"Адвокаттардың кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1455 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2019 жылғы 8 қарашадағы № 539 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 13 қарашада № 19587 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Адвокаттардың кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1455 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17514 тіркелген, 2018 жылғы 18 қазанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Адвокаттардың кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартында:

      1-тармақ мынадай редакциядағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) Сақтандыру мүддесі – жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша көзделуі мүмкін оқиғаларды қоспағанда, сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) тәуекелдерді болғызбаудағы және сақтандыру жағдайының басталуына жол бермеудегі мүліктік мүддесі.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Кәсіптік қателіктер деп мыналар:

      1) процестік мерзімдерді өткізіп алу;

      2) құжаттарды дұрыс ресімдемеу;

      3) шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін тұлғаға зиян келтіруге алып келген, жасалатын заңдық әрекеттердің салдарлары туралы оған хабарламау;

      4) сақтанушы (сақтандырылған тұлға) заң көмегін көрсету үшін клиенттен алған құжаттардың жоғалуы немесе бүлінуі;

      5) адвокаттық құпияны құрайтын мәліметтерді құқыққа сыйымсыз жария ету түсініледі.".

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Сақтандыру жағдайының басталғандығын, сондай-ақ ол келтірген зияндарды дәлелдеу сақтанушының (пайда алушының, сақтандырылушының) міндетіне жатады.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет Вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а. Н. Пан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады