Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 562 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 18 қыркүйекте № 15699 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.10.2018 № 684 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Преамбула жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2023 № 938 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.10.2018 № 684 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде елтаңбалық мөрмен куәландырылған осы бұйрықтың көшірмесін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Б.Б. Бисенқұловқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 17 тамыздағы
№ 562 бұйрығымен бекітілген

Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.10.2018 № 684 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне және олардың отбасы мүшелеріне мемлекет есебінен әуе көлігімен жол жүру құқығын беру тәртібін айқындайды.

      2. Әскери қызметшілерге:

      1) басқа жергілікті жерге, оның ішінде əскери бөлімнің немесе бөлімшенің құрамында жаңа қызмет орнына ауысқан;

      2) оқуға жіберілген және каникулярлық демалысқа және кері қайтқанда (шетелдік әскери оқу орындарында оқитын курсанттарға);

      3) оқу-жаттығуларға, далалық шығуға (теңізге шығуға), əскерлер парадтарына жəне кері жол жүрген;

      4) төтенше жағдайларды жоюға қатысқан жəне кері қайтқан;

      5) ұрыс қимылдарына қатысқан, төтенше немесе соғыс жағдайларында, сондай-ақ қарулы қақтығыстар жағдайларында міндеттерді орындаған;

      6) бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі бітімгершілік операцияларға қатысқан;

      7) терроризмге қарсы операцияларға қатысқан;

      8) əскери жүктерді, оның ішінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерден тұратын құжаттарды, бұйымдарды жəне əскери жүктерді күзету жəне ілесіп жүру бойынша қарауыл құрамында қабылдау (тапсыру) орындарына дейін барған жəне кері қайтқан;

      9) қаза тапқан (қайтыс болған) əскери қызметшінің мəйіті салынған табытпен жерлеу орнына дейін ілесіп жүрген жəне кері қайтқан жағдайларда мемлекет есебінен әуе көлігімен жол жүру құқығы беріледі.

      3. Әскери қызметшіні басқа жерге жаңа қызмет орнына, оның ішінде әскери бөлімнің немесе бөлімшенің құрамында ауыстырған кезде әскери қызметшінің отбасы мүшелері әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүруге құқылы.

      4. Мемлекет есебінен жол жүруге құқылы әскери қызметшінің отбасы мүшелеріне:

      1) зайыбы (жұбайы);

      2) кәмелет жасқа толмаған балалары;

      3) кәмелет жасқа толған бірінші және екінші топтағы мүгедек болып қалған немесе орта, арнайы орта және жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде оқитын балалары;

      4) әскери қызметшінің асырауындағы және күтімді қажет ететін адамдар – ата-анасы, зайыбының (жұбайының) ата-анасы жатады.

      Отбасы мүшелеріне тиесілігі және олардың жасы кадр аппаратының анықтамасымен (еркін түрде), ал асырауындағы кәмелетке толған балалардың оқитындығы оқу орнының анықтамасымен расталады (еркін түрде).

      5. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген тиісті лауазымды адамның атына жазылған дәлелді баянат әуе көлігімен жол жүру құқығын беруге негіз болып табылады.

      6. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне жол жүру жағдайлары экономикалық сыныптың тарифі бойынша белгіленеді.

      7. Әскери қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің әуе көлігімен жол жүруі дәлелді баянаты мынадай лауазымды адамдардың (бұдан әрі - лауазымды адам) келісімдерінен кейін жүзеге асырылады:

      1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі немесе оны алмастыратын адам – әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілеріне;

      2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы не оны алмастыратын адам – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілеріне.

      Әскери қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүруі (тасымалдау) дәлелді баянаты келісілген кезде лауазымды адамның және (немесе) уәкілетті адамның бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2021 № 148 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 13.06.2023 № 480 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2023 № 938 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады