Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 19.01.2023 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.08.2023 № 274 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса берілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін айқындау әдістемесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 19.01.2023 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті (С.А. Жақыпова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы |
Б. Асылова |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 465 бұйрығымен бекітілген |
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін айқындау әдістемесі
Ескерту. Әдістеме жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 19.01.2023 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 41) тармақшасына сәйкес әзірленді және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін есептеу алгоритмін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.08.2023 № 274 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Әдістемеде мынадай ұғым пайдаланылады:
1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс) – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері үшін жатақханаларда жаңа орындарды енгізуді қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысымен байланысты қызметтерге арналған ақшалай төлемдер.
2-тарау. Мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін анықтау алгоритмі
3. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру шеңберіндегі қаржыландыру көлемі жатақханадағы орындардың саны мен жатақханадағы бір орынға өтемақы мөлшерінің көбейтіндісі ретінде анықталады. Бұл ретте мемлекеттік тапсырысты орналастырудың алғашқы күнтізбелік кезекті он екі айы ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша төлемдер түзету коэфициентін ескере отырып, ал кейін жатақханадағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері нақты орналасқан орындары үшін жүзеге асырылады. Егер төлем айы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары студенттерінің қысқы және жазғы каникулдар кезеңіне сәйкес келген жағдайда мемлекеттік тапсырыс бойынша төлемдер техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары студенттерінің қысқы немесе жазғы каникулдарының алдындағы соңғы оқу айындағы жатақханадағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері нақты орналасқан орындар туралы ақпараттың негізінде жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының тиісті аумақтарында төтенше жағдай және (немесе) шектеу шаралары, оның ішінде қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыруды көздейтін шаралар енгізілген кезеңде мемлекеттік тапсырыс бойынша төлемдер жатақханадағы жалпы орындар туралы мәліметтердің негізінде жүзеге асырылады.
5. Әдістеменің 3-тармағында көрсетілген алғашқы күнтізбелік кезекті он екі айы, мемлекеттік тапсырыстың ай сайынғы мөлшерін есептеу жатақхана салу және реконструкция жасау кезінде мынадай формулалар бойынша есептеледі:
ҚОС = ЖНОО × ТК,
мұнда:
ҚОС - Әдістеменің 3-тармағында көрсетілген алғашқы күнтізбелік кезекті он екі айда қаржыландырылатын орындар саны, оның ең жоғарғы мөлшері жатақханадағы орындардың жалпы санынан аспайды;
ЖНОО - жатақханадағы нақты орналасқан орындар;
ТК - түзету коэффициенті, оның мөлшері екіге тең;
АМТМ = МТЖМ × ҚОС / АС,
мұндағы:
АМТМ - Әдістеменің 3-тармағында көрсетілген алғашқы күнтізбелік кезекті он екі айдағы ай сайынғы мемлекеттік тапсырыстың мөлшері;
МТЖМ - жатақханадағы бір орын үшін мемлекеттік тапсырыстың жылдық мөлшері:
1) сейсмикалық қауіптілігі 9 және одан да көп балды құрайтын, сондай-ақ типіне және түріне қарамастан білім беру ұйымдарының студенттеріне арналған жатақханалардағы орындар тапшылығы жалпы республикалық қажеттіліктің 20 пайызынан асатын республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда құрылыс салған жағдайда:
республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 230 еселенген мөлшерін – пайдалануға қабылдау актісі 2023 жылғы 1 қаңтардан кейін құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуден өткен жаңа жатақхана салған жағдайда;
республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 144 еселенген мөлшерін – өзге жағдайларда;
2) астананы қосқанда, өзге елді мекендерде құрылыс салған жағдайда:
республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 195 еселенген мөлшерін – пайдалануға қабылдау актісі 2023 жылғы 1 қаңтардан кейін құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуден өткен жаңа жатақхана салған жағдайда;
республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 122 еселенген мөлшерін – өзге жағдайларда;
3) типіне және түріне қарамастан білім беру ұйымдарының студенттеріне арналған жатақханалардағы орындар тапшылығы жалпы республикалық қажеттіліктің 20 процентінен асатын республикалық маңызы бар қалаларда және астанада реконструкция жасаған жағдайда – республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 92 еселенген мөлшерін;
4) өзге елді мекендерде реконструкция жасаған жағдайда – республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 47 еселенген мөлшерін құрайды;
АС - он екі айдан тұратын жылдағы айлар саны.
6. Әдістеменің 3-тармағында көрсетілген алғашқы күнтізбелік кезекті он екі ай аяқталғаннан кейінгі ай сайынғы мемлекеттік тапсырыс мөлшерін есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
АМТМ1 = АМТМ × ЖНОО / АС,
мұнда:
АМТМ1 - Әдістеменің 3-тармағында көрсетілген алғашқы күнтізбелік кезекті он екі ай аяқталғаннан кейінгі ай сайынғы мемлекеттік тапсырыстың мөлшері.