РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі
Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Заңның 40-бабының 1-тармағы екінші бөлігінің мақсаттары үшін банктің өзімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға қамтамасыз етусіз беретін қарыздардың (бланктік қарыздардың) мөлшері банк қарыз беру туралы шешім қабылдаған күні 20 (жиырма) миллион теңгеден аспайды.
2. Заңның 40-бабының 1-тармағы үшінші бөлігінің мақсаттары үшін банктің директорлар кеңесінің мүшелеріне және осы банктің ірі қатысушыларына беретін банктік қарыздардың және Заңның 52-5-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген қаржыландырудың мөлшері банк қарыз немесе қаржыландыру беру туралы шешім қабылдаған күнгі банктің меншікті капиталының 0,02 (нөл бүтін жүзден екі) пайызынан аспайды.
3. Заңның 40-бабының 2-тармағы 5) тармақшасының мақсаттары үшін құны банк мәміле немесе мәмілелер жиынтығын жасау туралы шешім қабылдаған күні құны банктің меншікті капиталының 10 (он) пайызынан асатын заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін сатып алу жөніндегі мәмілелерді немесе мәмілелер жиынтығын қоспағанда, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен банк жасасқан мәміле немесе мәмілелер жиынтығының (ағымдағы қаржы жылында) құны банктің меншікті капиталының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызынан асады.
4. Заңның 40-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің мақсаттары үшін мәмілелерді жеңілдікті жағдайлары бар мәмілелерге жатқызудың мынадай қосымша өлшемшарттары белгіленсін:
1) банктің қарыз алушы жеке немесе заңды тұлғамен банктік қарыз операцияларын қарыз алушы (қоса қарыз алушы, кепілдік беруші, кепілгер және кепіл беруші) туралы мәліметтерді банктің ішкі құжатына сәйкес белгілемей жасауы;
2) банктің банктік қарыз операцияларын қарыз алушы жеке немесе заңды тұлғамен қарыз алудың банктік қарыз шартында қарыз алушының қажеттілігіне (тұтынушылық кредиттеуді және айналым қаражатын, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің қатысуымен синдикатталған қарыздарды толықтыруға кредиттеуді қоспағанда) сәйкес келетін мақсатын айқындамай жасауы;
3) банктің банктік қарыз операцияларын қарыз алушы жеке немесе заңды тұлғамен банктік қарыз шартында қарыз алушының ақшаны мақсатсыз пайдаланғаны (тұтынушылық кредиттеуді және айналым қаражатын, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің қатысуымен синдикатталған қарыздарды толықтыруға кредиттеуді қоспағанда) үшін жауапкершілігін айқындамай жасауы.
5. Заңның 40-бабының 3-тармағы бірінші бөлігі 1) тармақшасының мақсаттары үшін банктік қарыздардың және банктік кепілдіктердің мынадай мөлшерлері белгіленсін, оларды беру туралы шешім қабылдау осы банктің директорлар кеңесі комитеттері және тиісті органы басшыларының және тұрақты мүшелерінің өкілеттіктеріне кіреді, асып кеткен жағдайда көрсетілген тұлғалар банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар деп танылады:
меншікті капиталының мөлшері қоса алғанда 100 000 000 000 (бір жүз миллиард) теңгеге дейінгі банктер үшін – банктің меншікті капиталының (банк шешім қабылдаған күнгі) 0,7 (нөл бүтін оннан жеті) пайызы;
меншікті капиталының мөлшері 100 000 000 000 (бір жүз миллиард) теңгеден асатын банктер үшін – банктің меншікті капиталының (банк шешім қабылдаған күнгі) 0,5 (нөл бүтін оннан бес) пайызы.
6. Заңның 40-бабы 3-тармағының бірінші бөлігі 5) тармақшасының мақсаттары үшін жеке немесе заңды тұлғаның банкпен ерекше қатынастар арқылы байланыстылығының келесі белгілері белгіленсін:
1) бір қарыз алушыға белгіленген ең жоғары тәуекел талаптарына сәйкес осы топқа біріктірілген банк қарыз алушыларының тобына жататын қарыз алушы (жеке немесе заңды тұлға), осындай топтың қарыз алушыларының бірі банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға болып табылады;
2) кредит төлеу қабілетін және (немесе) мәміленің қамтамасыз етілуін бағалауға қойылатын талаптарды сақтау бөлігінде банктің ішкі рәсімдері бұзыла отырып осындай мәміле жүзеге асырылған қарыз алушы (жеке немесе заңды тұлға);
3) банкпен Standard & Poor's агенттігінің немесе Moody's Investors Service және Fitch рейтингтік агенттіктерінің "ВВВ" және одан жоғары деңгейдегі борыштық рейтингі бар банктердің кепілдіктерін (кепілдемелерін), резервтік аккредитивтерін қоспағанда, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға қамтамасыз ету берген мәмілені жасасқан жеке немесе заңды тұлға.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 1) және 2) тармақшаларының талаптары банктің көрсетілген тұлғалармен мәмілелерінің мөлшері:
меншікті капиталының мөлшері қоса алғанда 100 000 000 000 (бір жүз миллиард) теңгеге дейінгі банктер үшін банктің меншікті капиталының (банк шешім қабылдаған күнгі) 2 (екі) және одан көп пайызын;
меншікті капиталының мөлшері 100 000 000 000 (бір жүз миллиард) теңгеден асатын банктер үшін банктің меншікті капиталының (банк шешім қабылдаған күнгі) 1 (бір) және одан көп пайызын құрайтын жағдайларға қолданылады.
7. Заңның 40-бабының 3-тармағы үшінші бөлігінің мақсаттары үшін мыналар банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты емес өзге тұлғалар деп айқындалсын:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
2) банктер қауымдастықтары (одақтары);
3) банктер қатысатын қауымдастық (одақтар) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестіктері;
4) "Қазақстанның орнықтылық қоры" акционерлік қоғамы;
5) "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы;
6) Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы;
7) "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы;
8) кредиттік бюролар;
9) халықаралық қаржы ұйымдары;
10) мемлекеттік мекемелер;
11) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес үлестес тұлғалар деп танылмайтын тұлғалар;
12) банктің тәуелсіз директорының жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары;
13) банктің тәуелсіз директоры лауазымды тұлға болып табылатын заңды тұлға;
14) банктің тәуелсіз директоры орналастырылған акциялардың (артықшылықты және сатып алынған акцияларды шегергенде) немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің он және одан көп пайызын иеленетін заңды тұлға;
15) осы тармақтың 12) тармақшасында көрсетілген тұлғалар орналастырылған акциялардың (артықшылықты және сатып алынған акцияларды шегергенде) немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің он және одан көп пайызын иеленетін не лауазымды тұлғалары болып табылатын заңды тұлға.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.11.2019 № 183 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.08.2020 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.8. Заңның 40-бабы 4-тармағының мақсаттары үшін құны банк мәміле жасау туралы шешім қабылдаған күнгі банктің меншікті капиталының 10 (он) пайызынан асатын, заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін сатып алу жөніндегі мәмілені қоспағанда, мәміле құны банк мәміле жасау туралы шешім қабылдаған күнгі банктің меншікті капиталының 0,02 (нөл бүтін жүзден екі) пайызынан асады.
9. Осы қаулының талаптары Заңның 40-бабында, сондай-ақ осы тармақта белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына, банк холдингтеріне (банк холдингі немесе банк холдингінің белгілеріне ие тұлға болып табылатын және Заңның 40-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының бейрезиденттерін қоспағанда) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының директорлар кеңесі деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің тиісті басқару органы түсініледі, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тәуелсіз директоры деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің тәуелсіз директоры түсініледі.";
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының меншікті капиталы деп Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22213 болып тіркелген № 23, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 23 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктері филиалдарының) резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібін және олардың ең төмен мөлшерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары) үшін пруденциалдық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесіне сәйкес есептелетін, резерв ретінде қабылданатын активтері түсініледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.10. Банктерді қадағалау департаменті (Қизатов О.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 11-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
11. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
12. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
13. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Ұлттық Банк Төрағасы | Д. Ақышев |