"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 255 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 658 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 қазанда № 17497 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 255 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15313 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің ақпараттық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларында:

      4-тармақтың 1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Әскери қызметшіге ағымдағы айға ақшалай ризықты төлеу ағымдағы айдың 25-і күні жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және халықаралық ұйымдарғаіссапарға жіберілген әскери қызметшілерге ақшалай ризық, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлерімен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 74-тармағына сәйкес жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1-тарау. Әскери қызметшіге (курсанттан, кадеттен, мерзімді қызмет әскери қызметшісінен басқа) лауазымдық айлықақысына үстемеақылар белгілеу

      63-3. Әскери қызметшіге (курсанттан, кадеттен, мерзімді қызмет әскери қызметшісінен басқа) лауазымдық айлықақысына үстемеақылар (бұдан әрі – әскери қызметшінің лауазымдық айлықақысына үстемеақылар) белгілеу бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиiстi органды ұстауға көзделген мемлекеттiк бюджет қаражатын үнемдеу есебiнен жүзеге асырылады.

      63-4. Әскери қызметшіге лауазымдық айлықақысына үстемеақылар белгілеу:

      1) қысқартылған және/немесе негізгі қызметінен босатылмай уақытша болмайтын әскери қызметшілердің функцияларын орындағаны;

      2) оған кеңейтілген міндеттер ауқымы жүктелгені, жоғары кәсіби деңгейімен және құзыреттілігімен, оларды тәжірибеде табысты қолданумен ұштасатын жұмыстағы жеткілікті тәжірибесі (өтілі) мен дағдылары, сондай-ақ басқа да көрсеткіштері үшін жүзеге асырылады.

      63-5. Әскери қызметшіні объективті жағдайларға байланысты төмен ақы төленетін лауазымға ауыстырған (тағайындаған) кезде үстемеақылар:

      1) еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіргенге немесе мүгедектігі белгіленгенге дейін осы органда әскери бөлімде (мемлекеттік мекемеде) әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты еңбекте мүгедек болуына, кәсiптік ауруына немесе денсаулығына өзге де зақым келуіне;

      2) ауысқан (тағайындалған) күннен бастап бір жылға дейін орган, әскери бөлім (мемлекеттік мекеме) құрылымының өзгеруіне байланысты белгіленуі мүмкін.

      63-6. Әскери қызметшінің лауазымдық айлықақысына үстемеақылар сонымен қатар әскери бөлім (мемлекеттік мекеме) жеке құрамының штат санын қысқарту туралы шешім қабылданған жағдайда әскери бөлімнің (мемлекеттік мекеменің) қызметін қамтамасыз етуге көзделген және штат санын қысқарту нәтижесінде босатылған қаражат есебінен толық көлемде белгіленуі мүмкін.

      63-7. Лауазымдық айлықақыға үстемеақылар белгілеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының әскери қызметшісіне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарымен, Бас штаб бастығының орынбасарымен немесе аппарат басшысымен келісу бойынша департаменттер мен басқармалар бастықтарының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің немесе оның орнындағы адамның бұйрығымен жүзеге асырылады;

      2) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министріне және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына тікелей бағынысты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрлерінің бас қолбасшысына, бас басқарма бастығына, әскери бөлімнің командиріне (мемлекеттік мекеме басшысына) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тиісті бұйрықтары негізінде жүзеге асырылады;

      3) әскер түрінің бас қолбасшысына және бас басқарма бастығына тікелей бағынысты өңірлік қолбасшылық әскерлерінің, әскер тектерінің қолбасшысына, әскери бөлімнің командиріне (мемлекеттік мекеме басшысына) әскер түрлері бас қолбасшысының және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері бас басқармасы бастығының тиісті бұйрығы негізінде жүзеге асырылады;

      4) өңірлік қолбасшылық әскерлерінің, әскер тектерінің қолбасшысына тікелей бағынысты әскери бөлімнің командиріне (мемлекеттік мекеме басшысына) өңірлік қолбасшылықтар әскерлері, әскер тектері қолбасшысының тиісті бұйрығы негізінде жүзеге асырылады;

      5) осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілмеген әскери қызметшіге әскери бөлім командирінің (мемлекеттік мекеме басшысының) бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

      63-8. Әскери қызметшінің лауазымдық айлықақысына үстемеақы белгілеу жөніндегі ұсыныстарды командирлер (бастықтар) бағыныстылығы бойынша жоғары тұрған әскери басқару органдарына ұсынады.

      63-9. Үстемеақы белгілеу туралы бұйрықты шығару үшін негіздеме негіздемелер, тегі, инициалдары, атқаратын лауазымы және ұсынылатын үстемеақы мөлшері көрсетілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарының дәлелді қолдаухатына сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің шешімі болып табылады.

      63-10. Әскери қызметшілердің лауазымдық айлықақысына үстемеақылар белгілеу туралы бұйрықтар шығару көрсетілген мақсаттарға арналған ақша қаражаты бар болған кезде жүргізіледі.";

      4-тарау мынадай мазмұндағы 10 және 11-параграфтармен толықтырылсын:

      "10-параграф. Әскери қызметшіге (курсанттан, кадеттен, мерзімді қызмет әскери қызметшісінен басқа) сыйлықақы беру

      97-1. Әскери қызметшіге (курсанттан, кадеттен, мерзімді қызмет әскери қызметшісінен басқа) сыйлықақы беру (бұдан әрі – әскери қызметшіге сыйлықақы беру) бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиiстi органды ұстауға көзделген мемлекеттiк бюджет қаражатын үнемдеу есебiнен жүзеге асырылады.

      97-2. Әскери қызметшіге сыйлықақы беру мынадай жағдайларда жүргізіледі:

      1) қосқан жеке үлесі және жауынгерлік, кәсіби даярлықта қол жеткізген нәтижелері үшін;

      2) оқу бағдарламаларын орындағаны үшін;

      3) белгілі бір кезеңдегі жұмыс нәтижелерін қарау қорытындылары бойынша;

      4) оны шұғыл орындаудан осы әскери бөлімнің (мемлекеттік органның) жалпы немесе оның жекелеген бөлімшелерінің одан әрі қалыпты (үздіксіз) жұмыс істеуіне байланысты болатын шұғыл және алдын ала күтілмеген жұмыстарды орындау;

      5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс-қимылдар жоспарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспарында көзделген іс-шараларды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің немесе Премьер-Министрінің актілері мен тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындағаны үшін;

      6) мерейтой күндеріне (туған күндеріне, егер әскери қызметшіге

      50, 55, 60 және әрбір кейінгі 5 жасқа толса, бір лауазымдық айлықақы мөлшерінде);

      7) мереке күндеріне;

      8) қолбасшылықтың арнайы міндеттерін орындағаны үшін;

      9) лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз әскери қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, әскери қызметтегі басқа да жетістіктері үшін;

      10) заң жобаларын, конвенцияларды, келісімдерді, шарттарды, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлегені үшін, олар қабылданғаннан немесе бекітілгеннен кейін;

      11) осы әскери бөлім (мемлекеттік мекеме) туралы ережеге сәйкес әскери бөлімге (мемлекеттік мекемеге) жүктелген функциялар мен міндеттерді үлгілі орындағаны үшін жүргізіледі.

      97-3. Әскери қызметшіге сыйлықақы беру жүргізілмейді:

      1) алынбаған тәртіптік жазасы бар болған кезде;

      2) әскери қызметшінің теріс себептер бойынша қызметтен шығарылуына байланысты;

      3) қызметке жаңадан қабылданған, тиісті әскери бөлімде (мемлекеттік мекемеде) бір айдан аз қызмет өткерген, Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты бір әскери бөлімнен (мемлекеттік мекемеден) екіншісіне ауысуды қоспағанда, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген әскери бөлім (мемлекеттік мекеме) командирімен (бастығымен) еңбек шартын бұзғаннан кейін әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасқан кезде;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерден астам өкімде тұрған әскери қызметшіге;

      5) әскери қызметшіге үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыста болған уақытта;

      6) әскери қызметші мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқу демалысында болған кезеңде.

      Бюджет қаражатын үнемдеу шегінде жоғары тұрған басшылық белгілеген сыйлықақы мөлшерін азайту немесе көбейту туралы шешімді осындай қолдау үшін негіз болған нақты себептер көрсетілген тікелей бастықтың (командирдің) баянаты негізінде әскери бөлім командирі (мемлекеттік мекеме басшысы) қабылдайды.

      97-4. Сыйлықақы беру туралы бұйрық шығару үшін ұсыныста әскери атағы, тегі, инициалдары, атқаратын лауазымы, сыйлықақы беруге негіздеме, сыйлықақы мөлшері, тәртіптік жазасының болмауы туралы мәлімет көрсетіледі.

      97-5. Сыйлықақы беру мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының әскери қызметшісін көтермелеу туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарымен, Бас штаб бастығының орынбасарымен немесе аппарат басшысымен келісу бойынша департаменттер мен басқармалар бастықтары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министріне ұсынады.

      Сыйлықақы беру туралы шешім Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің не оның орнындағы адамның бұйрығымен ресімделеді;

      2) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министріне және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына тікелей бағынысты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскер түрлерінің бас қолбасшысына, бас басқармасының бастығына, әскери бөлім командиріне (мекеме басшысына) сыйлықақы беру Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тиісті бұйрықтары негізінде жүргізіледі;

      3) әскер түрлері бас қолбасшысына және бас басқарма бастығына тікелей бағынысты өңірлік қолбасшылық әскерлерінің, әскер тектерінің қолбасшысына, әскери бөлім командиріне сыйлықақы беру әскер түрлері бас қолбасшысының және бас басқарма бастығының тиісті бұйрықтары негізінде жүргізіледі;

      4) өңірлік қолбасшылық әскерлерінің, әскер тектерінің қолбасшысына тікелей бағынысты әскери бөлім командиріне (мекеме басшысына) сыйлықақы беру өңірлік қолбасшылық әскерлері, әскер тектері қолбасшысының тиісті бұйрығы негізінде жүргізіледі;

      5) осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілмеген әскери қызметшіге сыйлықақы беру әскери бөлім командирінің (мемлекеттік мекеме басшысының) тиісті бұйрығы негізінде жүргізіледі.

      97-6. Әскери қызметшіге сыйлықақы беру туралы бұйрық шығару көрсетілген мақсаттарға арналған ақша қаражаты бар болған кездежүргізіледі.

      11-параграф. Әскери қызметшіге (курсанттан, кадеттен, мерзімді қызмет әскери қызметшісінен басқа) материалдық көмек көрсету

      97-7. Әскери қызметшіге (курсанттан, кадеттен, мерзімді қызмет әскери қызметшісінен басқа) материалдық көмек көрсету (бұдан әрі – әскери қызметшіге материалдық көмек көрсету) бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиiстi органды ұстауға көзделген мемлекеттiк бюджет қаражатын үнемдеу есебiнен жүзеге асырылады.

      97-8. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әрбір әскери бөлімінде (мемлекеттік мекемесінде) материалдық көмек көрсету мәселелерін қарау жөнінде комиссия тағайындалады.

      97-9. Әскери қызметшіге оның ауыр материалдық жағдайына байланысты материалдық көмек көрсету мынадай жағдайларда:

      1) оның отбасы мүшелері, жақын туыстары (ерлі-зайыптылар, ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жекжаттары (ерлі-зайыптылардың аға-інілері, апа-сіңлілері, ата-аналары мен балалары) қайтыс болғанда– жеті базалық лауазымдық айлықақыданастам емес мөлшерде;

      2) некеге тұрған кезде – төрт базалық лауазымдық айлықақыдан астам емес мөлшерде;

      3) баласы туған, ұл бала немесе қыз бала асырап алған кезде – төрт базалық лауазымдық айлықақыдан астам емес мөлшерде;

      4) әскери қызметшіге оған қатысты заңға сыйымсыз әрекеттер (тонау, ұрлау және басқа) жасалу салдарынан мүліктік залал келтірілгенде сондай-ақ зілзала (өрт, су тасқыны, жер сілкіну және басқа) болған кезде – бес базалық лауазымдық айлықақыдан астам емес мөлшерде;

      5) қосымша қаржы шығындары талап етілетін емделу (санаторлықтан басқа, күнтізбелік 10 күннен астам стационарлық немесе амбулаторлық емделу), емдеу мекемесінен тиісті құжат бар болған кезде (операцияға төлем шот, дәрілік препараттарға шығыстар және тағы басқалар) – алты базалық лауазымдық айлықақыдан астам емес мөлшерде;

      6) теріс себептер бойынша қызметтен шығаруды қоспағанда, зейнеткерлікке шыққан кезде – екі базалық лауазымдық айлықақыға дейінгі мөлшерде жүзеге асырылады.

      97-10. Әскери қызметшіге материалдық көмек тиісті материалдық көмек көрсету жөніндегі комиссияға оның баянаты негізінде көрсетіледі. Баянатқа мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) оның отбасы мүшелері, жақын туыстары (ерлі-зайыптылар, ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жекжаттары (ерлі-зайыптылардың аға-інілері, апа-сіңлілері, ата-аналары мен балалары) қайтыс болған жағдайда:

      Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      оның отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының (ерлі-зайыптылар, ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жекжаттарының (ерлі-зайыптылардың аға-інілері, апа-сіңлілері, ата-аналары мен балалары) қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі;

      қайтыс болған адаммен туыстығын растайтын құжаттардың көшірмелері;

      2) некеге тұрған кезде:

      ерлі-зайыптылардың екеуінің де Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі;

      некеге тұру туралы куәліктің көшірмесі;

      3) баласы туған, ұл бала немесе қыз бала асырап алған кезде:

      Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      баланың (балалардың) туу туралы куәлігінің көшірмесі;

      бала (балалар) асырап алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері;

      4) әскери қызметшіге оған қатысты заңға сыйымсыз әрекеттер салдарынан мүліктік залал келтірілген жағдайда:

      Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      оны жәбірленуші ретінде тану туралы қаулының көшірмесі;

      5) әскери қызметшіге (өрт, су тасқыны, жер сілкіну және басқалар) салдарынан мүліктік залал келтірілген жағдайда:

      Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      келтірілген мүліктік залалды растайтын Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарынан немесе жергілікті атқарушы органдардан құжаттардың көшірмелері;

      6) қосымша қаржы шығындары талап етілетін емделу (санаторлықтан басқа, күнтізбелік 10 күннен астам стационарлық немесе амбулаторлық емделу) кезінде:

      Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      қызмет орны бойынша әскери-медициналық мекемеден оларда тиісті бөлімшелердің немесе арнайы жабдықтың болмауына байланысты медициналық көрсеткіштер бойынша медициналық көмек көрсетудің мүмкін еместігі туралы анықтама;

      емделуден өткенін растайтын құжаттардың көшірмелері;

      дәрілік заттарды, дәрі-дәрмектерді, ақылы медициналық қызметтер көрсетуді төлеу туралы кассалық кіріс ордеріне фискалды чектер немесе түбіртектер;

      7) әскери қызметші зейнеткерлікке шыққан кезде:

      Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      еңбек сіңірген жылдарын көрсетумен зейнетақымен қамсыздандыруға құқық беретін қызметтен шығару туралы бұйрықтан үзінді.

      97-11. Материалдық көмек көрсету жөніндегі комиссия келесі қаржы жылында қаралуы мүмкін төртінші тоқсанда болған жағдайлардан басқа, тек ағымдағы қаржы жылында болған жағдайларды қарайды. Материалдық көмек көрсету туралы шешім комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді.

      97-12. Ауыр материалдық жағдай, науқастанудың өте ауыр түрлері (мысалы: онкологиялық аурулар) ерекше жағдайларында комиссия материалдық көмектің мөлшерін арттыру туралы шешім қабылдауы мүмкін, бірақ екі еседен астам емес.

      97-13. Комиссия отырысының хаттамасы бар болған кезде материалдық көмекті төлеу:

      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының әскери қызметшісіне Қорғаныс министрінің бұйрығы негізінде;

      2) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министріне және Қарулы Күштері Бас штабының бастығына тікелей бағынысты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскер түрлерінің бас қолбасшысына, бас басқармасының және республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығына, әскери бөлімнің командиріне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тиісті бұйрықтары негізінде;

      3) әскер түрлерінің бас қолбасшысына және бас басқармасының бастығына тікелей бағынысты өңірлік қолбасшылық әскерлерінің, әскер тектерінің қолбасшысына, әскери бөлімнің командиріне әскер түрлері бас қолбасшысының және бас басқарма бастығының тиісті бұйрықтары негізінде;

      4) өңірлік қолбасшылық әскерлерінің, әскер тектерінің қолбасшысына тікелей бағынысты республикалық мемлекеттік мекеменің бастығына, әскери бөлімнің командиріне өңірлік қолбасшылық әскерлері, әскер тектері қолбасшысының тиісті бұйрықтары негізінде;

      5) осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілмеген әскери қызметшілерге республикалық мемлекеттік мекемелер басшыларының, әскери бөлімдер командирлерінің бұйрықтары негізінде жүргізіледі.

      97-14. Материалдық көмек көрсету туралы бұйрық шығару көрсетілген мақсаттарға көзделген ақша қаражаты бар болған кезде жүргізіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Ә.Б. Сқақовқа жүктелсін.

      4.Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев

О внесении изменения и дополнений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 2 июня 2017 года № 255 "Об утверждении Правил выплаты денежного довольствия, пособий и прочих выплат военнослужащим Вооруженных Сил Республики Казахстан"

Приказ Министра обороны Республики Казахстан от 26 сентября 2018 года № 658. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 октября 2018 года № 17497

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 2 июня 2017 года № 255 "Об утверждении Правил выплаты денежного довольствия, пособий и прочих выплат военнослужащим Вооруженных Силах Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 15313, опубликован в информационной системе Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан 13 июля 2017 года) следующие изменение и дополнения:

      в Правилах выплаты денежного довольствия, пособий и прочих выплат военнослужащим Вооруженных Сил Республики Казахстан, утвержденных указанным приказом:

      часть 1 пункта 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Выплату денежного довольствия военнослужащему за текущий месяц производить 25 числа текущего месяца.";

      дополнить пунктом 7-1 следующего содержания:

      "7-1. Прикомандированному военнослужащему к государственному органу, организации и международной организации выплата денежного довольствия, пособий и прочих выплат производится в соответствии с пунктом 74 Правил прохождения воинской службы в Вооруженных Силах, других войсках и воинских формированиях Республики Казахстан, утвержденных Указом Президента Республики Казахстан от 25 мая 2006 года № 124.";

      дополнить главой 3-1 следующего содержания:

      "Глава 3-1. Установление надбавок к должностному окладу военнослужащего (кроме курсанта, кадета, военнослужащего срочной службы).

      63-3. Установление надбавок к должностному окладу военнослужащего (кроме курсанта, кадета, военнослужащего срочной службы) (далее – надбавки к должностному окладу военнослужащего) осуществляется за счет экономии средств государственного бюджета, предусмотренных на содержание соответствующего органа по плану финансирования бюджетной программы (подпрограммы).

      63-4. Установление надбавок к должностному окладу военнослужащего осуществляется за:

      1) выполнение функций сокращенных и/или временно отсутствующих военнослужащих и лиц гражданского персонала без освобождения от основной службы;

      2) возложение на него расширенного круга обязанностей, достаточный опыт (стаж) и навыки в работе, сочетающиеся с высоким профессиональным уровнем и компетенцией, с успешным их применением на практике, а также другие показатели.

      63-5. Надбавки могут быть установлены при переводе (назначении) военнослужащего на нижеоплачиваемую должность, связанную с объективными обстоятельствами:

      1) трудовое увечье, профессиональное заболевание или иное повреждение здоровья, полученное в связи с исполнением обязанностей воинской службы в этом органе, воинской части (государственном учреждении), до восстановления трудоспособности либо установления инвалидности;

      2) изменение структуры органа, воинской части (государственного учреждения) – до одного года со дня перевода (назначения).

      63-6. Надбавки к должностному окладу военнослужащего могут устанавливаться также в случае принятия решения о сокращении штатной численности личного состава воинской части (государственного учреждения) за счет средств, предусмотренных на обеспечение деятельности воинской части (государственного учреждения) и высвободившихся в результате сокращения штатной численности в полном объеме.

      63-7. Установление надбавки к должностному окладу производится в следующем порядке:

      1) военнослужащему Министерства обороны Республики Казахстан и Генерального штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан осуществляется приказом Министра обороны Республики Казахстан либо лицом его замещающим, по представлению начальников департаментов и управлений по согласованию с курирующим заместителем Министра обороны Республики Казахстан, заместителем начальника Генерального штаба или руководителем аппарата;

      2) главнокомандующему видом войск Вооруженных Сил Республики Казахстан, начальнику главного управления, командиру воинской части (руководителю государственного учреждения), непосредственно подчиненного Министру обороны Республики Казахстан и начальнику Генерального штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан, осуществляется на основании соответствующих приказов Министра обороны Республики Казахстан;

      3) командующему войсками регионального командования, рода войск, командиру воинской части (руководителю государственного учреждения), непосредственно подчиненного главнокомандующему видом войск и начальнику главного управления, осуществляется на основании соответствующего приказа главнокомандующего вида войск и начальника главного управления Вооруженных Сил Республики Казахстан;

      4) командиру воинской части (руководителю государственного учреждения), непосредственно подчиненного командующему войсками регионального командования, рода войск осуществляется на основании соответствующего приказа командующего войсками региональных командований, рода войск;

      5) военнослужащему, не указанному в подпунктах 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта, осуществляется на основании приказа командира воинской части (руководителя государственного учреждения).

      63-8. Предложения по установлению надбавки к должностному окладу военнослужащего представляются командирами (начальниками) по подчиненности в вышестоящие органы военного управления.

      63-9. Основанием для издания приказа об установлении надбавки является решение Министра обороны Республики Казахстан, принятое в соответствии с аргументированным ходатайством курирующего заместителя Министра обороны Республики Казахстан с указанием оснований, фамилии, инициалов, занимаемой должности и предлагаемого размера надбавки.

      63-10. Издание приказов об установлении надбавок к должностным окладам военнослужащих производится при наличии денежных средств, предназначенных на указанные цели.";

      главу 4 дополнить параграфами 10 и 11 следующего содержания:

      "Параграф 10. Премирование военнослужащего (кроме курсанта, кадета, военнослужащего срочной службы)

      97-1. Премирование военнослужащего (кроме курсанта, кадета, военнослужащего срочной службы) (далее – премирование военнослужащего) осуществляется за счет экономии средств государственного бюджета, предусмотренных на содержание соответствующего органа по плану финансирования бюджетной программы (подпрограммы).

      97-2. Премирование военнослужащего производится в следующих случаях:

      1) за личный вклад и достигнутые результаты в боевой, профессиональной подготовке;

      2) за выполнение учебных программ;

      3) по итогам рассмотрения результатов работы за определенный период;

      4) выполнение неотложной и заранее непредвиденной работы, от срочного выполнения которой зависит в дальнейшем нормальная (бесперебойная) работа данной воинской части (государственного учреждения) в целом или его отдельных подразделений;

      5) за своевременное и качественное выполнение мероприятий, предусмотренных Планом действий Правительства Республики Казахстан, Планом законопроектных работ Правительства Республики Казахстан, актов и поручений Президента, Правительства или Премьер-Министра Республики Казахстан;

      6) к юбилейным датам (к дням рождения, если военнослужащему исполняется 50, 55, 60 и каждые последующие 5 лет, в размере одного должностного оклада);

      7) к праздничным датам;

      8) за выполнение специальных задач командования;

      9) за образцовое выполнение должностных обязанностей, безупречную воинскую службу, выполнение заданий особой важности и сложности и другие достижения в воинской службе;

      10) за разработку законопроектов, конвенций, соглашений, договоров, проектов нормативных правовых актов, после их принятия или утверждения;

      11) за образцовое исполнение функций и задач, возложенных на воинскую часть (государственное учреждение) в соответствии с положением об этой воинской части (государственном учреждении).

      97-3. Премирование военнослужащего не производится:

      1) при наличии неснятого дисциплинарного взыскания;

      2) в связи с увольнением военнослужащего по отрицательным мотивам;

      3) вновь поступившего на воинскую службу, прослужившего в соответствующей воинской части (государственном учреждении) менее одного месяца (за исключением перевода из одной воинской части (государственного учреждения) подведомственного Министерству обороны Республики Казахстан в другое, а также заключившего контракт о прохождении воинской службы непосредственно после расторжения трудового договора с командиром (руководителем) вышеуказанных воинских частей (государственных учреждений);

      4) военнослужащего, находящегося в распоряжении сверх сроков, установленных законодательством Республики Казахстан;

      5) военнослужащего, за время нахождения в отпуске без сохранения заработной платы по уходу за ребенком до достижения им возраста трех лет;

      6) в период нахождения военнослужащего, в отпуске по обучению в рамках государственного заказа по программам послевузовского образования.

      Решение об уменьшении или увеличении размера премии, установленного вышестоящим руководством в пределах экономии бюджетных средств, принимается командиром воинской части (руководителем государственного учреждения) на основании рапорта непосредственного начальника (командира), где указываются конкретные причины, послужившие для такого ходатайства.

      97-4. В предложении для издания приказа о премировании указывается воинское звание, фамилия, инициалы, занимаемая должность, основание для премирования, размер премии, сведения об отсутствии дисциплинарного взыскания.

      97-5. Премирование производится в следующем порядке:

      1) предложения о премировании военнослужащего Министерства обороны Республики Казахстан и Генерального штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан представляется Министру обороны Республики Казахстан начальниками департаментов и управлений по согласованию с курирующим заместителем Министра обороны Республики Казахстан, заместителем начальника Генерального штаба или руководителем аппарата.

      Решение о премировании оформляется приказом Министра обороны Республики Казахстан либо лица, его замещающего;

      2) премирование главнокомандующего видом войск Вооруженных Сил Республики Казахстан, начальника главного управления, командира воинской части (руководителя учреждения), непосредственно подчиненного Министру обороны Республики Казахстан и начальнику Генерального штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан, производится на основании соответствующих приказов Министра обороны Республики Казахстан;

      3) премирование командующего войсками регионального командования, рода войск, командира воинской части, непосредственно подчиненного главнокомандующему видом войск и начальнику главного управления, производится на основании соответствующего приказа главнокомандующего вида войск и начальника главного управления;

      4) премирование командира воинской части (руководителя учреждения), непосредственно подчиненного командующему войсками регионального командования, рода войск производится на основании соответствующего приказа командующего войсками региональных командований, рода войск;

      5) премирование военнослужащего, не указанного в подпунктах 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта, производится на основании приказа командира воинской части (руководителя государственного учреждения).

      97-6. Издание приказов о премировании военнослужащего производится при наличии денежных средств, предназначенных на указанные цели.

      Параграф 11. Оказание материальной помощи военнослужащему (кроме курсанта, кадета, военнослужащего срочной службы)

      97-7. Оказание материальной помощи военнослужащему (кроме курсанта, кадета, военнослужащего срочной службы) (далее – оказание материальной помощи военнослужащему) осуществляется за счет экономии средств государственного бюджета, предусмотренных на содержание соответствующего органа по плану финансирования бюджетной программы (подпрограммы).

      97-8. В Министерстве обороны Республики Казахстан и в каждой воинской части (государственном учреждении) Министерства обороны Республики Казахстан назначается комиссия по рассмотрению вопросов оказания материальной помощи.

      97-9. Оказание материальной помощи военнослужащему осуществляется в связи с его тяжелым материальным положением, в случаях:

      1) смерти членов его семьи, близких родственников (супругов, родителей, детей, усыновителей, усыновленных, полнородных и не полнородных братьев и сестер, дедушек, бабушек, внуков) или свойственников (братьев, сестер, родителей и детей супругов) – в размере не более семи базовых должностных окладов;

      2) при вступлении в брак – в размере не более четырех базовых должностных окладов;

      3) при рождении ребенка, усыновлении или удочерении ребенка – в размере не более четырех базовых должностных окладов;

      4) причинения имущественного вреда военнослужащему вследствие совершения в отношении него противоправных действий (разбои, кража и другие), а также при стихийных бедствиях (пожаре, наводнении, землетрясении и другие) – в размере не более пяти базовых должностных окладов;

      5) лечения, требующего дополнительных финансовых затрат (стационарного или амбулаторного лечения более 10-ти календарных дней, кроме санаторного), при наличии соответствующего документа от лечебного учреждения (счета на оплату операции, расходов на лекарственные препараты и так далее) – в размере не более шести базовых должностных окладов;

      6) при увольнении на пенсию, за исключением увольнения по отрицательным мотивам – в размере не более двух базовых должностных окладов.

      97-10. Материальная помощь военнослужащему оказывается на основании его рапорта в соответствующую комиссию по оказанию материальной помощи. К рапорту прилагаются следующие документы:

      1) в случае смерти членов его семьи, близких родственников (супругов, родителей, детей, усыновителей, усыновленных, полнородных и не полнородных братьев и сестер, дедушек, бабушек, внуков) или свойственников (братьев, сестер, родителей и детей супругов):

      копия документа удостоверяющего личность гражданина Республики Казахстан;

      копия свидетельства о смерти членов его семьи, близких родственников (супругов, родителей, детей, усыновителей, усыновленных, полнородных и не полнородных братьев и сестер, дедушек, бабушек, внуков) или свойственников (братьев, сестер, родителей и детей супругов);

      копии документов, подтверждающих родство с умершим;

      2) при вступлении в брак:

      копии документов удостоверяющих личность гражданина Республики Казахстан обоих супругов;

      копия свидетельства о заключении брака;

      3) при рождении ребенка, усыновлении или удочерении ребенка:

      копия документа удостоверяющего личность гражданина Республики Казахстан;

      копия свидетельства о рождении ребенка (детей);

      копии документов, подтверждающих усыновление или удочерение ребенка (детей);

      4) в случае причинения имущественного вреда военнослужащему вследствие совершения в его отношении противоправных действий:

      копия документа удостоверяющего личность гражданина Республики Казахстан;

      копия постановления о признании его в качестве потерпевшего;

      5) в случае причинения имущественного вреда военнослужащему вследствие стихийных бедствий (пожаре, наводнении, землетрясении и другие):

      копия документа удостоверяющего личность гражданина Республики Казахстан;

      копии документов из органов внутренних дел Республики Казахстан или местных исполнительных органов, подтверждающих причинение имущественного вреда;

      6) в случае лечения, требующего дополнительных финансовых затрат (стационарного или амбулаторного лечения более 10-ти календарных дней, кроме санаторного):

      копия документа удостоверяющего личность гражданина Республики Казахстан;

      справку с военно-медицинского учреждения по месту службы о невозможности оказания медицинской помощи по медицинским показаниям в связи с отсутствием в них соответствующих отделений либо специального оборудования;

      копии документов, подтверждающих прохождение лечения;

      фискальные чеки или квитанции к приходно-кассовому ордеру об оплате лекарственных средств, медикаментов, оказании платных медицинских услуг;

      7) при увольнении на пенсию военнослужащего:

      копия документа удостоверяющего личность гражданина Республики Казахстан;

      выписка из приказа об увольнении с указанием выслуги лет, дающей право на пенсионное обеспечение.

      97-11. Комиссия по оказанию материальной помощи рассматривает только случаи, произошедшие в текущем финансовом году, кроме случаев, произошедших в четвертом квартале, которые могут рассматриваться в следующем финансовом году. Решение об оказании материальной помощи оформляется протоколом заседания комиссии.

      97-12. В особых случаях тяжелого материального положения, особо тяжелых форм заболевания (например: онкологические заболевания) комиссия может принять решение об увеличении размера материальной помощи, но не более чем в два раза.

      97-13. При наличии протокола заседания комиссии, выплата материальной помощи производится:

      1) военнослужащему Министерства обороны Республики Казахстан и Генерального штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан, на основании приказа Министра обороны;

      2) главнокомандующему видом войск Вооруженных Сил Республики Казахстан, начальнику главного управления и республиканского государственного учреждения, командиру воинской части, непосредственно подчиненному Министру обороны и начальнику Генерального штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан, на основании соответствующих приказов Министра обороны Республики Казахстан;

      3) командующему войсками региональных командований, родами войск, командиру воинской части, непосредственно подчиненному главнокомандующему видом войск и начальнику главного управления, на основании соответствующих приказов главнокомандующих видами войск и начальников главных управлений;

      4) начальнику республиканских государственных учреждений, командиру воинской части, непосредственно подчиненных командующим войсками региональных командований, родами войск на основании соответствующих приказов командующих войсками региональных командований, родами войск;

      5) военнослужащим, не перечисленным в подпунктах 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта на основании приказов руководителей республиканских государственных учреждений, командиров воинских частей.

      97-14. Издание приказов об оказании материальной помощи производится при наличии денежных средств, предназначенных на указанные цели.".

      2. Департаменту экономики и финансов Министерства обороны Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление копии настоящего приказа в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан на казахском и русском языках в течении десяти календарных дней со дня государственной регистрации;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан после его первого официального опубликования;

      4) направление сведений в Юридический департамент Министерства обороны Республики Казахстан об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Министра обороны Республики Казахстан Скакова А.Б.

      4. Настоящий приказ довести до должностных лиц, в части их касающейся.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 января 2018 года.

      Министр обороны
Республики Казахстан
Н. Ермекбаев