"Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар беруге тыйым салуды белгілеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 273 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 11 қарашадағы № 183 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 15 қарашада № 19604 болып тіркелді.

      Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар беруге тыйым салуды белгілеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 273 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17781 болып тіркелген, 2018 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Заңның 40-бабының 3-тармағы үшінші бөлігінің мақсаттары үшін мыналар банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты емес өзге тұлғалар деп айқындалсын:

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

      2) банктер қауымдастықтары (одақтары);

      3) банктер қатысатын қауымдастық (одақтар) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестіктері;

      4) "Қазақстанның орнықтылық қоры" акционерлік қоғамы;

      5) "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы;

      6) "Бәйтерек девелопмент" акционерлік қоғамы;

      7) "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы;

      8) кредиттік бюролар;

      9) халықаралық қаржы ұйымдары;

      10) мемлекеттік мекемелер;

      11) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес үлестес тұлғалар деп танылмайтын тұлғалар;

      12) банктің тәуелсіз директорының жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары;

      13) банктің тәуелсіз директоры лауазымды тұлға болып табылатын заңды тұлға;

      14) банктің тәуелсіз директоры орналастырылған акциялардың (артықшылықты және сатып алынған акцияларды шегергенде) немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің он және одан көп пайызын иеленетін заңды тұлға;

      15) осы тармақтың 12) тармақшасында көрсетілген тұлғалар орналастырылған акциялардың (артықшылықты және сатып алынған акцияларды шегергенде) немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің он және одан көп пайызын иеленетін не лауазымды тұлғалары болып табылатын заңды тұлға.".

      2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк Төрағасы Е. Досаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады