Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сыртқы істер министрінің 03.06.2020 № 11-1-4/184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1265 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13039 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының бейрезидентті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхаты беру қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, инвестициялық келісімшарттар жасау және олардың орындалуын бақылау жөніндегі мемлекеттік орган;
3) Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға инвесторлық виза алуға өтінішхатты беруге өтініш беруші (бұдан әрі – өтініш беруші) – Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға инвесторлық виза алуға өтінішхатты беруге өтінімді ұсынған жеке немесе "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілеттіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-тармағына сәйкес құрылған заңды тұлға, оның ішінде шетелдік қатысумен заңды тұлға;
4) Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға инвесторлық визаны алуға өтінішхат (бұдан әрі – өтінішхат) - инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғаға/тұлғаларға инвесторлық виза беру туралы жазбаша өтініші.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Өтінішхаттарды беру тәртібі";
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға инвесторлық визаны алуға өтінішхатты беруге өтінім (бұдан әрі - өтінім) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушімен Мемлекеттік корпорацияға тапсырылады.
6. Өтініш беруші (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтінімге мынадай құжаттарды қоса береді:
1) инвесторлық визаны алуға мәлімделген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың мемлекеттік немесе орыс тілінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар көшірмесі (сұратылатың визаның қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін үш айдан кем емес паспорттың қолданыс мерзімімен);
2) өтініш беруші жарғысының көшірмесі (егер өтініш беруші заңды тұлға болып табылса, тұпнұсқа тексерү үшін беріледі);
3) осы қағидалардың 3-тармағына сәйкес тұғының басшылары және/немесе басшыларының лауазымын растайтын құжаттың көшірмесі (егер өтініш беруші заңды тұлға болып табылса, тұпнұсқа тексерү үшін беріледі);
4) өтініш берушінің инвестициялық жобаға инвестициялар салу фактісін растайтын құжаттардың көшірмелер (инвестордың нақты растайтын құжаттар (Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген бастапқы есепке алу құжаттары, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ресімделген шот-фактуралар, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ресімделген кедендік декларациялар, тұпнұсқа тексерү үшін беріледі).";
7-тармақ алып тасталсын:
8- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті беру туралы шешімді мынандай жағдайлардың бірі болған кезде қабылдайды:
1) "Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығына сәйкес өңдеу өнеркәсібінің басым салалар шеңберіндегі өтініш берушінің жобаларын іске асыру;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесіне өтініш берушінің мүшелігі;
3) өтініш берушіде инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған инвестициялық келісімшарттың болуы;
4) өтініш берушінің "2015-2019 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1418 қаулысына сәйкес жобаларды іске асыруы;
5) өтініш берушіде Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық жобаны іске асыруды растайтын мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ұсынымдары болған жағдайда.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11.Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келесу туралы сұрауға берген теріс жауабы.";
2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2) "Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 301 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13685 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
"Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылды.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 11 (сегіз) жұмыс күні (өтінішті және құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);
2) Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқcат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
3) Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсанда № 1265 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13039 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхатты беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхат осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.";
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскi үзiлiссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүзеге асырады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз электрондық кезек тәртібімен мемлекеттік қызметті алушының тұрақты тіркелген орны бойынша көрсетіледі, көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхат беруге арналған өтінім;
2) өтініш берушініңжеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы талап етіледі);
3) инвесторлық визаны алуға мәлімделген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың мемлекеттік немесе орыс тілінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар көшірмесі (сұратылатың визаның қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін үш айдан кем емес паспорттың қолданыс мерзімімен);
4) өтініш беруші жарғысының көшірмесі (егер өтініш беруші заңды тұлға болып табылса, тұпнұсқа тексерү үшін беріледі);
5) өтініш берушінің басшысы және/немесе басшысының орынбасарлары, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелер басшылары лауазымын растайтын құжаттың көшірмесі (егер өтініш беруші заңды тұлға болып табылса, тұпнұсқа тексерү үшін беріледі);
6) өтініш берушінің инвестициялық жобаға инвестициялар салу фактісін растайтын құжаттардың көшірмелер (инвестордың нақты шығындарын растайтын құжаттар: Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген баспатқы есепке алу құжаттары, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ресімделген шот-фактуралар, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ресімделген кедендік декларациялар, тұпнұсқа тексерү үшін беріледі).
Мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ақпараттың жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалайын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін ұсынады.
Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Мемлекеттік көрсетілетің қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты береді.
Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді азаматтың (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілінің) жеке басын растайтын құжат ұсынылған кезде Мемлекеттік корпорациясының қызметкері қолхат негізінде жүзеге асырады.
Мемлекеттік корпорация бір ай бойы нәтиженің сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін көрсетілетін қызметті алушыға одан әрі сақтау үшін береді. Бір ай өткен соң көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жібереді.";
Мынадай мазмұндағы 9-1–тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың мерзімі өтіп кеткен құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келесу туралы сұрауға берген теріс жауабы.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Көрсілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдау тәртібі";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Тыныс-тіршілігін шектейтін, ағза функциясының тұрақты бұзылуынан денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 нөміріне жүгіну арқылы тұрғылықты жерге шығу жолымен жүргізеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет орындарының мекен жерге шығу жолымен жайлары мынадай Интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) қызмет көрсетуші - www.mid.gov.kz, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;
2) Мемлекеттік корпорация - www.gov4c.kz.";
1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және
коммуникациялар министрлігі
2018 жылғы ___ __________
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
2018 жылғы ___ __________
Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхат беруге өтінім
№ 1 нысан | |
(заңды тұлға үшін) |
Өтініш беруші туралы мәлімет | ||
Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының атауы | ||
Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының тіркеуден (қайта тіркеуден) өтуі туралы ақпарат (күні, негіздеме) | ||
Орналасқан жері; заңды мекенжайы, нақты мекенжайы | ||
Бизнес сәйкестендіру нөмір (БСН) | ||
Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының басшысы | ||
Эканомикалық қызмет түрінің жалпы жіктеуіші | ||
Инвестициялар көлемі (инвестициялар салу фактісін растай отырып) | ||
Өтініш хатты алуға негіздеме | ||
Байланыс деректері | ||
Өтінішхатты алу тәсілі | ||
Инвесторлық визаны алуға мәлімделген тұлға/тұлғалар туралы мәлімет | ||
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | ||
Туған күні және жері | ||
Азаматтығы | ||
Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер | ||
Жеке басын куәландыратын құжаттың қолдану мерзімі | ||
Резиденттік елде инвесторлық визаны алуға мәлімделген тұлғаның нақты мекенжайы | ||
Атқаратын лауазымы | ||
Байланыс деректері | ||
________________________________ (Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) | _____________________________ (қолы, мөрі (ол бар болған кезде) және күні) |
Ескертпе: Мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім береді, сондай-ақ ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.
№ 2 нысан | |
(жеке тұлға үшін) |
Өтініш беруші туралы мәлімет | ||
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | ||
Туған күні және жері | ||
Азаматтығы | ||
Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер | ||
Жеке басын куәландыратын құжаттың қолдану мерзімі | ||
Резиденттік елде инвесторлық визаны алуға мәлімделген тұлғаның нақты мекенжайы | ||
Эканомикалық қызмет түрінің жалпы жіктеуіші і | ||
Инвестициялар көлемі (инвестициялар салу фактісін растай отырып) | ||
Атқаратын лауазымы | ||
Өтінішхатты алуға негіздеме | ||
Байланыс деректері | ||
Өтінішхатты алу тәсілі | ||
_______________________________ (Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) | _________________ (қолы және күні) |
Ескертпе: Мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім береді, сондай-ақ ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.
Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхат беруге өтінім
№ 1 нысан | |
(заңды тұлға үшін) |
Өтініш беруші туралы мәлімет | ||
Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының атауы | ||
Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының тіркеуден (қайта тіркеуден) өтуі туралы ақпарат (күні, негіздеме) | ||
Орналасқан жері; заңды мекенжайы, нақты мекенжайы | ||
Бизнес сәйкестендіру нөмір (БСН) | ||
Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының басшысы | ||
Эканомикалық қызмет түрінің жалпы жіктеуіші | ||
Инвестициялар көлемі (инвестициялар салу фактісін растай отырып) | ||
Өтініш хатты алуға негіздеме | ||
Байланыс деректері | ||
Өтінішхатты алу тәсілі | ||
Инвесторлық визаны алуға мәлімделген тұлға/тұлғалар туралы мәлімет | ||
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | ||
Туған күні және жері | ||
Азаматтығы | ||
Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер | ||
Жеке басын куәландыратын құжаттың қолдану мерзімі | ||
Резиденттік елде инвесторлық визаны алуға мәлімделген тұлғаның нақты мекенжайы | ||
Атқаратын лауазымы | ||
Байланыс деректері | ||
________________________________ (Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) | ____________________________ (қолы, мөрі (ол бар болған кезде) және күні) |
Ескертпе: Мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім береді, сондай-ақ ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.
№ 2 нысан | |
(жеке тұлға үшін) |
Өтініш беруші туралы мәлімет | ||
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | ||
Туған күні және жері | ||
Азаматтығы | ||
Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер | ||
Жеке басын куәландыратын құжаттың қолдану мерзімі | ||
Резиденттік елде инвесторлық визаны алуға мәлімделген тұлғаның нақты мекенжайы | ||
Эканомикалық қызмет түрінің жалпы жіктеуіші | ||
Инвестициялар көлемі (инвестициялар салу фактісін растай отырып) | ||
Атқаратын лауазымы | ||
Өтінішхатты алуға негіздеме | ||
Байланыс деректері | ||
Өтінішхатты алу тәсілі | ||
________________________________ (Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) | ____________________ (қолы және күні) |
Ескертпе: Мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім береді, сондай-ақ ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.
_____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) (бұдан әрі –Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № __ бөлімі (мекенжайын көрсету) Қазақстан Республикасының резиденті еместері болып "Қазақстан Республикасының резидент еместері болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлардың визаларын беру туралы өтініш беру мемлекеттік қызмет" мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар:
1) _______________________________________;
2) _______________________________________;
3) _______________________________________.
Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
Т.А.Ә. (ол бар болған кезде) мемлекеттік корпорация қызметкері
___________________________________________________(қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә (ол бар болған кезде). _____________________
Телефоны _________________________
Алдым: Т.А.Ә. (ол бар болған кезде)/көрсетілетін қызметті алушының қолы
20 __ жылғы "__" _________