру;
4) Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын орналастыру көлемі бөлігінде өзгертуіне рұқсат етіледі.
83. Бастапқы агент электрондық аукционды өткізу күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат сағат 9.00 – 11.30 аралығында уәкілетті бөлімшеге Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алуға өтінімді аукциондық платформа арқылы электрондық түрде береді.
Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алуға өтінімді аукциондық платформа арқылы электрондық түрде беруге техникалық себептер (аукциондық платформа жұмысында іркіліс болған жағдайда) бойынша мүмкін болмаған жағдайда, Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алуға өтінімді Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдағышта беруге рұқсат етіледі.
Ескерту. 83-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2019 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.84. Электрондық аукционға қатысу үшін бастапқы агент Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алуға арналған өтінімді бәсекелес және (немесе) бәсекелес емес ұсыныстармен береді.
85. Электрондық аукцион шеңберінде бастапқы агенттердің бәсекелес ұсыныстары бар өтінімдерінде Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының саны, Ұлттық Банктің бір қысқа мерзімді ноттының болжамды дисконтталған бағасы, Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының номиналды құны және дисконтталған бағасы бойынша сатып алудың жалпы көлемі көрсетіледі.
86. Электрондық аукцион шеңберінде бастапқы агенттердің бәсекелес емес ұсыныстары бар өтінімдерінде бастапқы агент электрондық аукционда қалыптасқан орташа алынған дисконтталған бағасы бойынша сатып алуға дайын Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының жалпы саны көрсетіледі.
87. Уәкілетті бөлімше электрондық аукцион шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 11.30-ға қарай бастапқы агенттердің Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алуға өтінімдерін Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алуға келіп түскен өтінімдердің жиынтық ведомосына жинақтайды.
Ескерту. 87-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2019 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.88. Уәкілетті бөлімшенің басшысы не ол болмаған жағдайда оның орнындағы адам Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 11.30 – 13.00 аралығында электрондық аукцион туралы алынған деректер негізінде баға талаптары, өтінімдерді қанағаттандыру көлемі және (немесе) Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын үстеме орналастыру туралы шешім қабылдайды, одан кейін Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алуға келіп түскен өтінімдердің жиынтық ведомосына қол қояды.
Ескерту. 88-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2019 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.89. Электрондық аукцион шеңберінде бастапқы агенттердің бәсекелес ұсыныстары бар өтінімдер Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын шығару және орналастыру талаптары шегінде реттеледі және қанағаттандырылады.
90. Электрондық аукцион шеңберінде бастапқы агенттердің бәсекелес емес ұсыныстары бар өтінімдер электрондық аукционды жүргізу қорытындылары бойынша қалыптасқан орташа алынған мөлшерлеме бойынша бірінші кезекте қанағаттандырылады.
91. Уәкілетті бөлімше баға талаптары және өтінімдерді қанағаттандыру көлемі және (немесе) Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын үстеме орналастыру туралы ақпарат негізінде Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын орналастыруды немесе үстеме орналастыруды жүзеге асырады және бастапқы агентті қағаз тасымалдағышта не аукциондық платформа арқылы электрондық түрде өтінімдердің қанағаттандырылған көлемі туралы хабардар етеді.
92. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын үстеме орналастыру туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті бөлімше электрондық аукционды өткізу күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 13.30-ға дейін бастапқы агенттерге Қағидалардың 79 және 80-тармақтарында көзделген тәртіпте Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын үстеме орналастыруды өткізу талаптарын жібереді.
Ескерту. 92-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2019 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.93. Бастапқы агенттердің Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын үстеме орналастыруға өтінімдерін уәкілетті бөлімше Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын үстеме орналастыруды жүргізу талаптарында көрсетілген уақытқа дейін қабылдайды.
94. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын үстеме орналастыруды уәкілетті бөлімше электрондық аукционда қалыптасқан орташа алынған дисконтталған баға бойынша жүзеге асырады.
95. Уәкілетті бөлімше Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын үстеме орналастыруды жүргізу талаптарында көрсетілген уақытқа дейін бастапқы агенттердің Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын үстеме орналастыруға өтінімдерін Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын үстеме орналастыруға келіп түскен өтінімдердің жиынтық ведомосына жинақтайды.
96. Уәкілетті бөлімшенің басшысы не ол болмаған жағдайда оның орнындағы адам Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын үстеме орналастыру туралы деректер негізінде өтінімдерді қанағаттандыру көлемі туралы шешім қабылдайды, одан кейін Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын үстеме орналастыруға келіп түскен жиынтық ведомосына қол қояды.
97. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын үстеме орналастыруға өтінімдер олардың Ұлттық Банкке нақты келіп түсуін ескере отырып кезектілік тәртібімен реттеледі және қанағаттандырылады.
98. Уәкілетті бөлімше Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын үстеме орналастыруға қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі туралы ақпарат негізінде Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын үстеме орналастыруды жүзеге асырады және Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын үстеме орналастыруды өткізу күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 17.00-ден кешіктірмей бастапқы агентті қағаз тасымалдағышта не аукциондық платформа арқылы электрондық түрде өтінімдердің қанағаттандырылған көлемі туралы хабардар етеді.
Ескерту. 98-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2019 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.99. Уәкілетті бөлімше сату бойынша аукцион өткізу күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 13.00-ге дейін бастапқы агенттерге уәкілетті бөлімшенің басшысы не ол болмаған жағдайда оның орнындағы адам айқындаған дисконтталған бағалар шегінде бастапқы агенттермен Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын орналастырудың дисконтталған бағасы мен жарияланған көлемін келіскен соң Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының аукционын өткізуге байланысты ақпаратты жібереді.
Ескерту. 99-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2019 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.100. Бастапқы агент сату аукционын жүргізу күні уәкілетті органға аукциондық платформа арқылы электрондық түрде Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алуға өтінім береді.
Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын аукциондық платформа арқылы электрондық түрде сатып алуға өтінім беру техникалық себептер (аукциондық платформа жұмысында іркіліс болған жағдайда) бойынша мүмкін болмаған жағдайда, бастапқы агентке Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алуға өтінімді қағаз тасымалдағышта беруге рұқсат етіледі.
101. Сату аукционы шеңберінде бастапқы агенттердің Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алуға өтінімдерін уәкілетті бөлімше Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын шығару және орналастыру талаптарында көрсетілген уақытқа дейін қабылдайды.
102. Уәкілетті бөлімше Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын шығару және орналастыру талаптарында көрсетілген уақытқа дейін сату аукционы шеңберінде бастапқы агенттердің Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алуға өтінімдерін Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алуға келіп түскен өтінімдердің жиынтық ведомосына жинақтайды.
103. Уәкілетті бөлімшенің басшысы не ол болмаған жағдайда оның орнындағы адам сату аукционы туралы алынған деректер негізінде дисконтталған баға шегінде Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын үстеме орналастыру көлемі туралы шешім қабылдайды, одан кейін Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алуға келіп түскен өтінімдердің жиынтық ведомосына қол қояды.
104. Уәкілетті бөлімше дисконтталған баға шегінде Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын орналастыру көлемі туралы ақпарат негізінде сату аукционы шеңберінде Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын орналастыруды жүзеге асырады және сату бойынша аукционды өткізу күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 17.00-ден кешіктірмей бастапқы агентті қағаз тасымалдағышта не аукциондық платформа арқылы электрондық түрде Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының қанағаттандырылған көлемі туралы хабардар етеді.
Ескерту. 104-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2019 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.105. Уәкілетті бөлімше жазылу нысанында аукционды өткізу күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 12.00-ге дейін бастапқы агенттерге Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының аукционын өткізуге байланысты ақпаратты, сондай-ақ уәкілетті бөлімшенің басшысы не ол болмаған жағдайда оның орнындағы адам айқындаған дисконтталған бағаны жібереді.
Ескерту. 105-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2019 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.106. Жазылу нысанында аукционды жүргізу күні бастапқы агент уәкілетті бөлімшеге аукциондық платформа арқылы электрондық түрде Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алуға өтінім береді.
Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын аукциондық платформа арқылы электрондық түрде сатып алуға өтінім беру техникалық себептер (аукциондық платформа жұмысында іркіліс болған жағдайда) бойынша мүмкін болмаған жағдайда, бастапқы агентке Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алуға өтінімін қағаз тасымалдағышта беруіне рұқсат етіледі.
107. Жазылу нысанындағы аукцион шеңберінде бастапқы агенттердің Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алуға өтінімдерін уәкілетті бөлімше Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын шығару және орналастыру талаптарында көрсетілген уақытқа дейін қабылдайды.
108. Уәкілетті бөлімше жазылу нысанындағы аукцион шеңберінде Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын шығару және орналастыру талаптарында көрсетілген уақытқа дейін бастапқы агенттердің Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алуға өтінімдерін Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алуға келіп түскен өтінмдердің жиынтық ведомосына жинақтайды.
109. Уәкілетті бөлімшенің басшысы не ол болмаған жағдайда оның орнындағы адам жазылу нысанындағы аукцион туралы алынған деректер негізінде Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын орналастыру көлемі туралы шешім қабылдайды, одан кейін Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алуға келіп түскен өтінімдердің жиынтық ведомосына қол қояды.
110. Жазылу нысанындағы аукционның Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алуға өтінімдері олардың Ұлттық Банкке нақты келіп түсуін ескере отырып кезектілік тәртібімен реттеледі және қанағаттандырылады.
111. Уәкілетті бөлімше жазылу нысанындағы аукцион шеңберінде Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын орналастыру көлемі туралы ақпарат негізінде Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын орналастыруды жүзеге асырады және жазылу нысанындағы аукционды өткізу күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 17.00-ден кешіктірмей бастапқы агентті қағаз тасымалдағышта не аукциондық платформа арқылы электрондық түрде Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алуға өтінімдердің қанағаттандырылған көлемі туралы хабардар етеді.
Ескерту. 111-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2019 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.112. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының тиісті шығарылымын орналастырудың жиынтық көлемі уәкілетті бөлімше басшысының не ол болмаған жағдайда оның орнындағы адамның өкімімен бекітіледі.
113. Ұлттық Банк ақша-кредит саясатының міндеттерін орындау үшін жеткіліксіз Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттары аукционының нәтижелерін алған жағдайда, уәкілетті бөлімшеден алынған деректер негізінде Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттары аукционының өтпегендігін жариялайды.
114. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттары аукционының өтпегендігі туралы хабарландыру уәкілетті бөлімше басшысының не ол болмаған жағдайда оның орнындағы адамның өкімімен бекітіледі.
115. Уәкілетті бөлімше Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттары аукционын өткізу күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 18.30-дан кешіктірмей Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының өткізілген аукционының қорытындылары туралы ақпаратты Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсына орналастырады.
Ескерту. 115-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2019 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.116. Уәкілетті бөлімше және бастапқы агент Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын шығару және орналастыру талаптарында белгіленген ақы төленетін күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 17.00-ден кешіктірмей орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес орталық депозитарийге бұйрықтарды береді.
Ескерту. 116-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2019 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.117. Бастапқы агент және Ұлттық Банк бұйрықтың орындалмағаны туралы хабарламаны алған жағдайда бастапқы агент және Ұлттық Банк бұйрықтың орындалмауына әкелген себептерді жоя отырып, орталық депозитарийге бұйрықты қайта береді.
118. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының айналысы Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын шығару және орналастыру талаптарына сәйкес Ұлттық Банк белгілеген ақы төлеу күнінен басталады.
119. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының айналысы Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын өтеу күніне дейін бір жұмыс күн бұрын аяқталады.
120. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын және олар бойынша құқықтарды есепке алу бастапқы агенттің жеке шоты бойынша және бастапқы агенттердің жеке шоттарында ашылған инвесторлардың жеке қосалқы шоттарында жүзеге асырылады.
121. Орталық депозитарий Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын өтеу күнінің алдындағы жұмыс күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 16.00-ден кешіктірмей, Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын өтеуден ақша алуға құқығы бар Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын ұстаушылардың тізімін қалыптастырады.
Ескерту. 121-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2019 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.122. Ұлттық Банк Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын өтеу күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 11.00-ге дейін Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын өтеу кезінде төленуге жататын Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының санын және орталық депозитарийдің деректемелерін көрсете отырып, Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының алдағы өтелуі туралы мәліметтерге сәйкес орталық депозитарийдің позициясына ақша аударуды жүзеге асырады.
Ескерту. 122-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2019 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.123. Орталық депозитарий Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын өтеуге бастапқы агенттің позициясына ақша аударуды өтеу күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 12.00-ге дейін олардың номиналдық құны бойынша жүзеге асырады.
Ескерту. 123-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2019 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.124. Орталық депозитарий Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын өтеуге бастапқы агентке ақша аударуды жүзеге асырғаннан кейін Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын бастапқы агенттің жеке шотынан есептен шығаруды (өтеуді) жүзеге асырады.
125. Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатын іске асыру мақсатында Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын оларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарығында сатып алу жолымен мерзімінен бұрын өтеуіне жол беріледі.
126. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын мерзімнен бұрын өтеу және Ұлттық Банктің сатып алынған қысқа мерзімді ноттарын есепке алу үшін Ұлттық Банк орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде жеке шоты шеңберінде өзінің атына сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің қосалқы шотын ашады.
127. Ұлттық Банк Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алуды ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алу-сату мәмілесін жасау арқылы жүзеге асырады.
128. Ұлттық Банк Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын ұйымдастырылған нарықта сатып алуды қор биржасының сауда жүйесі арқылы жүзеге асырады және мәміле жасау фактісін куәландыратын құжаттар болып табылатын қор биржасында және (немесе) eTransfer.kz электрондық құжаттар алмасу жүйесінде қалыптастырылатын бастапқы құжаттармен ресімделеді.
129. Қор биржасында және (немесе) eTransfer.kz электрондық құжаттар алмасу жүйесінде қалыптастырылатын бастапқы құжаттарда мынадай мәліметтер:
1) Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттары шығарылымының ұлттық сәйкестендіру нөмірі және (немесе) халықаралық сәйкестендіру нөмірі;
2) Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының шығарылған және өтелген күні;
3) Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының саны;
4) Ұлттық Банктің бір қысқа мерзімді нотының құны;
5) мәміле көлемі (жалпы сомасы теңгемен);
6) Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын өтеуге кірістілік (пайызбен көрсетіледі);
7) мәміле күні және (немесе) Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарына ақы төлеу күні қамтылады.
130. Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алуды тіркеуді орталық депозитарий қор биржасының Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алу туралы бұйрығы негізде жүзеге асырады.
131. Бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алу-сату мәмілесін тіркеуді орталық депозитарий уәкілетті бөлімшенің және бастапқы агенттің Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алу (сату) туралы қарсы бұйрықтарының негізінде жүзеге асырады.
132. Ұлттық Банк сатып алған Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын олардың айналыста болу мерзімі аяқталғанға дейін одан әрі өтеусіз айналысқа жіберуге рұқсат етіледі.
133. Ұлттық Банк сатып алған Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттары уәкілетті бөлімшенің ақпараты негізінде Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының айналыста болу мерзімі аяқталғанға дейін толық немесе ішінара өтеледі.
134. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын Ұлттық Банк мерзімінен бұрын өтеуі туралы шешім уәкілетті бөлімше басшысының не ол болмаған жағдайда оның орнындағы адамның өкімімен ресімделеді.
135. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының мерзімінен бұрын өтелуін тіркеуді орталық депозитарий орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес жүзеге асырады.
6-тарау. Депозиттік аукционды өткізу
136. Депозиттік аукцион Ұлттық Банк депозиттік мәміле жасасу арқылы контрәріптестерден ақшаны қарызға алатын, қаржы нарығындағы қысқа мерзімді өтімділікті алуға арналған ақша-кредит саясатының құралын білдіреді.
137. Депозиттік аукционның нысаны пайыздық мөлшерлеме болып табылады.
Депозиттік аукцион бойынша сыйақы сомасы қарапайым есептеу әдісі арқылы есептеледі (сыйақыны есептеу депозит тартудың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады), есептеу базасына шартты түрде ақшаның депозитте (банктік салымда) жатқан нақты күндер саны және бір жылдағы 360 (үш жүз алпыс) күн алынады.
Ескерту. 137-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 270 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.138. Ұлттық Банк депозиттік аукционды өткізуге байланысты ақпаратты контрәріптестерге аукциондық платформа арқылы береді және онда мынадай мәліметтер қамтылады:
1) аукцион өткізетін күні;
2) аукционның нәтижелері бойынша есеп айырысу күні;
3) депозиттік аукционның жарияланған көлемі;
4) орналастыру тәсілі (бір бағамен немесе көп бағамен);
5) мәміле мерзімі.
Ескерту. 138-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2019 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.139. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2019 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
140. Депозиттік аукцион өткізу күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 9.00-ден 11.30-ға дейін контрәріптес аукциондық платформа арқылы депозиттік аукционға электрондық түрде қатысуға өтінім береді.
Депозиттік аукционға қатысуға өтінімдерді қабылдауға техникалық себептер (аукциондық платформа жұмысында іркіліс болған жағдайда) бойынша мүмкін болмаған жағдайда, уәкілетті бөлімше аукциондық платформа арқылы депозиттік аукционға қатысуға өтінімдерді қабылдау уақытын ұзартады.
Ескерту. 140-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2019 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.141. Контрәріптес депозиттік аукционға қатысуға бәсекелес ұсынысы бар және (немесе) бәсекелес емес ұсынысы бар өтінім береді.
142. Бәсекелес ұсынысы бар және (немесе) бәсекелес емес ұсынысы бар бір өтінімнің ең аз көлемі 10 000 000 (он миллион) теңгені құрайды.
143. Ұлттық Банк депозиттік аукционды кем дегенде екі әртүрлі контрәріптестен бәсекелес ұсыныстары бар екі және одан көп өтінім болған кезде өткізеді.
144. Бәсекелес ұсыныстары бар өтінімдерде орналастырылатын ақшаның көлемі және пайыздық мөлшерлеме көрсетіледі.
145. Бәсекелес емес ұсыныстары бар өтінімдерде орналастырылатын ақшаның көлемі көрсетіледі.
146. Ұлттық Банк депозиттік аукцион өткізу күні ақша-кредит саясатының негізгі бағыттарына және қаржы нарығының конъюнктурасына сәйкес депозиттік аукционның талаптарын жедел өзгертеді (депозиттік аукционның жария етілген көлемін ұлғайту, депозиттік аукционның жария етілген көлемін азайту, депозиттік аукционды болдырмау, бәсекелес және (немесе) бәсекелес емес ұсыныстармен өтінімдерді қанағаттандыру үлесін, өтінімдерді қанағаттандыру тәсілін (бір бағамен немесе көп бағамен) өзгерту).
147. Уәкілетті бөлімше депозиттік аукционға қатысуға өтінімдерді қабылдау жабылғаннан кейін депозиттік аукционға қатысуға өтінімдерді депозиттік аукционға қатысуға келіп түскен өтінімдердің жиынтық ведомосына жинақтайды.
Ескерту. 147-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2019 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.148. Уәкілетті бөлімшенің басшысы не ол болмаған жағдайда оның орнындағы адам Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 11.30-дан 13.00-ге дейін депозиттік аукцион туралы алынған деректердің негізінде кесімді мөлшерлеме, өтінімдерді қанағаттандыру көлемі не депозиттік аукционды өткен жоқ деп тану туралы шешім қабылдайды, одан кейін депозиттік аукционға қатысуға келіп түскен өтінімдердің жиынтық ведомосына қол қояды.
Ескерту. 148-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2019 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.149. Контрәріптестердің бәсекелес ұсынысы бар және (немесе) бәсекелес емес ұсынысы бар өтінімдері өтінімдерді қанағаттандырудың таңдалған тәсіліне және уәкілетті бөлімше басшысының не ол болмаған жағдайда оның орнындағы адамның қабылдаған шешіміне сәйкес ретке келтіріледі және қанағаттандырылады.
150. Депозиттік аукционға қатысуға өтінімдерді бір баға тәсілімен қанағаттандыру кезінде контрәріптестердің бәсекелес ұсынысы бар және (немесе) бәсекелес емес ұсынысы бар өтінімдері кесімді мөлшерлеме бойынша қанағаттандырылады немесе ішінара қанағаттандырылады.
151. Депозиттік аукцион шеңберінде контрәріптестердің бәсекелес ұсынысы бар өтінімдерін көп баға тәсілімен қанағаттандыру кезінде өтінімдерді қанағаттандыру немесе ішінара қанағаттандыру контрәріптес ұсынған пайыздық мөлшерлеме деңгейі бойынша жүзеге асырылады.
152. Депозиттік аукцион шеңберінде контрәріптестердің бәсекелес емес ұсынысы бар өтінімдерін көп баға тәсілімен қанағаттандыру кезінде өтінімдерді қанағаттандыру немесе ішінара қанағаттандыру орташа алынған мөлшерлеме бойынша жүзеге асырылады.
153. Уәкілетті бөлімше кесімді мөлшерлеме және қанағаттандырылған өтінімдер көлемі туралы ақпараттың негізінде контрәріптесті өтінімдердің қанағаттандырылған көлемі туралы аукциондық платформа арқылы электрондық түрде хабардар етеді.
Депозиттік аукционның нәтижелері бойынша контрәріптестермен мәмілелер паспорттарын (трейд-тикеттер) ресімдей отырып депозиттік мәмілелер жасалады.
Ескерту. 153-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2019 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.154. Мәмілелер паспорты (трейд-тикет) мәміле туралы келесі мәліметтерді қамтиды:
1) мәмілені ашу және аяқтау күні;
2) күнтізбелік күндермен санағанда мәміленің мерзімі;
3) мәміле сомасы;
4) сыйақы мөлшерлемесі (жылдық пайызбен көрсетілген);
5) сыйақы сомасы;
6) Ұлттық Банк пен контрәріптестің деректемелері.
Ескерту. 154-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2019 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.155. Депозиттік аукционның нәтижелері бойынша Ұлттық Банк өтінімін қанағаттандырған контрәріптес депозиттік аукцион бойынша есеп айырысу күні ақшаны Ұлттық Банктің пайдасына аударады.
Ескерту. 155-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2019 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.156. Депозиттік мәмілені жабу күні жұмыс істемейтін күнге (мереке немесе демалыс) сәйкес келген жағдайда, депозиттік мәмілені жабу мәміленің талаптарына сәйкес депозиттік мәмілені жабу күнінен кейін келетін бірінші жұмыс күні жүзеге асырылады.
157. Контрәріптеске депозиттік аукционның шеңберінде жасалған депозиттік мәмілені жинақталған сыйақыны төлеусіз мерзімінен бұрын жабуға рұқсат етіледі.
158. Депозиттік аукцион жабылатын күні Ұлттық Банк депозиттік мәміле бойынша негізгі соманы және сыйақы мөлшерлемесін контрәріптеске аударады.
159. Ұлттық Банк ақша-кредит саясатының міндеттерін орындау үшін депозиттік аукционның жеткіліксіз нәтижелерін алған, сондай-ақ кем дегенде әр түрлі екі контрәріптестен бәсекелес ұсыныстары бар екі және одан көп өтінімдер болмаған кезде депозиттік аукцион өткен жоқ деп жариялайды.
160. Уәкілетті бөлімше депозиттік аукцион өткізу күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 18.30-дан кешіктірмей Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында өткізілген депозиттік аукционның қорытындысы туралы ақпарат орналастырады.
Ескерту. 160-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2019 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларына 1-қосымша |
Бағалы қағазды кері сату бағасын есептеуге арналған формула Ксб = (М/365 × N × Саб/100) + Саб,
мұнда: Ксб - бағалы қағаздарды кері сату бағасы;
Саб - бағалы қағаздарды сатып алу бағасы;
М - кірістілік мөлшерлемесі (жылдық пайызбен);
N - өтімділік беру мерзімі (күндермен).
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларына 2-қосымша Нысан |
____________________
шығыс нөмірі
20__ жылғы "___"_______
Бағалы қағаздарды кері сата отырып, сатып алу аукционына қатысуға өтінім
20___ жылғы "___"________N __________ шығарылым бойынша
(аукционның бірегей сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі)
Аукционға қатысушы _______________________________________________________
(толық атауы және оның жеке шоты)
жеке сәйкестендіру коды немесе банктік сәйкестендіру коды _______________, Ұлттық
Банкке ______ күн кері сатып алу мерзімімен және ________ кері сатып алу күнімен мына
талаптармен бағалы қағаздарды сатуға дайындығын білдіреді:
Өтінім нөмірі | Бағалы қағаздардың ұлттық сәйкестендіру нөмірі не халықаралық сәйкестендіру нөмірі | Аукционға қатысушының жеке шоты | Бағалы қағаздардың номиналды көлемі (теңге) | Номиналды құны бойынша сату көлемі (теңге) | Номиналды құны бойынша сатып алу көлемі (теңге) | Кірістілік мөлшерлемесі |
Бәсекелес ұсыныстармен өтінімдер | ||||||
Жиынтығы | ||||||
Бәсекелес емес ұсыныстармен өтінімдер | ||||||
Жиынтығы |
Басшы (ол болмаған кезеңде - оның орнындағы адам)
______________________________________________________________ _________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) қолы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларына 3-қосымша Нысан |
Бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционына қатысуға келіп түскен өтінімдердің жиынтық ведомосы
20___ жылғы "___"_________ № _________ аукцион
Ең жоғарғы мөлшерлеме _______(пайызбен)
Жарияланған көлемі ________
№ | Аукционға қатысушы | Өтінім түрі | Өтінім нөмірі | Бағалы қағаздарды сатып алу көлемі, теңге | Пайыздық мөлшерлеме | жарияланған шектеулерді ескере отырып көлемі | жарияланған шектеулерді ескерусіз көлемі | ||||||
бәсекелес | бәсекелес емес | жиынтығы | орташа мөлшерлеме | бәсекелес | бәсекелес емес | жиынтығы | орташа мөлшерлеме | ||||||
1 | |||||||||||||
Жиынтығы _______ теңге
оның ішінде, бәсекелес емес ұсынысы бар өтінімдердің саны _______ теңге
Уәкілетті бөлімшенің басшысы (ол болмаған кезеңде - оның орнындағы адам)
_____________________________________________________________ __________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Қолы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларына 4-қосымша Нысан |
Бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционы бойынша өтінімдердің қанағаттандырылған көлемі туралы хабарлама 20__ жылғы "___"_________ № _________
Ұлттық Банк осымен Сіздің бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционына
қатысуға берілген 20___ жылғы "___" ________ № __________ өтініміңіздің ______________
тенге сомасына қанағаттандырылғаны туралы хабарлайды.
Орташа сараланған мөлшерлеме _____ (пайызбен)
Аукционды жабу күні _____
Қанағаттандырылған өтінімдердің жалпы көлемі ______________ теңге
Өтінім | Аукционға қатысушының жеке шоты | Бағалы қағаздардың ұлттық сәйкестендіру нөмірі не халықаралық сәйкестедіру нөмірі | Номиналдық көлемі | Сатып алу бағасы | Сатып алу көлемі | Кері сату бағасы | Кері сату көлемі | Кірістілік мөлшерлемесі | Кері сату күні |
Жиынтығы |
Уәкілетті бөлімшенің басшысы (ол болмаған кезеңде - оның орнындағы адам)
____________________________________________________________ ___________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Қолы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларына 5-қосымша |
Бағалы қағазды кері сатып алу бағасын есептеуге арналған формула Ксб = (М/365 × N × Саб /100) + Саб,
мұнда: Ксб - бағалы қағаздарды кері сатып алу бағасы;
Сб - бағалы қағаздарды сату бағасы;
М - кірістілік мөлшерлемесі;
N - өтімділікті алу мерзімі (күндермен).
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларына 6-қосымша Нысан |
шығыс нөмірі
20__ жылғы "___"_______
Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционына қатысуға өтінім
20__ жылғы "___"_________ № _________ шығарылым бойынша
(аукционның бірегей сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі)
Аукционға қатысушы_____________________________________________________________
(толық атауы және оның жеке шоты)
жеке сәйкестендіру коды немесе банктік сәйкестендіру коды________________ Ұлттық
Банктен ______ күні кері сату мерзімімен және ________ кері сату күнімен мынадай
талаптарда бағалы қағаздарды сатып алуға дайындығын білдіреді:
Өтінім нөмірі | Аукционға қатысушының жеке шоты | Көлемі (теңге) | Кірістілік мөлшерлемесі (пайызбен) |
Бәсекелес ұсынысы бар өтінімдер | |||
Жиынтығы: | |||
Бәсекелес емес ұсынысы бар өтінімдер | |||
Жиынтығы: |
Уәкілетті бөлімшенің басшысы (ол болмаған кезеңде - оның орнындағы адам)
____________________________________________________________ ___________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Қолы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларына 7-қосымша Форма |
Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционына қатысу үшін келіп түскен өтінімдердің жиынтық ведомосы
20___ жылғы "___"_________ № _________ аукцион
Ең жоғарғы мөлшерлеме _______(пайызбен)
Жарияланған көлемі ________
№ | Аукционға қатысушы | Өтінім түрі | Өтінім нөмірі | Бағалы қағаздарды сатып алу көлемі, теңге | Пайыздық мөлшерлемесі | жарияланған шектеулерді ескере отырып көлемі | жарияланған шектеулерді ескерусіз көлемі | ||||||
бәсекелес | бәсекелес емес | жиынтығы | орташа мөлшерлемесі | бәсекелес | бәсекелес емес | жиынтығы | орташа мөлшерлемесі | ||||||
1 |
Жиынтығы _______ теңге
оның ішінде, бәсекелес емес ұсынысы бар өтінімдердің саны _______ теңге
Уәкілетті бөлімшенің басшысы (ол болмаған кезеңде - оның орнындағы адам)
____________________________________________________________ ___________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Қолы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларына 8-қосымша Форма |
Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционы бойынша өтінімдердің қанағаттандырылған көлемі туралы хабарлама 20___ жылғы "____"__________ №______
Ұлттық Банк осымен Сіздің бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционына
қатысуға берілген 20___ жылғы "___" ________ № __________ өтініміңіздің _______________
тенге сомасына қанағаттандырылғаны туралы хабарлайды.
Аукционның орташа сараланған мөлшерлемесі _____ (пайызбен)
Аукционды жабу күні _____
Қанағаттандырылған өтінімдердің жалпы көлемі ______________ теңге
Өтінім № | Бағалы қағаздардың ұлттық сәйкестендіру нөмірі не халықаралық сәйкестендіру нөмірі | Бағалы қағаздың номиналдық көлемі | Бағалы қағазды сату бағасы | Ашу көлемі | Бағалы қағазды кері сатып алу бағасы | Жабу көлемі | Мөлшерлемесі |
Жиынтығы |
Уәкілетті бөлімшенің басшысы (ол болмаған кезеңде - оның орнындағы адам)
____________________________________________________________ ___________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Қолы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларына 9-қосымша |
Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін есептеуге арналған формула
Рн-Рд 365
---------- х ------- х 100
Рд То -
мұнда: Рн - номиналдық құны
Рд - дисконтталған бағасы
То - айналыс кезеңі (күндермен).
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларына 10-қосымша Нысан |
шығыс нөмірі
20__ жылғы "___"_______
Орналастыру нысаны (электрондық аукцион, (үстеме орналастыру), сату аукционы, жазылу нысанындағы аукцион) Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алуға өтінім
20__ жылғы "___"_________ № _________ шығарылым бойынша (Ұлттық Банктің
қысқа мерзімді ноттарды шығару және орналастыру талаптары негізге алына отырып
шығарылым нөмірі көрсетіледі)
Бастапқы агент __________________________________________________________________,
(толық атауы және оның жеке шоты)
Ұлттық Банкте ашылған №________________ корреспонденттік шоты, жеке
сәйкестендіру коды немесе банктік сәйкестендіру коды ____________, ____ күн айналыс
мерзімі және мынадай баға шарттары бойынша ________ өтеу күні бар Ұлттық Банктің қысқа
мерзімді ноттарын сатып алуға дайын екендігін білдіреді:
№ | Қысқа мерзімді ноттардың саны (дана) | Бастапқы агенттің немесе инвестордың жеке шоты | Бір қысқа мерзімді ноттың номиналдық құны (теңге) | Номиналдық құны бойынша сатып алу көлемі (теңге) | Бір қысқа мерзімді ноттың дисконтталған бағасы (теңге) | Дисконтталған баға бойынша сатып алу көлемі (теңге) |
Бәсекелес ұсынысы бар өтінімдер | ||||||
Жиынтығы: | ||||||
Бәсекелес емес ұсынысы бар өтінімдер | ||||||
Жиынтығы: |
Басшы (ол болмаған кезеңде - оның орнындағы адам)
____________________________________________________________ ___________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Қолы