"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 30 шілдедегі № 167 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 шілдедегі № 127 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 9 тамызда № 19223 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын іске асыру шеңберінде аукциондар өткізу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын іске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 30 шілдедегі № 167 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17355 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын іске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларында:

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Аукционға қатысушы бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционын өткізу күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 9.00 − 11.30 аралығында уәкілетті бөлімшеге бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционына қатысуға өтінімді аукциондық платформа арқылы электрондық түрде береді.

      Бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционына қатысуға өтінімдерді аукциондық платформа арқылы электрондық түрде беруге техникалық себептер (аукциондық платформа жұмысында іркіліс болған жағдайда) бойынша мүмкін болмаған жағдайда, аукционға қатысушыларға бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционына қатысуға өтінімді Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдағышта беруге рұқсат етіледі.";

      26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Уәкілетті бөлімше Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 12.00-ге қарай бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционына қатысуға өтінімдерді Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционына қатысуға келіп түскен өтінімдердің жиынтық ведомосына жинақтайды.

      27. Уәкілетті бөлімшенің басшысы не ол болмаған кезде оның орнындағы адам Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 12.00 – 13.00 аралығында бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционы туралы алынған деректер негізінде кесімді мөлшерлеме, өтінімдерді қанағаттандыру көлемі туралы шешім қабылдайды, одан кейін Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционына қатысуға келіп түскен өтінімдердің жиынтық ведомосына қол қояды.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Уәкілетті бөлімше бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционын өткізу күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 18.30-дан кешіктірмей бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционының қорытындылары туралы ақпаратты Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсына орналастырады.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Аукционға қатысушы бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционын өткізу күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 9.00 – 11.30 аралығында уәкілетті бөлімшеге бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционына қатысуға өтінімді аукциондық платформа арқылы электрондық түрде береді.

      Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционына қатысуға өтінімдерді аукциондық платформа арқылы электрондық түрде беруге техникалық себептер (аукциондық платформа жұмысында іркіліс болған жағдайда) бойынша мүмкін болмаған жағдайда, аукционға қатысушыларға бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционына қатысуға өтінімді Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдағышта беруге рұқсат етіледі.";

      58 және 59-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Уәкілетті бөлімше Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 12.00-ге қарай бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционына қатысуға өтінімдерді Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционына қатысуға келіп түскен өтінімдердің жиынтық ведомосына жинақтайды.

      59. Уәкілетті бөлімшенің басшысы не ол болмаған жағдайда оның орнындағы адам Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 12.00 – 13.00 аралығында бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционы туралы алынған деректер негізінде кесімді мөлшерлеме, өтінімдерді қанағаттандыру көлемі туралы шешім қабылдайды, одан кейін Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционына қатысуға келіп түскен өтінімдердің жиынтық ведомосына қол қояды.";

      65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "65. Уәкілетті бөлімше бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционын өткізу күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 18.30-дан кешіктірмей бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционының қорытындысы туралы ақпаратты Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсына орналастырады.";

      83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "83. Бастапқы агент электрондық аукционды өткізу күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат сағат 9.00 – 11.30 аралығында уәкілетті бөлімшеге Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алуға өтінімді аукциондық платформа арқылы электрондық түрде береді.

      Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алуға өтінімді аукциондық платформа арқылы электрондық түрде беруге техникалық себептер (аукциондық платформа жұмысында іркіліс болған жағдайда) бойынша мүмкін болмаған жағдайда, Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алуға өтінімді Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдағышта беруге рұқсат етіледі.";

      87 және 88-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "87. Уәкілетті бөлімше электрондық аукцион шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 11.30-ға қарай бастапқы агенттердің Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алуға өтінімдерін Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алуға келіп түскен өтінімдердің жиынтық ведомосына жинақтайды.

      88. Уәкілетті бөлімшенің басшысы не ол болмаған жағдайда оның орнындағы адам Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 11.30 – 13.00 аралығында электрондық аукцион туралы алынған деректер негізінде баға талаптары, өтінімдерді қанағаттандыру көлемі және (немесе) Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын үстеме орналастыру туралы шешім қабылдайды, одан кейін Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алуға келіп түскен өтінімдердің жиынтық ведомосына қол қояды.";

      92-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "92. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын үстеме орналастыру туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті бөлімше электрондық аукционды өткізу күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 13.30-ға дейін бастапқы агенттерге Қағидалардың 79 және 80-тармақтарында көзделген тәртіпте Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын үстеме орналастыруды өткізу талаптарын жібереді.";

      98 және 99-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "98. Уәкілетті бөлімше Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын үстеме орналастыруға қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі туралы ақпарат негізінде Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын үстеме орналастыруды жүзеге асырады және Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын үстеме орналастыруды өткізу күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 17.00-ден кешіктірмей бастапқы агентті қағаз тасымалдағышта не аукциондық платформа арқылы электрондық түрде өтінімдердің қанағаттандырылған көлемі туралы хабардар етеді.

      99. Уәкілетті бөлімше сату бойынша аукцион өткізу күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 13.00-ге дейін бастапқы агенттерге уәкілетті бөлімшенің басшысы не ол болмаған жағдайда оның орнындағы адам айқындаған дисконтталған бағалар шегінде бастапқы агенттермен Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын орналастырудың дисконтталған бағасы мен жарияланған көлемін келіскен соң Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының аукционын өткізуге байланысты ақпаратты жібереді.";

      104 және 105-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "104. Уәкілетті бөлімше дисконтталған баға шегінде Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын орналастыру көлемі туралы ақпарат негізінде сату аукционы шеңберінде Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын орналастыруды жүзеге асырады және сату бойынша аукционды өткізу күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 17.00-ден кешіктірмей бастапқы агентті қағаз тасымалдағышта не аукциондық платформа арқылы электрондық түрде Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының қанағаттандырылған көлемі туралы хабардар етеді.

      105. Уәкілетті бөлімше жазылу нысанында аукционды өткізу күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 12.00-ге дейін бастапқы агенттерге Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының аукционын өткізуге байланысты ақпаратты, сондай-ақ уәкілетті бөлімшенің басшысы не ол болмаған жағдайда оның орнындағы адам айқындаған дисконтталған бағаны жібереді.";

      111-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "111. Уәкілетті бөлімше жазылу нысанындағы аукцион шеңберінде Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын орналастыру көлемі туралы ақпарат негізінде Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын орналастыруды жүзеге асырады және жазылу нысанындағы аукционды өткізу күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 17.00-ден кешіктірмей бастапқы агентті қағаз тасымалдағышта не аукциондық платформа арқылы электрондық түрде Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алуға өтінімдердің қанағаттандырылған көлемі туралы хабардар етеді.";

      115 және 116-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "115. Уәкілетті бөлімше Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттары аукционын өткізу күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 18.30-дан кешіктірмей Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының өткізілген аукционының қорытындылары туралы ақпаратты Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсына орналастырады.

      116. Уәкілетті бөлімше және бастапқы агент Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын шығару және орналастыру талаптарында белгіленген ақы төленетін күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 17.00-ден кешіктірмей орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес орталық депозитарийге бұйрықтарды береді.";

      121, 122 және 123-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "121. Орталық депозитарий Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын өтеу күнінің алдындағы жұмыс күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 16.00-ден кешіктірмей, Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын өтеуден ақша алуға құқығы бар Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын ұстаушылардың тізімін қалыптастырады.

      122. Ұлттық Банк Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын өтеу күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 11.00-ге дейін Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын өтеу кезінде төленуге жататын Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының санын және орталық депозитарийдің деректемелерін көрсете отырып, Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының алдағы өтелуі туралы мәліметтерге сәйкес орталық депозитарийдің позициясына ақша аударуды жүзеге асырады.

      123. Орталық депозитарий Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын өтеуге бастапқы агенттің позициясына ақша аударуды өтеу күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 12.00-ге дейін олардың номиналдық құны бойынша жүзеге асырады.";

      138-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "138. Ұлттық Банк депозиттік аукционды өткізуге байланысты ақпаратты контрәріптестерге аукциондық платформа арқылы береді және онда мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) аукцион өткізетін күні;

      2) аукционның нәтижелері бойынша есеп айырысу күні;

      3) депозиттік аукционның жарияланған көлемі;

      4) орналастыру тәсілі (бір бағамен немесе көп бағамен);

      5) мәміле мерзімі.";

      139-тармақ алып тасталсын;

      140-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "140. Депозиттік аукцион өткізу күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 9.00-ден 11.30-ға дейін контрәріптес аукциондық платформа арқылы депозиттік аукционға электрондық түрде қатысуға өтінім береді.

      Депозиттік аукционға қатысуға өтінімдерді қабылдауға техникалық себептер (аукциондық платформа жұмысында іркіліс болған жағдайда) бойынша мүмкін болмаған жағдайда, уәкілетті бөлімше аукциондық платформа арқылы депозиттік аукционға қатысуға өтінімдерді қабылдау уақытын ұзартады.";

      147 және 148-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "147. Уәкілетті бөлімше депозиттік аукционға қатысуға өтінімдерді қабылдау жабылғаннан кейін депозиттік аукционға қатысуға өтінімдерді депозиттік аукционға қатысуға келіп түскен өтінімдердің жиынтық ведомосына жинақтайды.

      148. Уәкілетті бөлімшенің басшысы не ол болмаған жағдайда оның орнындағы адам Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 11.30-дан 13.00-ге дейін депозиттік аукцион туралы алынған деректердің негізінде кесімді мөлшерлеме, өтінімдерді қанағаттандыру көлемі не депозиттік аукционды өткен жоқ деп тану туралы шешім қабылдайды, одан кейін депозиттік аукционға қатысуға келіп түскен өтінімдердің жиынтық ведомосына қол қояды.";

      153-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "153. Уәкілетті бөлімше кесімді мөлшерлеме және қанағаттандырылған өтінімдер көлемі туралы ақпараттың негізінде контрәріптесті өтінімдердің қанағаттандырылған көлемі туралы аукциондық платформа арқылы электрондық түрде хабардар етеді.

      Депозиттік аукционның нәтижелері бойынша контрәріптестермен мәмілелер паспорттарын (трейд-тикеттер) ресімдей отырып депозиттік мәмілелер жасалады.";

      154-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мәміле сомасы;";

      155-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "155. Депозиттік аукционның нәтижелері бойынша Ұлттық Банк өтінімін қанағаттандырған контрәріптес депозиттік аукцион бойынша есеп айырысу күні ақшаны Ұлттық Банктің пайдасына аударады.";

      160-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "160. Уәкілетті бөлімше депозиттік аукцион өткізу күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 18.30-дан кешіктірмей Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында өткізілген депозиттік аукционның қорытындысы туралы ақпарат орналастырады.".

      2. Монетарлық операциялар департаменті (Молдабекова Ә.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Қасенов А.С.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі (Адамбаева Ә.Р.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.А. Біртановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Е. Досаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады