Адвокаттардың кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1455 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 9 қазанда № 17514 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Беріліп отырған Адвокаттардың кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Министр М. Бекетаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі

      "___"_________ 2018 жыл

  Бекітілді
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 27 қыркүйегі
№ 1455 бұйрығы

Адвокаттардың кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шарты

      ________ қаласы, облысы №___ 20__жылғы "__"____ _____ сериясы____

      Бұдан әрі "Сақтандырушы" деп аталатын, бір тараптан, ________________________________

      _______________________________________________________________________________,

      (сақтандыру ұйымының атауы)

      ____________________________________________________________ негізінде әрекет ететін

      ________________________________________________________________________________

      (сақтандырушы өкілінің тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)), және бұдан әрі

      "Сақтанушы" деп аталатын, екінші тараптан,

      ________________________ адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын,

      (адвокаттар алқасының атауы)

      адвокат_________________________________________________________________________

      (адвокаттың тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      бірлесіп "Тараптар" деп аталатын, 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) (бұдан әрі - Азаматтық кодекс), "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң), "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының негізінде ссы Адвокаттардың кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты.

1 Бөлім. Шартта қолданылатын негізгі ұғымдар

      1. Осы Шартта келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Пайда алушы ‒ осы сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға;

      2) Сақтандырушы – сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, сақтандыру жағдайы болған кезде осы Шарт пайдасына жасалған тұлғаға (Пайда алушы) осы Шартта айқындалған сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті заңды тұлға;

      3) Сақтанушы ‒ Сақтандырушымен осы шартты жасасқан адвокат;

      4) Сақтандырылған адам ‒ өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға. Осы шартта сақтанушы бiр мезгiлде сақтандырылған адам болып табылады.

      4-1) Сақтандыру мүддесі – жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша көзделуі мүмкін оқиғаларды қоспағанда, сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) тәуекелдерді болғызбаудағы және сақтандыру жағдайының басталуына жол бермеудегі мүліктік мүддесі.

      5) сақтандыру объектісі ‒ Сақтанушының (сақтандырылған адамның) шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілген тұлғаға адвокаттық қызметті жүзеге асыруға байланысты келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүдделері.

      6) сақтандыру сомасы ‒ сақтандыру объектiсі және сақтандыру жағдайы басталған кездегі сақтандырушы жауаптылығының шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы.

      7) сақтандыру сыйлықақысы – Сақтанушы Сақтандырушыға соңғысы сақтандыру шартында айқындалған мөлшерде сақтанушыға (Пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жүргiзу мiндеттемелерiн қабылдағаны үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы.

      8) сақтандыру төлемi – сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтандырушының Пайда алушыға сақтандыру сомасының шегiнде төлейтiн ақша сомасы.

      9) үшiншi тұлға – Шарттың тарабы болып табылмайтын, шартқа сәйкес адвокат заң көмегін көрсеткен және абайсызда адвокат өзінің кәсiби мiндеттерiн орындау кезiнде мүлiктiк мүдделерiне зиян келтiрiлген тұлға.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің м.а. 08.11.2019 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2 Бөлім. Шарттың нысанасы

      2. Осы Шарт бойынша Сақтанушының (Сақтандырылған адамның) адвокаттық қызметін жүзеге асыру нәтижесінде шартқа сәйкес үшінші тұлғаларға заң көмегін көрсету кезінде келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мүліктік мүдделерiн сақтауды Сақтанушы береді, ал Сақтандырушы қабылдайды.

3 Бөлім. Сақтандыру сомасының және сақтандыру сыйлықақысының мөлшері

      3. Осы Шарт бойынша Сақтандыру сомасы Занңың 36-бабы 5-тармағына сәйкес _____________ (жазбаша түрде) теңгені кұрайды.

      4. _____________ (жазбаша түрде) теңгені кұрайтын Сақтандыру сыйақысы Шартқа Тараптардың немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қол қойған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде біржолғы төлем ретінде Сақтандырушының банк шотына ақша аудару жолымен не қолма-қол төлеммен Сақтандырушының кассасына төлеуге жатады.

      5. Сақтандыру сыйақысы төленген күн деп ақшаның Сақтандырушының банк шотына немесе кассасына түскен күн саналады.

4 Бөлім. Сақтандыру төлемiн жүзеге асыру талаптары мен тәртібі

      6. Сақтанушы не болмаса үшінші тұлға сақтандыру төлемi туралы талапты Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының орын алғанын дәлелдейтін құжаттарды қоса бере отырып жазбаша түрде ұсынады.

      7. Сақтандыру төлемі Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі (теңге).

      8. Сақтандыру төлемі Сақтанушыдан барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Сақтандырушымен жүзеге асырылады.

5 Бөлім. Сақтандыру жағдайлары

      9. Шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне сақтандырылған тұлғаның заң көмегін көрсетуі кезінде жол берген кәсіптік қателіктері салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі осы Шарт бойынша сақтандыру жағдайы болып табылады.

      10. Кәсіптік қателіктер деп мыналар:

      1) процестік мерзімдерді өткізіп алу;

      2) құжаттарды дұрыс ресімдемеу;

      3) шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін тұлғаға зиян келтіруге алып келген, жасалатын заңдық әрекеттердің салдарлары туралы оған хабарламау;

      4) сақтанушы (сақтандырылған тұлға) заң көмегін көрсету үшін клиенттен алған құжаттардың жоғалуы немесе бүлінуі;

      5) адвокаттық құпияны құрайтын мәліметтерді құқыққа сыйымсыз жария ету түсініледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің м.а. 08.11.2019 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Егер шартқа сәйкес құқықтық көмек көрсетілетін үшінші тұлғаларға келтірілген зиян, сақтанушының (сақтандырылған адамның) кәсіби міндеттерін абайсызда бұзуының нәтижесінде болғаны анықталған сәттен бастап сақтандыру жағдайы басталды деп есептеледi.

      12. Сақтандыру жағдайының басталғандығын, сондай-ақ ол келтірген зияндарды дәлелдеу сақтанушының (пайда алушының, сақтандырылушының) міндетіне жатады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің м.а. 08.11.2019 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

6 Бөлім. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      13. Сақтандырушы:

      1) құзыреттi ұйымдардан сақтандыру жағдайының басталу фактiсiн растайтын құжаттарды сұратуға;

      2) сақтандыру жағдайы басталған жағдайда келтірілген зиян мөлшерін анықтауға және сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтауға құқылы;

      14. Сақтандырушы:

      1) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;

      2) сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы сақтандыру сыйлықақысын ақшасыз түрде төлеуге мүмкіндік беруге (сақтандыру шарты электронды түрде жасалған кезде);

      3) сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтандыру төлемін жасауға;

      4) өзі тартқан бағалаушының (тәуелсіз сарапшының) қызметіне ақы төлеуге;

      5) сақтандыру жағдайының туындаған фактісін және сақтандырушы өтейтін зиян сомасын растайтын құжаттар жеткіліксіз болған кезде, өтініш берушіге оны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жеткіліксіз және (немесе) дұрыс рәсімделмеген құжаттардың толық тізімін көрсете отырып хабарлауға;

      6) Сақтанушы немесе Пайда алушы болып табылатын үшінші тұлға сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті барлық құжаттарды бермеген жағдайда, Сақтандырушы Сақтанушыға 3 (үш) жұмыс күні ішінде жетіспейтін құжаттар туралы жазбаша түрде хабардар етуге міндетті;

      7) Сақтанушының (Пайда алушының) өтінішін алған кезде 5 (бес жұмыс) күні ішінде Сақтанушының (Пайда алушының) талабын қарауға және дауды реттеудің келесі тәртібін көрсете отырып жазбаша жауап беруге;

      8) Сақтанушының (Пайда алушының) сақтандыру омбудсманына жіберілген өтініштерін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілген құжаттарды сақтандыру омбудсманына қайта жіберуге міндетті.

      15. Сақтанушы:

      1) Сақтандырушыдан Шарт бойынша сақтандыру талаптарын, өзінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;

      2) Сақтандырушыға (оның ішінде филиалы, өкілдігі арқылы) талаптарын көрсете отырып жазбаша түрде өтініш пен қоса талаптарын растайтын құжаттарды жіберуге, немесе шарттан туындайтын дауларды реттеу үшін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына немесе Сақтандырушы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) немесе сотқа өтініш беруге құқылы.

      16. Сақтанушы:

      1) Шартта белгіленген мөлшерде, тәртіпте және мерзiмде сақтандыру сыйлықақысын төлеуге;

      2) сақтандыру жағдайынан туатын залалдарды азайту үшiн шаралар қолдануға;

      3) адвокаттың заң көмегін көрсету кезінде келтірілген зиянды өтеу туралы үшінші тұлғаның талап ету фактісі өзіне белгілі болған кезден бастап дереу, бірақ 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Сақтандырушыға бұл туралы қол жетімді жолмен (ауызша, жазбаша түрде) хабарлау қажет. Ауызша түрдегі хабарлама кейін (жетпіс екі сағат ішінде) жазбаша түрде расталуы тиіс. Егер Сақтанушы көрсетілген әрекеттерді дәлелді себептермен орындамаса, ол бұны құжатпен растауы тиіс;

      4) Сақтандырушыға сақтандыру төлемін алу үшін қажетті барлық құжаттарды ұсынуға;

      5) сақтандыру шартын жасасу үшін қажетті ақпаратты ұсынуға (заң көмегін көрсетуге байланысты үшінші тұлғаға келтірілген шығындардың тарихын, Сақтанушының сәйкестендіруші және оның адвокат өкілеттігін растайтын құжаттарды);

      6) сақтандыру жағдайы туралы құжаттаманы, оның ішінде адвокаттың заң көмегі үшін ақы төлеуін растайтын құжаттар ұсынуға міндетті.

      17. Сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Шартта көзделген өзге де құқықтары мен міндеттері бар.

      18. Сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Шартта көзделген өзге де құқықтары мен міндеттері бар.

7 Бөлім. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатудың негiздерi

      19. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:

      1) Сақтанушының, Сақтандырылған адамның және (немесе) Пайда алушының, қажетті қорғану және (немесе) аса қажетті жағдайда жасалған іс-әрекеттерді қоспағанда, сақтандыру жағдайын тудыруға бағытталған не оның басталуына ықпал ететін қасақана жасалған іс-әрекетінің салдарынан;

      2) Сақтанушының, Сақтандырылған адамның және (немесе) Пайда алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерінің салдарынан;

      3) сақтандыру жағдайының туындауына немесе оның басталуына ықпал ететін үшiншi тұлғалардың әрекеттерiнен;

      4) үшінші тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерінің салдарынан;

      5) адвокаттың заң көмегін көрсету туралы шарт жасаспай, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген заң көмегі шеңберінде қажетті құжаттарды ресімдемей заң көмегін көрсетуінен;

      6) адвокаттық қызметті лицензиясының күші немесе адвокаттар алқасына мүшелiгі тоқтатылған немесе тоқтыла тұрған кезеңде жүзеге асыруынан болса Сақтанушыға сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тартуға құқылы.

      20. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуы үшiн мыналар да:

      1) Сақтанушының Сақтандырушыға, сақтандыру объектiсi, сақтандыру тәуекелi, сақтандыру жағдайы және оның зардаптары туралы көрінеу жалған мәлiметтер хабарлауы;

      2) Сақтанушының сақтандыру жағдайынан болған залалдарды азайту жөнiндегi шараларды қасақана қолданбауы;

      3) Сақтанушының сақтандыру жағдайы басталуының мән-жайын тексеруде және одан келген залалдардың мөлшерiн белгiлеуде сақтандырушыға кедергi жасауы;

      4) сақтандыру жағдайының басталғандығы туралы Сақтандырушыға хабарламау;

      5) Сақтанушының сақтандыру жағдайының басталғандығы үшін жауапты адамға талап қою құқықтарынан бас тартуы, сондай-ақ Сақтандырушыға талап ету құқығын өткiзу үшiн қажеттi құжаттарды беруден бас тартуы. Егер сақтандыру өтемi төленiп қойған болса, Сақтандырушы оның толық немесе iшiнара қайтарылуын талап етуге құқылы;

      6) заң актiлерiнде көзделген басқа да жағдайлар негiз болуы мүмкiн.

      21. Егер сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушының дер кезiнде бiлгендiгi дәлелденбесе не бұл жөнiндегi мәлiметтердiң сақтандырушыда болмауы оның сақтандыру төлемi мiндеттерiне ықпал етпейтiн болса, сақтандыру жағдайының басталғандығы туралы сақтандырушыға хабар бермеу оған сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тарту құқығын бередi.

      22. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тарту үшiн негiздер бар кезде Сақтандырушы сақтандыру төлемі туралы өтінішті және құжаттарды алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге бас тарту себептерiнiң дәлелдi негiздемесi келтiрiлген сақтандыру төлемiнен толық немесе iшiнара бас тарту туралы тиiстi шешiмдi жазбаша нысанда жiберуге мiндеттi.

8 Бөлім. Форс-мажорлық жағдайлар

      23. Егер дүлей апаттарды, әскери iс-қимылды, ядролық жарылыстың әсерiн, көтерiлiстердi, халықтық толқуларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының құқықтық актілерінде көзделген тыйым салу шараларын қоса алғанда, еңсерiлмейтiн күш салдарынан тиiстi орындау мүмкiн болмаса, егер осы мән-жайлар Тараптардың осы Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындауына тiкелей әсер етсе, Тараптар осы Шарт бойынша мiндеттемелерiн iшiнара немесе толық орындамағаны үшiн жауапкершiлiктен босатылады.

      24. Еңсерiлмейтiн күш мән-жайлары салдарынан осы Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындаудың мүмкiндiгi болмаған Тарап олар туындаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнiнен кешiктiрмей екiншi Тарапты бұл туралы жазбаша хабардар етуге және тиiстi айғақтар ұсынуға мiндеттi.

      25. Форс-мажорлық жағдайлар құзыретті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті құжаттарымен немесе ресми мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы расталуға тиіс.

      26. Тиiсiнше хабарламау Тарапты осы Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн жауапкершiлiктен босататын негiздеме ретiнде жоғарыда көрсетiлген кез келген мән-жайға сүйену құқығынан айырады.

      27. Егер еңсерiлмейтiн күш мән-жайлары бiр айдан астам жалғасатын болса, Тараптардың кез келгенi осы Шартты бiр жақты тәртiппен бұзуға құқығы бар.

9 Бөлім. Шарттың қолданылу мерзiмi және орны

      28. Осы Шарт Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген сәттен бастап күшiне енедi және Тараптар үшiн мiндеттi болады және 20__ жылдың "__" _____ дейін қолданылады.

      29. Сақтандыру арқылы қорғаудың қолданылу кезеңi Шарттың қолдану мерзiмiмен сәйкес келедi.

      30. Осы Шартқа сәйкес Шарттың қолданылу орны Қазақстан Республикасының аумағы болып табылады.

10 Бөлім. Шартқа өзгерiстер енгiзу мен тоқтатылуы

      31. Шартқа енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде рәсімделген және Тараптар немесе олардың уәкілетті өкілдері қол қойған жағдайда заңды күші болады.

      32. Осы Шарттың қолданылуы мынадай:

      1) осы Шарттың қолдану мерзiмi аяқталған;

      2) Шарттың 5-бөлімінде көрсетілген сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемi жүзеге асырылған жағдайларда тоқтатылады.

      33. Осы Шарттың тоқтатылуы Шарттың қолданысы кезеңінде сақтандыру жағдайы деп танылған сақтандыру жағдайы бойынша Сақтандырушыны Пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөніндегі міндетінен босатпайды. Сақтандыру жағдайы осы Шарттың қолданылу кезеңінде орын алған кезде, оны жасасқан Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырады.

      34. Азаматтық кодексiнде белгiленген жағдайларда Шарт мерзiмiнен бұрын бұзылуы мүмкiн.

11 Бөлім. Тараптардың жауапкершiлiгi

      35. Тараптар өздерiнiң осы Шарт бойынша қабылданған мiндеттемелерiн орындамаған не тиiсiнше орындамаған жағдайда Тараптарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жауапкершiлiк жүктеледi.

12 Бөлім. Қорытынды ережелер

      36. Тараптар арасында осы Шарт бойынша туындайтын барлық даулар келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.

      37. Келісімге келмеген Тараптардың келіспеушіліктері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.

13 Бөлім. Тараптардың деректемелері

"САҚТАНДЫРУШЫ"

"САҚТАНУШЫ"

Атауы: __________________________

Тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда): _________________

Мекен-жайы: _____________________

Мекен-жайы: _____________________

Бизнес - сәйкестендіру нөмірі _________________________________

Жеке сәйкестендіру нөмірі
__________________________________

Жеке сәйкестендіру коды _________________________________

Байланыс телефон нөмірі ___________

Банктік - сәйкестендіру коды
_________________________________

Адвокаттың куәлігінің нөмірі мен берілген күні ______________________

Экономикалық қызмет түрі
_________________________________

Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен берілген күні____________

Экономика секторының коды _______

Адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензияның нөмірі мен берілген күні______________________

Байланыс телефон нөмірі ___________

__________________________________
(қолы, тегі, аты-жөні)

_________________________________
(қолы, тегі, аты-жөні)



Об утверждении типового договора страхования профессиональной ответственности адвокатов

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 сентября 2018 года № 1455. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 октября 2018 года № 17514.

      Примечание РЦПИ!
Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2020 года.

      В соответствии с подпунктом 19) статьи 23 Закона Республики Казахстан от 5 июля 2018 года "Об адвокатской деятельности и юридической помощи" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый Типовой договор страхования профессиональной ответственности адвокатов.

      2. Департаменту регистрационной службы и организации юридических услуг Министерства юстиции Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства юстиции Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра юстиции Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2020 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр М. Бекетаев

      "СОГЛАСОВАН"
Национальный Банк
Республики Казахстан
"____" __________ 2018 года.

  Утвержден приказом
Министра юстиции
Республики Казахстан
от 27 сентября 2018 года № 1455

      Типовой договор страхования профессиональной ответственности адвокатов

      Город, область ______ серия ____ № _________ "__" _______ 20___года
_____________________________________, именуемый в дальнейшем
            (наименование страховщика)
Страховщик", действующий на основании ______________________, в лице
________________________________________________________________
      (фамилия, имя, отчетство (при наличии) представителя страховщика)
с одной стороны, и адвокат, именуемый в дальнейшем "Страхователь", в лице
_______________________________________________________________,
(фамилия, имя, отчетство (при наличии) адвоката)

      являющийся членом коллегии адвокатов _________________________________
                                          (наименование коллегии)

      с другой стороны, совместно именуемые Сторонами, а по отдельности - Сторона, на
основании Гражданского кодекса Республики Казахстан (Особенная часть) (далее -
Гражданский кодекс) от 1 июля 1999 года, Закона Республики Казахстан от 5 июля 2018 года
"Об адвокатской деятельности и юридической помощи", (далее - Закон), Закона Республики
Казахстан от 18 декабря 2000 года "О страховой деятельности" заключили настоящий
Договор страхования профессиональной ответственности адвокатов (далее - Договор) о нижеследующем.

Глава 1. Основные понятия, используемые в Договоре

      1. В настоящем Договоре используются следующие основные понятия:

      1) Выгодоприобретатель – лицо, которое в соответствии с настоящим Договором является получателем страховой выплаты;

      2) Страховщик – юридическое лицо, зарегистрированное в качестве страховой организации и имеющее лицензию на право осуществления страховой деятельности, обязанное при наступлении страхового случая произвести страховую выплату лицу, в пользу которого заключен настоящий Договор (Выгодоприобретателю), в пределах определенной настоящим Договором суммы (страховой суммы);

      3) Страхователь – адвокат, заключивший настоящий Договор со Страховщиком;

      4) Застрахованный – лицо, в отношении которого осуществляется страхование. В настоящем договоре Страхователь одновременно является застрахованным.

      4-1) Страховой интерес – имущественный интерес страхователя (застрахованного, выгодоприобретателя) в предотвращении рисков и недопущении наступления страхового случая, за исключением событий, которые могут быть предусмотрены по договору накопительного страхования.

      5) объект страхования – имущественные интересы Страхователя (застрахованного лица), связанные с его обязанностью в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, возместить вред, причиненный лицу, которому в соответствии с договором оказывается юридическая помощь, в связи с осуществлением адвокатской деятельности;

      6) страховая сумма – сумма денег, на которую застрахован объект страхования и которая представляет собой предельный объем ответственности Страховщика при наступлении страхового случая;

      7) страховая премия – сумма денег, которую Страхователь обязан уплатить Страховщику за принятие последним обязательств произвести страховую выплату Выгодоприобретателю в размере, определенном настоящим Договором;

      8) страховая выплата – сумма денег, выплачиваемая Страховщиком Выгодоприобретателю в пределах страховой суммы при наступлении страхового случая;

      9) третье лицо – лицо, не являющееся стороной Договора, которому адвокатом оказывалась юридическая помощь в соответствии с договором, и неумышленным нарушением профессиональных обязательств адвокатом был причинен вред имущественным интересам.

      Сноска. Пункт 1 с изменением, внесенным приказом и.о. Министра юстиции РК от 08.11.2019 № 539 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Предмет договора

      2. По настоящему Договору Страхователь передает, а Страховщик принимает на страхование имущественные интересы страхователя (застрахованного лица), связанные с его обязанностью в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, возместить вред, причиненный третьим лицам, которым в соответствии с договором оказывается юридическая помощь, в результате осуществления адвокатской деятельности.

Глава 3. Размер страховой суммы и страховой премии

      3. Страховая сумма по настоящему Договору установлена в размере _________ (сумма прописью) тенге в соответствии с пунктом 5 статьи 36 Закона.

      4. Страховая премия в размере _______ (сумма прописью) тенге будет уплачена единовременным платежом в течение 5 (пяти) рабочих дней с даты подписания Договора Сторонами либо их уполномоченными представителями путем перечисления денег на банковский счет Страховщика или наличными деньгами в кассу Страховщика.

      5. Днем оплаты страховой премии считается день поступления денег на банковский счет или в кассу Страховщика.

Глава 4. Условия и порядок осуществления страховой выплаты

      6. Требование о страховой выплате к Страховщику предъявляется Страхователем либо третьим лицом в письменной форме с приложением документов, подтверждающих наступление страхового случая.

      7. Страховая выплата осуществляется в национальной валюте Республики Казахстан (тенге).

      8. Страховая выплата осуществляется Страховщиком в течение 15 (пятнадцати) рабочих дней после получения всех необходимых документов от Страхователя.

Глава 5. Страховые случаи

      9. Страховым случаем по настоящему Договору является наступления гражданско-правовой ответственности Страхователя по возмещению вреда, причиненного имущественным интересам третьих лиц, которым в соответствии с договором оказывается юридическая помощь, в результате допущенных застрахованным лицом профессиональных ошибок при оказании юридической помощи.

      10. Под профессиональными ошибками понимаются:

      1) пропуск процессуальных сроков;

      2) неправильное оформление документов;

      3) неизвещение лица, которому в соответствии с договором оказывается юридическая помощь, о последствиях совершаемых юридических действий, повлекших причинение ему вреда;

      4) утрата или порча документов, полученных Страхователем (Застрахованным лицом) от клиента для оказания юридической помощи;

      5) неправомерное разглашение сведений, составляющих адвокатскую тайну.

      Сноска. Пункт 10 в редакции приказа и.о. Министра юстиции РК от 08.11.2019 № 539 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11. Страховой случай считается наступившим, если вред, причиненный третьим лицам, которым в соответствии с договором оказывается юридическая помощь, явился следствием неумышленного нарушения Страхователем (Застрахованным лицом) профессиональных обязанностей.

      12. Доказывание наступления страхового случая, а также причиненных им убытков лежит на страхователе (выгодоприобретателе, застрахованном).

      Сноска. Пункт 12 в редакции приказа и.о. Министра юстиции РК от 08.11.2019 № 539 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 6. Права и обязанности сторон

      13. Страховщик вправе:

      1) запрашивать у компетентных организаций документы, подтверждающие факт наступления страхового случая;

      2) при наступлении страхового случая, определять размер причиненного вреда и определять сумму страховой выплаты;

      14. Страховщик обязан:

      1) обеспечить тайну страхования;

      2) предоставить возможность оплаты страховой премии безналичным способом через интернет-ресурс Страховщика (в случае заключения договора страхования в электронной форме);

      3) при наступлении страхового случая, произвести страховую выплату;

      4) оплатить услуги привлекаемого им оценщика (независимого эксперта);

      5) при недостаточности документов, подтверждающих факт наступления страхового случая и размер подлежащего возмещению Страховщиком вреда, в течение 3 (трех) рабочих дней со дня их получения сообщить об этом заявителю с указанием полного перечня недостающих и (или) неправильно оформленных документов;

      6) в случае непредставления Страхователем или третьим лицом, являющимся Выгодоприобретателем, всех документов, необходимых для осуществления страховой выплаты, Страховщик обязан в течение 3 (трех) рабочих дней письменно уведомить Страхователя о недостающих документах;

      7) при получении от Страхователя (Выгодоприобретателя) заявления рассмотреть требования Страхователя (Выгодоприобретателя) и предоставить письменный ответ с указанием дальнейшего порядка урегулирования спора в течение 5 (пяти) рабочих дней;

      8) при получении от Страхователя (Выгодоприобретателя) заявления, направляемого страховому омбудсману, перенаправить данное заявление, а также прилагаемые к нему документы страховому омбудсману в течение 3 (трех) рабочих дней со дня получения.

      15. Страхователь вправе:

      1) требовать от Страховщика разъяснения условий страхования, своих прав и обязанностей по Договору;

      2) направить Страховщику (в том числе через филиал, представительство) письменное заявление с указанием требований и приложением документов, подтверждающих его требования, либо направить заявление страховому омбудсману (напрямую страховому омбудсману, либо через Страховщика, в том числе его филиал, представительство) или в суд для урегулирования споров, возникающих из договора.

      16. Страхователь обязан:

      1) уплатить страховые премии в размере, порядке и сроки, которые установлены Договором;

      2) принимать меры к уменьшению убытков от страхового случая;

      3) незамедлительно, но не позднее 5 (пяти) рабочих дней, как ему стало известно о факте, предъявления третьим лицом требований о возмещении вреда причиненного при оказании адвокатом юридической помощи, уведомить об этом Страховщика доступным способом (устно, письменно). Сообщение в устной форме должно быть в последующем (в течение семидесяти двух часов) подтверждено письменно. Если Страхователь по уважительным причинам не имел возможности выполнить указанные действия, он должен подтвердить это документально;

      4) предоставить Страховщику все документы, необходимые для получения страховой выплаты;

      5) предоставлять информацию, необходимую для заключения договора страхования (историю убытков, выплаченных третьему лицу, в связи с оказанием ему юридической помощи, документы, идентифицирующие Страхователя и подтверждающие его полномочия адвоката);

      6) предоставлять документацию по страховому случаю, в том числе документы, подтверждающие оплату юридической помощи адвоката.

      17. Страховщик также имеет иные права и обязанности, предусмотренные законодательными актами Республики Казахстан и настоящим Договором.

      18. Страхователь имеет иные права и обязанности, предусмотренные законодательными актами Республики Казахстан и настоящим Договором;

Глава 7. Основания освобождения Страховщика от осуществления страховой выплаты

      19. Страховщик вправе полностью или частично отказать в страховой выплате, если страховой случай произошел вследствие:

      1) умышленных действий Страхователя, Застрахованного и (или) Выгодоприобретателя, направленных на возникновение страхового случая либо способствующих его наступлению, за исключением действий, совершенных в состоянии необходимой обороны и (или) крайней необходимости;

      2) Страхователя, Застрахованного и (или) Выгодоприобретателя, признанных в установленном законодательными актами Республики Казахстан порядке умышленными уголовными или административными правонарушениями, находящимися в причинной связи со страховым случаем;

      3) действий третьих лиц, направленных на возникновение страхового случая либо способствующих его наступлению;

      4) действий третьих лиц, признанных в порядке, установленном законодательными актами Республики Казахстан, умышленными уголовными или административными правонарушениями, находящимися в причинной связи со страховым случаем;

      5) оказания адвокатом юридической помощи без заключения договора об оказании юридической помощи, а равно без оформления иных документов в рамках оказания адвокатских услуг в рамках гарантированной государством юридической помощи;

      6) осуществления адвокатской деятельности в период прекращения или приостановления действия лицензии либо членства в коллегии адвокатов.

      20. Основанием для отказа Страховщика в осуществлении страховой выплаты может быть также следующее:

      1) сообщение Страхователем Страховщику заведомо ложных сведений об объекте страхования, страховом риске, страховом случае и его последствиях;

      2) умышленное непринятие Страхователем мер по уменьшению убытков от страхового случая;

      3) воспрепятствование Страхователем Страховщику в расследовании обстоятельств наступления страхового случая и в установлении размера причиненного вреда;

      4) неуведомление Страховщика о наступлении страхового случая;

      5) отказ Страхователя от своего права требования к лицу, ответственному за наступление страхового случая, а также отказ передать Страховщику документы, необходимые для перехода к Страховщику права требования. Если страховое возмещение уже было выплачено, Страховщик вправе требовать его возврата полностью или частично;

      6) другие случаи, предусмотренные законодательными актами.

      21. Неуведомление или несвоевременное уведомление Страховщика о наступлении страхового случая дает ему право отказать в страховой выплате, если не будет доказано, что Страховщик своевременно узнал о наступлении страхового случая либо отсутствие у Страховщика сведений об этом не могло сказаться на его обязанности осуществить страховую выплату.

      22. При наличии оснований для отказа в страховой выплате Страховщик обязан в течение 7 (семи) рабочих дней со дня получения документов, направить лицу, подавшему заявление о страховой выплате, соответствующее решение о полном или частичном отказе в страховой выплате в письменной форме с мотивированным обоснованием причин отказа.

Глава 8. Форс-мажорные обстоятельства

      23. Стороны освобождаются от ответственности за частичное или полное неисполнение обязательств по настоящему Договору, если надлежащее исполнение оказалось невозможным вследствие обстоятельств непреодолимой силы, включая стихийные бедствия, военные действия, воздействия ядерного взрыва, забастовки, народные волнения, также запретительные меры, предусмотренные в правовых актах государственных органов Республики Казахстан, если эти обстоятельства непосредственно повлияли на исполнение Сторонами своих обязательств по настоящему Договору.

      24. Сторона, для которой создалась невозможность исполнения обязательств по настоящему Договору вследствие обстоятельств непреодолимой силы, обязана в срок не позднее 5 (пяти) рабочих дней с момента их наступления письменно уведомить об этом другую Сторону и представить соответствующие доказательства.

      25. Действие форс-мажорных обстоятельств должно подтверждаться соответствующими документами компетентных государственных органов и организации или посредством официальных государственных средств массовой информации.

      26. Ненадлежащее уведомление, лишает Сторону права ссылаться на любое вышеуказанное обстоятельство как основание, освобождающее от ответственности за неисполнение или ненадлежащее исполнение обязательств по настоящему Договору.

      27. Если обстоятельства непреодолимой силы продолжают действовать более одного месяца, любая из Сторон имеет право расторгнуть настоящий Договор в одностороннем порядке.

Глава 9. Срок и место действия договора

      28. Настоящий Договор вступает в силу и становится обязательным для Сторон со дня оплаты Страхователем страховой премии и действует до "__" ________ 20__ года.

      29. Период действия страховой защиты совпадает со сроком действия Договора.

      30. В соответствии с настоящим Договором местом действия Договора является территория Республики Казахстан.

Глава 10. Изменение и прекращение договора

      31. Все изменения и дополнения к Договору имеют юридическую силу при условии их письменного оформления и подписания Сторонами либо их уполномоченными представителями.

      32. Действие настоящего Договора прекращается в следующих случаях:

      1) истечения срока действия настоящего Договора;

      2) осуществления страховой выплаты при наступлении страхового случая, указанного в главе 5 настоящего Договора, в течение срока его действия.

      33. Прекращение настоящего Договора не освобождает Страховщика от обязанности по осуществлению страховой выплаты Выгодоприобретателю по страховым случаям, признанным в последующем страховыми случаями, которые произошли в период действия настоящего Договора. Страховая выплата осуществляется Страховщиком, заключившим настоящий Договор, в период действия которого произошел страховой случай.

      34. Договор может быть расторгнут досрочно в случаях, установленных Гражданским кодексом.

Глава 11. Ответственность сторон

      35. В случае невыполнения либо ненадлежащего выполнения Сторонами своих обязательств, принятых по настоящему Договору, Стороны несут ответственность, установленную законодательными актами Республики Казахстан Республики Казахстан.

Глава 12. Заключительное положение

      36. Все споры, возникающие между Сторонами по настоящему Договору, разрешаются путем проведения переговоров.

      37. Разногласия, по которым Стороны не достигли соглашения, разрешаются в судебном порядке в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Глава 13. Реквизиты сторон

"СТРАХОВЩИК"

"СТРАХОВАТЕЛЬ"

Наименование: ___________________

Фамилию, имя, отчество (при его наличии):
_______________________________________

Адрес: __________________________

Адрес: ____________________________

Бизнес - идентификационный номер ________________________________

Индивидуальный идентификационный номер ______________________________________
Контактный номер телефона______________

Индивидуальный идентификационный
код _____________________________
Банковский идентификационный код ________________________________
Вид экономической деятельности
________________________________

Номер и дата выдачи удостоверения адвоката _________________________
Номер и дата выдачи документа, удостоверяющего личность_________
Номер и дата выдачи лицензии на занятие адвокатской деятельностью _________________________________

Код сектора экономики ____________
Контактный номер телефона________

_______________________________________
(подпись, фамилия, инициалы)

____________________________________
(подпись, фамилия, инициалы)