РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Сот-сараптама қызметі, соның ішінде сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалар саласындағы сот-сараптама қызметiн жүзеге асыру үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен оларға сәйкестiктi растайтын құжаттардың тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 48 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10309 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 наурызда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, сот-сараптама қызметі, соның ішінде сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама саласындағы сот-сараптама қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі жаңа редакцияда жазылсын:
3-тармақтағы реттік нөмірі 3 – жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
3 | Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігінің болуы және/немесе сот – медициналық, сот – психиатриялық және сот – наркологиялық сараптамалар саласындағы сарапшы дәрігер үшін тиісті мамандық бойынша маман сертификатының болуы | Қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны |
". |
осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес қосымша жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуді және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер түрі
ЖСН ______________________________________________________
Т.А.Ә. (бар болса) ______________________________________________
Мынадай нормативтік құқықтық актілер бойынша біліктілік емтихандарын тапсырғанын растайтын біліктілік куәлігінің болуы: Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы:
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және Денсаулық сақтау министрлігімен берілген біліктілік куәлігінің/ біліктілік куәлігіне қосымшаның және сот - медициналық, сот - психиатриялық және сот - наркологиялық сараптамалар саласындағы сарапшы дәрігер үшін тиісті мамандық бойынша маман сертификатының нөмірі | Біліктілік куәлігінің/ біліктілік куәлігінің қосымшасының, сот - медициналық, сот - психиатриялық және сот - наркологиялық сараптамалар саласындағы сарапшы дәрігер үшін тиісті мамандық бойынша маман сертификатының берілген күні | Сот сараптамасы бойынша мамандығы (біліктілік куәлігі) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |