Сот-сараптама қызметі, соның ішінде сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалар саласындағы сот-сараптама қызметiн жүзеге асыру үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен оларға сәйкестiктi растайтын құжаттардың тiзбесiн бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 48 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 ақпанда № 10309 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 14.02.2017 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Рұқсаттар мен ескертулер туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған сот-сараптама қызметі, соның ішінде сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалар саласындағы сот-сараптама қызметiн жүзеге асыру үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен оларға сәйкестiктi растайтын құжаттардың тiзбесi бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 14.02.2017 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығына:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мерзімдік басылымдарда және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде оны мемлекеттік тіркеуден кейін күнтізбелік он күн өткен соң ресми түрде жариялауды;

      3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Имашев

      "Келісілді"

      ҚР Ұлттық экономика министрі

      ______________Е. Досаев

      ҚР Инвестициялар және даму министрі

      ______________ А. Исекешев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 26 қаңтардағы
№ 48 бұйрығымен бекітілген

Сот-сараптама қызметі, соның ішінде сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалар саласындағы сот-сараптамалық қызметiн жүзеге асыру үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен оларға сәйкестiктi растайтын құжаттардың тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 14.02.2017 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 28.09.2018 № 1467 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

р/с

Біліктілік талаптар

Құжаттар

Ескерту

1.

2.

3.

4.

1.

Қазақстан Республикасының азаматтығының бар болуы


Мәліметтер жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасында тексеріледі

2.

Жоғары білімінің болуы

Жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі дипломның қосымшасымен; шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы" Заңына сәйкес нострификациялау немесе танылу рәсімінен өткенін растайтын құжат;


3

Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігінің болуы және/немесе сот – медициналық, сот – психиатриялық және сот – наркологиялық сараптамалар саласындағы сарапшы дәрігер үшін тиісті мамандық бойынша маман сертификатының болуы

Қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


4.

Жоғары білім туралы дипломда көрсетілген мамандығы бойынша немесе сот сараптамасы органдарында (сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық) сараптама қызметінің мәлімделген түрі бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі

Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (мамандық сертификатының көшірмесі)

Сот - медициналық, сот - психиатриялық және сот - наркологиялық сараптамалар саласындағы сарапшы дәрігер үшін тиісті мамандық бойынша маман сертификатының болуы

5.

Наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұратыны туралы мәліметтердің болмауы

Наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден анықтамалар

Оларды көрсетiлетiн қызметтi берушiге ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде тұрғылықты жерi бойынша берiлген анықтамалар

  "Сот-сараптама қызметі, соның
ішінде сот-медициналық, сот-
психиатриялық және сот-
наркологиялық сараптамалар
саласында сот-сараптамалық
қызметiн жүзеге асыру үшiн
қойылатын бiлiктiлiк талаптары
мен оларға сәйкестiктi
растайтын құжаттардың
тiзбесiне қосымша
  Нысан

Қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер түрі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 28.09.2018 № 1467 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ЖСН ______________________________________________________

      Т.А.Ә. (бар болса) ______________________________________________

      Мынадай нормативтік құқықтық актілер бойынша біліктілік емтихандарын тапсырғанын растайтын біліктілік куәлігінің болуы: Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы:

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және Денсаулық сақтау министрлігімен берілген біліктілік куәлігінің/ біліктілік куәлігіне қосымшаның және сот - медициналық, сот - психиатриялық және сот - наркологиялық сараптамалар саласындағы сарапшы дәрігер үшін тиісті мамандық бойынша маман сертификатының нөмірі

Біліктілік куәлігінің/ біліктілік куәлігінің қосымшасының, сот - медициналық, сот - психиатриялық және сот - наркологиялық сараптамалар саласындағы сарапшы дәрігер үшін тиісті мамандық бойынша маман сертификатының берілген күні

Сот сараптамасы бойынша мамандығы (біліктілік куәлігі)

1

2

3

4

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады