Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1265 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 10 ақпанда № 13039 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 282-бабының 7-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 26.05.2022 № 11-1-4/243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беру қағидаларын бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитеті (Е.Қ.Хаировқа):

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың

      2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрі

      Е.Ә. Ыдырысов _____________

      2015 жылғы 29 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы

      В.З. Жұмақанов _____________

      2016 жылғы 05 қаңтар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      Қ.Н. Қасымов _____________

      2015 жылғы 30 желтоқсан



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1265 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхатты беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің 03.06.2020 № 11-1-4/184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхатты беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 282-бабының 7-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заң) 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және "Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхатты беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 26.05.2022 № 11-1-4/243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) алып тасталды - ҚР Сыртқы істер министрінің 17.05.2021 № 11-1-4/190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.

      3) Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беруге көрсетілетін қызметті алушы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) – жеке немесе Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлға;

      4) Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға инвесторлық виза алуға өтініш (бұдан әрі - өтініш) - уәкілетті инвестициялық органның Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғаға / тұлғаларға инвестор визасын беру туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің көші-қон қызметіне жазбаша өтініші.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің 17.05.2021 № 11-1-4/190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.05.2022 № 11-1-4/243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.04.2025 № 11-1-4/247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      3. Егер көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлға болса, өтінішхатты заңды тұлғаның басшысының, басшысы орынбасарының немесе оның құрылымдық бөлімше басшысының лауазымында жұмыс атқаратын шетелдікке беріледі.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлға болса, өтінішхат оның атына беріледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 25.04.2025 № 11-1-4/247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза беру "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 26.05.2022 № 11-1-4/243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Өтінішхаттарды беру үшін өтінімдерді қарау тәртібі

      5. Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беруге арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) көрсетілетін қызметті алушы Портал арқылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетіне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға 2-қосымшаның 8-тармағында көзделген құжаттар тізбесімен қоса осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 25.04.2025 № 11-1-4/247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінім көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен сәтте тіркеледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 25.04.2025 № 11-1-4/247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші өтінім тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді және осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және мынадай шарттардың бірі болған жағдайда өтініш беру туралы шешім қабылдайды:

      1) жеке тұлғаның өтінім беруге дейінгі соңғы 12 (он екі) айды алғанда 300 (үш жүз) мың АҚШ долларына баламалы немесе одан астам Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар салуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесіне мүшелігі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыда Инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған инвестициялық келісімшарттың болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыда мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметті алушының инвестициялық жобаны Қазақстан Республикасының аумағында іске асырғанын растайтын ұсынымдарының болуы.

      Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген шарт болған кезде өтінішхат 10 (он) жыл мерзімге дейін беріледі.

      Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген шарттардың бірі болған кезде өтінішхат 5 (бес) жыл мерзімге дейін беріледі.

      Осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген шарт болған кезде өтінішхат 3 (үш) жыл мерзімге дейін беріледі.

      Осы Қағидаларға 2-қосымшада баяндалған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы негіздеме болған кезде, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны алдын ала шешім туралы, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігін беру үшін хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге қарсылықты алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде оны беруге немесе білдіруге құқылы.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші өтініш беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжделген бас тарту туралы шешім жолдайды.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 25.04.2025 № 11-1-4/247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      8. Алып тасталды - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 25.04.2025 № 11-1-4/247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      9. Алып тасталды - ҚР Сыртқы істер министрінің 17.05.2021 № 11-1-4/190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру порталда жүзеге асырылады – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің 17.05.2021 № 11-1-4/190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын (бұдан әрі – оператор) хабардар етеді.

      Бұл жағдайда оператор осы Қағиданың тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде техникалық проблема туралы еркін нысанда хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті берушімен қол қояды.

      13. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаның 9-тармағы негізінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 25.04.2025 № 11-1-4/247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдерге, әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағымдану тәртібі)

      Ескерту. 3-тарау жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 26.05.2022 № 11-1-4/243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған Әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы шешім қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын іс-әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      15. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";

      16. Егер Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.


  Қазақстан Республикасының
бейрезиденттері болып
табылатын және
Қазақстан Республикасының
аумағында инвестициялық
қызметті жүзеге асыратын
тұлғалар үшін инвесторлық виза
алуға өтінішхатты
беру қағидаларына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беруге арналған өтінім

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 25.04.2025 № 11-1-4/247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


№ 1 нысан
(заңды тұлға үшін)

Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының атауы


Орналасқан жері: заңды мекен-жайы, нақты орналасқан жері


Бизнес сәйкестендіру номері (БСН)


Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының басшысы (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), телефон, факс, электрондық пошта)


Байланыс ақпарат (телефон, факс, электрондық пошта)


Инвестор визасын алуға өтініш берген тұлға (тұлғалар) туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)


Туған күні және жері


Азаматтығы


Жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері


Жеке басын куәландыратын құжаттың қолдану мерзімі


Тұрғылықты елде инвестор визасын алуға өтініш берген адамның нақты тұрғылықты жерінің мекен-жайы


Лауазымы


Байланыс ақпарат (телефон, факс, электрондық пошта)



№ 2 нысан
(жеке тұлға үшін)

Көрсетілетін қызметті алушы жөнінде ақпарат


Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)


Туған күні және жері


Азаматтығы


Жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері


Жеке басын куәландыратын құжаттың қолдану мерзімі


Тұрғылықты елде инвестор визасын алуға өтініш берген адамның нақты тұрғылықты жерінің мекен-жайы


Байланыс ақпарат (телефон, факс, электрондық пошта)


  Қазақстан Республикасының
бейрезиденттері болып
табылатын және
Қазақстан Республикасының
аумағында инвестициялық
қызметті жүзеге асыратын
тұлғалар үшін инвесторлық
виза алуға өтінішхатты
беру қағидаларына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беру қағидаларын бекіту туралы" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 25.04.2025 № 11-1-4/247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті

2.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал).

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні.

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электронды
(ішінара автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.

6.

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем

Тегін.

7.

Жұмыс графигі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 19.00-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ға дейін.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) заңды тұлғалар үшін:
инвесторлық визаны алуға мәлімделген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың мемлекеттік немесе орыс тілінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар электронды көшірмесі;
көрсетілетін қызметті алушы жарғысының мемлекеттік немесе орыс тілінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар электронды көшірмесі;
осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес тұлғаның лауазымын растайтын құжаттың электронды көшірмесі;
өтінім беруге дейінгі соңғы 36 (отыз алты) айды алғанда көрсетілетін қызметті алушының инвестициялық жобаға инвестиция салу фактісін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ресімделген бастапқы есепке алу құжаттары;
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес ресімделген шот-фактуралар;
"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес ресімделген кедендік декларациялар);
көрсетілетін қызметті алушыда мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметті алушының инвестициялық жобаны Қазақстан Республикасының аумағында іске асырғанын растайтын ұсынымдары болған жағдайда қосымша ұсынылады;
2) жеке тұлғалар үшін:
инвесторлық визаны алуға мәлімделген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың мемлекеттік немесе орыс тілінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар электронды көшірмесі;
өтінім беруге дейінгі соңғы 12 (он екі) айды алғанда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және 300 (үш жүз) мыңға баламалы АҚШ долларынан астам Қазақстан Республикасының экономикасына салынған инвестициялар сомасы көрсетілген инвестиция салу фактісін растайтын құжаттардың көшірмесі (10 (он) жылдан асатын эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушының шотынан үзінді немесе мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) анықтамасы қоса берілген мемлекеттік немесе орыс тілінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар жарғылық капиталды толықтыру жөнінде жарғыдан үзінді ұсынады).

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалармен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) өтініш берушіге қатысты осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар болса.

10.

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктеріне сәйкес, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.

  Қазақстан Республикасының
резиденттері болып
табылмайтын және
Қазақстан Республикасының
аумағында инвестициялық
қызметті жүзеге асыратын
тұлғалар үшін инвесторларға
арналған виза беру туралы
өтініш беру қағидасына
3-қосымша

Көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімі

      Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Сыртқы істер министрінің 17.05.2021 № 11-1-4/190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
резиденттері болып
табылмайтын және
Қазақстан Республикасының
аумағында инвестициялық
қызметті жүзеге асыратын
тұлғалар үшін инвесторларға
арналған виза беру туралы
өтініш беру қағидасына
4-қосымша

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы түбіртек

      Ескерту. 4-қосымша алып тасталды - ҚР Сыртқы істер министрінің 17.05.2021 № 11-1-4/190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады