"Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 562 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 4 қазандағы № 684 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 4 қазанда № 17473 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 562 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15699 болып тіркелген, 2017 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидалары бекітілсін";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакциядада жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 4 қазандағы
№ 684 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 17 тамыздағы
№ 562 бұйрығымен бекітілген

Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидалары

      1. Осы Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне және олардың отбасы мүшелеріне мемлекет есебінен әуе көлігімен жол жүру құқығын беру тәртібін айқындайды.

      2. Әскери қызметшілерге:

      1) басқа жергілікті жерге, оның ішінде əскери бөлімнің немесе бөлімшенің құрамында жаңа қызмет орнына ауысқан;

      2) оқуға жіберілген және каникулярлық демалысқа және кері қайтқанда (шетелдік әскери оқу орындарында оқитын курсанттарға);

      3) оқу-жаттығуларға, далалық шығуға (теңізге шығуға), əскерлер парадтарына жəне кері жол жүрген;

      4) төтенше жағдайларды жоюға қатысқан жəне кері қайтқан;

      5) ұрыс қимылдарына қатысқан, төтенше немесе соғыс жағдайларында, сондай-ақ қарулы қақтығыстар жағдайларында міндеттерді орындаған;

      6) бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі бітімгершілік операцияларға қатысқан;

      7) терроризмге қарсы операцияларға қатысқан;

      8) əскери жүктерді, оның ішінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерден тұратын құжаттарды, бұйымдарды жəне əскери жүктерді күзету жəне ілесіп жүру бойынша қарауыл құрамында қабылдау (тапсыру) орындарына дейін барған жəне кері қайтқан;

      9) қаза тапқан (қайтыс болған) əскери қызметшінің мəйіті салынған табытпен жерлеу орнына дейін ілесіп жүрген жəне кері қайтқан жағдайларда мемлекет есебінен әуе көлігімен жол жүру құқығы беріледі.

      3. Әскери қызметшіні басқа жерге жаңа қызмет орнына, оның ішінде әскери бөлімнің немесе бөлімшенің құрамында ауыстырған кезде әскери қызметшінің отбасы мүшелері әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүруге құқылы.

      4. Мемлекет есебінен жол жүруге құқылы әскери қызметшінің отбасы мүшелеріне:

      1) зайыбы (жұбайы);

      2) кәмелет жасқа толмаған балалары;

      3) кәмелет жасқа толған бірінші және екінші топтағы мүгедек болып қалған немесе орта, арнайы орта және жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде оқитын балалары;

      4) әскери қызметшінің асырауындағы және күтімді қажет ететін адамдар – ата-анасы, зайыбының (жұбайының) ата-анасы жатады.

      Отбасы мүшелеріне тиесілігі және олардың жасы кадр аппаратының анықтамасымен (еркін түрде), ал асырауындағы кәмелетке толған балалардың оқитындығы оқу орнының анықтамасымен расталады (еркін түрде).

      5. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген тиісті лауазымды адамның атына жазылған дәлелді баянат әуе көлігімен жол жүру құқығын беруге негіз болып табылады.

      6. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне жол жүру жағдайлары экономикалық сыныптың тарифі бойынша белгіленеді.

      7. Әскери қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің әуе көлігімен жол жүруі дәлелді баянаты мынадай лауазымды адамдардың (бұдан әрі - лауазымды адам) келісімдерінен кейін жүзеге асырылады:

      1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі не оны алмастыратын адам – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу бөліністерінің әскери қызметшілеріне;

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы не оны алмастыратын адам – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілеріне;

      3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы не оны алмастыратын адам – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті бөліністерінің әскери қызметшілеріне.

      Әскери қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүруі (тасымалдау) дәлелді баянаты келісілген кезде лауазымды адамның және (немесе) уәкілетті адамның актісі бойынша жүзеге асырылады.

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 августа 2017 года № 562 "Об утверждении Правил предоставления военнослужащим и членам их семей права на проезд за счет государства внутренними и международными авиамаршрутами на воздушном транспорте"

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 4 октября 2018 года № 684. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 4 октября 2018 года № 17473

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан

      от 17 августа 2017 года № 562 "Об утверждении Правил предоставления военнослужащим и членам их семей права на проезд за счет государства внутренними и международными авиамаршрутами на воздушном транспорте" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 15699, опубликован 22 сентября 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения:

      заголовок приказа изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении Правил предоставления военнослужащим и членам их семей права на проезд за счет государства на воздушном транспорте";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемые Правила предоставления военнослужащим и членам их семей права на проезд за счет государства на воздушном транспорте.";

      Правила предоставления военнослужащим и членам их семей права на проезд за счет государства внутренними и международными авиамаршрутами на воздушном транспорте, утвержденные указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Главному командованию Национальной гвардии Республики Казахстан (Жаксылыков Р.Ф.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя Министра внутренних дел Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр внутренних дел
Республики Казахстан
генерал-полковник полиции
К. Касымов

  Приложение
к приказу Министра
внутренних дел
Республики Казахстан
от 4 октября 2018 года № 684
  Утверждены
приказом Министра
внутренних дел
Республики Казахстан
от 17 августа 2017 года № 562

Правила предоставления военнослужащим и членам их семей права на проезд за счет государства на воздушном транспорте

      1. Настоящие Правила предоставления военнослужащим и членам их семей права на проезд за счет государства на воздушном транспорте (далее - Правила) определяют порядок предоставления военнослужащим органов внутренних дел Республики Казахстан и членам их семей права на проезд за счет государства на воздушном транспорте.

      2. Военнослужащим предоставляется право на проезд за счет государства на воздушном транспорте в случаях:

      1) перевода к новому месту службы в другую местность, в том числе в составе воинской части или подразделения;

      2) направления на обучение и следования в каникулярный отпуск и обратно (курсантам, обучающимся в иностранных военных учебных заведениях);

      3) проезда на учения, полевые выходы (выходы в море), парады войск и обратно;

      4) участия в ликвидации чрезвычайных ситуаций и обратно;

      5) участия в боевых действиях, выполнения задач в условиях чрезвычайного или военного положения, а также в условиях вооруженных конфликтов;

      6) участия в миротворческих операциях по поддержанию мира и безопасности;

      7) участия в антитеррористических операциях;

      8) следования в составе караулов по охране и сопровождению воинских грузов, в том числе документов, изделий и воинских грузов, содержащих сведения, составляющие государственные секреты, к местам приема (сдачи) и обратно;

      9) сопровождения гроба с телом погибшего (умершего) военнослужащего к месту погребения и обратно.

      3. Членам семьи военнослужащего предоставляется проезд за счет государства на воздушном транспорте при переводе военнослужащего к новому месту службы в другую местность, в том числе в составе воинской части или подразделения.

      4. К членам семьи военнослужащего, имеющим право на проезд за счет государства, относятся:

      1) супруга (супруг);

      2) несовершеннолетние дети;

      3) совершеннолетние дети, ставшие инвалидами первой и второй группы или обучающиеся в средних, средних специальных и высших учебных заведениях по очной форме обучения;

      4) лица, находящиеся на иждивении военнослужащего и нуждающиеся в постоянном уходе - родители, родители супруги (супруга).

      Принадлежность к членам семьи и их возраст подтверждается справкой кадрового аппарата (произвольной формы), а учеба совершеннолетних детей, находящихся на его иждивении - справкой с учебного заведения (произвольной формы).

      5. Основанием для предоставления права проезда на воздушном транспорте является мотивированный рапорт на имя соответствующего должностного лица, указанного в пункте 7 настоящих Правил.

      6. Военнослужащим и членам их семей условия проезда определяются по тарифу экономического класса.

      7. Проезд на воздушном транспорте военнослужащим и членам их семей осуществляется по согласованию мотивированного рапорта следующих должностных лиц (далее – должностные лица):

      1) Министра внутренних дел Республики Казахстан или лица его замещающего - военнослужащим военно-следственных подразделений Министерства внутренних дел Республики Казахстан;

      2) Главнокомандующего Национальной гвардией Республики Казахстан либо лица, его замещающего – военнослужащим Национальной гвардии Республики Казахстан;

      3) Председателя Комитета по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан либо лица, его замещающего – военнослужащим подразделений Комитета по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан.

      Проезд (перевозка) военнослужащих и членов их семей на воздушном транспорте за счет государства осуществляется на основании акта должностного лица и (или) лица им уполномоченного при согласовании мотивированного рапорта.